Дебиторлық борыш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 15:06, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.

Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Содержание

Кіріспе



1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және түрлері

1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі

2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый Стан» ЖШС-ң мысалында)

2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы

2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру

2.3 Кредиторлық қарыздар есебі

2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары

3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ

3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің кезеңдері

3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері

3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті



Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3

Работа состоит из  1 файл

ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ.doc

— 532.00 Кб (Скачать документ)

       Жаңа стандарттарға қаржылық есеп берумен балансқа көп көңіл бөлінген, олар шаруашылықтың шын мәніндегі жағдайын ашып көрсетеді.

      Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысына сәйкес әрбір шаруашылықтың есеп саясаты қарастырылған.

       Есеп саясаты - бұл әрбір шаруашылық басшысы қолданатын бухгалтерлік есеп жүргізу үшін және олардың принциптерімен негіздеріне сәйкес қаржылық есеп берулерді ашып көрсету немесе талдау әдістерінің жиынтығы.

       Қазіргі стандарт есеп саясатын топтастыру үшін:

     -есеп саясатын талдау үшін кезеңінен таратылған.

       Есеп саясатын топтастыру және қолдану кезінде мынадай есеп принциптер тәртіптерін сақтау керек:

      1. Есептесу

     Табыстар  мен шығындар бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп берулерде олардың түсуі мен пайда болуына қарай көрсетіледі.

      2. Үздіксіз қызмет ету

     Субъект үздіксіз қызмет етуші ретінде қарастырылады, яғни келешекке шолу жұмысын жалғастырушы.

       3. Түсініктілік.

     Қаржылық есеп берудегі ақпараттар қолданушыға түсінікті бо-луы керек.

       4. Мәнділік.

       Шаруашылық қызметінің жағдайын бағалау кезінде қолданушыға шешімдерді қабылдау процесінде қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржылық ақпарат мәнді болуы керек.

     5. Маңыздылық 

     Есеп  саясаты қаржылық есеп берулер ақпараттарын талдауға бағытталған маңызды болуы керек, егерде ол жоқ болса немесе дұрыс нұсқалмаған болса, онда қолданушылардың есеп берулерінің экономикалық шешімдеріне әсер етеді.

       6. Дұрыстық.

       Ақпараттарда маңызды қателіктер жоқ болса ол дұрыс болып табылады.

       7. Бейтараптылық.

       8. Сақтық.

       9. Аяқтаушылық

       10. Салыстырмалық.

       Қаржылық есеп беру маңызды және тиімді болу үшін ол бір есептік кезеңнен басқа кезеңге салыстырмалы болуы керек.

       11. Тізбектілік.

       Субъект таңдап алған есеп саясаты бір есеп беру кезеңінен басқа кезеңге тізбекті түрде қолданылуы керек.

       12. Шыншыл және әділдік.

       Есеп саясатын талдау - бұл субъектінің есеп беру кезеңінде қолданған аспектерін көрсету процесі, яғни қаржылық жағдайын және қызмет ету нәтижесін әсер еткен факторларды талдау.

       Есеп саясаты қаржылық есеп беруге түсіндірмеде талдауы қажет.

       Егерде есептік кезеңде есеп саясатында өзгерістер болса, онда олардың себептерін көрсетіп талдау керек.

      Шаруашылық қызметін ұйымдастыру процесінде кей-кезде қаржылық есеп беруге өзгертудің қажеттілігі туындайды. Өзгертулердің себебі әртүрлі болуы мүмкін. Оның негіздемесі – есептік саясаттың, есептік бағалаудың, қателіктердің табылуы, соның ішінде маңызды өзгертулер.

       Кәсіпорынның есептік саясатын өзгерту қажеттілігі бухгалтерлік заңдылықтарға сәйкес туындауы мүмкін. Бұдан басқа есептік саясаттың өзгеруі мүмкін, ол болып жатқан жаңалықтардың нақтылығын және қаржылық есепті ұйымдастырудың шартын көрсетеді.

       Есептік саясатта мына өзгертулер көрсетіледі ;

  • ретроспективалық немесе түсімдік қалдықтарды дұрыстау жолымен;
  • ағымдағы уақыттағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебіне сомалық дұрыстауды енгізу жолымен.

       Кей кезде есептік бағалаудың есептік саясатта өзгеруін алмастыру өте қиынға соғады. Соңғысы анықталмағандықтан нәтижесі, мұның бәрі экономикалық процестің бағыты болып табылады.

       Кәсіпорын өндіріс-шаруашылық қызметін басқару үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, ол бойынша өз жұмысын жоспарлайды, есеп пен есеп беруді ұйымдастырады, баға және жұмысқа ынталандыру жүзеге асырылады.

       Бұл жүйе өзінше өзара бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жиынтығын құрайды, кәсіпорын бірлестік қызметіндегі сандық және сапалық сипаттамасын береді. Экономикалық көрсеткіштер өзінің қалыптасу жағдайына байланысты жоспарлы және есепті болып бөлінеді. Есепті көрсеткіштерді қамтып көрсетеді.

       Міне сондықтан бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды экономикалық көрсеткіштер жүйесін барынша белгілеуді қамтамасыз ету қажет. Оған шаруашылық процестері мен көрсеткіштер, кәсіпорын қорларының жағдайы жоспарлы тапсырманың орындалу ақпараты көрсетілуі қажет. Бухгалатерлік есеп көрсеткіштер жүйесінің мүліксіз шарты кәсіпорын басқаруда шешім қабылдауда ақпарттар мен барынша қамтамасыз ету болып табылады.

       Кәсіпорынның өндірістік –шаруашылық қызметін жан-жақты зерттеу негізіне бір-бірімен байланысты экономикалық көрсеткіштердің тобы жатады, олар кәсіпорынның және бөлімшелердің жұмысын сипаттайды.

       Санды көрсеткіштер абсолютті абсолютті көлемді білдіреді. Ол қызмет көрсету көлемі қызметкерлердің саны мен құрамы, негізгі құралдар мен материалдардың қажеттілігі және кәсіпорын қызметінің басқа да шаруашылық бағыттары.

       Экономикалық талдау –экономиканың әрі қарай даму мақсатында өте қажет ғылыми жүйе. Кәсіпорынның шаруашылық қаржылық қызметіне талдау жүргізу проценде әрдайым көрсеткіштердің жүйесімен жұмыс жасауға тура келеді.

       Сапалы көрсеткіштер өндіріс  тиімділігін анықтайды, кәсіпорын  қызметінің жағдайын сипаттайды, еңбек өнімділігін, құрал жабдықтарды  пайдалану деңгейі, табыстылығын, атқарылған қызмет бірлігіне анықталған материалдық және басқа да шығындарды көрсетеді.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын  жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау.

     Қаржылық  жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталады.

     Кәсіпорынның  қаржы тұрақтылығы оның алдағы кезеңдегі  төлем қабілеттілігімен байланысты, қаржылық тұрақтылықты бағалау сыртқы ақпарат пайдаланушыларға, әсіресе инвесторларға, кәсіпорынның болашақтағы қаржылық мүмкіншілігін анықтауға көмектеседі.

     “Теплый Стан” ЖШС-ң негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін бағалау, талдау үшін 2009-2010 жылдардағы екі жылдық мәліметтері қолданылды. Атап айтқанда “Бухгалтерлік баланс”, “Кірістер мен шығыстар туралы есеп”, “Ақшаның қозғалысының есебі”, 1-ПФ “Кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметі жөніндегі есебі» үлгілері, яғни бұл құжаттар кәсіпорынның ақпараттық базасы болып табылады.

     Осы құжаттарға сүйене отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның тиімді пайдалануын  сипаттау үшін келесі аналитикалық кестені  құрамыз. 

     1 кесте – «Теплый Стан» ЖШС-ң 2009-2010 ж.ж. негізгі экономикалық көрсеткіштері  

Р/с Көрсеткіштер Өлшем бірілгі Іс жүзініде Ауытқуы

( +; - )

2009 ж 2010 ж
1 Қызмет көрсетуден (жұмыс орындаудан) түскен табыс мың тг 1331860,9 1807245,3 475384,4
2 Көрсетілген қызметтің (орындалған жұмыстың) өзіндік  құны мың тг 1000375,6 1843120,6 84274,5
3 Жалпы табыс мың тг 331484,4 -35875,3 -
4. Қаржыландырудан кіріс мың тг - 26,6 26,6
5 Басқада кірістер мың тг - 9520,3 95203,1
6 Өнімді (қызметті, жұмыстарды) өткізумен байланысты шығындар мың тг -12530,4 -42163,7 29633,3
7 Әкімшілік шығындар мың тг -71871,8 -88846,0 13974,2
8. Басқада шығындар мың тг   -4135,0 4135,0
9. Кәдімгі қызметтен  табыс (зиян) мың тг 247082,2 -161473,1 -
8 Қызметкерлердің орташа тізімдік саны адам 294 287 7
9 Қызметкерлердің еңбек ақы қоры мың тг 83013,9 95620,5 12606,6
10 Бір қызметкердің орташа жылдық еңбек ақысы мың тг 282,4 333,2 50,8
 

     1 кестедегі берілген мәліметтер  бойынша “Теплый Стан” ЖШС-ның 2010 жылғы негізгі экономикалық көрсеткіштері 2009 жылмен салыстырғанда олардың өзгергенін көріп отырмыз. Әр көрсеткіштерге жеке тоқталып өтетін болсақ, 2009 жылы қызмет көрсетуден (жұмыс орындаудан) түскен табыс 475384,4 мың теңгеге және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 84274,5 мың теңгеге өскені көрінеді. Ал жалпы табысқа келетін болсақ былтырғы жылы 331484,4 мың теңгені құраса, есеп беру жылы серіктестік керісінше зиян шегіп отыр.

     Есеп  беру жылы өнімді (қызметті, жұмысты ) өткізумен байланысты шығындар былтырғы жылмен салыстырғанда 29633,3 мың теңгеге өскенің көріп отырмыз. Сол сияқты әкімшілік шығындарда есептік жылы көбейген, яғни ол 88846,0 мың теңгегі құрап отыр.

       Сонымен қатар кәсіпорынның еңбек ақы қоры 2009 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 12606,6 мың теңгеге өскен, осының нәтижесінде бір қызметкердің орташа жылдық еңбек ақысы да 50,8 мың теңгеге өскен. Бұл екі көрсеткіштің өсуіне қызметкерлердің орташа тізімдік санының 7 адамға кемуі өз әсерін тигізіп отыр. «Теплый Стан» ЖШС есептік жылды зиянмен аяқтаған.

     Жалпы кәсіпорын бойынша, талдау нәтижесінде оның есептік жылы зиянмен аяқтағаның көріп отырмыз. Яғни, басшыларға неғұрлым өндірістік шығындарды азайту қажет. 

     2.2 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 

           Дебиторлық берешектердің  ең негізгі түрі сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу  болып табылады.

     Кәсіпорындар  мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» дсп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған;

     1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

     1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі», онда бір  жылға дейін мерзімі бар іске  асырылған активтер және көрсетілген  қызметтер үшін еншілес ұйымдарға  ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

Информация о работе Дебиторлық борыш