Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 15:06, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.
Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кіріспе
1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және түрлері
1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі
2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый Стан» ЖШС-ң мысалында)
2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы
2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру
2.3 Кредиторлық қарыздар есебі
2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ
3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің кезеңдері
3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері
3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3
3
ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР
АУДИТІ
3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық
тексерудің
кезеңдері
Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әрбір танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді атайды. Мысалы, АҚШта олар қоғам бухгалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухгалтер-эксперт немесе счеттар комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және тб. атайды. Дамыған елдерде ерте кеден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесімен еңбек ақы тәсілдері туралы, банк опеарцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, т.б. әр түрлі қызмет көрсете алады [12].
Аудит жұмыскерлерінің тағы бір ерекшелігі ол шаруашылық субъектілеріне, өндіріс процесіне байланысты, өнімді сату процесіне, маркетинг проблемаларына қатысты түсініктемелер кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді. Аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қарыжысымен кәсіпкерлік жасайтындардың, яғни қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, отчет мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторларының қорытындысын жасайды.
ҚР “Аудиторлық қызмет туралы” заңына сәйкес аудиторлық фирманың жұмыс жасауының 4 міндетті шарты бар:
бірінші - аудиторлық фирма құрамында аудиторлар саны (ҚР аудиторының біліктіліқ куәлігі бар) 3 адамнан кем болмауы керек;
екінші - жарғылық капиталда аудиторлардың немесе басқа аудиторлық мекемелердің үлесі 51% кем болмауы керек;
үшінші – аудиторлық фирманың басшысында ҚР аудиторының біліктілік куәлігі міндетті тұрде болуы керек;
төртінші –ҚР қаржы министрлігі берген лицензияның болуы (банктік және сақтандыру аудиті үшін ҚР ұлттық банкі берген) [11].
Қазақстан нарығында жұмыс істейтін аудиторлық фирмаларды төрт топқа бөлуге болады:
Қазақстандық
рынокта жұмыс атқаратын
Қазақстанда аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі жасалған деуге болады. 1993 жылдың 18 қазанында «ҚР аудиторлық қызмет туралы» бірінші заң қабылдаған. Бес жылдан кейін 1998 ж. 20 қарашада «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР екінші заңы кабылданды. 18.12.2000 ж., 15.01.01ж., 02.03.01ж., 26.12.02 ж., 16.05.03 ж., 11.06.03 ж., оған өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. 2009 жылдың 5 мамырында барлық өзгерістерімен қоса жаңа заң қабылданды. Бұл Заң аудиторлық қызметті реттейтін құжаттардың бірінші деңгейіне жатады.
Заң (ҚР аудиторлық қызметті атқару ұрдісінде) мемлекеттік үйымдар, жеке және заңды тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында пайда болатын қатынастарды реттейді.
Екінші деңгейдегі құжаттарға ҚР аудиттің халықаралық стандарттары жатады. ҚР аудиторлар Палатасының 2000 ж. наурыз айында болған бесінші Республиқалық конференциясында ҚР аудиттің халықаралық стандарттарға көшуі және оларды ұлттық ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды.
Ұшінші деңгей – аудиторлық қызметтің ішкі фирмалық стандарттары; оларды аудит тәжірибесі негізінде аудиторлқ фирмалар жасайды. Бұл деңгейдің құжаттары жоғары деңгей құжаттарын бөліп, айқындай түседі. Бұндай құжаттардың мазмұны мен үлгісі аудиторлық қызмет нарығы нығайып және кеңіген сайын жетіле береді.
«Аудиторлық қызмет туралы» заңының 2 бабының 1п.сәйқес аудиторлық қызмет аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есебін аудитін өтқізу бойынша кәсіпқерлік іс-әреқет. Аудит заңды тұлғалардың қаржылық есебінің ҚР заңдарының талаптарына (ҚР “Аудиторлық қызметі туралы ” заңының 4 бабы 1п.) сәйқес сенімді және әділ жасалғандығы туралы тәуелсіз піқір беру мақсатында теқсеру [4].
Аудиторлық бақылау қаржылық-эқономиқалық бақылаудың басқа түрлерінен (ревизия, мемлеқеттіік ұйымдардың және басқа да аудиторлардан бөлек тұлғалардың тексерісі) мақсаты мен талабы; тексеруді жүргізетін тұлға; тесерілетін мекемелерге (клиентке) экономикалық және заңгерліқ қарым- қатынасы және сол сияқты параметрлері бойынша ерекшеленеді.
Аудиторлық тексеру бір неше кезеңнен тұрады. Атап айтсақ: клиентпен танысу, жоспралау, аудиторлық дәлелдерді жинау, мәнді аудиторлық процедураларды жүргізу, аудиттін аяқталуы. Аудиторлық тексеру кезеңдері сызба 2 келтірілген.
Қаржылық
есеп беру аудитінің мақсаты –
аудиторға қаржылық қорытынды есепті
құрудың белгіленген
Дебиторлық берешек (қарыздар) – бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық берешек шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық берешектердің пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Дебиторлық
борыштарды тексеру жүргізу үшін аудитор
бағдарлама құруы қажет.
4
кесте - Дебиторлық борыштың аудитінің
бағдарламасы
Аудит процедуралары | Ақпарат көздері,
бағалау тэсілдері мен |
1.
Келісім-шарттың |
Жабдықтау-келісім-шарттар. шарттарды, жабдықтаушыларды, шот-фактураларды, нарядтарды, тапсырыстарды тіркеу журналдары |
2. Дебиторлық берешек есебі, жабдықтауды және оларға төлеуді бақылау функцияларын орындауды талдау | Есеп, аудит және ішкі бақылау-стандарттары, нұсқаулықтар, бұйрықтар, өкімдер, бастапқы кұжаттар, 1210-Сатып алушьшар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
3.
Мәліметтерді жинау мен |
Сатып алушылармен, есеп беретін адамдармен, кәсіпорын қызметкерлерімен және басқа дебиторлармен есептесулерді түгендеу материалдары (түгендеу мен есептерді салыстыру, дебиторлардың қатынас хаттары және т.б.) |
|
Бас кітап, 10 журнал-ордер, 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резервтер» аналитикалық есеп, «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» шоттары бойынша мәліметтерді кәсіпорын басшысының дебиторлық берешекті есептен шығаруға арналған бұйрығы |
5.
Дебиторлық берешектің | |
6. Күмәнді талаптар бойынша резервті жасаудың негізділігі мен оларды пайдаланудың дұрыстығын тексеру |
6- кестенің жалғасы
7.
Дебиторлық берешекті уақытылы
өтеудің заңдылығы мен |
11 журнал-ордер,
сатып алушылармен және |
8.
Сатып алушылармен, тапсырыс |
Контрагенттермен шарттар, төлем тапсырмалары, банк көшірмелері, анықтамалық-нормативтік ақпарат |
9.
Дебиторларға тілек-талапты |
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарттар, дебиторларға және т.б. тілек-талаптар |
10.
Баланс көрсеткіштерінің |
Баланс, Бас кітап шоттары бойынша |
11. Дебиторлық берешектің синтетикалы есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру | Жоғарыда көрсетілген шоттар жөніндегі Бас кітап, 11, 7, 8 журнал-ордерлер, берілген аванс, контрагенттермен есеп айырысу есебі бойынша тізімдемелер |
12.
Еншілес және басқадай тәуелді
серіктестіктермен есептесу |
8, 11 журнал-ордерлер, Бас кітаптың мәліметтері, бойынша аналитикалық есеп мәліметтері |
13. Басқадай дебиторлық берешекті тексеру | 8 журнал-ордер, Бас кітап мәліметтері, аванстық есептер, төлем-есеп айырысу тізімдемелері кем шығу, т.б. |
14. Ішкі шаруашылық бақылаудың тиімділігі мен дебиторлық берешектің айналымдылығын талдау | Талдамалы есептесулер және олардан шығатын тұжырымдар мен аудитордың дебиторлық берешекті басқаруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар |
15.Есептесулерді
реттеу мен дебиторлық |
Талдамалы есептесулер және олардан шығатын тұжырымдар мен аудитордың дебиторлық берешекті басқаруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар |
Аудитор дебиторлық берешектерді тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлық берешектерді тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:
Дебиторлық берешек бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер» және «Ағымдағы активтер» бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде есеп беретін күннен бастап 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық берешекті көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер» бөлімінде – 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық берешекті көрсетеді.
«Ұзақ мерзімді активтер» бөліміне тексеру жүргізген кезінде де аудитор талап ету мерзімі біткен берешектерге және уақтылы өндірілмеген сомаларға назар аударуға тиіс.
Баланста «Ұзақ мерзімді активтер» жатқызылған дебиторлық берешектер мынандай баптар бойынша көрсетіледі;