Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................2

1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45


3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62

4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82

Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.DOC

— 601.00 Кб (Скачать документ)

Таурлардың бөлшектеп  сатылуының аудитінің басты міндеті - оларды есептеудің дұрыс жүргізілуі, олардың сақталу орындарындағы бар болуы мен қозғалысы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету және қабылданған нормативтерге сай болуын қамтамасыз ету болып табылады.

  Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функцоналды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, әкономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.

Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.

Тауарларды бөлшектеп сату - сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:

                  Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.

                  Қалыптасқан  тауарларды басқару жүйесін талдау.

                  Тауарлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.

                  Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.

                  Бөлшектеп жасалатын тауарларға қатысты операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.

                  тауарларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зертгеу.

                  Бөлшектеп сатылатын тауарларға қатысты құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.

                  Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  Тауарларды бөлшектеп сату мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық кұндылықтарға деген кажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

 

Кесте-   Таурлар және оларды өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклінің аудтін жүргізу кезіндегі ақпарат көздері.

 

Рет

Нысанның номірі

Ақпарат көздері (нысандардың атаулары)

1

 

Бизнес-жоспары

2

 

Өнімдермен жабдықтау(қызмет көрсету жұмыстарды орындау) келісім шарттары, келісім төл құжаттары

3

 

Қаржылық қорытынды есеп беру, есеп саясаты

4

 

Есеп регистерлері(ведомоста, журнал-ордерлер, магинограммалар) типтік шоттар жоспарының 1210,3130шоттары және 4,7 бөлімдерінің басқа да шоттары бойынша

5

 

Тапсырыстар, төлем құжаттарының көшірмелері

6

 

шот-фактура

7

 

Тауарлы-көлік накладнойлар, шығыс накладнойлары

8

 

кедендік декларациялар, сертификаттар

9

 

Есеп айырысуларды салыстыру актілері

10

 

Орындалған жұмыстардың(көрсетілген қызметтердің) актілері, орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актілері

11

Түгендеу-3

Тауарлы-материалдық босалкыларды түгендеу тізімдемесі

12

Түгендеу-4

жөнетілген тауарлады түгендеу актісі

13

Түгендеу-12

Тауралы-материалдықбосалқыларды түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомосты


 

Аудиторлық процедуралардың маңыздылығының бірі дебиторлық берешек борыштарды растау. Бұл растаудың негізгі міндеті бар болу бағалау және дәл болу мақсаттарына қол жеткізу.

Егер тауарды сатып-өткізудің барлық көлемі сатып алушылардың есеп регистрлеріне кірмеген болса, онда алынуға тиісті шоттар бойынша сомалардың азаюын баланс баптарын тестілей алып отыру мүмкін емес. Сатып-өткізу көлемінің және дебиторлық борыштарының азаюынын бәрінен бұрын нақты жүзеге асырылған, бірақ жөнелтудің есебі арқылы өтпеген операцияларға тексеру жүргізу кезінде және талдамалық процедуралар арқылы анықтауға болады.

Растау жөнінде берілген сұрауларға сатып алушылар көңіл аудармаған кезде аудитор тауармен ілесіп барған құжаттарды қарайды. Дебиторлар мен кредиторларға жеке клиенттердің сальдолары бойынша тексеру жүргізу өнімді жөнелту және табыс алу(есептеу) бойынша ілесіп барған құжаттарды қарау жолымен орындалады.

Қорытынды есепті қарау, кредит бойынша менеджерлермен әнгіме өткізу және клиенттің өз сатып алушылармен хатжазуларына шолу жасау борышты жою(жабу) мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру мүмкін.

Әдетте растау операцияларды тексеру кезіндегіге қарағанда қатенің белгілі бір түрін анықтау кезінде тиімдірек. Мысалдардың арасында өтірік шотта, даулы соммалар және борышкер басқа жаққа көшіп өзінің жаңа мекен-жайын тастамай кеткен жағдайда шоттардың жабылмиай қалуы және т.б бар. Растау осы ауытқулардың кез-келген ашуға кепілдік бере алмаса да, олар операциялады тексеруге қарағанда сенімдірек. Себебі растау тәуелсіз көздерден алынған дәлелдеулер болып табылады, ал операцияларды тексеру кәсіпорынның ішінде жасалған құжаттарға сүйенеді.

  Бірақ бөлшектеп сатудың есепке алынбаған операциялар және шоттар растау операцияларды тексеруге  қарағанда аз ықтималдылықпен анықтау мүмкін. Оның екі себебі бар:

1)                 Растауды жіберу үшін дебиторлар шрттарының тізімі болуға тиісті( таңдап алу үшін) әрине қалып қалған шоттар іріктеу жасалаттын жиынтыққа кіргізуге болмайды.

2)                 Егер есепке алынбаған операциясы бар шот жіберілген шот болса, онда тапсырыс берушілер растауды жай ғана болжай немесе соның дұрыс екендігін көрсете алады.

Қолайлы аудиторлық тәуәкелділік үшін операцияларды тексеруге( сөйтіп растауды қарастыруға)көңіл аударуға болады және керісінше. Егер аудитор ішкі бақылау жүйесін жоғары деңгейде деп бағалайтын болса, онда операцияларды тексеруге көңіл аудару және оларды ең төменгісіне дейін жеткізу арзанға түседі. Басқа жағынан алғанда, егер ішкі бақылау жүйесі әлсіз болса және ірі дебиторлар шоттарының аздаған саны бар болса, онда аудитор бәрінен жиірек дебиторлық борыштың ұлкен бөлігін растайды және операцияларды тексерудің аздаған ғана санын орындайды.

Баланс құру мерзіміне жақынырақ жіберілген растаулар жеткілікті түрде сенімді дәлелдеулер болып табылады. Бірақ өз уақытында аудитті аяқтау үшін аралық мерзімге шоттарды растайға ыңғайлырақ. Мұның болуы мүмүкін, егер ішкі бақылау жүйесі сатып-өткізу мен ақша түсімі тиісті түрде растау жасалған күн мен кезеңнің аяғы арасындағы күнге сәйкес келетін болса.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлшектеп сатудың құрамдас бөліктерінің бірі – тауар екенң белгілі. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Тауар өнімінің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.

Тауарлардың қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.

Тексеру материалдарында ескерілмеген тауарлы өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген енімді шығару мен еткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жүмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі тапдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Аудитор тауарларды бөлшектеп тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:

                  Тауарлармен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды ресімдеу дұрыстығы.

                  Өнімді тиеуге арнапған кұжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

                  Тиелген өнімнің бағасын ресімдеудің дұрыстығы.

                  Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.

                  Егер өнім тікелей  жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

                  Тауарларды тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.

                  Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.

Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 6010 «өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоттары бойынша сәйкестігі.

Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында әкспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.

Ұтымды бағамдық айырмада мынадай жазу жазылады:

Д-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты К-т 6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс».

Теріс бағамдық айырмада:

Д-т 7410 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шотына К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына.

Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама-қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапкы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалык есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.

Бөлшек тауарларды түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлык құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Тауарларды бөлшектеп сату бар-жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.

Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде