Узак мерзімді активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 19:20, дипломная работа

Описание

Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Сапалық «нұсқау ережелер» және «жоғарыдан» түскен әдістемелер негізінде, сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай ары қарай жетілдіру мақсатына түседі.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Работа состоит из  1 файл

№ 216 узак мерзимде -диплом.doc

— 565.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

     Экономикалық  жүйені тиімді басқару мен шешім  қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Сапалық «нұсқау ережелер» және «жоғарыдан» түскен әдістемелер негізінде,  сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай ары қарай жетілдіру мақсатына түседі.

     Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен жеке меншікті ұйымдардың көбеюі, бизнес  пен кәсіпкерліктің дамуы, басқару жүйесінің демократиялық жолдарымен реттелуіне байланысты және бұған қосымша батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағыттындағы консервативтік ескі жүйені жойды. Бухгалтерлік есеп, бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалайтындығына кәсіпкер, бизнесмендер мен меншік иелерінің және ұйымдарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі-жиі өзгеріске түсетін болды. Мұның барлығы да нарықтық қатынастарды ары қарай жетілдіруге бағытталған заңдылық.

     Экономикалық  қатынастарының мәнімен маңызы түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге арналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың  теориялық және қолданбалы негізін  білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметіне бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

     Шаруашылық  ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүйесін  сенімді жүргізу үшін, жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.

     Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі  көшу кезеңіндегі бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр, өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңіндегі өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктік ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздің халық шаруашылығының қай субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.  Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан формалармен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметінің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқарылатын рөлінің ұшан-теңіз екендігі дәләлдеуге қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

     Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты, еліміздің күннен-күнге бухгалтер мен аудитор  мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.

     Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандартымен қаржы шаруашылық қызметі есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулар мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде еліміздің қолданып жүрген бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.

     Бухгалтерлік  есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші шаруашылық жүргізуші  субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

     Экономиканың  тиімділігінің арттыру мемлекеттің  осы заманның экономикалық стратегияның басты міндеті болып табылады.

     Нарықтық  экономикаға көшу жағдайында көптеген ұйымдар қаржы жағдайы, оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар ұзақ мерзімді активтердің сақталуымен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.

     Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:

     -ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;

     - ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.

     Кез-келген ұйымдар тиімді жұмыс жасау үшін, міндетті түрде ұзақ мерзімді активтерді пайдаланады. Бұл тақырыптың бүгінгі күннің өзекті мәселесін қарастыратыны сөзсіз, сондықтан бұл дипломдық жұмыстың актуалдылығын осы мәселерге байланысты болса керек.

     Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ЖШС «Дарын», бұл ұйымның негізгі қызметі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және сату. Бұларға қосымша, басқада сыртқы экономикалық қызметтермен айналысады.

 

       1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты

     1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі

 

     Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі  көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі болып отыр. Оның ішінде ұзақ мерзімді активтердің алатын орны үлкен.

     Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын, кәсіпорындардың құқықтың, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

     Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнат ақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.

     Осы айтылғандар ұйымдар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастырудың, нәтижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

     Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойынша пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

     Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.

     Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар  мынадай жағдай алынса, болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің рөлі анықталса, субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса, бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.

     Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер – нақты табиғи нысаны жоқ  сезілмейтін  құндылыққа ие болғанымен материалдық  активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

     Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал- жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осылай; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін пайымдап ақыл парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.

     Кейбір  материалдық емес активтер физикалық  заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазда болады, бірақ дискетте, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

     Бұған, қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердіңде есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.

     Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке тенестірілуі мүмкін, мысалға; патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да  фирманың активтерімен тығыз байланысты шығарылуы мүмкін: мұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сенім деңгейіне негізделеді

     Қоғамдық  өндірістің тиімділігін негізгі  өндірістік қорларды жақсы пайдалану  арқылы арттыру - бүгінгі таңдағы өткір мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселелерді тек өнеркәсіптік өндіріс шеңберінде ғана емес бүкіл халық шаруашылығы деңгейінде шешу, халықтың тұрмыс жағдайын арттыру үшін материалдық игіліктердің ұлғаймалы ұдайы өндірісті тез қарқынымен өткізуге мүмкіндік береді.

     Жекелеген кәсіпорын немесе бірлестік жағдайында негізгі қорларды пайдаланудың жақсаруы еңбек өнімділігінің артуын, өнім шығару қарқынын өсіруге, олардың өзіндік құнын азайтуға, табыс көлемінің және өндірістік рентабелінің артуын қамтамасыз етеді.

     Ұйымдардағы ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастырудың жағдайын қарастырғанда бұл есеп ұйымдарды басқару құралдарының ең маңыздыларының бірі екенін көрсетеді. Сонымен қатар ол талдау жұмыстары үшін негізгі ақпараттар көзі болып табылады және  оның бағыттарын анықтайды.  

     Негізгі құралдардың есебі - ақпараттардың тұрақтылығының жоғары деңгейімен сипатталады, ол тұрақты ақпараттар тасушыларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыстың бұл бөлігін автоматтандыру қажет. Негізгі құралдар есебін ЭЕМ автоматтандыру олардың оперативті-техникалық және бухгалтерлік есебінің ақпараттар базасын тездетуге, есеп беру жүйесін жеңілдетуге, тозу құнын есептеудің тәсілдерін автоматты түрде таңдауға жол береді. Бұл мұндай есептің нәтижелерінің тұтыну құндылығын арттырудың кейбір бағыттарын болжауға мүмкіндік береді.

     Сонымен қатар негізгі құралдардың қолда  барының талдамалық есебінің деңгейін арттыру оларды басқаруды мұнан басқа жалпы объектінің ғана емес оның құрамды бөліктерінің сақтығына, техникалық және пайдалану  жағдайына бақылауды күшейтеді.

     Активтер  үш сатыдан: анықтау , тану және бағалаудан тұрады. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынған және есеп бақылауына түскен ұйымдар қызметінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық табыс келтіретін активтер жатады.

Информация о работе Узак мерзімді активтер