Узак мерзімді активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 19:20, дипломная работа

Описание

Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Сапалық «нұсқау ережелер» және «жоғарыдан» түскен әдістемелер негізінде, сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай ары қарай жетілдіру мақсатына түседі.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Работа состоит из  1 файл

№ 216 узак мерзимде -диплом.doc

— 565.50 Кб (Скачать документ)

     «Ноу-хау» өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-хау» сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол  оның иесіне төленетін сыйақының  орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патентерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. «Ноу-хаудың» субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.

     Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы, шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.

     Ұйымдастыру шығындары бірлескен немесе акционерлік  кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңдегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай шығындарға жаранамаларға кеткен шығын, кезеңшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.

     ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау –  кәсіпорын иенденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға, қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.

     Коммерциялық  қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.

     Тауар таңбалары мен қызмет көрсету  таңбалары деп тауарларды тиесілі  таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы  заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасы қалай пайдаланамын десе де, толық құқығы бар, басқа тұлғаларға  пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді.

     Таңбалар  сөз түрінде, көркем сурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болмауы мүмкін, олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.

     Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқада айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас,  аралас деңгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар,  қоғамдық мүдделлер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.

     Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.

     Тауардың  шыққан жерінің атауы-тауарды таңбалау үшін   пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса және басқа  да ерекшілеліктері арқылы сипатталады.

     Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің  тарихи  атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауы паудалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банктілерде және басқа да тауарда шаруашылық айналымда енгізуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.

 

     Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің  атауы бәсекелестің әрекет етуші  құралы болып табылады. Мысалы, ТМД елдерінде жасалынған өнімдер арасында шетелдік және ішкі нарықта сатылатын «Белорусь» (трокторлары),  «Зенит» (фототауарлары), «Новое Заря» (парфюмериясы), «Лада» (автомобильдері), «Рахат» (конфеттері), «Славо» және «Чайка» (сағаттары) және т.б. тауарлық белгілермен бұйымдарды шығарушылар өздерінің сенімді де іскер екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге өнім шығарушы кәсіпорындар тауар таңбаларымен, тауарлардың шығу орындарының атын қорғауды да, қамқорлыққа алғаны жөн, себебі, мұндай  қорғаудың болмауы ұқсас немесе дәл сондай шетелдік тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды бәсекелестіктің де нәтижесі болып табылатын, кездей-соқ қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін. Ал  енді географиялық белгілеулерге келсек, олардың арасының тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, өйткені ол кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауарлардың сату мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.

     Сондықтан нарықтық экономика тауар таңбасы  кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады, себебі, компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлес ретінде пайдалану құқығын береді. Бірақ ол үшін тауар таңбасын құнын білу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құн, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншікті тауар таңбаларын өзіндік құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын  пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен есепке алған жөн. Тауар таңбасын нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.

     Тауарлық  таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған  құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру  қарым-қатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы жоғары кеңесі қабылдаған «тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы» Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы), лицензиялар және басқалар жатады.

     Патенттер. Патентоның ұстаушысының патент қамтығын нәрсесін, процессін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салынады, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдалантын құқық болып табылады. Патентің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет  мерзімі (15-20) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар,  патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар мсатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патентік алым (пошлина) ұсталынады . Патенті алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуғада, патентелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болу керек. 

     Өнеркәсіптік  үлгілері:

     - өнеркәсіптік үлгілерді пайдалуға айырша құқықтық растайтын патентер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі.

     Өндірістік  үлгілері:

     - модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің қосындысымен берілуі мүмкін.

     Егер  үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан  Республикасында немесе шетелдерде, белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі болып табылада. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымы түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолдануға болатындығы мойындалады. Өндірістік үлгілер авторлардың шығармашылық еңбегі ретінде мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгілердің авторы болып есептелінеді. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

     Лицензиялық келісім бойынша патент иесі (лицензиар) өнеркәсіптік үлгіні пайдалану құқығын басқа тұлғаларға  да (лицензиар) бере алады, ал соңғысы лицензиарға төлемдер беріп тұруға және келісімдер қарастырылған басқа да  іс-әрекеттерді орындауға міндетті. Өнеркәсіптік үлгілердің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі.

     Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерден  алынған)- қандай да бір операцияларды  жүзеге асыруға құзырлы, мемлекеттік органдарының берген рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді, субъект бойынша:

     -Қазақстан  Республикасының заңды және  жеке  тұлғаларына берілетіндер;

     - шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтық жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берілетіндер.

     Қызмет  ету көлемі бойынша:

     - негізгі (бас) мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егерде олардың қызметі біртұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;

     - бір жолғы (бірақ рет пайдалуға берілетіндер) белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын  (ақшалай немесе натуралды түрінде) алуға беріледі;

     - операциондық валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.

     Мерзімдік әрекеті бойынша:

     - тұрақты берілген мерзімі шектелмеген;

     - уақытша белгілі бір мерзімге берілген.

     Аймақтық  әрекет ету сферасы (териториялық әрекет ету аясы) бойынша:

     - тұтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;

     - Қазақстан Республикасының  белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;

     - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде  де таратылады.

     Материалдық емес активтерді басқа да түрлеріне, активтердің бұл тобына «фирма бағасы»  (Гудвилл), интелектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді. («гудвилл» құрамына  кіретін материалдық емес активтер сызбаны көрсетілген).

     Гудвилл. Гудвиллді бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетеді.

     Гудвилл материалдық емес активтердің бұл  түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады.

     

      Материалдық емес активтер

 
 

1 Кәсіпорын-

  дардан бөлін-

            бейтін актив

     

1.1 Оқыған

            персоналдар

     

1.2 Клиенттер

     

    1.3 Аймақ

деңгейінің имиджі

     

1.4 Аймақтың

орналасу артық

шылығы

     

    1.5 Жарнама

саласындағы

жетістіктер

 

    1.6 Бастапқы

қиыншылықтар

     ды артқа тастау

 
 
 
 

    

 

2 Жеке тұлғадан

(интелектуалдық) бөлінбейтін активтер

     

2.1 Менеджерлердің

(иелерінің)  жеке тұлға

ретінде іскерлік

қасиеті

2.2 Менеджерлердің

жеке  ұждандық және

іскерлік  қасиеті

     

2.3 Ұйымдағы жеке

тұлғаның өз персо-

алдарымен қарым-

Информация о работе Узак мерзімді активтер