Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2012 в 23:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – м
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке ықпалы………………………..……....………………………..……....……………20
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар………………......………..26
2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі………………………..……....………………………..….…....……………31
2.3 Экономикалық қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және шешу жолдары….……41
3.2 Туризм саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....47
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..……....…….…
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.3 Миграциялық
саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке
ықпалы………………………..……....…………………
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық
туризмдегі миграциялық
2.2 Қазақстан
Республикасы тұрғындарының туризмдегі
миграциялық үдерісі………………………..……....………………
2.3 Экономикалық
қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы
дамуының өзекті мәселелері
3.2 Туризм
саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..…
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..……....…….……………....…..
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – миграцияның ерекше түрі ретінде, бұл тек экономиканың маңызды саласы ғана емес, сонымен қатар адам өмірінің басты бөлігіні бірі. Ол адамның сыртқы қоршаған ортамен қарым қатынасын қамтиды. Туризм – адамдардың үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру орны болып табылмайтын, және олардың еңбек қызметімен байланысты емес өзге бір ортаға миграциялық сипатталатын әлеуметтік-экономикалық, тарихи, мәдени және рухани қатынастардың, құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Жеті кластердік бастаманың ішінде туристік индустрияның экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа серпін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды Орталық Азияның өңірдегі туризм орталығына айналдыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орталық азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды. Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ. Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі кіру және ішкі туризмін пайдаланып, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру, халықты жұмыс орындармен қамтамасыз ету, мемлекеттің және халықтың табыстарын өсіру болып саналады. Туризмге деген мемлекеттік қолдаудың жетімсіздігі және материалдық – техникалық базаның жетіспеушілігі, бұл сала одан сайын әлсіреді. Қажетті қызмет көрсету сервисі бар қонақ үй қорының жетіспеушілігі айқын сезіледі. Нақты құйылып отырған қаржы көзі мардымсыз болған, қиын күн кешкен туризмді ешкім аса қажет ете қоймады. Сондықтан мемлекетіміздің қолдауымен туризмді экономикалық қаржыландыру арқылы дамыту және алдағы уақытта туристік көрмелерге жиі қатысу арқылы еліміздің туристік әлеуетін әлемге танытып қызықтыру арқылы туристерді тарту болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты туризм- тұрғындар миграциясының ерекше түрі ретінде теориялық-әдістемелік аспектісі зерттеу негізінде туризмдегі көші-қону үдерісі мен оны дамыту жолдары қарастырылды.
Зерттеу міндеттері мақсатқа сай келесідей:
-Миграция түсінігі және оның топтастырылуын тоқталу;
-Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәнін ашу;
- Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен қауіпсіздікке ықпалы
-Халықаралық
туризмдегі миграциялық
-Қазақстан Республикасының
туристік саласындағы
-Экономикалық қауіпсіздік және миграция;
-Туризм саласын дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы;
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының туризмдегі тұрғындардың көші-қөну алынды.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы туристердің миграциясы болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д.Аакер, А.Г. Браймер, Л. Берри, Дж. Боуэн, Ф. Котлер, Р. Оливье, Д. Ратмел, Д. Уокер және т.б. Бұл саланы дамытуға өз еңбектерімен зор үлесін қосып келе жатқан алыс, жақын шетелдік ғалымдарға: А.А. Асанова, В.Г. Гуляев, А.М. Голубков, Е.Н. Ильина, В.А. Квартальнов, В.К. Кораблев және т.б. жатады. Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелері: В.Н. Вуколов, Ғ.М. Дүйсен, Ж.М. Дюсембекова, С.Р. Ердавлетов, О.Б. Мазбаев, Р.Х. Раева, О.Ж. Устенова, М.Р. Смыкова, Ө.К. Шеденов сияқты ғалым-экономистердің еңбектерінде орын алған.
Тақырыптың деректік көзі диплом жұмысын жазу барысында 2001 жылдың 13- маусымындағы №211-ІІ (22.02.2002 жылғы №296-ІІ өзгертулермен) «Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің есептері.
Диплом жұмысын жазу барысында зерттеудің әдіснамалық және ақпараттық негізі болып отандық және шетелдік ғалымдардың Қазақстанда туризм бойынша еңбектері, туризм мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-
құқықтық құжаттар қарастырылды.
Зерттеу әдістері. Бұл жұмыста экономикалық зерттеулердің жалпыға мәлім әдістері және танымның жалпы ғылыми әдістері, сонымен қатар, мәселені оның динамикасында қарастыруға мүмкіндік беретін талдау әдісі қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы.
Қазақстанның
туристiк фирмалары бүгінде
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Зерттеу мәліметтері бойынша алыс-жақын шет елдерден республикамызға бет алатын туристердің 74 % - жабайы табиғатты, 63 % - көшпенділер мәдениетін, 59 % - тау жоталарын, 68 % - әсем табиғат көріністері мен шексіз кең даланы, 58 % - таза табиғатты тамашалауға құштар. Сондықтан да Қазақстандағы туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді. Туризм тұрғындар миграциясы ерекше түрі ретінде тақырыбының ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналар жатады:
-Туризм тұрғындар миграциясының ерекше түрі ретінде анықталып, миграция мен туризм ұғымдары теориялық зерттелді.
- туризм саласындағы миграциялық процестердегі экономикалық қауіпсіздіктің әсері қарастырылды.
-халықаралық
туризмдегі аймақтар
- еліміздің тұрғындары туризм саласындағы миграциялық үдерісін талдау.
- туризм саласын дамытуда кластер құру қажеттілігінің және туризм
кластерінің саланы жандандырудағы мүмкіншіліктерінің ғылыми негіздемесі;
– туризм саласын дамыуындағы өзекті мәселелерді анықтау болып табылады.
Практикалық маңыздылығы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды кеңінен пайдалануы мүмкін ғылыми зерттеудің материалдарын туризм мамандықтарының студенттеріне лекцияда және семинарлық сабақ жүргізуде қолдануға болады.
Практикалық базасы диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің материалдары пайдаланылды.
Диплом
жұмысының құрылымы кіріспе, үш
тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады және жалпы көлемі – 62 бет
1
КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ
ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК
АСПЕКТІЛЕРІ
Демографиялық процестердiң iшiнде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге шұғыл көңiл бөлетiн жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару және тиiмдi әлеуметтiк-экономикалық саясат жүргiзу үшін миграциялық ағымдардың көлемi мен мигранттардың құрамын бағдарлай бiлу, миграцияны тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай бiлу өте қажет. Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты.
Халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:
- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;
- халықтың
аумақтық қайта
- халықтың жылжымалылығының формасы;
- халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы.
Біздің
пікірімізше, көші-қонды халықтың аумақтық
орын ауыстыруларының формасы
Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады. Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:
Көші-қонға қатысты алғанда халық факторы ерекше үйлесімінің және өзара әсерінің арқасында халықтың әрқилы аумақтық орын ауыстыруларына әкеліп соғатын жағдаяттар мен шарттрдың қандай да бір жиынтығы ретінде қаралады.[1]
Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының бiрден көбеюiне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсендi ықпал етедi. Қазiргi ғылымда, әсiресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда бiр жағынан бiрiн-бiрi толықтыратын және бiрiне-бiрi бiршама қарсы келетiн екi негiзгi теориялық парадигмалар бар. Бiрiншiсi, құрылымдық парадигма. Бұл парадигма миграцияны түсiндiргенде басты орынды адамды немесе топты миграциялауға итермелейтiн құрылымдарға бередi. Осы парадигма макротеориялық парадигма ретiнде анықталады, өйткенi миграцияның себептерi экономикалық және саяси құрылымдар мен қоғамның капиталистiк трансформациялануы болып табылады. Қазiргi кездегi миграцияның себептерiн талдауда орын ауыстыру экономикалық детерминация ролiнiң маңыздылығы күштi екендiгiн көрсетедi.
Миграция теориясындағы екiншi парадигмада, яғни миграциялау туралы мәселеде субъективтi факторға басты орынды берiледi. Субъективтiк парадигма микроденгей теориясы ретiнде анықталады, Өйткені адам миграцияның басты агентi ретiнде талданады. Микродеңгей теориясы миграцияның макротеориялық себептерiнiң маңызын жоққа шығармайды, бiрақта ол деңгей, объективтi факторлар бәрiбiр де жеке тұлғаның шешiмiне байланысты болады дейдi. Бұдан көретiнiмiз, миграцияны талдаудағы микротеориялық тәсiл жеке тұлғалардың шешiмдерiн зерттеуге көп көңiл бөледi. Бұл парадигма аясында мигрант өзiндiк ерекшелiктерi бар, миграциялаудан түсетiн шығындар мен табыстарды бағалай алатын адам ретiнде қарастырылады. Бәрiнен анығы, миграциялау туралы шешiм қабылдау тұтастай қиын себептер комплексi болып табылады.
Информация о работе Миграция түсінігі және оның топтастырылуы