Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:02, дипломная работа
Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі сатысы экономикамен қоғамды өзгертумен өте күрделі мәселелер пайда болумен сипатталады.
Елімізде нарық жағдайына енуге байланысты дамытуға бейімделген стратегиялық бағыт басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Өйткені, персоналды басқарусыз ешбір ұйым, өндірістің атқаратын қызметі іске аспайды.
Сондықтан да ұйымның қызметін тиімді атқару үшін персоналды басқару мәселесін бірінші орынға қою керек.
Еңбек ресурстарын бағалау - бұл осы кәсіпорындағы жұмысшылардың ішкі аттестациясы. Жұмысшыларды төрт категорияға бөлуге болады:
1) алдына қойылған барлық тапсырмаларды шеше алатын және жоспарланған нәтижеге жете алатын жұмысшылар;
2) өз міндеттерінің көп бөлігін әділ орындап, ал қалған бөлігін әр түрлі себептер бойынша орындай алмайтын жұмысшылар;
3) өз міндеттерінің көп бөлігін орындай алмай, бірақ аз бөлігін орындай алатын жұмысшылар;
4) қазіргі кезде ұйымға қажетсіз жұмысшылар, себебі жалақы төлеу ұйым үшін тікелей шығын болып табылады.
Үшінші және төртінші топтардағы жұмысшылардан ұйым олармен шартты бұзып құтылуы қажет, ал егер жұмысшы ұйымның қызығушылығында болса онда оны кадрлік резервке енгізу керек. Ұйым кеңейген жағдайда оларды қайта шақыруға болады.
2. «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің персоналдарды басқару жүйесін талдау
2.1 «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы мен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер сипаттамасы
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС – қазіргі аумақтық нарықта тон-тері және былғары өнімдерін шығарушы ірі өнеркәсіп. Ол қазіргі жағдайда ұсақ малдардың, мүйізді ірі-қараның терісінен тон-тері өнімдерін тігетін, былғары жартылай фабрикаты бар, республикамыздың басқа жерінде жоқ Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Қазіргі өсуде комбинатта үлкен сапалы жұмыс жүруде.
2001 жылы комбинат 80 жылдығын атап өтті. Қазіргі кезде «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС – бұл біздің республикамыздағы бірден-бір ірі өнеркәсіп.
1915 жылы қазіргі уақыттағы «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС территориясында, алғашқы былғары заводы Плещеевтің үлкен емес жер төреде ұйымдастырылған қөл өнер өндірісінен тұрды.
1922 жылы Семей қаласындағы Белағаш көшесінде орналасқан тон шеберханасы ұйымдастырылған болатын. 1923 жылы шеберхана өтімді болды және 1924 жылы Хлебная көшесінде қайтадан ұйымдастырылды.
Былғары заводы рентабельсіз болды, бүкіл өндіріс жұмыстары қолмен істелді, өндіріс қалдықтары қолданылмады, сондықтан 1926 жылы Семей қаласында жаңа былғары заводы құрылысы салына бастады.
1926-1928 жылдар арасында ҚазССР орталық кеңесінің халықаралық депутаттарының шешіміне байланысты осы ауданда екі қабатты былғары заводы салынды, 1928 жылдың 1 мамырында транспорттық пайдалануға берілді. Осы кезден бастап завод жоғары аяқ-киімдер үшін юфталық былғары тауарлары мен төмен аяқ-киімдер үшін қатты былғары тауарларын шығара бастады. Осы уақытқа дейін завод механикаландырылған кәсіпорын болып саналды. Сонда да үлкен еңбек жұмыстары қолмен өндірілді, олар жүнді түту, былғарыны қию, шикізатты қайта өңдеу жұмыстары болды.
1936-1938 жылдар арлығында бұрынғы ескі былғары заводында қой заводы және тон фабрикасы бар екі қабатты ғимарат тұрғызылды, оның өндіріс жылдамдығы екі есеге артты.
1936 жылдың 30 желтоқсанында Семейдегі заводтар топтары қайтадан «Былғары комбинат» болып ұйымдастырылды.
1943-1944 жылдар арасында 10 км-лік темір жол торабы салынды. Бұл «Былғары комбинатына» транспорттық жүктерді әкелуге біршама жеңіл болды.
1943 жылы екі қабатты корпуста қалдықтарды қайта өңдеу цехі болған жерде көмекші цехтар, сондай-ақ механикалық және орталық химиялық лаборатория құрылысы аяқталды.
1944 жылы цех өндіріс қалдықтарыннан юфталық және қатты етіктер, бәтеңкелер, офицерлік белдік, тонның қиығынан кеудеше, алжапқыш және қолғап тігілді.
Жүн завод ұйымдары қысқа тон тігуден қалған ақ жүнді тондардан қолғаптарды шығарды. Ал тігіншілер цехі соғыстың бірінші күнінен бастап фронтқа қажетті болатын белдік, қысқа тон шығарды.
1951 жылы былғары заводында ерекше жыл болды, өйткені өндіріс процесінде тетіктер мен реконструкциялар басталды.
1963 жылы қой заводын қайтадан өңдеді, үш қабат салынды, сондай -ақ өндіріс процесінің тетіктері өсті. Заводта көптеген импортық құрал-жабдықтар орналастырылды.
1964 жылдың 1 қаңтарында Семей қаласының халық шаруашылық кеңесінің шешімімен «Былғары комбинаты» тері және былғары шикізат заводтарымен қосылды және кәсіпорын «Былғары-тері қосындысы » деген атқа ие болды.
«Былғары-тері қосындысы» ұжымының жыл сайын өнімді шығару көлемі артты, еңбек өндірісі өсті, өткізілген өнімнің өзіндік құны төмендеді. Бұл шешімдер ұжымның жаңа технология және прогрессифтік технология негізінде, өндіріс процесінің автоматтандырылған және механикаландырылған негізінде, өндіріс мәдениетінің жоғарлауында жоғары нәтижеге жеткізді.
1984 жылы былғары заводында қайта өңдеу жүргізілді, мұнда екі қабатты ғимарат салынды, бірінші қабатта май цехі орналастырылды.
Ұзақ уақытта кәсіпорын тез дамыды. Ұжым барлық жарыс түрлеріне қатысты.
«Семей-тері» ЖШС 1998 жылы өзіндік заңды тұлға ретінде АҚ «Айгерім» тон цехі базасында құрылды. 1998 жылы 10-тамызда өндірістік қызметі басталды.
2000 жылы 29 мамырда Шығыс Қазақстан обылысының әкімінің шешімімен Семей қаласының «Былғары-тері комбинаты» «Семей-тері» ЖШС-не сенімді басқаруға берілді. «Семей-тері» ЖШС, яғни қазіргі «Былғары-тері комбинаты» сатып алушылардың сұранысы бойынша тон-тері және былғары өнімдерін дайындауға бай қабілеті бар.
2005 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың комбинатқа келуінен кейін «Семей қаласының 2006-2008 жж. арналған даму бағдарламасы» қабылданды. Осы бағдарламаның аясында «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС өндірісін дамыту қарастырылған. Бұл міндетті жеңілдетілген несие беру арқылы орындау ҚР индустрия және сауда министрлігіне, ШҚО әкімдігіне және «Қазақстан даму банкі» АҚ-на жүктелеген болатын. Сонымен қатар, кәсіпорынның даму бағытына қолдау «2015 жылға дейінгі Шығыс Қазақстан облысының өңірлік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы» арқылы да қарастырылған.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің өнім ассотименті келесідей: мехтық және тондық велюрдан балалардың, әйелдердің, ерлердің тондары; астарлы куртка, қысқа пальто, костюмдер, қой терісімен қапталған балалар және әйелдер пальтосы; түрі және үлгісі әртүрлі бас киімдер, сонымен қатар формалық киімдер мен арнайы қыстық жұмыс киімдерін шығарады. Қалдықтардан кеудеше, қолғап, шұлық т.б. тігіледі.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС Қазақстандағы аяқ-киім өнеркәсібін көтеруге мүмкіндік беретін терінің кең ассортиментін шығарады және республикадағы мал шаруашылығының өркендеуіне үлес қосады. Өнім шығаруды арттыру жергілікті шикізаттардың толық қолданылуын қамтамасыз ете отырып, шетелден келетін өнделмеген өнімді азайтады, импорттық терілердің көлемін төмендетеді.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің қолдануында экономикалық қызмет орналасқан әкімшілік персонал мен экономика және бухгалтерия бөлімі бар кеңседен тұрады.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің басқару аппараты алты адамнан құралады. Басқару аппараты толығымен қамсыздандырылған, яғни шаруашылық-экономикалық қызметтің барлық жақтары дұрыс деңгейде ұйымдастырылған. Басқару құрылымын келесідей көрсетуге болады. Ол 7-ші суретте бейнеленген..
Сурет 7. Басқарушы аппарат құрылымы
Осы схема мәліметтеріне қарай барлық басқарушылық шешімдерді басқарушылар құрамы шешеді.
Директор және директордың орынбасары арқылы жұмысшылар персоналын басқару процесі жүзеге асырылады.
Директордың және басқарушылардың аппараты өндірістік қызметті жалпы басқарады, шикізаттар мен материяларды жабдықтау мәселелерін шешеді кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық қызметін реттейді. Сонымен қатар әкімшілік аппаратының басты міндеті өндірістік көрсеткіштердің орындалуына лауазымды бөлімдері арқылы бақылау жасау.
Экономика және бухгалтерия бөлімінде алты маман жұмыс істейді. Олардың негізгі атқаратын қызметі кәсіпорын қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізу, экономикалық талдау, жоспарлауды жүзеге асыру, шаруашылықтың құжаттылығын қамтамасыз ету.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің директорының өкілетті-лігі:
- Серіктестіктің қызметіне жалпы басшылық жасау;
- Сенімхатсыз серіктестік атынан қызмет жасау;
- Серіктестікті ұсынуға сенімхат беру;
- Серіктестік жұмысшыларына қатысты оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, жұмыстан шығару жөнінде бұйрық шығару, еңбекақы жүйесін анықтау, лауазымды окладтар мөлшерін тағайындау, сыйақы жөнінде шешімдер қабылдау, марапаттау шараларын жүзеге асыру, тәртіптік алымдарды жасау.
Басқарушылық аппаратының барлық мамандарының арнайы жоғарғы экономикалық және техникалық білімдері бар, сонымен қатар сол білімдеріне сәйкес лауазымды қызмет атқарады.
Әр бөлімнің өзіндік лауазымдық инструкциялары негізінде жұмыс істейді. Өздерінің қызметінде талаптарға сай құжаттар негізінде, яғни өнім бағдарламасы, қаржылық жоспар, бухгалтерлік баланс, қаржылық нәтиже жөнінде есеп берушілік және т.б. қолданылады. Құжаттардың толтырылуы, құжат айналымының дұрыстылығы жоғары дәрежеде ұйымдастрылған.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің міндетті деректемелеріне жататындар келесілер:
- құжаттың аты, нысанының коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы, жылы);
- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шаруашылық операциясының мазмұны;
- шаруашылық операцияның өлшемі;
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні, қолдарының үлгілері.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі, еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, материалдар, капиталдық жұмыстағы құрылыс, құрылыс машиналары, автокөліктегі жұмыстар, түгендеу нәтижелері, кассалық және банк операциялары т.с.с.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизацияны есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Сонымен қатар есепті жүргізіп қана қоймай, оның тиімділігін қатаң талап етіп, әділ бағасын беретін және де кеңес беріп, нұсқау көрсететін бухгалтерлік есептің дұрыстылығын қадағалайтын аудит болып табылады. «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болып саналса, аудит – бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді және оны талдауда ерекшелігі зор көмек береді.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің шаруашылық қызметін талдау келесідей бірқатар шешімдер қабылдауға үлкен үлесін қосады: тауарды шығарудағы түпкі мақсатпен маркетинг стратегиясының шаруашылық мақсатына сай келетінін анықтау үшін сатудың, шығындардың және пайданың межелеген бақылау көрсеткіштерін талдау; өндіру мен өткізімге жұмсалған қаражатты үнемдеу мүмкіндігін анықтап, талдау; кәсіпорынды салуға немесе белгілі бір тауарды өндіру немесе қызметті көрсету жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға ресурстар жұмсау керек пе және қанша мөлшерде жұмсау керек деген мәселені шешу кезінде шығын мен пайданы салыстырудағы қызметі; қандай шығындардың неғұрлым тиімді екенін, қандай өзгерістер еңгізу керек екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Қажетті факторларды анықтауға, құндық пайдалылығын талдау үшін, жалпы табыс жинақтық шығынға тең болатын істің жай-күйін анықтау үшін, жалпы экономикалық факторларды анықтау үшін және күтіліп отырған көрсеткіштермен салыстырмалы талдау жасауға және т.с.с. Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі немесе сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипаттамасы мен мүмкіндігін баға беру үшін оның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштеріне назар аударайық (Кесте 1).
Кесте 1
Кәсіпорын қызметінің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Жылдар | Ауытқу 2009ж- дан 2008ж-ға | Ауытқу 2010ж- дан 2009ж-ға | ||||
2008 | 2009 | 2010 | Абс (+;-) | Салыс. (%) | Абс (+;-) | Салыс. (%) | |
1. Өндірілген өнім көлемі | 326741 | 605835 | 826273 | 11260 | 1,3 | 74438 | 8,2 |
2. Өнімді сатудан түскен табыс, мың тнг | 315517 | 593825 | 816412 | 279094 | 88,2 | 220438 | 36,4 |
3.Сатылған өнімнің өзіндік құны, мың тнг | 204399 | 386880 | 554337 | 182481 | 89,3 | 167457 | 43,3 |
4.Жалпы табыс, мың тнг | 111118 | 206945 | 262075 | 95827 | 86,2 | 55130 | 26,6 |
5.Кезең шығындары, мың тнг | 100737 | 158226 | 197419 | 57489 | 57,1 | 39193 | 24,8 |
6.Таза табыс, мың тнг | 10381 | 48719 | 64656 | 38338 | 469 | 15937 | 32,7 |
7.НҚЖ орта жылдық құны, мың тнг | 277869 | 283788 | 284923 | 5919 | 2,1 | 1135 | 0,3 |
8.Қор қайтарымы, тнг | 1,1 | 2,1 | 2,9 | 1 | 91 | 0,8 | 38 |
9.Қор сыйымдылығы, тнг | 0,9 | 0,5 | 0,3 | -0,4 | -44,4 | -0,2 | -40 |
10.Қор рентабельдігі, % | 2,7 | 11 | 13 | 8,3 | 407 | 2 | 18,2 |
11.Жұмысшылар санының орташа тізімі, адам | 234 | 280 | 334 | 46 | 19,6 | 54 | 19,3 |
12.Орта айлық еңбек ақы, тнг | 36351 | 38485 | 39685 | 2134 | 5,1 | 1200 | 2,9 |
13.Еңбек ақының орташа жылдық қоры, мың тн. | 65576 | 88033 | 118060 | 22457 | 34,2 | 30032 | 34,1 |
14.Рентабельділігі, % | 3,3 | 8,2 | 7,9 | 4,9 | 248 | -0,3 | -3,7 |
Информация о работе Кәсіпорынның персоналдарын басқару жүйесі