Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:02, дипломная работа
Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі сатысы экономикамен қоғамды өзгертумен өте күрделі мәселелер пайда болумен сипатталады.
Елімізде нарық жағдайына енуге байланысты дамытуға бейімделген стратегиялық бағыт басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Өйткені, персоналды басқарусыз ешбір ұйым, өндірістің атқаратын қызметі іске аспайды.
Сондықтан да ұйымның қызметін тиімді атқару үшін персоналды басқару мәселесін бірінші орынға қою керек.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің еңбек демалыстарының кестелерін үйлестіреді және еңбек демалыстарының уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асырады.
Кадрлар бойынша белгіленген нысандағы төксандық және жылдық жоспарды дайындайды.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысқа жарамыздығы парағының есебін жүргізеді.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кадрлар саны мен тұрақсыздығы туралы ақпарат дайындайды.
Жоғарғы тұрған ұйымдардан түскен құжаттардың уақытылы және саналы орындалуына бақылау жүргізеді, осы мәселелер бойынша басшылыққа жүйелі түрде ақпарат береді.
Жұмыста қолданылған ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз ету.
Жұмысты орындауға қажетті ішкі ережелер мен осы лауазымдық нұсқауда көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
Сектордың жоспарын, жұмыс қорытындыларын жасауға, талдауға қатысады.
Өзінің лауазымдық нұсқауы тегінде барлық байқалған кемшіліктер туралы сектордың бастығына баяндайды.
Персоналмен жұмыс секторының бас маманы өзіне жүктелген осы лауазымдық міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуы үшін жауап береді.
Персоналмен жұмыс жөніндегі жетекші маманның лауазымдық нұсқауы. Персоналмен жұмыс секторының жетекші маманы адам ресурстары басқармасының бастығы- директордың орынбасары мен персоналмен жұмыс секторы бастығының ұсынуы бойынша «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалады, ауыстырылады және лауазымнан босатылады. Персоналмен жұмыс секторының жетекші маманы өз қызметінде ҚР-ның заңнамалық актілерін «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымдық шартын, кәсіпорын директорының бұйырықтары мен өкімдерін, Персоналмен жұмыс секторы туралы ережені, осы нұсқаулықты, ішкі еңбек ережелерін басшылыққа алады.
Қолданыстағы заңнымалар мен кәсіпорынның ішкі құжаттарына сәйкес, штат бойынша филиал қызметкерлерінің қабылдануын, тағайындалуын, ауыстырылуын және босатылуын уақытылы рәсімдеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткізушілермен, үйдегі күзетшілермен, жаяу курьерлермен, үй-жайларды тазалаушылармен ақылы қызмет көрсетуге шарттар жасайды.
Мерейтойлық даталарға, зейнеткерлікке шығуға байланысты кызметкерлерді көтермелеуге құжаттар дайындайды.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің еңбеккітапшаларын белгіленген талаптарға сәйкес жүргізеді, есебін жүргізуді, сақтауды қамтамасыз етеді.
Жұмысқа жаңадан кіргендерге жаңа еңбек шарттарын әзірлейді, оларға уақытылы өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Сектор қызметкерлерінің жұмыс уакытының есебін жүргізу табелін жүргізеді.
Аппараттың жаңадан қабылданған қызметкерлеріне қызметтік куәлік пен рұқсаттама береді, олардың жұмысқа түскен кезде берілуі мен жұмыстан босатылған кезде өткізілуінің есебін жүргізеді.
Жұмыста қолданылатын аппараттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлеріне жеке карточкалар жүргізеді, барлық өзгерістер мен қызметкерлердің орын ауысуы туралы мәліметтерді уақытылы енгізеді.
Кәсіпорын аппаратындағы жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істерін дайындайды.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарды тіркеуді жүргізеді.
Жұмысты орындауға қажетті ішкі ережелер мен осы лауазымдық нұсқауда көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
Сектордың жоспарын, жұмыс қорытындыларын жасауға, талдауға қатысады.
Өзінің лауазымдық нұсқаулығы шегіндегі барлық байқалған кемшіліктер туралы сектордың бастығына баяндайды.
Персоналмен жұмыс секторының жетекші маманы өзіне жүктелген осы лауазымдық міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуы үшін, қызметкерлердің жеке істерінде жинақталған есептік-мінездемелік мәліметтер мен секторда сақталатын өзге құжаттардың жария болмауы үшін жауап береді.
Іс жүргізу және персоналмен жұмыс бөлімінің персоналды басқару саясатының бағыттары. Персоналмен жұмыс секторының негізгі міндетіне ұйымның даму стратегиясына сай кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру, өндірістің әр бөліміне жоғарғы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету жатады.
Іс жүргізу және персоналмен жұмыс бөлімінің 2011 жылға арналған іс шаралар жоспары.
Мамандық талаптарына сай жұмыскерлерді жинақтау.
Практикант пен стажерлерді аттестациядан өткізу.
««Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыскерлерінің демалыс кестесінің үйлесімдігі және оның орындалуын қадағалау.
ҚР-ның «Еңбек туралы» заңына сәйкес бұйрық, нормативті акттерді жасап шығару.
Персоналмен жұмыс секторы саясатының бағыттарын жасау және оның орындалуын қадағалауы. Аппаратты және оның бөлімшелерінің кадрға сұранысып қанағаттандыру.
Ұйымның қабылданған бұйрықтары мен үкімдерінің орындалуын қадағалау.
Ұйымның барлық жұмыскерлеріне жеке еңбек шартына қоса қосымша келісімді жасау.
Кәсіпорын бөлімшесіне әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Әр ай сайын жоспарлық бюджеттік бөлімге статистикалық есеп беру.
Құжат, іс жүргізуде ҚР-ның мемлекеттік тілді енгізу заңына сәйкес әрекеттерді іске асыру.
Жоғарғы тұрған ұйымдардың құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасау.
Филиалдағы іс жүргізуді ережелерге, жарлықтарға сай іске асыру.
Мұрағатқа өткізілетін құжаттарды дайындау.
Бухгалтериямен бірге зейнеткерлік келісімді, ӘЖК (СИК) тексеру.
Ұйымдағы барлық бөлімдеріндегі іс жүргізу тексеру.
Ұйымдағы жұмыскерлердің еңбек орындау және еңбек тәртібі бойынша
жұмыстар атқару.
Ұйымдағы ішкі тәртіп ереже талаптарының орындалуын қадағалау.
Ұйым бөлімдерінің нұсқауы бойынша және бөлімінің өз ынтасы бойынша жұмыскерлерге марапаттау және жаза тағайындау
Ұйым жұмыскерлердің мемлекеттік тілді не ағылшын тілді білуі немесе білмесе, оны оқыту курсына жіберу.
Кіріс, шығыс және өзге құжаттарды тек мемлекеттік не ағылшын тілде тіркеу жүргізу.
Кіріс және шығыс құжаттарды өңдеу.
Бөлімнің іскерлігі жайлы құпиялылықты сақтау.
Ұйымға келген ақпараттың орындалуын бақылау.
Қоғамдық іс шараларға белсене қатысу.
Жұмыскерлердің квалификациясын көтеру және кәсіби біліктілікті дамыту бойынша оқыту мына түрлерге бөлінеді:
- жеке және топтық;
- ішкі және сыртқы;
- алғашқы және мерзімдік;
- жоспарлы және жоспардан тыс.
Қоғамның басқарушы тобының кәсіби біліктілігін көтеру оқыту бағдарламасы мынадай:
- жаңа технологиялар және қызмет еңгізу;
- тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын көтеру, біркелкі қызмет стандартын еңгізу;
- маркетинг интегралдық жиынтығын тимді құру;
- менежментті дамыту жоспарына жаңалықтар еңгізу;
- сапаны бақылау стандарттарын еңгізу;
- топтық этиканы құру;
- қоғамның имидждік және жарнамалық жоспарының тимділігін көтеру.
Қоғамның жұмыскерлерінің орта тобының кәсіби біліктілігін көтеру бағдарламасы мынадай:
- көрсетілетін қызмет сапасын көтеру;
- тұтынушыларға көрсетілетін қызметті тиімді ету;
- МС қызметі, агенттік, қаржылық қызметін дамыту;
- жаңа технологияларды жетілдіру;
- сатудың жаңа технологияларын енгізу;
- көрсетілетін қызмет мәдениетін дамыту.
3. «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің персоналдарды басқару жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорын персоналын пайдалану тиімділігін жоғарылатуға қажетті резервтерді қолдану бойынша іс-шаралар бағыты
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің адам ресурстары басқармасының 2010 жылдық жұмыстары мен 2011 жылға арналған жоспары бар. 2010 жылы басқарма мынандай ережелерді жасап жүзеге асырды:
- карьераны жоспарлау мен кадрлық резервпен жұмыс туралы;
- құрылымдық бөлімшелер жұмысына тест өткізу тәртібі туралы;
- жұмысшыларының лауазымдық нұсқаулары мен құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді құру бойынша әдістемелік нұсқаулар.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелері мен өкілдіктер қызметкерлеріне персоналмен жұмыс сұрақтары бойынша консультативтік көмек көрсетіп отыру басқару міндеті болып есептелінеді.
Басқарманың 2011жылға арналған жоспары:
- персонал ынталандыру бағдарламасын (әлеуметтік пакет, материалды және моралді марапаттау шаралары, кареьралық өсім);
- «жылдық әңгімелесу» процедурасын, яғни филиал қызметкерлерінің өз басшыларымен;
- Жұмыстан шығару процедурасын;
- Жаңа жұмысшылардың бейімделу процедурасы;
- Ұйымда әлеуметтік сауалнама жүргізуді ұйымдастыру;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне резервпен жұмыс істеу, оқыту шараларын ұйымдастыру, «корпоративтік мәдениет» семинарларын өткізу туралы кеңестермен көмек беру.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің еңбек қызметін дамытудағы тағы бір маңызды мәселе – ол ішкі еңбек тәртібінің ережесі болып табылады. Ол филиалдағы еңбек қатынастарын реттеу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ереже штаттағы жұмысшылардың ішкі еңбек тәртібі, жұмысқа алу, жеке еңбек шартын тоқтату, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің негізгі міндеттері мен құқықтарын, жұмыс және демалыс уақытының тәртіптерін анықтайды.
Қазақстан Республикасыныың Конституциясына сәйкес барлық азаматтар өзінің еңбек етуге және соған сәйкес төлемін алуға құқығы бар. Басшылар мен жұмысшылар арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының нормативтік актілерімен және жеке еңбек шартымен реттеледі.
Ұйым жұмысшысы еңбек тәртібін бұзған жағдайда тәртіп бұзушылық шараларын қолданады және «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 9-12 баптарына сәйкес жеке еңбек шарты тоқтатылуы, сөгіс берілуі мүмкін.
Жалпы персоналды басқару құралы өндірістік процесс кезіндегі жұмысшылардың өзара байланысын, қарым-қатынасын зерттеу болып табылады. Ұйымның персоналды еңбек қызметінің мотивациясы, яғни ынталандыру жұмыстары да бұл басқармада орын алған.
Жалпы басшылардың өзінің қызметкерлерін жұмысқа ынталандыру шаралары әр уақытта болуы керек, мысалы:
1. басшының мақсаты бар тенденцияларды индивиттер мен кәсіпорын қажеттерін біріктіру білу;
2. ынталандыру сұлулық сияқты адамның қандай көзбен қарауына байланысты. Бір заттың басшыға жақсы көрінгенімен, екінші біреуге ол дұрыс емес болып, ешқандай ынта туғызбауы мүмкін.
3. жұмысшылар өзінің 1-2 қажеттілігін емес барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады. Сондықтан, басшы тек өзінің ойынша басты қажеттілктер тек осы ғана таппай, барлық қажеттіліктерді қанағаттандыратын фаторлар жиынтығын қарастыру қажет.
4. бағыныштыларды толық ынталандыру үшін әр кәсіпорын немесе ұйым құрылымын әкімшілік нұсқауларын өзгерту керек. Егер фирма өз қызметкерлеріне өсуі немесе жетілуіне мүмкіндік жасамаса, ал менеджердің нұсқауы теріс тисе, онда ынталандыру механизмінің барлық күш салуы нәтижесіз болып қалуы мүмкін.
5. басшының ынталандыру кезінде ең елеулі роль атқаратын зат оның адамдық мәні.
6. яғни ынталандыру дегеніміз – адамды еліктету болып саналады.
Лидердің бір нәрсе істеуі немесе айтуы оның қандай адам екені мен салыстырғанда маңыздылығы елеулі төмен.
Жоғарыдағы басшының ынталандыру шараларына қосымша қызметкерлердің жұмысқа ынтасы мен жігерін көтеру мақсатында іс шаралар қалыптасу керек.
Атап айтсақ, әр бір тапсырылған жұмыстар мен тапсырмалардың нәтижелерін басшы тарапынан қолдау тауып, марапаттау, мақтау, немесе ризашылық білдіру.
Сонымен қатар, жұмыстың орындалған нәтижесіне қарай әр жұмыскер немесе қызметкерлерге жұмысын ынталандыратын жағдай жасау. Ол үшін:
Атқаратын жұмыс қызықты болу керек.
Жұмысшылар әділ марапаттау алу керек;
Жұмыс ортасы таза, шуу деңгейі аз, жақсы жарығмен қолайлы болуы керек;
Басшы тарапынан күштеу болмау керек;
Жұмыстың қызметкерлері мен өзара қарым-қатынас орнату және қалыптастыру қажеттігі;
Тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету құралдары қамтамасыз етілу керек.
Информация о работе Кәсіпорынның персоналдарын басқару жүйесі