Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:02, дипломная работа
Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі сатысы экономикамен қоғамды өзгертумен өте күрделі мәселелер пайда болумен сипатталады.
Елімізде нарық жағдайына енуге байланысты дамытуға бейімделген стратегиялық бағыт басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Өйткені, персоналды басқарусыз ешбір ұйым, өндірістің атқаратын қызметі іске аспайды.
Сондықтан да ұйымның қызметін тиімді атқару үшін персоналды басқару мәселесін бірінші орынға қою керек.
Аппарат персоналының сапалық және сандық құрамы туралы және жалпы филиал бойынша есептілік жүргізу.
Жұмыста пайдаланылатын ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз ету.
Персоналмен жұмыс секторының бастығы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:
Сектордың қызметіне жетекшілік етеді, оның жұмысын ұйымдастырады және секторға жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жеке өзі жауап береді.
Сектордың қызметіне қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың, жоғары тұрған органдар мен басшылардың бұйырықтарының, өкімдері мен нұсқауларының орындалуын бақылайды және тексеруді қамтамасыз етеді.
Өз құзіреті шегінде сектордың қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Персоналмен жұмыс бойынша жұмыстарды жетілдіру, еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету, ішкі ережелерді сақтау мәселелеріндегі құрылымдық бөлімшелердің күштерін үйлестіреді.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің барлық бөлімшелерінде сектордың атынан әрекет етеді.
Сектордың қызметіне қатысты барлық құжаттарды, сондай-ақ «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын қарап, виза қояды.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі отырыстарына кадрлар іріктеуді жүзеге асырады.
Секторда кадрларды іріктеуді, оларды оқытуды, резервтерді қалыптастыруды жүзеге асырады, сектордың құрылымы мен штаты бойынша, қызметкерлерді қабылдауға және жұмыстан босатуға ұсыныстар енгізеді.
Құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы негізінде, сондай-ақ өзінің бастамасы бойынша кәсіпорын қызметкерлерін көтермелеуге және жазалауға ұсыныстар енгізеді.
Секторда құпиялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
Сектордың бастығы болмаған кезде аталған лауазымдық міндеттерді орындау персоналмен жұмыс секторының бас маманына жүктеледі.
2.3 «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің еңбек өнімділігін және орташа еңбек ақы қорын талдау
Кәсіпорынның нәтижесі ондағы жұмыс істеп жүрген адамдардың ынталануына байланысты. Ал, ынталанудың, жұмыстың нәтижесін жақсартудың негізі – жұмысшының еңбек ақысында. Еңбекақы дұрыс төленіп, еңбек орынды бағаланса кәсіпорын дамиды. Еңбек ақыны дұрыс төлеудің екі түрлі маңызы бар. Біріншісі, жұмысшының ынталануын қамтамасыз ету, демек еңбек өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беру.
Екіншісі, кәсіпорынның экономикасына оңды, не кері әсер етуінде. Егер еңбекақы әділетті төленсе экономиканың заңлықтарына сәйкес келеді. Ол еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті туындату. Бұлардың сақталуы оңды жағдай.
Ал кері әсері кем, не артық төлеуге байланысты. Ақы бағаланбаса немқұрайдылықпайда болады, өндіріс нәтижесі төмен. Еңбекақы шамадан артық тленсе ысырап, орынсыз шығын, нәтижесі зиян. Сондықтан жұмысшылардың еңбек ақысының әділеттілік негізінде, нәтижесіне байланысты төленуі маңызды экономикалық мәселелердің бірі.
Еңбек ақыны дұрыс төлеу үшін еңбекақы төлеу жүйесін пайдалану керек. Ол үш бөлімнен тұрады, бірі ақы төлеу мөлшері бөлігі, екіншісі кесте, үшіншісі бөлікке төленетін ақы мөлшері.
Қазақстанда барлық атқарылатын жұмыс, қызметтер 21 разрядқа бөлінген, сол арқылы еңбек ақы төлеуді «Еңбек ақы төлеудің біріңғай жүйесі» дейді. Жұмыстарды бөліктерге жатқызу үшін әрқилы сипаттамаларға байланысты бағлаулар берілген. Жұмыстың қиындығы, күрделілігі, орындау тығыздығы, зияндығы сияқтыларды ойлап бағалау жүргізілген.
Қазір Қазақстанда ең төменгі 1 разрядтан, ең жоғарға 21 разрядқа дейінгі екбекақы анықталған. Ол үшін бірінші бөлік (разряд) еселігі 1,0; II бөлік еселігі – 1,07; III – 1,15; IV – 1,24; V – 1,33; VI – 1,43; VII – 1,54; VIII – 1,66; IX – 1,78; X – 1,91; XI – 2,05; XII – 2,2; XIII – 2,37; XIV – 2,55; XV – 2,74; XVI – 2,95; XVII – 3,17; XVIII – 3,41; XIX – 3,67; XX – 3,94; XXI – 4,24. Әрбір жұмысшы, қызметкерлердің атқаратын жұмыстары әртүрлі бөліктерге жатқызылып, екбек ақысын анықтайды.
Жұмысшылардың еңбекақысы төңірегіндегі Қазақстанның ұстанған саясаты үнемі қосымша үстеме ақы мен әлеуметтік төлемдердің арттырылуымен сипатталады. Бұл өз кезегінде ең төменгі еңбекақының жыл сайынғы өсуіне әкледі. Мысалы 2008 жылы республикамызда ең төменгі еңбекақы мөлшері 13696 теңгені құраса, 2009 жылы ол көрсеткіш 14500 теңгеге жетті, ал 2010 жылы 14 952 теңгені құрады. Бұл статистика еліміздегі жұмысшыларға төленетін еңбекақының жыл сайынғы өсімін байқатады.
Кәсіпорынның еңбекақы қорын пайдалануды талдау жұмысын мына кестеде ұсынамын (Кесте 3).
Кесте 3
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің еңбек ақы қорын
пайдалануды талдау
Көрсеткіштер | 2008 | 2009 | 2010 | Құрылымы, % | Ауытқу (+,-) 2009дан 2008 | Ауытқу (+,-) 2010нан 2009 | ||
Еңбек ақы қоры, мың тг, оның ішінде: | 65576 | 88033 | 118060 | 100 | 103 | 105 | +22457 | +30027 |
Басқарушылар | 13771 | 16578 | 21424 | 100 | 103 | 106 | +2807 | +4846 |
Мамандар | 29935 | 35054 | 42145 | 100 | 103 | 105 | +5119 | +7091 |
Жұмысшылар | 21870 | 36401 | 54491 | 100 | 103 | 106 | +14531 | +18090 |
Орта айлық еңбек ақы, теңге оның ішінде: | 36351 | 38485 | 39685 | 100 | 103 | 105 | +2134 | +1200 |
Басқарушылар | 58071 | 61480 | 63396 | 100 | 105 | 103 | +3409 | +1916 |
Мамандар | 29823 | 31574 | 32558 | 100 | 105 | 103 | +1751 | +984 |
Қызмет көрсетуші персоналдар | 34924 | 36975 | 38127 | 100 | 106 | 103 | +2051 | +1152 |
Жұмысшылар | 21160 | 22403 | 23101 | 100 | 106 | 103 | +1243 | +698 |
Еңбек ақы қорының жартылай өзгерісі, мың тг | 1090 | 1155 | 1011 | 100 | 113 | 103 | +65 | -144 |
Еңбек ақы қорының тұрақты бөлімі, мың тг | 3272 | 3463 | 3571 | 100 | 103 | 103 | +191 | +108 |
2008 жылғы бірінші бағанда еңбек ақының қорының мөлшері 65576 мың теңгені құрайды. Осы қордан жалпы кезең ішінде басқарушыларға 13771 мың теңге, мамандарға 29935 мың теңге және жұмысшыларға 21870 мың теңге төленген. Орташа айлық еңбекақы мөлшері 36351 теңгені құрады. Еңбекақы төлеу реті келесідей болды: басқарушылар 58071 теңге, мамандар 29823 теңге, қызмет көрсетуші персоналдар 34924 теңге, жұмысшылар 21160 теңге. Еңбекақы қорының жартылай өзгерісі 1090 мың теңге, ал тұрақты бөлімі 3272 мың теңгені құраған.
2009 жылы еңбек ақы қорының мөлшері 88033 мың теңгені құрап, оның ішінде басқарушыларға 16578 мың теңге, мамандарға 35054 мың теңге, жұмысшыларға 36401 мың теңге төленген. Орташа айлық еңбекақы мөлшері 38485 теңгені құрады. Еңбекақы төлеу реті келесідей болды: басқарушылар 61480 теңге, мамандар 31574 теңге, қызмет көрсетуші персоналдар 36975 теңге, жұмысшылар 22403 теңге. Еңбекақы қорының жартылай өзгерісі 1155 мың теңге, ал тұрақты бөлімі 3463 мың теңге.
2010 жылы еңбек ақының қорының мөлшері 118060 мың теңгені құрайды. Осы қордан жалпы кезең ішінде басқарушыларға 21424 мың теңге, мамандарға 42145 мың теңге және жұмысшыларға 54491 мың теңге төленген. Орташа айлық еңбекақы мөлшері 39685 теңгені құрады. Еңбекақы төлеу реті келесідей болды: басқарушылар 63396 теңге, мамандар 32558 теңге, қызмет көрсетуші персоналдар 38127 теңге, жұмысшылар 23101 теңге. Еңбекақы қорының жартылай өзгерісі 1011 мың теңге, ал тұрақты бөлімі 3571 мың теңгені құраған.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің еңбек ақы қорын пайдалануына талдау жасай отырып, мынадай қорытындыларға келуге болады: кәсіпорында жұмысшыларға еңбекақы Қазақстан Республикасындағы ең төменгі жалақы мөлшері ескеріліп, әр ай сайын төленіп тұрады. Сонымен қатар зейнетақы аударымдары, әлеуметтік және экологиялық төлемдері жайындағы заңнамалық актілеріне сәйкес аударымдар жасалады. Айлық еңбекақы мөлшерінің жылдан-жылға қарқынды өсімі байқалады, бұл өз кезегінде персоналды жақсы қызмет етуге талпындыртып, еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігінің артуына өз әсерін тигізеді.
Персонал жұмыс секторы бастығының лауазымдық нұсқауы.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кадрлық саясатын жүзеге асырады.
Қажетті мамандықтар қызметкерлерінің кадрларымен филиалды жасақтау жұмыстарына басшылықты жүзеге асырады.
Бөлімнің барлық қызметіне басшылықты жүзеге асыру, оның жұмысын ұйымдастыру, сектор қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу, сектор қызметкерлеріне міндеттерін табысты орындау үшін қажетті жағдайлар жасау және секторға жүктелген міндеттердің орындалуы үшін дербес жауаптылық.
Ұйымның барлық кұрылымдық бөлімшелерінде сектордың атынан әрекет жасау.
Функциялары:
Кадрлармен жұмысты, еңбек және орындаушылық тәртіпті, сапалы қужат айналымын, ішкі еңбек ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.
Штат кестесінде көзделген бос лауазымдарға қою үшін мәліметтер базасын қалыптастырады.
Ұйымның кадрлық жұмыстарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына ұсынады.
Бөлімнің құзырына жататын барлық мәселер бойынша шешім қабылдайды және басшылықпен келіседі.
Ұйым аппараты бөлімшелерінің аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді, кейіннен аттестация нәтижелері бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асырады.
Қызметкерлерді дайындау және біліктілігін көтеру жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын қорытады, солардың негізінде қызметтің барлық бағыттары бойынша кадрларды оқыту жоспарларын жасайды.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқару құрамының резервтерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Сектор орындайтын жұмыстардың тиісті құпиялық режимін қамтамасыз етеді.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің ішкі еңбек ережелерін, еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Қарауындағы орындаушылар үшін ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасайды.
Сектордың құзырына жататын мәселелер бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне бағытталған ағымдағы хат- хабарларға қол қояды.
Сектордың штаты, оның қызметкерлерінің ауысуы мен жұмыстан босатылуы, ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу және еңбек тәртібін бұзғаны, жұмыста жіберілген қателіктер үшін қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды ұйымның басшылығына бекітуге ұсынады.
Бөлімшелерге, ұйымдарға, республикадан тысқары жерлерге бөлім қызметкерлерінің қызметтік іссапарларға шығуы жөніндегі материалдарды қарайды және ұйым басшылығына ұсыныстар енгізеді.
Мамандардың кәсіптік дайындығының деңгейін көтеру жөнінде шаралар қабылдайды, қолайлы еңбек жағдайы жасалуын, шығармашылық бастаманың дамуын, жұмыста тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.
Персоналмен жұмыс секторының бастығы:
Құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы негізінде, сондай-ақ өзінің бастамасы бойынша «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерін көтермелеуге және жазалауға ұсыныстар денгізуге;
Осы нұсқауда көзделген міндеттерге байланысты жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге;
Өзінің құзыреті тегіндегі құжаттарға қол қоюға және бұрыштама қоюға;
Кәсіпорвнның барлық құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыруға, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін олардан қажетті ақпараттар мен құжаттар алуға;
Кәсіпорын басшылығынан өзінің лауазымдық міндеттері мен құжаттарын орындауға көмек көрсетуді талап етуге құқылы.
Жауапкершілігі. Персоналмен жұмыс секторының бастығы:
ҚР-ның қолданыстағы еңбек заңнамаларында анықталған шекте осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін;
Секторға жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуы үшін;
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің жеке есеп жүргізу мәліметтердің жария етілгені, өндірістік қызмет бойынша оған белгілі болған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін дербес жауап береді.
Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманның лауазымдық нұсқауы. Персоналмен жұмыс секторының бас маманы адам ресурстары басқармасының бастығы-директордың орынбасарының және персоналмен жұмыс секторы бастығының ұсынуы бойынша ««Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директордың бұйрығымен лауазымға тағайындалады, ауыстырылады және лауазымнан босатылады. Персоналмен жұмыс секторының бас маманы өз қызметінде ҚР-ның заңнамалық актілерін, «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бұйрықтары мен өкімдерін, сектор туралы ережелі, осы нұсқаулықты, ішкі еңбек ережелерін басшылыққа алады.
«ҚР-дағы еңбек туралы» Заңға, ішкі құжаттарға, ««Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұйрықтары мен өкімдерге сәйкес қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, босату жөніндегі тиісті құжаттардың сапалы жүргізілуін ұйымдастырады.
Қызметкерлердің еңбек кітапталарына қабылдау, ауыстыру және босату жөнінде уақтылы жазба жүргізеді.
Кәсіпорын қызметкерлерін көтермелеуге, марапаттауға құжаттар дайындайды.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кадрларын іріктеу, орналастыру жөніндегі ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын жасайды және қарауға ұсынады.
«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлеріне қызметкерлермен еңбек шартын бұзу кезіндегі кету парақтарын, сұрау салуларға жауаптарды, жазбаша мәліметтерді, әр түрлі мазмұндағы анықтамаларды, лауазымның қысқартылатыны немесе еңбек жағдайының өзгеретіні туралы хабарламаны, құжаттардың үзінділерін немесе олардың көшірмелерін дайындайды және береді.
Информация о работе Кәсіпорынның персоналдарын басқару жүйесі