Кәсіпорынның персоналдарын басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:02, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі сатысы экономикамен қоғамды өзгертумен өте күрделі мәселелер пайда болумен сипатталады.
Елімізде нарық жағдайына енуге байланысты дамытуға бейімделген стратегиялық бағыт басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Өйткені, персоналды басқарусыз ешбір ұйым, өндірістің атқаратын қызметі іске аспайды.
Сондықтан да ұйымның қызметін тиімді атқару үшін персоналды басқару мәселесін бірінші орынға қою керек.

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ.doc

— 1.21 Мб (Скачать документ)

 

Жоғарыда келтірілген «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқталсақ, біріншіден өндірілген өнім көлемі 2008 мен 2010 жылдарды салыстырғанда 85698 мың теңгеге яғни 9,5%-ға өскен, ал 2010 мен 2009 жылмен салыстырғанда 74438-ге яғни 8,2%-ға өсті. Оған сұраныстың өсуі әсер етті. Ал осы өнімді сатудан түскен табыс 2010 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 222587 мың теңгеге яғни 159 %-ға өскен, 2010 мен 2009 жылды салыстырғанда 500895 мың теңгеге яғни 37,5%-ға өскен, оған сұраныстың өсуі, жаңа нарық түрлерінің табылуы әсер етті.

Сатылған өнімнің өзіндік құны 2010 мен 2008 жылды салыстырғанда 349938 мың теңгеге яғни 171%-ға, ал 2009 мен 2010 жылды салыстырғанда 167457 мың теңге, яғни 37,5 %-ға өскен оған шикізат бағасының өсуі әсер етті.

Жалпы табыс 150957 мың теңгеге, яғни 135,8 %-ға  2010 мен 2009 жылды салыстырғанда 55130 мың теңгеге, яғни 26,6 %-ға өсті, оған сатылған өнімнең түскен табыстың өсуі әсер етті.

Өнім көлемнің өсуіне байланысты кезең шығындары да жыл сайын өседі.

Таза табыс 2008 және 2010 жылдары  5 есе және 32,8 %-ға өскен.

НҚЖ-ның орта жылдық құны 2008 мен 2010 жылды салыстырғанда 7054мың теңге яғни 2,5%-ға өскен, ал 2009 және 2010 жылды салыстырғанда 1135 мың теңге, 0,4%-ға өскен оған жаңа технологияны енгізу әсер етті.

Қор қайтарымы 2010 жылды 2008 және 2009 жылдармен салыстырғанда 0,2 теңгеге яғни 6,25%-ға өсті. Қор сыйымдылығы 2009 және 2008 жылдары 2010 жылмен салыстырғанда 33,3%-ға  азайды.

Қор рентабельдігі 2010 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 130%-ға және 2010 жылға қатысты 2009 жылы 2 есе өскен. Жұмысшылар санының орта тізіміне тоқталсақ, жыл сайын өскені көрсетілген оған өнім көлемінің өсуі, өнімге деген сұраныстың өсуі әкеп соқты.

Кәсіпорын қызметінің басты көрсеткіші рентабельділікке келетін болсақ, онда таза пайданың өсуіне байланысты 2010 жылға қарағанда 2008 жылы 139,4%-ға өсіп, 2010 жылға қатысты 2009 жылы 3,7%-ға төмендеді. Бұл құбылыс 2009 жылы кәсіпорынның таза пайда мөлшерінің артуымен, және 2010 жылы бұл көрсеткіштердің төмендеуі себеп болды.

 

 

              2.2 «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуін және жұмыс уақытының қорын пайдалануды талдау

Кәсіпорын өндірісін жүргізіп, қарқындатуда шешуші орын алатын еңбек қоры. Өйткені қандай жоғары дәрежеде еңбектің қаруларнуы болмасын оны жүргізетін маман. Сондықтан кез-келген кәсіпорында еңбек қорына жете көңіл бөлінеді.

Кәсіпорынның еңбек қорына ондағы жұмыс атқаратын барлық адамдар жатады. өндірістің талабына байланысты әрқилы жұмыстарды атқарушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Ең негізгісі өнім өндірумен шұғылданатындар. Олардың қажетті санын анықтау үшін өндірілмекші өнімді бір адамның жылда өндіретін өніміне бөледі.

Өндірістің көлеміне, орналасуына, жұмыс жүргізу жағдайына байланысты басқару бөлімі анықталады. Ондағылар өндірістің дұрыс, қалыпқа сай жүруін қамтамасыз етіп, есеп-қисабын жүргізіп, қадағалап, басқарады. Оны атқаратын әрқилы мамандар мен үлкенді-кішілі басшылар. Жалпы он жұмысшыға бір басшы деген ұстаным бар, соны межелеген дұрыс. Сондықтан да кіші, орта бизнестерде бірнеше маманның жұмысын бір адам атқарады. Ірі кәсіпорындар бөліктерден тұрғанда, әрқайсысының есебін жүргізетінмамандары, бастығы болуы мүмкін, кейде олар бір жерге жинастырылып, кеңседе отыруы ықтимал.

Жұмысшы, басшылардан басқа қызмет көрсетушілер саны есептелінеді, олар күзетші, үй сыпырушы, т.б.

Жоғарыда аталған барлық адамдар кәсіпорынның еңбек қорына жатады. Олардың өзара ара салмағы еңбек қорының құрамын құрайды. Құрам кәсіпорында өндіретін өнім түріне, қарулануына, күрделілігне, ұйымдастыруына байланысты әрқилы болады.

Еңбек қорын тиімді пайдаланудың экономикалық маңызы зор. Себебі үнемді пайдаланған жерде өндіріс шығыны азайып, тиімділік артады. Болмаған жағдайда ысырапқа ұшырап, зиян шегеді. өйткені екбекақы қорының жұмсалуы – жұмысшы мамандарлы пайдалануға байланысты ауытқиды.

Сондықтан кәсіпорында еңбек қорын жоспарлап, ұйымдастырып, пайдалануда қателі, кемшіліктер жібермеу ойластырылады.

Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен қамсыздандырылуы, оларды ұтымды пайдалану, еңбектің жоғарғы өнімділігі өнім өндірісінің көлемін ұлғайту және өндіріс тиімділігін арттыру үшін қажет. Әсіресе, кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздануына және оларды пайдалану тиімділігіне  барлық жұмыстарды уақытында атқару, құрал-жабдықтар мен машиналарды, механизмдерді пайдалану тиімділігі және нәтиже ретінде - өнім өндрісінің көлемі, оның өзіндік құны, пайда, басқа да бірқатар экономикалық көрсеткіштер   тікелей тәуеледі болады.

Кәсіпорын жұмысшылары еңбек ұжымын құрайды, яғни ұйымдасудың жалпы мақсатымен бірлескен жұмысшылардың белгілі бір тобы. Кәсіпорын жұмысшылары бір-бірінен жасы, жынысы, білімі, ұлты, жұмыс өтімі және т.б. сияқты белгілермен ажыратылады. 

Жұмысшылардың барлығы екі санатқа бөлінеді:

-  жұмысшылар;

-  қызметкерлер.

Жұмысшылар негізгі және көмекші жұмыстағылар болып бөлінеді. 

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздануы категориялар және кәсіптер  бойынша  жұмысшылардың нақты санын жоспарлы санымен салыстыру болып табылады.

Талдау барысында әкімшілік-басқарушылық персоналды әрбір алатын лауазымы бойынша нақты білім дәрежесіне сәйкестілігін тексеру қажет. Талданып отырған кәсіпорында басқарушылқ персонал өзінің мамандықтары жөнінде үлкен еңбек өтімі бар. Персоналды жаңарту сирек жүргізіледі. Әкімшілік-басқарушылық персонал білімі алатын лауазымына сай келеді. Қызметкерлердің жоғары және орта арнайы білімдері бар.

Еңбек ресурстарының толықтығын бір жұмысшымен жұмыс істелген күндері мен сағаттарының саны бойынша талданатын кезеңге бағалаймыз және жұмыс уақытының қорын пайдалану дәрежесі бойынша талдау жасаймыз. Осындай талдауды кәсіпорын бойынша тұтас жасаймыз.

Кәсіпорын үшін талдаудың негізгі міндеттері:  кәсіпорынның еңбек ресурстарымен  қамсыздануын бағалау, кәсіпорын персоналының құрылымын бағалау, біліктілік құрам бойынша бағалау, жұмысшылардың орташа білікті деңгейін анықтау болып табылады.

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мн қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.

Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді: өндірістік жұмысшылар, өндіріске жатпайтын жұмысшылар.

Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің жұмысшылар мен қызметкерлердің  құрамының есебі мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттары пайдаланылады: жұмысқа алу туралы бұйрық, басқа жұмысқа ауысу туралы бұйрық, демалыс берілуі жайлы бұйрық, жұмыстан шығарылуы жайлы бұйрық, жұмыста қанша уақыт істегені туралы табелі және т.б. Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің мамандар бөлімін қосымша секретарь референт атқарады.

Еңбек ресурстарына жататындар: жұмыс істеуге қабілетті, арнаулы білімді, орта және жоғары білімді тұлғаларды есептеуге болады. 

Сонымен қатар кәсіпорынның талдауының тағы да бір мақсаты болып, еңбек ресурстарын және оларды тиімді пайдалануды талдау және оларды бағалау болып табылады. Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету олардың салыстырмалы талдауы мен қатынасты және факторлы талдау, коэффициентті анықтау негізінде анықталады.

              Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің кадрлармен және персонал құрылымдарымен қамтамасыз етілуінің талдауын келесі кестеден көруге болады (Кесте 2).

              Кесте  2

Кәсіпорынның кадрлармен және персонал құрылымдарымен қамтамасыз етілуін талдау

Көрсеткіштер

ПЕРСОНАЛ САНЫ, АДАМ

ПЕРСОНАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ, %

Ауыт. (+,-) 2009дан 2008, %

Ауыт. (+,-) 2010нан 2009%

2008

2009

2010

2008

2009

2010

ж

н

ж

н

ж

н

ж

н

ж

н

ж

н

ж

н

ж

н

Кәсіпорын персоналы, адам, оның ішінде:

234

234

280

280

334

334

100

100

100

100

100

100

19,7

19,7

19,3

19,3

Басқарушылар 

6

6

6

6

6

6

2,6

2,6

2,1

2,1

1,8

1,8

0

0

0

0

Мамандар

29

29

36

36

41

41

12,4

12,4

12,9

12,9

12,3

12,3

24,1

24,1

13,9

13,9

Қызмет етуші персоналдар

12

12

15

15

23

23

5,1

5,1

5,4

5,4

6,9

6,9

25

25

53,4

53,4

Жұмысшылар

187

187

223

223

264

264

79,9

79,9

79,6

79,6

79

79

19,3

19,3

18,4

18,4

 

              Кәсіпорындағы персоналдың өсу динамикасы мен құрылымы жоғарыда берілген кестеде көрсетілгендей әр жыл сайын өсу қарқынымен байқалады. Соңғы үш жылда кәсіпорынның жалпы персоналы 42,7%-ға артқан. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 19,7%, содан кейін 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда тағы да 19,3%-ға көбейген. Басқарушылар үлес салмағы әр жыл сайын өзгеріске ұшырағанмен, саны өзгермеген.

              Мамандардың үлес салмағы 2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,5%-ға артып, кейінгі жылмен салыстырғанда 0,6%-ға кеміген. Бірақ әр жыл сайын саны артып отырған.

              Қызмет етуші персоналдардың үлес саны 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға өскен. Бұл өндірісте және тауарды өткізу сатысындағы қызметтің артқандығын көрсетеді. Жұмысшылар саны да әр жыл сайын артып, 2009 жылы 19,3%, 2010 жылы 18,4%-ға артқан.

Іс жүргізу және персоналмен жұмыс бөлімі екі сектордан тұрады: іс жүргізу секторы және персоналмен жұмыс секторы.

Персоналмен жұмыс секторы «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылымдық бөлімше болып табылады. Сектор өз қызметінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларын, «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еңбек қатынастарын реттейтін басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Сектор қызметіне басшылықты кәсіпорын директоры қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық жүзеге асырады. Сектордың қызметіне адам ресурстары басқармасының бастығы- директордың орынбасары жетекшілік етеді. Секторға жүктелген міндеттер мен функцияларды анықтау мақсаттарында, сектор «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен шет ел  байланыс басқармасы басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Сектордың міндеттері болып табылады:

Кадрлық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру, аппарат пен оның бөлімшелерін қажетті мамандықтардың және кадрларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

Кадрларды дайындауды және қайта дайындауды жоспарлау.

«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңға, «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ішкі құжаттарына, бұйрықтарына және өкімдеріне сәйкес жұмыскерлерді қабылдау, ауыстыру, босату жөніндегі тиісті құжаттарды саналы жүргізуді ұйымдастыру.

Ішкі тәртіп ережелері талаптарының орындалуын, еңбек ережелерінің сақталуын, персоналдық жұмысқа қабілетті жағдайда болуын қадағалау.

Сектордың функциясына мыналар кіреді:

Тиісті бөлімшелердің басшыларымен бірге «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің персоналын іріктеу, кәсіптік жылжыту жұмыстарын жүргізу.

Қызметкерлерді дайындау және біліктілігін көтеру жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын қорыту, солардың негізінде қызметтің барлық бағыттары бойынша кадрларды оқыту жоспарларын жасау.

ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына сәйкес «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөлімшелерінің байланыс басқармасына қызметкерлерін қабылдау, жұмыстан босату, көтермелеу, ауыстыру құжаттарын уақытылы рәсімдеу жұмыстарын жүргізу.

«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бөлімшелерінің құрамының резертерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің ішкі еңбек ережелерін, еңбек тәртібін сақтауын бақылау.

Жоғарғы тұрған ұйымдардан түскен құжаттардың уақтылы орындалуы мен сапасын бақылау, осы мәселелер бойынша басшылыққа жүйелі түрде ақпарат беру.

Сектор қызметінің шегінде құпиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету.             

Сектор жұмысының негізгі бағыттары:

«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, жұмыстан босату жөніндегі құжаттарды дайындау.

Кадрлар саны мен тұрақсыздығы туралы ақпараттар дайындау.

Штат кестесінде көзделген бос лауазымдарға орналастыру үшін кандидаттардың мәліметтер базасын қалыптастыру.

Семей қаласының оқу орындарында «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін кадрлар дайындауға ұсыныстар мен жоспарлар әзірлеу.

Бекітілген жоспарларға сәйкес мамандардың кәсіптік деңгейін көтеруді ұйымдастыру.

«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлеріне талап еткен орындарға ұсыну үшін түрлі анықтамаларды, құжаттардың үзіндісін немесе олардың көшірмелерін дайындау және беру.

«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің демалыстар кестегін үйлестіру және қызметкерлерге уақытылы демалыс берілуін бақылауды жүзеге асыру.

Кәсіпорынның ішкі құжаттары мен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес персоналды қабылдау, босату, жылжыту туралы бұйрықтар дайындау.

«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің жұмысқа қабілетсіздігі туралы парақтардың есебін жүргізу.

Мерейтойлық даталар мен марапаттауға байланысты қызметкерлерді көтермелеуге құжаттар дайындау.

Кәсіпорын аппараты бөлімшелерінің аттестациясын ұйымдастыру және өткізу, кейіннен аттестация нәтижелері бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асыру.

Информация о работе Кәсіпорынның персоналдарын басқару жүйесі