Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 21:28, курс лекций
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржылары.
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджет.
Бөлістірушілк функция арқылы қоғамдық өнім мен оның маңызды бөлігі-ұлттық табыс бөлістіріліп, қайта бөлістіріледі. Қоғамдық өнімді бөлістірудің екі түрін бөліп көрсетуге болады: алғашқыбөлістіру және қайта бөлістіру. Алғашқы бөлістіру жағдайында қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталынады және жаңадан жасалынған құн –ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттік, өндірістік аяның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары негізінде қалыптасады. Қайта бөлу – бұл салалық сондай-ақ аумақтық тұрғыда шаруашылық жүргізуші субъектлер бойынша қоғамдық өніммен, тұтынуды үлестірудің сан алуан процестерін (үрдістерін) қамтиды.
Өндірісті ұлғайтуға жұмсалатын мемлекеттің ақшалай қорларының бір бөлігі жинақтау қоры деп аталады. Осыған сәйкес бөлістірушілік функциясы арқылы қаржылар қоғамдық өнімді қанағаттандырады, ал бөлістірушілк функция арқылы қаржылардың мәні мен мазмұны ашылады. Қаржылардың бөлістірілуі ұдайы өндірістің басқа да кезеңдерінде -өндіріске, айырбасқа, тұтынуға әсер етеді.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар қаржыны –бір кезеңді емес, толығымен ұдайы өндірістің категориясы деп есептейді. Өйткені, олардың пікірінше: қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысты яғни қаржы өндірістік қорлардың (капиталдың айналымын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар қаржыны айырбас категориясы ретінде де қарастырады яғни қоғамдық өнімді бөлістіру айырбас үрдісінде де жүзеге асады деп есептейді. Ақша қаражаттарының қозғалысындағы қаржылардың мәнін анықтайтын бөлістірушілік функциямен салыстырғанда ұдайы өндірістік тұжырымдаманы ұстанушылар қаржының мәнін ақшалай нысандағы құнның қозғалысында анықтайды. Қаржылардың мәнін тереңірек түсіну үшін ұдайы өндірістік тұжырымдаманы жақтаушылар қаржыларды келесідей функцияларын бөліп көрсетеді.
1) ақшалай кірістер мен
2) ақшалай кірістер мен қорларды пайдалану
3) бақылаушылық функциясы
Айта кететін жайт, қаржының бақылаушылық
функциясын барлық
Бақылау сұрақтары
СОӨЖ сұрақтары
1. Қаржының қалыптасуының қандай себептерін білесіз ?
Әдебиеттер:
2-тақырып. Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау
Жоспар
4. Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері
5. Кәсіпорындардың, экономиканың негізгі салаларының негізгі қаржылық көрсеткіштері
Лекцияның мақсаты: Қаржы жүйесін ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні, әдістері мен қағидалары; қаржылық жоспарлар жүйесі. Кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштері.
1. Қаржы жүйесі - қаржы өзінің экономикалық табиғаты мен жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас.Қаржы қатынастардың сферасы мен буын-дары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынандай түрлі ұғымдардың білдіру үшін қолданылатын аталым: а) бір -бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы мекмелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметінің барлық құрылымдық бөлімдері жатады. Жалпы қаржы жүйесі- бұл мемлкет пен кәсіпорындардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқтауланған , бірақ өзара байланысқан әртүрлі сфералары мен буындарының , сондай - ақ олардың ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Принципалды үлгісі. Қаржы жүйесі анықтамасының бұл принципалды үлгісіне сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру- Қазақстан Республикасында макро- және микро эканомиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, халық шаруашылығын қаржыландыру мен несиелеуге байланысты бөлуді жүзуге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады.
Қаржыны басқару-бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы.
Қаржы қатынастарының алғашқы екі бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталық-тандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі эканомика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (корпаративтік) қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі эканомика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады. Жергілікті қаржылар мемлекетік қаржылар жүйесінің маңызды сферасы болып табылады. Жергілікті қаржылардың әлеуметтік рөлі, олардың құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарына жүктелінген функциалардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік - аумақтық құрылысымен және оның саяси эканомикалық бағыттығымен анықталады.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы - бұл қаржы қатынастарының әртүрлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құралып, пайдаланылады.Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъекті қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі-қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады.(2.1.сыбадан көріңіз)
Қаржы-несие жүйесі - нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторлардың бірі.Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі ішкі жалпы өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі ұлттық табысқа, макро-және микроэканомика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің қалахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
3. Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні
Қаржылық жоспарлау – Бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз - мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады. Осыған орай, қаржылық жоспарлау - ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді.
Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен резервті қаржы көздерін қалыптастыру жатады.
Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады. Қаржылық жоспарлау - бұл экономиканы басқарудың маңызды функциясына жатады. Ол мемлекеттің билік органдары арқылы сонымен қатар шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлау көп жағдайда болжамдау негізінде жүзеге асырылады.
Болжамдау – бұл қандай да бір құбылыстың, объектінің келешекте дамуын алдын -ала көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау – қаржылық қатынастардың жетілдірілуі.
Қаржылық болжамдау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын –ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге (10 жылдан аса) дайындалады.
Жоспарлау бұл өзара байланысты қаржы тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі ұстанатын қағидаларына келесілер жатады:
- Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдердің үйлесуі. Бұл қағида орталықтандырылған қаржылық жопарлау мен жергілікті қаржылық жоспарлаудың үйлесуін сипаттайды. Бұл қағида өз кезегінде мемлекетке біртекті қаржы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.
- Бірлік қағидасы – қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен өзара байланысы мен тәуелділігін сипаттайды. Қаржы жоспарының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр.
- Үздіксіздік қағидасы келешектегі және ағымдық жоспарлау арасындағы тығыз үйлесімділіктің болуын сипаттайды. Қаржылық жоспарлауда келесі әдістер қолданылады:
1.Экстрополяция әдісі. Келешектегі даму көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің динамикасы негізінде анықтау.
2.Сараптық бағалаулар әдісі – жоспарлауда аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану – сарапшылардың тәжірибесін пайдалану.
3. Нормативтік әдіс – жоспарлы көрсеткіштері бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылады.
4.Баланстық әдіс – шығындардың олардың жабу көздерімен үйлесуін қарастырады.
5.Қаржылық бағдарламалау– нақты мақсат пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс.
6.Экономико-математикалық әдістер – ең тиімді процесс үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру әдісі. Бұл әдіс келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
Жоспарлаудың бірінші кезеңінде есептік жылдағы қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалынады.
Екінші кезеңде жоспарланған кезеңдегі кірістер мен шығыстардың нақты түрлеріне есептеулер жүргізіледі.
Үшінші кезеңде жеке тапсырмалар мен баптар бір арнаға келтіріліп, үйлестіріледі. Егер қаржылық тапсырмалар мен шаралар ақша ресурстарына сәйкес құрылмаса, кірістерді ұлғайтудың көздері анықталып, оларды тиімді пайдаланудың жолдары анықталады.