Стандарттаудың экномикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты: Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын нықтау болып табылып, бұл процесстерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жұмыстың міндеті көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
-Атмосфера қысмын бақылау;
-Жел сипаттамасын бақылау;
-Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу;
- Атмосфералық жауын-шашынды бақылау;

Содержание

Кіріспе
1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру
Негізгі бөлім
2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Атмосфера қысмын бақылау
2.2 Жел сипаттамасын бақылау
2.3 Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу
2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау
Эканомикалық бөлім
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.
4.2 Атырау Гидрометеорологиялық орталығында сақталатын ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА СЫМБАТ (1).docx

— 151.03 Кб (Скачать документ)

Мекемелерді барлық метеорологиялық  мәліметтер түрімен қамтамасыздандыру  үшін қажетті мағлұматтар метеорлогиялық бақылау станциялары (станция мен  бекеттер)торабынан алынады.Ол станциялар,тораптың минимальді тығыздығы жайында,территорияныңбарлық  нүктесінен негізгі метеорологиялық  көрсеткіштерді қажетті дәлдікпен  алуғаболатындай етіліп орналастырылады.

Ұтымды орналастырылған  станциялар торабы,жалпы климат құрушы факторлар фонына қарасты үлкен  территорияға репрезентативті негізгі  станциялардан және жергілікті жердің метеорологиялық ерекшеліктерін зерттейтін қосымша станциялардан және бекеттерден тұрады.

Негізгі станциялар метеорологиялық  көрсеткіштердің мәндерін территорияның  кез-келген нүктесі үшін станциялар арасында қажетті дәлдікпен интерполяция жасауға болатындай етіп орналастырылады.

Негізгі станциялар ішінен реперлік станциялар таңдалады.Олар метеорологиялық  бақылаулары ұзын қатарлы,басқа  бақылаулар түрлерімен комплексте үлкен  көлемді,репрезентативті станциялар.

Қосымша станциялар мен бекеттер негізгі станциялар арасында орналасады және климат құраушы факторлардың жергілікті ерекшеліктерін анықтайды.

Казгидрометтің және станциялардың  бақылау нәтижелерінің дұрыстығын және олардың қатарларының біртектілігін  арттыру жұмысының негізі блолып репрезантивтік талаптарына станцияның орналасуының сәйкестігін қамтамасыздау  болып табылады.

Бұл жұмысты атқаруда Қазақстан  Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996жылдың 10 қаңтарында бекітілген «Табиғи орта күйін бақылайтын станциялар статусы  туралы қағида»жоғары маңызды болып  табылады.Қаулы бойынша,метеорологиялық  бақылаулар жасау үшін станцияларға олардың техникалық талаптарына  сәйкес жер учаскілері беріледі және олар басқа жерге ауыстырылмайды.Дүниежүзілік метеорологиялық Ұйым нұсқауларына сәйкес метеорологиялық станцияның жеручаскесі 1га құрайды.Бақылау станциясының айналасында ені 200метрлік тұйықталғансызықпен  шектелен қорғаныш аймағы белгіленеді.Ол аймақ станцияның репрезентативтігін сақтау үшін қажет.Станцияның орнын  ауыстыруға ұтымды торапқұрау үшін қажетті  болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Гидрометеорологиялық станциялардың  бақылау нәтижелерінің сенімділігінің қамтамасыздандырылуы барлық өлшеулер Казгидрометтің арнайы бөлімдерінде текскрістен  өткен аспаптармен қондырғылардың қолданылуымен ал бақылаулар осы  Нұсқамаға (Гидрометеорологиялықстанциялаврмен посттарға нұсқама,1-бөлім)сәйкес қатаң  тәртіпте жүргізілуі,станциялар репрезентативті  жағдайда орналастырылуы арқылы жүргізіледі.

Бақылау нәтижелерінің біртектілігі,гидрометеорологиялық станцияларда қолдануға рұқсат етілген  аспаптар мен қондырғыларды пайдаланумен,бақылаулар мен өлшеулерді бүкіл торапта  бірдей ортақ әдістемемен жүргізумен,метеорологиялық  станцияның айналасының физико-географиялық және ланшафтық ерекшеліктерінің тұрақтылығымен қамтамасыздандырылады.

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

  1. Метеорологиялық бақылаулар жүргізу

 

Метеорологиялық алаң.Метеороллгиялық алаң атмосфераның жерге жақын қабатында метеорологиялық бақылау жасау үшінқажетті құралдар менқондырғыларды орналастыру үшін қажет.

Метеорологиялық алаң қоршаған ортаға сипатты және төселме беткей мен атмосфера арасындағы жылу айналым  және су айналым жағынан одан ешқандай айырмашылығы жоқ жерден таңдалады.

Метеорологиялық алаңның  сипаттылығы,оныңорналасқан жері сол  ауданда басым кездесетін рельф  түріндей болуымен және су көзі жағасынан (теңіз,көл,өзен,су қоймасы) максимальды  жоғары су деңгейі кезінде 100метрден  артық қашықтықта орналасумен қамтамасыздандырылады.

Метеорологиялықалаң онша биік емес кедергілерден(бір қабатты  үйлер,жеке ағаштар,т.б),олардың он есе  биіктігіндей қашықтықта орналасуы  тиіс.

Терең арық,ор және т.б. рельеф жырықтарына метеорологиялық алаңды жақын орналастыруға болмайды.

Метеорологиялық алаңның  құрылысы.Стандартты метеорологиялық  алаң 26х26 метрлік квадрат пішінді  және оның бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы қажет.

Топырақтың терең қабаттарының температурасын өлшемейтін станцияларда және алаңды стандартты мөлшерде орналастыруға  мүмкін болмағанда алаңды 26х16 метрлік  мөлшерге дейін кішірейтуге болады.Жалы метеорологиялық бақылау бағдарламасында  ескерілмеген аспаптар мен қондырғыларды  қосымша орнату қажет болған жағдайда негізгі метеорологиялық өлшемдерді өлшеу нәтижесіне сол қондырғылардың әсері болмайтындай етіп метеорологиялық  алаңды үлкейтуге болады.

Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтарды арнайы жобаға (сурет2.1)сәйкес орналастыру керек.Анеморумбометр алаңда аспаптар мен жабдықтарды  арнайы жобаға (сурет 2.1)сәйкес орналастыру  керек. Анеморумбометр немесе флюгер орнатылатын  баған және мұзөрнек станогы алаңның  солтүстік бөлігінде будкалар мен  жауын өлшегіш,плювиограф пен М-53 аспабы

-ортаңғы бөлігінде,гелиограф  пен топырақ термометрлері 

-оңтүстік бөлігінде көрші  аспаптар мен көлеңкеленбейтіндей  етіліп орналастырылады.Актиномертиялық  және жылу балансы бақылауларын  жүргізу үшін алаң оңтүстікке  қарай ұзартылады. Актиномертиялық  және градиенттік қондырғыларды  топырақ күйін өлшейтін құралдардың  солтүстігіне орналастыру қажет.  Басқа бақылауларға (атмосфераның  ластануы және т.б) арналған  қондырғыларды алаңның шығысына  немесе батысына орналастыруға  болады.

Метеорологиялық алаңның  төсеме беткейін табиғи түрінде сақтау үшін етерологиялық аспаптар мен  қондырғыларға баратын арнайы жіңішке  жолдар жасалады. Жол Психрометрлік  будкаға,термографпен гигрограф тұратын  будкаға жән топырақтық термометрлерге солтүстіктен, гелиографқа-оңтүстіктен түсуі тиіс. Жауын өлшегішке барлық бағыттан келуге болады.

Жолдардың ені 0,4 метрден  аспауы тиіс.Ол жолдарды нығыздалған  құммен немесе майда таспен жабуға болады, асфальтпен немесе петонмен жабуға болмайды.

Жер беті құмды немсе тасты  болса арнайы жол жасаудың қажеті жоқ. Көп жылдық тоң қабаты бар  аймақтарда метерологиялық аспаптарға бару үшін соқпақ жолдарды нмесе ағаш төсеуіштерді қолдануға болады.

Метеорологиялық алаңның  табиғи күйін сақтау үшін және ондағы аспаптарды қорғау үшін алаң алаң қоршалуы тиіс.Қоршау алаңның барлық жерінің  ауа алмасуына кедергі жасамауы керек және онда күртік қар блмауы тиіс.Қоршау алаңның барлық жерінің  ауа алмасуына кедергіжасамауы  керек және онда күртік қар болмауы  тиіс.

Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі  шетінен сым өткізіп,биіктігі жер  бетінен 1,2-1,5 м құрайтын метал труба,бетон немесе ағаш бағандарға керіп жазуға болады.

Ауаның қозғалысына кедергі  жасайтын және қарды жинап қалатын  тұтас қоршаулар (тақтайлар),топырақ  немесе өсімдіктен жасалған қоршаулар  қолдануға рұқсат етілмиді.

Метеорологиялық алаңға есік қоршаудың қажеті болмаса (биік таулық немесе ормандық станцияларда),алаңның  контуры ақ түске боялған қазықтармен  немесе тастармен белгіленуі тиіс.Метеорологиялық  алаң электірлік торап немесе кернеуі 36В-тан аспайтын басқа да энергия  көздері арқылы тұрақты жарықпен қамтамасызландырылуы тиіс. Тұрақтық электрлік жарық козі болмаған жағдайда тасымалданатын электрлік қол шамын  қолдну керек.

Метеорологиялық алаң мүмкіндігі болғанша станцияның қызметтік үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) жерде орналасуы және кезекші  бақылаушының үнемі назарынан тыс  болмауы тиіс.

 

    1. Атмосфера қысымын өлшеу

 

Жалпы нұсқаулар.Атмосфера  қысымы,барлық жоғарғы ауа қабаттары  салмағы арқасында жасалатын  атмосферадағы ауа бағанының  гидростатикалық қысымы болып табылады.

Бұл әдістеме бойынша атмосфера  қысымының келесі сипаттамалары  анықталады:

Станция деңгейіндегі қысым;

Теңіз деңгейіне келтірілген  қысым (1000 метр биіктікке диен орналасқан станциялар үшін);

-барометрлік өзгеріс  мәні;

Барометрлік өзгеріс сипаты.

Халықаралық СИ өлшем бірлік жүйесіне сәйкес атмосфера қысымының  өлшем бірлігі ретінде гектопаскаль (гПа) қолданылады.Бірақ кейбір ұйымдарға қызмет көрсетькенде ескі өлшем бірліктерді қолдануға болады:миллибар (мб) және миллиметр сынап бағаны (мм сн.бағ.).

Аталмыш өлшем бірліктерді  өз-ара былайша қатнаста:

1мб=1гПа: 1мм сн.бағ. =1,333224мб=1,333224гПа.

Изобаралық беткей биіктігі гепотенциалдық метрмен анықталады (гп.м)

Өлшеу әдістері.

Станция деңгейінде қысымды  өлшеу вакумдалған элементтің бірлік беткейіне атмосфера тарапынан  түсетін күшті анықтауға негізделген.

Теңіз деңгейіне келтірілген  атмосфера қысымы,ау температурасы  және ауа ылғалдылығының өлшенген мәндері  бойынша есептеледі.

Барометрлік өзгеріс мәнін  бақылау мерзімі мен өткен  мерзім (3сағ бұрын)арасындағы станция  деңгейіндегі атмосфера қысымдары  айырмашылығымен анықталады.

Өлшеу құралдары:

Атмосфера қысымын өлшеу  үшін келесі аспаптар қолданылады:

-станциялық чашкалы снаптық  барометр СР-А (810-1070гПа аралығында  өлшеу үшін) және СР-Б (680-1070гПа  аралығында өлшеу үшін) (т.4.4.1);

-сынапсыз барометр БРС-1;

-метеорологиялық барограф  М-22АН (т.4.4.2)

Станцияда орнатылатын барометрдің  зауттық паспорты,тексеру туралы сертификаты,барометрді орнатқан немесе соңғы рет инспекторлық барометрмен  салыстырудан өткізген инспектордың мөрі және барометрге енгізілетін тұрақты  түзетуді бекіткен құжат (ГМО хаты немесе жеделхаты) болуы тиіс.

Станцияда орнатылған барографтың  тексеру туралы сертификаты және техникалық сипаттамасы жазылған пасплрты болуы тиіс.

Атмосфера қысымын  өлшейтін аспаптар.

Станциячлық чашкалы сынаптық барометр (СР-А және СР-Б) (сурет 4.1) келесі негізгі бөліктерден тұрады:

-жоғарғы жағыдәнекерлніп  бітелген және вакумдалып ішіне  тазартылған сынап толтырылған  барометрлік шыны түтіктен 6;

-үш бөлікті бір біріне  бұралып кигізілетін чашкадан 9.Оның  ортаңғы бөлігінде тексіктері  бар диафрагма болады.Ол трубканы  ауа кіріп кетуден сақтап тұрады.

Барометр сыртқы ауамен байланыста болу үшін чашкангың қақпағында бұрандамен 8 жабылатын тесікше бар.

-бетінде 810-нан 1070 мб-ға  дейінгі (СР-А) немесе 680-нен 1070 мб-ға дейінгі (СР-Б) шкала сызықтары  түсірілген метал қаптама –қорапшадан  4.

Қорапшаның кесінді тесігінде  нониусты 2 жылжымалы индекс бар.Нониус кремельер 5 бұранымен жоғары төмен  қозғалады.Қаптама-қорапшаның төменгі  бөлігінде барометрдің температурасын өлшеу үшін термометр 7 бекітілген,ал жоғарғы жағына барометрді іліп қоюға  арналған сақиналы 1 қалпақша бұралған.

Барометр станция бөлмесінде ауа температурасы жылдам өзгермейтін  жерге қондырылады (мысалы,барометрді терезеге,сыртқы есікке және жылытқыштарға  жақын орнатуға болмайды).

Күн сәулесінен, шаң-тозаңнан,оқыс қозғалыстардан және басқада физикалық әсерден қорғау үшін барометр арнайы барометрлік шкаф ішіне орнатылады.

Шкафтың бақылау кезінде  жеңіәл ашылатын және өлшеуге кедергі  жасамайтын шыныланған есігі болады.Барометрдің  сынап меникісін жарық қылу ұшін шкафтың артқы қабырғасында ақшыл  шыны мен немесе ақ қағазбен жабылған кесінді тесі болады.

Шкафтың мөлшері барометрдің  мөлшероіне сәйкес болуы тиіс. Негізгі,ішінен станциялық және инспекциялық екі барометр сиятын шкаф болғаны дұрыс (станциялық барометрді салыстырып текскеру үшін).

Барометрлік шкаф бөлме қабырғасына,шкафтың  артындағы орынға барометр трубкасын  жарық қылатын қуаты 25 В-тан аспайтын электрлік лампа сыйатындай қашықтықта ағаш тақтайшамен бекітілуі тиіс.

Өлшеу жүргізген кезде  барометрді қыздырмау үшін жарық  көзін қысқа уақытқа ғана қосу керек.

Барометрді жарық қылу үшін шырпы,майшам немесе қуаты 25В-тан  асатын лампы қолдануға болмайды.

Бақылаушы өлшеу жұмысын  еркін жүргізуге ыңғайлы болу үшін шкаф жерден 70-80сден кем емес биіктікте  бекітіледі.

 Метеорологиялық барограф  М-22АН (сурет.4.2) келесі бөліктерден  тұрады:

-мембраналық анероид  қорабтары блогіне;

-тасымалдаушы механизімнен;

-тіркеуші бөліктен (ұшы  бар тіл мен сағттық механизмді  барабан);

-температуралық компенсатордан;

-корпуста.

Анероидтық қораптар блогі 11 бір-біріне бұрандалармен қосылған,іштеріндегі  ауасы сиретілген бес қораптар бағанынан  тұрады.Қораптар аспап платасының 12 төменгі жағына орнатылған температуралық компенсатор пластинкасына 14  қозғалмайтындай  етіліп бекітілген.

Информация о работе Стандарттаудың экномикалық тиімділігі