Стандарттаудың экномикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты: Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын нықтау болып табылып, бұл процесстерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жұмыстың міндеті көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
-Атмосфера қысмын бақылау;
-Жел сипаттамасын бақылау;
-Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу;
- Атмосфералық жауын-шашынды бақылау;

Содержание

Кіріспе
1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру
Негізгі бөлім
2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Атмосфера қысмын бақылау
2.2 Жел сипаттамасын бақылау
2.3 Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу
2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау
Эканомикалық бөлім
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.
4.2 Атырау Гидрометеорологиялық орталығында сақталатын ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА СЫМБАТ (1).docx

— 151.03 Кб (Скачать документ)

Бақылау мерзіміндегі желдің максимальді жылдамдық мәні ретінде  тақтайшаның шайқалуы нәтижесіндегі  ең шеткі орны мен емес,тақтайшаның 2с және оданда артық уақытқа тоқтап тұратын ең жоғарғы орны саналады.

Жеңіл тақтайшалы флюгер мен  жел жылдамдығын 10м\с диен бақылауға  болады.Желдің жылдамдығы одан жоғары болған кездерде бақылау ауыр тақтайшалы флюгермен жүргізілуі тиіс.

Станцияда жел  өлшеуіш аспаптарының дұрыс қондырылун тексеру.

Станцияда жел өлшеуіш  аспаптарын орнатуының дұрыстығын тексеру  кезінде географиялық мередиан сызығы болып саналатын жергілікті жердің талтүстік сызығы анықталады және тіркеледі.Нақты  талтүсте бағанадан түсетін көлеңке  бағыты сол жердегі герграяиялық мередианның бағытын анықтау  үшін;

-3.4 кестеден сол тәулікте  нақты талтүс мезетіндегі орташа  күндік уақыт анықталады;

-бақылаушының сағаты  бойынша нақты талтүс уақыты  анықталады және нақты талтүстен  біршама бұрын бағананың солтүстік  жағына қазық алып барып тұру  керек.Бақылаушының сағаты нақты  талтүстік уақытты көрсеткен  кезде бағанадан түскен көлеңкенің  ортасына қазық қағылады.Осы бағыт  металдыстерженмен немесе қатты  қадамен бекітілуі керек.

Бағытталуын тексеру үшін мередиан бағытын бекітетін веха жагнында тұрып,онымен флюгердің Сәрпі  бар шрифті бағыттаушысы сәйкес келуін қарау керек.

Дұрыс бағытталған кезде  С әрпі бар штифт флюгердің  вертикаль өзегіне сайма-сай келтіріліп,сонымен  қосылған сияқты болуы керек,ал М-63М-1 аспабының бағыт көрскетушісі мередиан бағытына сәйкесболу керек.

Егер асапатардың бағыты бұзылған болса оны дұрыстау керек.Ол жұмысты екі адам жүргізеді.Меридиан бекітетін веха жангында бақылаушы  тұрады,ал оның көмекшісі бағанаға шығады немесе баған М-82 болса,онда оны түсіріп,флюгердің квадратты  егелген штифті бірнеше рет бұрап  шығарып алады немесе М-63М-1 анеморумбометрі  датчигін бекітетін болттарды босатады.Осыдан кейін көмекші бақылаушының нұсқауы  боынша аспап датчиктерін немесе флюгер муфтасын дұрыс қалыпқа келгенше бұрайды,сосын оларды мықтылап қатайтады.

Кейбір жағдайларда мередиан бағытын бағанадан түсетін көлеңке  арқылы анықтауға мүмкіндік болмайды.Осы  кезде бағытты далалық компас немесе буссоль арқылы анықтауға  болады.Компас немесе буссоль қолданғанда  жергілікті жердің магниттік еңкейуі  есепке алынуы керек.Осыдан кейін мүмкін туған кезде мередиан бағытын  нағыз тал түсте баған көлеңкесі  мен тексеру қажет.Аспаптар бағытының  дұрыстығын тексерген кезде және жел бағытының өзгеруіне флюгарка әлсіз қозғалатын кездердің бәрінде  флюгердің өзегінің тік болуы  және қозғалмалы бөлігінің ауытқымалығы немесе М-63М-1анеморумбометріндегі өлшеу  түрлендіргіштері тірегінгің тік болуы  тексеріледі.Бақылаушы бағанадан 20-25 м қашықтыққа бара ды да тіктеуіштің алдына ұстай отырып тіктеуіш жібінің флюгердің маңызды өзегіне немесе аспаптың вертикаль тірегіне параллель болуын анықтайды.Осы операция екі реттен кем жүргізілмейді,яғни бір-біріне перпендикуляр екі бағыттағы нүктелерден қарап,тексеріледі.Байқалынған кемшіліктер тез арада түзетілуі қажет.

Мысалы егер 2мин бойы тақтайша 3және 6штатифтері арасында тербелген болса және оның орташа орны 4 және5 штатифтері аралығында болса,ондав кітапшада 4-5/9,ал макс екпіні 6/14 деп көрсетіледі.

 

2.2 Ауа температурасы және  төселме беткейдің температурасын  өлшеу,өзгерістерін тіркеу

 

Жалпы нұсқамалар.

Ауа температурасы ауа  күйінің ең маңызды термодинамикалық сипаттамасы болып табылады.

Метеорологиялық станцияларда ауа температурасы Цельсия градусымен өлшенеді.

Атмосфераның турбулентті  жағдайына байланысты ауның әр бөлшегінің басқа бөлшектердің темперетурасынан жоғары не төмен болатын өз температурасы  болады.Ауа температурасының тұрақты  мөлшерін анықтау үшін метеорологиялық  станцияларда ауа температурасын 3-5 мин аралығындағы орташа мөлшері  өлшенеді;орташалау термометрлердің  инерциялы болуы мен және радиациядан  қорғалуы мен байланысты.Жерге жақын  қабатта ауа температурасы төселме  беткейге диенгі қашықтыққа байланысты едәуір өзгереді.Анықтаулы дұрыс  болу үшін метеорологиялық станцияларда ауа температурасы төселме беткейден 2м биіктікте өлшенеді.Термометрлің температурасы сезімтал элементтің термометриялық қасиеттерінің бірінің  өзгеруі бойынша анықталады.

Ауа ылғалдылығы су буының парциальды қысымымен,қанығу тапшылығымен,салыстырмалы ылғалдылықпен және шың нүктесімен сипатталады.

Су буының парциальды қысымы е-белгілі температурада,бірлік ылғалды  ауа көлемінде су буы тек өзі  болған жағдайда түсіретін нақты  қысым.

Осы ауа температурасында су буының парциальды қысымы өзінің нң максимальды мөлшерінен,яғни қаныққан су буы қысымынан жоғары болмайды.

Қаныққан су буының парциальды қысымы Е-химиялық таза су немесе мұздың тегіс бетімен термодинамикалық тепе-теңдікте болатын ылғалды ауадағы  су буының парциальды қысымы.Суға қатысты  қанығу жағңдайында-су үстінде қаныққан су буының қысымы(Еi)болады.

Қанығу тапшылығы d су үстінде  қаныққан су буының парциальды қысымы мен ылғалды ауадағы нақты  су буының парциалды қысымы арасындағы айырмашылық ретінде анықталынады7

 

D=Ew-e.

 

Салыстырмалы ауа ылғалдылығы f-ауа қысымы мен температурасы  біркелкі жағдайда су буының парциальды қысымының су үстінде қаныққан су буының қысымына қатынасы:

 

F=e/Eх100%

 

Температура 0ºС төмен болғанда атмосферадағы су қатты күйде  де,қатты салқындаған сұйық күйде  де болуы мүмкін.Теріс таңбалы  температурада салыстырмалы ылғалдылық қатты салқындаған тегіс су беткейіне  қарасты қанығу деңгейі ретінде  анықталады.

Шық нүктесі td-ауа қысымы бірдей жағдайда ылғалда негізгі  әдісі-психрометрлік әдіс болып  табылады.Оның негізінде ауа температурасы  мен сумен ылғалданған термометрдің температурасын,яғни ылғалданған беткейдің  булануына кететін жылу мен қоршаған ортадан термометрге келетін  жылу аралығындағы термодинамикалық тепе-теңдік температурасын өлшеу жатады.Ауа  ылғалдылығын анықтаудың қосымша әдісі  ретінде сорбциялық әдіс қолданылады.Бұл  әдіс ауа ылғалдылығының өзгеруіне  байланысты сезімтал элементтердің  ұзындықтарының өзгеруіне негізделген.

Осы әдістемесі ауа температурасы  мен ылғалдылығының келесі сипаттамаларын анықтауды қарастырады:

-мерзім кезіндегі ауа  температурасын;

-бақылау мерзімдері аралығындағы  ауаның менимальды температурасы;

-бақылау мерзімдері аралығындағы  ауаның максимальды температурасы;

-су буының парциальды  қысымын;

-қанығу тапшылығын;

-ауаның салыстыралы ылғалдылығын;

-шық нүктесін.

Кейбір станцияларда осы  бақылауларға қосымша ретінде ауа  температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын өзі жазатын аспаптармен,яғни термограф пен гигрограф көмегімен  ұздіксіз тіркеу жасап отырады.Осы  мәліметтер бойынша температура  мен ылғалдылықтың әр сағаттағы  және экстремальды мәндері анықталады.

Өлшеу құралдары.

Станцияда ауа температурасын өлшеу үшін мына өлшеу құралдары  қолданылады:

-Метеорологиялық псхрометрлік  термометр ТМ4;өлшеу диапазоны:минус  35-тен 40ºС дейін (ТМ4-1),минус  25-тен 50ºС дейін (ТМ4-2);

-төмен градусты метеорологиялық  термометр ТМ9;өлшек диапазоны:минус  60-тан 20 ºС дейін (ТМ9-1),минус  70-тен 20 ºС дейін (ТМ9-2);

-минимальды метеорологиялық  термометр ТМ2;өлшеу диапазоны:минус  70-тен 20 ºС дейін (ТМ2-1),минус  60-тан 30 ºС дейін (ТМ2-2),минус  50-ден 40 ºС дейін (ТМ2-3);

-максимальды метеорологиялық  термометр ТМ1;өлшеу диапазоны:минус  35-тен 50 ºС дейін (ТМ1-1) және  минус 20-дан 70 ºС дейін (ТМ1-2).

Станция торабында ауа  ылғалдылығын өлшеу үшін мына құралдар қолданылады:

-ауа температурасы 50-ден  минус 10 ºС дейінгі аралықта  екі ТМ4 термометрлерінен тұратын  станциялық психрометр;

-станциялық психрометрге  қосымша метеорологиялық шашты  гигрометр.

Осы аспаптардың барлығы  психрометриялық будканың ішінде орналастырылады.

Метеорологиялық аспаптарды орнататын қорғаушы жалюзді будка.

Жалюзді қоғау будкасы (ГОСТ 14211-79), ішәнде орналастырылған аспаптардың  көрсеткішіне күн радиациясының  және айналадағы затардың шашатын сәулесінің ықпалын болдырмауға және аспаптарды жауын шашыннан,қатты желдерден  қорғауға арналған.

Жалюзді қорғаушы будкасы (ЖБ) ағаш сүйенішке қатайтылған төрт жалюзді қабырғадан,еденнен,төбеден  және шатырдан тұрады (6.1 суреті).Қабырғалары  екі қатарлы горизонтқа 45 ºС бұрышпен сыртқа және ішке еңкейтілген жұқа ағаш кесінділері жалюздерінен тұрады.Бір  қабырғасы ілгекке бекітілген есік қызметін атқарады.Будканың едені үш тақтайшадан тұрады.Ауа айналымы жақсы болк үшін ортаңғы тақтайшы басқа шеткі тақтайшаларға қарағанда  биігірек орналастырылған.Будканың төбесі горизонтальды және толық жабылған.Будканың шатыры есікке қарама қарсы жаққа  еңкейген жәнек будканың жан-жағынан  кішкене шығыңқырап тұрады.

Шатыр мен будканың төбесі аралығында ауа еркін өтетін етіліп жасалған.

Будка сыртқы және ішкі жағынан  майлы ақ бояумен боялуы қажет.

Будка метеорологиялық алаңда аспаптар мен құралдарды орналастыру  жоспарына сәйкес орналастырылады (2.2.2 тқара).Ол биіктігі 175см болатын  арнайы тіреніш қондырғыға едні горизонтальды  болатындай етіліп орналастырылады.Тіреніш  будканың қатты жел болған да да қозғалмайтындай тұрақты тұруын қамтамасыз етуі керек.Қондырғының  аяқтары башмақтарға (ағаш немесе бетон) қатайтылып,жерге 50-60см тереңдікте көиіледі.Алаңда қондырғымен бірге будка есігі  солтүстікке қаратылып орналастырылады;қондырғының  солтүстік жағынан бақылаушыға  арналған торлы басқышты саты қойылады.Саты қондырғыға тиіп тұрмауы керек.Саты мен қондырғы будка сияқты майлы  ақ бояуға болуы тиіс.

Ескерту-Қар жамылғысы  алаңда 1м немесе одан жоғары болатын  жерлерде биіктігі 2,75м қосымша қосалқы  қондырғысы және осы мөлшерге сәйкес саты болуы керек.Қыста қар жамылғысы  алаңда 60см-ге жеткен кезде бұл қондырғыға будка қайта орналастыруы керек.

Егер станцияда жел  жылдамдығы 20м\с жоғары жағдайларда  ұзақ борасын арқасында будка  толық қармен жабылатындай болса,онда борасын кезінде будканы қашықтан жасалған құндақпен немесе басқа  жел өткізбейтін қатты матамен  жауға рұқсат етіледі.Жел жылдамдығы 20м\с төмендеген кезде құндықты алып тастау тиіс.

Психрометрлік будка еденге бұралып бекітілген металл штативке психроиетрлік термометрлер және метеорологиялық  шашты гигрометр орнатылады (сурет 6.2).

Психрометрлік термометрлер штативтің көлденең иіндерінің ұштарындағы  шығыршыққа вертикальды орналастырылады.Штативтің  жоғарғы иіні,оған кіргізілген термометрлер резервуарлары жерден 2м биіктікте  болатындай етіліп қатайтылуы қажет.

Резервуары батиспен оралатын оң жақтағы термометрдің астына батисті  сулауға арналған ішінде суы бар  психрометрлік  стакан қойылады.Стакан штативтің төменгі иініне винтпен  қатайтылған дөңгелек ұстатқышқа отырғызылады.Стакан батист өтетіндей тесігі бар қалпақпен  жабылады және оның қақпағы термометр  резервуарынан 2см қашықтықта болатындай етіп орналастырылады.

Метеоролгиялық шашты  гигрометр штативтіңжоғарғы көлденең иініне винттермен қатырылады.Метеоролиялық  максимальды және минимальды термометрлер төменгі көлденең иінге бекітілген доға тәрізді темірге резевуарлары шығысқа қаратылып жатқызылады.Минимальды термометр төменгі екі темірге  тек көлденең,ал максимальды термометр-жоғарғы  қос темірге резервуар жағына кішкене еңкейтіліп жатқызылады.Термоетрлер  сынып қалмау қалмау үшін штативтің  темірлеінің иілген жерлері жүнді  немесе қатты жіптермен оралады.Темометрлер  темірден сырғып түспеу үшін темірдің ішкі жағына жұқа резина сақиналар  салынады.

Қараңғы кезде бақылау  жүргізу кезінде аспаптарға жарық  түсіру үшін будка төбесінің алдыңғы  жағына,есікке жақын тұста қуаты 15-25Вт электр лампалары орнатылады.Лампа  тек өлшеулер жүргізу кезінде  ған қосылады.электрлік жарық  көзі жоқ болған жағдайда тасымалды  электр шамын қолдану қажет.

Бақылаушылар үнемі будканың жағдайын қарап тұрулары керек.Ә  уақытта будканы дымқыл шүберекпен немесе құрғақ щеткамен щаннан тазалап  отыру керек.Сол кезде,бақылау  мерзімін дейін будканың кеіп үлгеруі  керектігін және оның ішінде орналасқан аспаптардың көрсеткіштері орнықты  мәндерде болуы керектігін есте сақтау қажет.

Будканы тазалау алдында  өлшеулер жүргізіп алып аспаптар будкадан алынуы тиіс және ол жайлы «Станция тарихының журналына» күн және сағаты көрсетіліп мәлімет жазылады.

Аспаптардың қайтадан орналастырылған  жарты сағаттан кейін максимальды  термометрді сілку керек және минимальды термометр штифтін спирт  беткейіне тиістіру керек.

Жылына бір-екі реттен кем емес жиілікпен будканы сабын  езіндісі қосылға жылы сумен жуу  керек,ал қажетжағдайда да оны қайтадан бояу керек.Будка кепкенше аспаптарды қосалқы будкаға немесе тіркеуші аспаптар орналастырылған будкаға  ауыстырылады.Бұндай жағдайда ауа температурасы  мен ауа ылғалдылығы аспирациялық психрометрмен немесе тіркеуші аспаптар будкасына уақытша қойылған психрометрлік  термометрмен және метеорологиялық  шашты гигрометрмен анықталады.

Ауа қатты ластанатын аудандарда будканы жиі жууға тура келетін  болғандықтан қондырылған қосалқы  будка болғаны дұрыс.

Информация о работе Стандарттаудың экномикалық тиімділігі