Стандарттаудың экномикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты: Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын нықтау болып табылып, бұл процесстерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жұмыстың міндеті көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
-Атмосфера қысмын бақылау;
-Жел сипаттамасын бақылау;
-Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу;
- Атмосфералық жауын-шашынды бақылау;

Содержание

Кіріспе
1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру
Негізгі бөлім
2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Атмосфера қысмын бақылау
2.2 Жел сипаттамасын бақылау
2.3 Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу
2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау
Эканомикалық бөлім
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.
4.2 Атырау Гидрометеорологиялық орталығында сақталатын ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА СЫМБАТ (1).docx

— 151.03 Кб (Скачать документ)

Өлшеулер жүргізу жағдайлары

Желдің сипаттамаларын өлшеу  тек бұзылмаған аспаптармен жүргізіледі.

Метеорологиялық алаңда анеморумбометрдің  датчигі және флюгер жер бетінен 10-12 м биіктікте орнатылады.Кейбір жағдайларда,мысалы кедергілер әсерінен жел ағыны қатты өзгеретін ық алаңдарда,қондырғы биіктәгән 20 дейін көтеруге немесе қондырғыны метеорологиялық алаңның сыртына шығаруға болады.Жел өлшеу аспабын 12м-ден жоғары биіктікке қондыруға немесе оны алаңның сыртына шығару үшін әдістемелеу орталығының келісімі керек.

Жел өлшеу аспаптары дұрыс  қондырылуы қажет және олар географиялық мередианға бағытталып,тексеріліп,өлшеулер жүргізуге барлық уақытта дайын  болулары қажет.

Желдің жылдамдығын және бағытын өлшейтін аспаптар

Анеморумбометр М-63М-1жел  жылдамдығы және бағыт датчиктеріблогынен,өлшеу  пультінен және қоректену блогынен тұрады.

Желдің жылдамдығын жән  бағытын өлшеу түрлендіргіштері артқы бөлігі құйрықты тректен-флюгарка мен  горизонтальды сүйір корпустан тұратын блокты датчиктер түрінде құрастырылған. Түрлендіргіш корпусы  сыртқы құбырмен қоса вертикальды тіреуді  еркін айналады.

Горизантальды корпустың  алдыңғы бөлігінде ауа винті3 орналасқан. Винт флюгарканың көмегімен  ауа ағынының бағыты бойынша винттің  айналу жазықтығы ылғи да ағынның  бағытынан перпендикуляр болатындай етіп орнатылады.

Өлшеу пульт столға қоятын аспап. Оның беткі панелінде жылдамдықтың максимальдік және лездік шкалалары; желдің орташа жылдамдығының көрсеткіші; аспапты қосатын «скорость» және лздік жылдамдықты өлшейтін баспалар; лездік жылдамдықтың көрсеткішін ауыстырып қосуға арналған шкала;сағат механизмінің жұмыс уақытын қоюға және желдің жылдамдығын орташалау интервалын қосу және қоюға арналған «Средняя скорость» тұтқалары; желдің максимальді жылдамдығының тілін босатуға (тікелген максимумды түсіру) арналған. «Сброс» Vmax тұтқасы; желдің бағытын өлшеу шкаласын көрсететін 2 индикатор; желдің бағытын көрсететін «Направление» баспасы орналастырылған.

Панельдің сыртқы жағында  өлшеу каналдарының туралығын тексеретін қондырғы орналасқан. Жоғарғы бөлігіне желдің лездік жылдамдығын және бағытын  өлшейтін каналды реттейтін патенциометр осьтері шығарылған.(сурет5.1анеморумбометр М-63М-1 а-жел жылдамдығы мен бағытының  датчигі,б-өлшеу пульті.1-горизантальді  корпус, 2-флюгарка,3-ауа винті, 4-сыртқы құбыр,5-ветикальді тіреу)

Лездік жылдамдық импульстердің  өту жылдамдығын өлшеу арқасында  анықталады. Жиелік шкаласы желдің лездік жылдамдығының м/секундына  өлшем бірлігімен бөліктенген тілді  электр өлшегіш аспаппен көрсетіледі. Аспапта лездік жылдамдық тілінің  максимальді ауытқуын тіркейтін  екінші тілі бар.Максимальді және жою  тұтқаны солға бұрау арқылы жүреді.Баспалы  нүкте желдің лездік жылдамдығының  өлшеу аралығын 0-60-тан 0-30 м/с аралығына  ауыстыруға арналған.

Желдің 10 минут аралығындағы орташа жылдамдығын анықтау үшін аспапты өлшеу пультінің панелінде  импульстерді анықтаушы орналастырылған  санаушының көрсетілген мәнді жоюға  арналғанбаспалы нүктесі бар.

Жел бағыты өлшеуші аспаптың шкаласы бойынша анықталады. 1-ші шкала 0-90-180-270-360˚, ал екінші шкала- 180-270-360-90-180˚(бірінші  шкалаға қарағанда 180˚-қа жылжытылған) жел бағытына сәйкес. Шкалаларды ауыстыру автоматты түрде жүреді.Шкала  ауыстырылған кезде соған сәйкес түсті индикаторлы лампы жанады.

Қоректену блогы ауыспалы ток торабынан зарядталуғ арналған сфермасы бар тізбектеліп қосылған аккумулятолардың екі батареясы  болып табылады.

Аккумлятордың батареялары  төмендеткіш трансформатор және түзеткіш арқылы зарядтауға арналған ауыспалы топ торабынан ылғи қосылып тұрады.Аккумулятордың зарядталуы афтоматты түрде жүреді. Жұмыс істеп тұрған кезде, яғни зарядталу кезінде газдар шығып кету үшін аккумулятодың тығынын кішкене бұрап ашу керек (зарядтану кезінде аздаған газдар шығады).Тасымалдау кезінде электролит  төгіліп кетпес үшін бұл тығындар қатты бұралу қажет.

Қоректену бөлігі анемуромбометрдің  жұысын ауыспалы топ торабынан және аккумулятордан (авариялық режім) зарядтаусыз 3-5 тәулік бойы қамтамасыз етеді.

М-63М-1М Сурет 5.2 М-63М-1М  анеборумбометрдің жоғарыда қарастырылған  М-63М-1 анеморумбометрінен айырмашылығы тек өлшеу пультінде.Оның пультінің  беткі панелінде (сурет 5.2) жел жылдамдығының  өлшенген мәнін көрсететін жарық  табло;жел жылдамдықтарын өлшеуді  қосу үшін ``Vmax`` ``Vсред`` ``Vмгнов`` түймебаспалары:желдің максималь жылдамдығы тіркелген  мәнін жоюға арналған ``Vmax`` түймебаспасы; жел жылдамдығын әр түрлі интервалда орталауға арналған ``Vсред`түймебаспасы; «Измерение» лампочкасы; жел жылдамдығын  өлшеу бастар алдындағы уақыт  аралығын қоюға арналған «Упреждение» тұтқасы; қоректенуді қосуға арналған «Питание» тумбелері; екі индикатор; желдің бағытын тіркейтін «Измер.направление» түймебаспасы бар.

Анеморумбометрді орнату.Анеборумбометрдің  жел жылдамдығы мен бағытын өлшейтін датчиктері метеорологиялық алаңда М-82 шарнирлі матчтада орнатылады.Мачтаны  орнату оны қолдану нұсқамасына  сәйкес жүргізіледі.

Жел өлшеу аспаптарын орнату кезінде М-63М-1 анеморумбометрдің  бағыттаушысының тал түстік сызық  бойынша солтүстікке қатаң бағытталуын  қадағалау қажет.

Мачта қондырғысының ветикаль болуы құлама тіктеуішпен тексеріледі.

М-82 мачтасы жоқ болған жағдайда аспапты биіктігі 10метр болатын  жай металл мачтаға немесе ағаштан  жасалған бағанада орнатуға рұқсат етіледі.Ол үшін оның ең жоғарғы жағына шегелі таған орнатылады.М-63М-1 датчигі тағанның шегесіне металды мачтаның шегесіне орнатылған дай етіп орналастырылады;датчиктің  корпусын металл  пластина немесе ашық сым көмегімен жерге қосады.

Бақылаушылар М-63М-1 анаморумбометрді қолдану ережелерін қатаң сақтаулары,оны  таза және бұзбай ұстаулары қажет.Анеморумбометрді ашуға және жинауға қатаң тиым салынады.

Өлшеулер жүргізу

М-63М-1 аспабымен өлшеу  жүргізген кезде «Средняя скорость»  тұтқасы қосылғанда аспап 10 минут  аралығындағы желдің орташа жылдамдығын  анықтайтындығын ескеру керек.Орташа жылдамдықтың сағат механизмін қосу уақыты әр станцияның «Өлшеу жүргізу  ережесінде» көрсетілуі тиіс.Алаңға шығар алдында төменгі жұмыстар істелінеді:

-«Средняя скорость» тұтқасы  жел жылдамдығы 10минут аралығында,яғни  ортақ мерзімде 45 минуттан басталып 55 минутта аяқталатын уақытта  анықталатындай етіп орналастырылады.

-алаңға шығар алдында  жоғарғы шкала (0-60м\с) бойфнша  желдің максимальды жылдамдығын  өлшеп,оны мерзім аралық жел  максимумы ретінде жазу керек.

-максимальді жылдамдықтың  мәнін жазып алған соң «Сброс  υмакс» тұтқасын сағат тіліне  қарсы бағытта бұрай отырып,максимальді  және лездік жылдамдық стрелкаларын  бір-біріне сәйкестендіру керек.

Алаңнан қайтып келгенде:

-жел бағытын өлшеу  үшін бағыт көрсеткіші қосылады  да,2мин бойы бағыт көрсеткіші  стрелкасының ауытқуы бақыланып,индикаторлы  лампа түсіне сәйкес шкала  бойынша 5º дейін дәлдікпен  оның орташа жағдайы анықталынады.Егер  бағытты өлшеу кезінде көрсеткіштің  шкалалары ауысып кетсе,онда 1-минуттан  кем бақылау нәтижесі алынып  тасталынады да, 2 мин аралығының  көп бөлігінде байқалынған стрелканың  орташа жағдайы анықталынады.

-бақылау мерзімі кезінде  10 мин аралығындағы орташа және  максимальды жылдамдықтарды есептеу.

-«Сброс υ макс» тұтқасын  сағат тіліне қарсы бағытта  бұрап,масимальды және лздік жылдамдық  стрелкаларын бір-біріне сәйкестендіре  отырып желдің максимальды жылдамдығының  мәндері жойылады.

М-63М-1М аспабымен өлшеу  жүргізген кезде «υмгм» баспалы  нүктесі ұдайы қосылып тұрув  керек,яғни бұл жағдайда жарық таблосында желдіңлездік жылдамдық мәні көрініп  түрады.

Алаңға шығар алдында:

-«Упреждение» тұтқасын  орта синхронды мерзімдегі,яғни 45мин-та басталып 55мин-та аяқталатын 10 мин аралығындағы орташа жылдамдықты  тіркей алатындай етіп қосу  керек.

-«10» және «υсред» баспалы  нүктелері қосылады.

-«υмакс» баспалы нүктесінің 3с баса отырып мерзімдері арасындағы  желдің максимальды жылдамдығы  жазылады.

-«υмакс сброс» баспалы  нүктесін басу арқылы желдің  максималь жылдамдығы жойылады,яғни  аспап бақылау мерзімінде желдің  максимальді жылдамдығын өлшеуге  даын болады.

-Алаңнан қайтып келгенде:

-5.6.1 тармағына сәйкес  жел бағыты өлшенеді.

-желдің орташа жылдамдығы  өлшенеді,яғни «Измерение» лампасы  өшкен соң «υ сред» баспалы  нүктесі басылып,3с кейін желдің  орташа жылдамдығы анықталады;

-«υмакс» баспалы нүктесін 3с баса отырып бақылау мерзіміндегі  желдің максимальды жылдамдығы  тіркеліп,жазылып авлынады.

-«υмакс.сброс» баспалы  нүктесін баса отырып желдің  максимальды жылдамдық мәні жойылады  да, аспап желдің мерзімдер аралық  максимальды жылдамдығын өлшеуге  дайын тұрады.

Жел жылдамдығы қауіпті мөлшерге жақын болған кезде анборумбометр  қосылуда болып,үнемі лездік жылдамдыққа  бюақылау жүргізіліп отырылады.Бақылаушы  шкалалардан өлшеу жүргізе отырып желдің максимальды немесе орташа жылдамдығы қауңіпті мөлшерге жету кездерін,қауіпті құбылыстың күшею аяқталу кездерін анықтайды.Жел жылдамдығы қаіпті мөлшерде болғанда бақылаушы М-63М-1 аспабымен алдыңғы өлшеуге диенгі уақытта болғанда максимальды жылдамдықты,10 мин аралықтағы орташа және максимальды жылдамдықтарды,2 мин аралықтағы орташа бағытты анықтайды.Өлшеу төмендегі жолдармкен жүргізіледі;

-максимальды жылдамдықтың  көрсеткішінен желдің мерзім  аралық максимальды жылдамдығы  анықталып,жазылып алынады да  көрсеткіштегі мән жойылады;

-желдің орташа бағыты  өлшенеді;

-желдің орташа жылдамдығы  орныққұан соң 10 мин аралықтағы  орташа жылдамдық анықталынады;

-максимальды жылдамдық  көрсеткіші бойынша бақылау кезіндегі  максимальды жылдамдық анықталынады.

М-63М-1 анеморумбометрі немесе оның кейбір блоктары бұзылған кезде,сонымен  қатар станцияда электр энергиясыболаған жағдайларда жео сипаттамаларын анықтау флюгер бойынша жүргізіледі.

Осындай жағдайда бақылау  флюгерге ауысқан күн мен уақыт,оның себебі туралы КМ-1 кітапшасына немесе әСтанция тарихи журналына» жазылады.

Флюгер,оның құрылысы және орнатылуы.Флюгер ТУ 25-04-1561-71 (сурет 5.3) жел бағытының  көрсеткіші-штифтер қатайтылған  қозғалмайтын вертикаль стерженне  және оған кигізілген,флюгарка мен  жел жылдамдығының көрсеткіші бекітілген трубкалы айналмалы бөлігінен тұрады.

Флюгарка бір-біріне белгілі  бұрышпен орналасқан екі жел қақпадан 8және трубкаға 7 бекітілген қарсы салмақ көрсеьткіштен 1 тұрады.Флюгердің қозғалмайтын стерженінің 10 төменгі қалыңдығынан бөлігіне сегіз металды штифтер  орналастырылған втулка 9 кигізілген.Ол штифтер флюгарка қарсы салмағының горизонтқа байланысты рналасу жағдайын анықтауға арналған .Солтүстікке  бағытталған штифтің басына металдан жасалған с әрпі бекітілген.

Жел жылдамдығының көрсеткішін  трубканың 7 жоғарғы бөлігінде орналасқан.Ол металдан жасалған пластина-тақтайшадан 6 және жел жылдамдығын өлшеуге  арналған сегіз штифт орналасқан сектордағы 5 рамкадан 2 тұрады.Тақтайша рамканың 3 горизонтальды осінде еркін  айналып тұрады.

Қарсысалмақ 4 секторды 5 бір  қалыпты ұстап тұруға арналған.Трубкада тақтайшалы рамка мен штифті секторлар  флюгарканың желқақпасы орналасқан жағында бекітілген,ал вертикальді  ілініп тұрған тақтайша жазықтығы қарсвысалмақ-көрсеткішіне 1 перпиндикуляр болады.

Флюгарканың арқасында тақтайшаның  тербеулі осі әрқашан да жел бағытына перпендикуляр орналасадыф.Желдің әсерімен қалқаншаның ауытқуы жел жылдамдығының жоғары болуына байланысты көбейіп отырады.

Желдің жылдамдығы тақтайша бүйірінің штифтер секторларында  орналауына байланысты анықталады.

Флюгер тақтайшасының  ұзындығы 300мм,неі 150мм.Салмақтары бойынша  тақтайша екі түрге бөлінеді:жеңіл  және ауыр;тақтайша салмағына өзі  бекітілген ось салмағы кірмейді.

Түнгі уақытта бақылау  жүргізген кезде жылдамдық көрсеткіші жақсы көрінуі үшін тақтайшаның  штифті доға жағындағы шетіне және тақтайшаның төменгі жағының  шетінге ақ бояулы ені 3мм болатын  жолақ түсірілген.

Флюгемен бақылау арқылы мына көрсеткіштер анықталынады:

-желдің орташа бағыты;

-желдің орташа жылдамдығы;

-бақылау мерзімі кезіндегі  желдің максимальді жылдамдығы.

Желдің бағытын анықтау  үшін бақылаушы бағанға келіп  бағыт көрсеткішінің астына тұрады да оның аутқуын екі минут бойы бақылап,ауытқудың орташа жағдайына  сәйкес келетін румбны көзбен бақылап  анықтайды.Бағытты анықтау 16 румб бойынша  жүргізіледі.

Егер бақылау кезінде  жел бағыты бірнеше рет румбдан  көпке өзгерсе немесе орташа бағытты  анықтау мүмкін болмаса,онда ол тұрақсыз деп саналады.

5.1 кесте румблардың аттары  және оларға сәйкес бағыттардың  градус мәндері келтірілген.

Егер флюгарканың қарсысалмақ-көрсеткішінің  орташа ауытқу жағдайы жэерден қарағанда  бір штифтің айналасында болатын  болса,онда сол штифт көрсетіп тұрған бағыт белгіленеді.Егер орташа жағдайда көрсеткіш штифтерге тимейтін болса,онда желдің бағыты үш әріпті румбмен көрсетіледі.

Желдің жылдамдығын өлшеу  үшін бақылаушы бағанадан флюгаркаға перпендикуляр бағытқа барып 2ми бойы тақтайшаның ауытқуын бақылайды,оның орташа жағдайы сәйкес келетін штиф санын немес доға штфтерінің санын  есепке алады.Сонымен қатар осы  кездеге уақыт аралығындағы тақтайшаның  ең үлкен ауытқу мөлшері де анықталынады.Штифтер  астынан үстіне қарай 0-ден 7-ге диен саналады.0 штифті тақтайша жазықтығымен оның төмен салбырап тұрған жағдайы  мен сәйкес келеді;қысқа штифтер  тақ санды, ал ұзын штифтер жұп  санды,ал ұзын штифтер жұп счанды болып келеді.Желдің жылдамдығы 5.2 кестесіне  сәйкес фюгер тақтайшасының қалыптасуына байланысты анықталынады.

Информация о работе Стандарттаудың экномикалық тиімділігі