Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:50, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................
3
I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік................................................

9
1.2.Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу...............
14
1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары............................................
18
ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері

2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары................................
27
2.2.Тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі................................................
38
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері................................................................
43
Қорытынды ................................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
54

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.DOC

— 583.00 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университеті

 

                                                               

                                                                     

 

 

 

 

 

Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мамандығы: 050102 «Бастауыш  оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2011.


 

 
              Бекітемін:

                                             Кафедра меңгерушісі __________

                                                                                                                               2011ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

  1. Пайдаланған материалдар мен зерттеу көздеріне сипаттама:

Балаларға сөз тіркесі туралы түсінік беру, көркем, анық, дұрыс, сауатты сөйлеуге үйрету. Жазу,сөйлеу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық,орфоэпиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстарды жүйелі де жиі жүргізу.

2. Студент дайындаған  сұрақтар тізімі:

1. бастауыш сыныптарда сөз тіркесі ұғымын оқытудың мақсаты, қойылатын талаптары, сөз тіркесі бойынша жүргізілетін жұмыстың әдіс-тәсілдері, жұмыс түрлері;

2. оқушыларға сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлері мен мысалдарын көрсету.

3. Ұсынылған  әдебиеттер тізімі:

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
  2. Рахметова С.Р. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2007. – 184 б.

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: 2003. – 127 б.

4. Графикалық  материалдар тізімі:

Теориялық бөлімі бойынша  кестелер, сызбалар, суреттер дайындау, анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент жұмыстарының нәтижелері, салыстырмалы кестелер мен диаграммалар.

5. Диплом жұмысын  жазудың күнтізбелік кестесі:

Жұмыс түрлері мен  мазмұны

Орындалған мерзімі

Орындалуы туралы белгі

1

Дипломдық жұмыстың мақсатын, міндетін, нысанын, пәнін, болжамын, зерттеу  әдістерін айқындау

14.10.2010

 

2

Зерттеудің теориялық  бөлімін дайындау

11.11.2010

 

3

Практикалық бөлімнің теориялық  моделін дайындау

30.11.2010

 

4

Алғашқы диагностика  нәтижелерін талдау

07.12.2010

 

5

1 сыныпта тәжірибелік сабақтарды дайындау мен өткізу

14.12.2010

 

6

Екінші  диагностика нәтижелерін талдау

12.04.2011

 

7

Тұжырымдар, ұсыныстар, қорытындылар

22.04.2011

 

8

Дипломдық жұмыстың өңделген нұсқасын ұсыну

20.05.2011

 

  1. Диплом жұмысының аяқталған мерзімі: 27.05.2011 ж.

 

Ғылыми жетекші:                              

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе..........................................................................................................

3

I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері

1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік................................................

 

9

1.2.Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу...............

14

1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары............................................

18

ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері

 

2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары................................

27

2.2.Тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі................................................

38

2.3. Сабақ жоспарының үлгілері................................................................

43

Қорытынды ................................................................................................

52

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................

54


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.

Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың  аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір  халық өз тілінде асыл армандары  мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»

Демек, айтылғандардан шығатын  қорытынды, тіл - адам қоғамның рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін бастауыш мектепте бір-бірімен тығыз байланыста, тіл білімнің қайнар көзін сөйлесім құралы ретінде оқытудың маңызы ерекше. Осындай оқыту процесі арқылы балалар өз сөздерін еркін құрастырып, өз ойын анық, дәл жеткізеді. Соңдықтан, бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Қазіргі заман бастауыш мектепке арналған оқулықтарда сөз тіркесі туралы мағлұматтар аз берілген. Мұндай құбылыс қазақ тіліне арналып шыққан соңғы екі ғасыр уақытқа тән. Оқулықтың сапасы оның әдістемелік негізіне байланысты, сондықтан оқулықтар алдыңғы қатарлы әдістемелік жетістіктерге сүйеніп жазылады. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматиканың, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Осы тұрғыдан тақырып өзекті. Бұл тақырып жөнінде бүгінгі таңға дейін ғылыми зерттеу жұмыстары орындалмаған. Сондықтан аталған диплом жұмысы алғашқы жұмыстардың бірі.

Диплом    жұмысының    мақсаты.   Бастауыш    мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру, олардың сөйлеу   тілін дамыту арқылы тілдік қабілеттерін жетілдіру.

 

Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің 
    оңтайлы жолдарын анықтау;
  2. Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын 
    қалыптастыру;

3.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын 
айқындау.

Диплом жұмысының  нысаны болып - Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды.

Диплом   жұмысының әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.

Диплом жұмысы екі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында оқушылардың сөз тіркесін оқыту тәсілдерін қолданудың міндеттері айқындалды.

Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдерін қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдерінің тиімді түрлері анықталып, жүйеге келтірілді. Оқыту процесінде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.

Диплом жұмысының  теориялық маңызы. Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдерін оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.

Диплом жұмысының практикалық маңызы

Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ  тілінен алған білімін тереңдетуге  және тілдік материалдарды дұрыс  игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ  тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері

1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік

Синтаксистің объектісіне  сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғыны В.В.Виноградов «Завершающей частью грамматики» деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық жиынтығын шоғырланған тобы деп берген болатын.

Кейде осы күнге дейінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де кездеседі.

Әсіресе осы синтаксис  салаларының ішіндегі соңғы кезде  жан-жақты қолға алына бастаған синтаксистік объектінің бірі - сөз тіркесінің синтаксисі. Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі жөнінде қазақ тілі және қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық және мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мәселелер қамтылады. Бұл зерттеулерге қарағанда сөз тіркестерінің теориялық мәселелері жан-жақты зерттеу объектісі бола бастағанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқу, яғни оны оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мәселелер жан-жақты қарауды күтіп отырған күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, түркологиялық еңбектерде бірізге түспеген мәселелер баршылық.

Атап айтқанда, сөз  тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ  одан тыс категория ма, сөз тіркесінің номинативті, не коммунакативті мәні, сөз тіркесіне салалас, не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрылысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.

1. Сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? деген мәселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мәселенің өзі тек түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тіл білімінде В.Виноградов, В.Н.Ярцева, Д.Ю.Корбин, К.Н.Абервух, түркологияда М.Балақаев, М.З.Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде яғни сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қолданылады деп дәлелдейді.

Шынында да, сөз тіркесі  де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз лексиканың, семасиологияның, морфология мен синтаксистің объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер, (ТТ) күрделі терминдер (КТ) де сол сияқты өмір сүреді. Сондықтан сөз де, тұрақты тіркес те, күрделі тіркес те сөйлемде

қолданысы жағынан ұқсас. Олай болса бұл топтар сөйлемге материал. Әрбір сөз сөйлемде өзара мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады. Сөз тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы өзі, оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, сөйлемнің ойды білдірудегі алғы шарты сөз тіркестері арқылы жүзеге асатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек  сөйлемде жұмсалатындығының негізі шарты. Әрине мына нәрсені де еске алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Әрине, ол сөйлемнің негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бірлігінің айқындалса керек.

Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз немесе күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. Күрделі тіркес пен тұрақты тіркес те басқа сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемнің де аясын кеңейтеді. Бұдан шығатын қорытынды - сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.

2. Сөз тіркесі - синтаксистік единица. Сөз тіркесі сөйлем жасаудың негізгі материалы болуының өзі синтаксистің бір саласы ретінде жұмсалатынының белгісі. Орыс тіл білімінде сол сияқты түркологиялық білімнің алғашқы қалыптасу кезінде де сөз тіркесі айтылып келеді. Бірақ сөз тіркесі бірде жай сөйлемнің синтаксисінде, кезде керісінше жай сөйлемнің сөз тіркесінің бір нұсқасы ретінде қарастырылады. В.В.Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір жеке объектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі жайлы еңбектердің барлығында синтаксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі және сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр. Осы сияқты бағыт түркологиялық әдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Е.И.Убрятова сөз тіркестерінің сөйлем мүшелерінің ыңғайында қарастырды, осы пікірді С.Аманжолов та қолдаған-ды. Ал қазіргі кезде сөз тіркесі қазақ тілінде де синтаксистік единица ретінде арнайы қарастырылып келді. Солай бола береді. Дегенмен, сөз тіркесінің синтаксистік единица екені туралы соңғы кезде талас пікірлер де орын ала бастады.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту