Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:50, дипломная работа
Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.
Кіріспе..........................................................................................................
3
I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік................................................
9
1.2.Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу...............
14
1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары............................................
18
ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері
2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары................................
27
2.2.Тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі................................................
38
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері................................................................
43
Қорытынды ................................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
54
Жауабы: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар, қалан.
Бұл ойын оқушылардың қазақ тілі дыбыстарын дұрыс игеру дағдыларын жетілдірумен қатар, олардың сөздің қорын дамытады, логикалық ойлауға үйретеді. Оқушылар жасырылған өлең шумағының мағынасын, оның тәрбиелік мәнін жете түсінеді.
Келесі «Қадам бас» ойыны оқушылардың тапқырлығын дамытуға, У дыбысының өзіндік ерекшелігін терең түсінуге негізделеді. Бұл ойын қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын меңгеріп болғаннан кейін, білімдерін бекіту мақсатында қолданылады.
Ойынның мақсаты: Оқушылар баспалдақ күйінде берілген тор көздегі сөздерді дұрыс табуы қажет.Тор көздің санына қарай табылған сөз толық мағыналы болуы шарт.
Ойын ұзақтығы: 10 минут
Ойынның кезеңдері:Ойынның алғашқы кезеңінде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп, у дыбысының өзіндік белгілерін атауды тапсырады. Келесі кезеңде оқушылар тапсырманы орындайды.
Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар сөздерді дұрыс құрауға үйренеді.
Ойынның тиімділігі: Оқушылардың фонетикалық дағдыларын жетілдіреді.
У | ||||||||
| У | |||||||
| У | |||||||
| У | |||||||
| У | |||||||
| У | |||||||
| У | |||||||
У | ||||||||
У |
Жауабы: у, ау, тау, ауру, жырау, атырау, қоңырау, көкшетау, маңғыстау.
Ойын барысында оқушылардың фонетикалық дағдылары жетіліп, сөздік қоры дамыды. Бастауыш сыныпта оқушыларға дыбыс жүйесін меңгертуде бұл ойындардан басқа да көптеген ойындар ойнатылды. Осының әсерінен оқушылар дыбыстардың түрлерін, олардың негізгі ерекшеліктерін жете ұғынды.
Бұл жұмыстардың барлығы да сөз тіркесін тиімді меңгертуге көмектесті. Оқушының сөз тіркесі туралы түсінігі кеңейтті, терең білім алуға жәрдемдесті.
IV. Жаттығу жұмыстармен катар, оқудың тиімділігін аттырудың алғы шарттарының бірі — оқушы білімін жүйелі тексеру. Алған білімді жүйелі тексеріп отыру - оқушының оқу белсенділігін көтеру. Оның оқу матеиалын жетік меңгеруіне, оны тілде, іс-жүзінде қарым-қатынастық бағытта қолдануына мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда оқушының белсенділігін, білімін тексерудің тиімді жолдарының бірі — тест жолы арқылы бақылау. Тест, біріншіден уақытты үнемдейді, екіншіден, сынып оқушыларының білімін аз уақытта толық тексеруге жағдай жасайды. Әрине, тесттің тиімділігі оның оқу материалының мазмүмнын дәл, толық аша алуына және оны түрлендіріліп жүргізілуінде екені сөзсіз.
Тестің әртүрлі жкітелі белгілері бар. Атап айтқанда, тест жүргізудің мақсаты, бақылау түрлері, тапсырманың құрылысы, тест тапсырмаларының мазмұны, орындалуы, жүргізілуі т,б.
Тестілер оқушылардың білімін тексереді және тілді игеру мүмкіншілігін бақылайды, анықтайды.
Профессор Қ.Қадашева: «Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері деп аталатын өзге тілі дәрісхалардағы қазақ тіл такырыбына жазған докторлық дисертақиясында тест түрлерін жетіге бөледі.
Соңғы кезде әдіскер-ғалымдар тесттердің мынадай түрлерін саралап көрсетіп жүр:
Бақылаушы тесті бағдарлама бойынша ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы белгілі бір деңгейін анықтайды.
Бұған кіретін тапсырмалар: сөздердің көп мағыналылығы, салықтыру, синонимдік, антонимдік қатарларды табу; артық сөзді табу (Масыла, уақыт, мезгіл, шақ, үнемі) түрінде беріледі. Ал грамматикалық тестілер тапсырмаларды грамматикалық тұлғаларды тануға, өзгертуге, дұрыс қолдануға құрылады.
Анықтаушы тест - сынаушының дайындық деңгейін салықтыру және оны есінде сақтау мен қабылдау мүмкіншілігін анықтауға құрылады.
Аудиклоуз тесті - грамматикалық түрде беріледі. Таспа арқылы тындалған мәнінің ішінен түсіріліп, жазылмаған сөздерді, әріптерді, сөз тіркестерін тиісті орынға қойып, толтырып жазуға арналған.
Аудитест тестісі - естігенін қабылдауға арналған. 2-3 тыңдап түсінгенін жазбаша жазып береді.
Диагностикалық тест
- бұрынғы алған білімінің
Үйретуші тест - оқу материалдарын тегіс қамтитын тапсырмалардан тұрады.
1. Мын сөздерден сөз тіркестерін табыңдар.
а) Жүрек жұтқан
ә) әдепті бала
б) хат пен дәптер
2. Сөз тіркесі
мен тұрақты тіркестің айырмашылығы
бар ма?
а) бар
ә) жоқ
б) мүмкін
3. Мына сөз тіркестерінің бірінші сыңары қай септікте тұр?
Биіктен түсу, мұғалімнен сұрау, қиыннан қорықпау, жаманнан
жирену, жақсыдан үйрену.
а) барыс септік
ә) шығыс септік
б) жатыс септік
4. Сөз тіркесі
құрамындағы сөздердің жалғаулар арқылы
байланысуын қандай байланыс деп атайды?
а) синтетикалық
ә) фонетикалық
б) лексикалық
5. Сөз тіркесін
құрауда ерекше рөл атқаратын қай жалғаулар?
а) септік жалғаулары
ә) сөз табы
б) сын есім
6. Мына сөз тіркестерінің бірінші
сыңары қай септікте тұр?
Жолмен жүру, балтамен жару, көзбен
көру, қолмен ұстау,
кезекпен сөйлеу, инемен тігу.
а) барыс септік
ә) шығыс септік
б) көмектес септік
7. Мына сөз тіркестерінің бірінші сыңары қай септікте тұр?
Суда жүзу, есте сақтау, жолда кездесу, далада
жүру, үйде отыру, күзетте
отыру.
а) барыс септік
ә) жатыс септік
б) ілік септік
8.Мына сөз тіркестері қай сөз табынан жасалып тұр?
Қол сағат, көз әйнек, түлкі тымақ, қой қора, киіз үй, жез шәугім, қыш құмыра.
а) зат есім
ә) сын есім
б) үстеу
9. Есімді сөз тіркесін табыңыз?
а) сүрте сал
ә) жазып қой
б) болып тұр
д) жиырма екі бала
10. Етістікті сөз тіркесін табыңыз?
а) көктем шықты
ә) оның дәптері
б) үйге келді
д) әсем дала
Сөз тіркесін оқыту барысында
оқушылардың сөз тіркесі
1. Жалпы сөз тіркесі туралы
алған білімдерін қай деңгейде
игергендерін білу;
Бұл тестің мақсаты - сөз тіркесі синтаксисі туралы алған білімдерін анықтау, тексеру.
2. Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата
білуін анықтау;
Бұл
тесттің мақсаты — оқушылардың сөз
тіркесін өзіне үқсас тұлғалардан, сөйлемнен,
күрделі сөздерден, атаулық тіркестерден,
тұрақты тіркестен, сөздердің салалас
қатарларынан ажырата алатындыктарын
тексеру.
3.Сөйлемдерді сөз тіркесіне талдау мүмкіндіктерін тексеру;
Бұл тесттің мақсаты - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөз тіркесі туралы алған білімдерін іс жүзінде қолдана алтындықтарын байқау, анықтау.
Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беруге бағытталған эксперимент жұмысы Жаңатаң жалпы білім беретін негізгі мектебінде жүргізілді. Эксперименттің мақсаты - бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғымды қалыптастыра оқытуға ұсынылған әдістеменің тиімділігін анықтау. Педагогикалық эксперимент екі кезеңде жүргізілді: анықтау кезеңі және қорыту кезеңі.
Педагогикалық эксперименттің анықтау кезеңінде бастауыш сыныптарда қазақ тілін, оның ішінде, морфологиялық ұғымдарды оқыту барысы бақыланып, дамыта оқыту идеясына қажетті теориялық-практикалық, танымдық сипаттағы материалдар жинақталды. Мұғалімдерге сауалнама, оқушыларға тест жұмыстарын жүргізу; бастауышта сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнымен танысып, сағат санын анықтау; оқушылар санын белгілеу; бастауыш сыныпта сөз тіркесін оқытуда берілетін тапсырмалардың маңызы мен қолдану орнын айқындауға қажетті әдістер анықталды. Эксперименттің анықтау кезеңінде педагогикалық үрдіске қатысушы мұғалімдерге арналған сауалнама, әңгіме жүргізілді.
Мектеп тәжірибесін бақылаудан және сауалнамадан түйгеніміз:
а) мұғалімдер грамматикалық құбылыстардың мағынасын ұғындыруға бағытталған танымдық жаттығулар мен тапсырмаларды аз қолданады.
б) Білімді меңгеру сапасының өлшемі оқушылардың анықтаманы дәл қайталап беруі, сөздегі грамматикалық белгілерді тез және дұрыс анықтауы болып табылады.
в) Мұғалімдер сөз таптарын оқытуда тек оқулықпен шектелетінін жазды.
г) Сабақта оқушылардың ұлтгық ойлау, ұлттық танымын қалыптастыруға арнайы жұмыстар жүргізілмейтіні байқалды.
д) Сабақта көбіне баяндау, сұрақ-жауап әдістерін қолданады, белсенді әдістерді қолданатындар саны 35 % -ды құрады. Бұл жағдайдың себебі көптеген мұғалімнің жаңаша әдіс-тәсілдерді жетік және орынды қолдану жолдарын сауатты меңгермеуі, оқушыны субъектілік әрекетке үйретпеуі байқалды.
Оқушылардың алғашқы танымдық түсініктерінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында арнайы тапсырмалар әзірленді. Тапсырмалар оқушылардың ұғымдарды меңгеру деңгейін: түсініктердің мазмұны мен толықгығы, объект немесе құбылысты бейнелеу, моделін құрастыру, суретін салу, заттар мен объектілерінің арасындағы байланысты айыра алу білік - дағдыларын анықтауға бағатталды. Анықтау нәтижесінде оқушылардың алғашқы танымдық түсініктерінің қалыптасуы (сөздерге анықтама беруде қиналуы, ойларын толық жеткізе алмауы, сөздік қорларының аздығы, ауызша сөйлеу дағдыларының жетілмеуі, заттың, құбылыстың ортақ, айырым белгілерін ажыратуда қиналуы т.б.) төмен деңгейді көрсетіп, арнайы эксперимент жұмысын жүзеге асырудың қажеттігін анықтады [1-кесте].
1-кесте - 1-сынып оқушыларында алғашқы танымдық түсініктердің қалыптасу деңгейлері (анықтау эксперименті, 2010 ж.)
Танымдық түсініктердің қалыптасу деңгейлері |
Эксперимент тобы |
Бақылау тобы |
1 а |
1 б | |
Жоғары |
10% |
6% |
Орта |
39% |
29% |
Төмен |
32% |
42% |
Барлығы |
15 оқушы |
11 оқушы |
1-сынып оқушыларының бастапқы танымдық түсініктерінің қалыптасу нәтижесі бірдей деңгейде. Осыған орай, оқушының оқуға уәжділігін тудыратын, құрылымы бойынша әдеттегі тапсырмалардан ерекшеленетін және зерттеу жұмысымыздың басты мазмұндық өзегі болып табылатын дидактикалық құралды жобалауды алдыңғы кезекке қойдық. Анықтау эксперименті кезінде орын алған кемшіліктерді жою мақсатында жинақталған материалдар сұрыпталып, тәрбиелік, танымдық мәні бар тапсырмалар жиынтығы жасалды. Тақырып бойынша сабақтарды дамыта оқыту технологиясының сабақ құрылымы бойынша ұйымдастыру көзделді.
Сөз тіркесін оқыту арқылы меңгертуді жүзеге асыратын оқыту кезеңі басталғанда 1а сыныбы экспермент тобы, ал 1б сыныбы бақылау тобы болып бекітілді.Алынған деректер нәтижесінде оқыту эксперименті басталды. Оқыту кезеңінде, 1а сынып оқушыларының ұғымдар бойынша таным қабілеттерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін мәнсіз белгілерден айыру, ортақ қорытынды жасай білу, жалпылау операцияларын, заттар мен құбылыстардың белгілерін ажырату, ұгымдардың арасындагы логикалық байланыстар мен қатынастарды құрастыру қабілеттеріне т.б. зерттеу жүргізілді [2-кесте].
2-кесте - 1-сынып оқушыларының таным қабілеттерінің қалыптасу деңгейлері (қалыптастыру эксперименті, 2011 ж.)
Ұғымдар бойынша таным кабілетгерінің қалыптасу деңгейлері |
Эксперимент тобы |
Бақылау тобы |
1а |
1б | |
Жоғары |
34% |
16% |
Орта |
46% |
44% |
Төмен |
20% |
40% |
Оқу жылы аяғында 1а және 1б сыныптарында сөз тіркестерін оқытуды жүзеге асыруға жасалған әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында екінші рет тапсырмалар жиынтығы беріліп, оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейі анықталды [3-кесте].