Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:50, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................
3
I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік................................................

9
1.2.Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу...............
14
1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары............................................
18
ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері

2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары................................
27
2.2.Тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі................................................
38
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері................................................................
43
Қорытынды ................................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
54

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.DOC

— 583.00 Кб (Скачать документ)

А.Н.Гвоздев, Д.В.Фоменко сияқты ғалымдар, әсіресе, соңғы ғалым «Словосочетание является ли единицей языка?» деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға тиіс емес деген қорытындыға келді. Осы мақаланың төңірегінде де даулы мақалалар жарияланды. Сол жарияланған мақалалардың негізгі сөз тіркесінің единица екеніне баса назар аударды.

Негізгі сөз тіркесінде синтаксисі, синтаксистің негізгі бір  саласы. Ол дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа дейінгі  грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлемнің де сөз жасалу жігі өзіндік тобы болатыны еске алынуы керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы көріне алады. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлемде емес. Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің аясын кеңейту, соны дамыту үшін жұмсалады. Соған материал болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единица екенін дәлелдесе керек.

3. Номинативті мән. Сөз тіркесінің сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы да бірнеше көзқарастарды байқауға болады. Жалпы сөз тіркесімен сөйлемнің әрқайсысының өз қызметі бар. Сол қызметті сөз тіркесінде номинативті сөйлем коммунативті екені туралы пікір алғаш рет В.В.Виноградовтың еңбектерінде кездессе, соңғы еңбектерде олардың ерекшеліктері түрлі бағытта айтылып жүр.

В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, В.В.Бабайцева, А.Н.Баскаков сөз тіркестерінің номинативті мәнін айтса, В.Г.Адмони сөз тіркесінде номинативті мәнімен бірге коммуникативті мәні туралы да айтады. Ю.В.Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенің жоққа шығарса, А.Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің граматикалық жағына назар аударады. Жалпы номинативті мән сөзге тән, сондықтанда сөз заттың, қимылдың, санның, сынның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен номинативті мән іздеудің ойға қона қонбайтынын мынадай жайттардан байқауға болады. Сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті таулардан құралған синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативтікте (атауышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса, жақсы студент, екі бала, баланың кітабы деген сөз тіркестеріндегі әрбір бағыныңқы сөздердің әрқайсысының өзіндік номинативті мәні бар екені мәлім. Енді сол номинативті мәні бар сөздердің тіркесі арқылы тағы бір номинативті мән пайда болады деуге келе бермейді. Демек номинативті мән тек жеке сөздерге тән, кейде ондай мән сөз тіркестеріне формалық жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау, газет. Журнал, мақала, кітап аттары мен тұрақты тіркесте ғана болады.

Күрделі тіркес кемінде екі-үш сөзден құрала отырып, олардың әрқайсысының өзіндік жасалуы болады. Сол тобымен тілде номинативтік қызметте жұмсалады. Әрине сол күрделі тіркес пен сол іспестес синтаксис тіркестер кейде бір-біріне ұқсас та бола береді. Мына мысалдарға назар аударайық, мысалы, үлкен – кіші – биік – қарлы – аласа – қарсыз – тау.

Бұлар тау сөзінің әр түрлі сындық қасиетін көрсетсе керек. Ондай сындар тау сөзінің әр түрлі қасиеттерін көрсетеді де, өзінің анықтайтын сөзімен синтаксистік сөз тіркесін құрайды. Сол сияқты Ардақ өзені бар да, сол өзеннің әр түрлі ерекшелігін білдіретін сөздер еркін синтаксистік топ құрайтын болса, енді Кіші Ардақ ән аты арқылы белгілі бір атау ретінде де жұмсалады. Осы сияқты номинативтік мән сын есімді анықтауышты тұлғадағы сөздер арқылы ғана емес, «Біз тау қиялап жүріп келеміз» немесе «Өзіміздің туған жерде еңбек қарқынын арттырудамыз» деген сөйлемдердегі асты сызылған зат есім мен көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі «Тау қиялап, Туған жер» атауыш тіркестердің қызметі мен мәні бірдей емес. Біріншісінде кәдімгі еркін тіркес ретінде жұмсалса, екіншісі әннің аты ретінде жұмсалған. Сол сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде «Қазақстан әйелдері», «Бастауыш мектеп», сияқты журнал аттары немесе Мешін жылы, Тұнық су, сияқты аттарды сол сияқты басқа да атаулар сол арнайы кітап, журнал беттерінде жазылған орнында ғана номинативтік мәнге ие де, егер тұнық судан іштім, мешін жылы туыппын сияқты айтылатын болса, әдеттегі анықтауыш анықталушы сөздер тобы болып шығады. Сол  формада еркін тіркесте немесе осы сияқты күрделі атау ретінде жұмсала береді. Сонда күрделі атау, терминдер кемінде екі сөзден бірігіп жұмсалғанымен,  олар сол тобымен бір заттың атын білдіруі,  олардың еркін тіркестен негізгі айырмашылығы болып табылады. Сонымен кез келген екі немесе одан да көп сөзден келген сөздер тобының бәрі еркін тіркес ретінде жұмсалмай, атауыш қызметінде де жұмсалады. Ондай қызметте жұмсалатын сөз тіркестеріне газет, журнал, кітап аттары, күрделі тіркестер мен күрделі атаулар жатады.

 

Д.В.Фоменко номинативті  мән туралы айта келіп: «номинативті мән анықтауыштық қатынастағы дара сөз тіркестеріне (белая березка), тән дей келіп, ал (редкая критика  профорга за бездеятельность) күрделі және құрама сөз тіркестерінде ойлану керек деген болатын. Шындығында, жай сөз тіркестерінен номинативті мәнді іздеуі автордың күрделі атау мен еркін сөз тіркестерін ажыратпаудан шығып отыр. Негізінде номинативті мән сөз тіркестерінің дара түріне тән, күрделі түрі жайлы ойлану керек деген пікіріне біз қосыла алмаймыз. Негізінде сөз тіркесін дара, күрделі, тіпті аралас түрлері жайында номинативті мәннен гөрі грамматикалық жағына назар аудару - негізгі принцип.

Сонымен сөз тіркестерінен  номинативті мәннен гөрі олардың синтаксистік ерекшіліктерін айқындау орынды.

4. Сөйлемдегі  сөздердің байланысы. Сөйлемдегі сөздер сабақтаса және салаласа байланысады. Жалпы тіл мамандарынның арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу туралы пікір таласы болмаса керек. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топтен бірген салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады.

Егер, сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөздердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қызметі мен мағыналық тобы, әр түрлі сөз таптарынан жасалуы сөз болып келсе, салаласа байланысқан сөздер тобын сөз тіркесіне дейін ғалымдар: олар тең дәрежеде әрі жалғаулы, әрі жалғаусыз болады деп, Асан мен Үсен, жазушы мен оқушы, жақсы мен жаман, әрі оқыды, әрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да байланысады деушілер сөз тіркесін басқаша түсінеді. Неге сөз тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз?

1. Сөз де ондай тіркесу нәтижесінде жаңа грамматикалық мағыналар пайда болады (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық). Сол мағыналар тек сабақтаса байланысқан сөздерде ғана пайда болады.Ондағы сөздер бір-біріне бағынады. Ал,салаласа байланысқан сөздерде ондай қасиет болмайды. Сондықтанда ондай топ сөздер тіркесі емес. Дегенмен кейде ол топқа жатпайтын қызыл ала, көк жасыл, жеті жүз жиырма бір, алты жүз, мың бес жүз, оқып отыр, оқып еді тәрізді сөздер тобынан не салаластық, не сабақтастық элемент таба алмаймыз. Әсіресе мұндағы сын есім, сан есімдермен салыстырғанда күрделі етістіктерде бір сыңары толық мағыналы да, екінші сыңары көмекші қызметте жұмсалады.Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады. Ондай сөздер тобы күрделі сөздер тобын құрайтындықтан, өзара сөз тіркесі бола алмайды.Тек сабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркестерінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу

Сөз тіркесінің жалпы мәселелермен бірге оның жеке тілге, яғни қазіргі қазақ тіліне тікелей қатысты мәселелерін жан-жақты зерттеу қажет. Бұл - оның байланысу формасы мен байланысу тәсілі, түрлері, кейбір сөз таптарының тіркесу қабілеті т.б. мәселелерді жеке-жеке қарауды талап етеді. Біз төменде сол мәселелердің әрқайсысына арнайы тоқталамыз.

Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп  отырады. Синтаксистік құрылыстағы  өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде әр кез айтылып жүрген жайт. Ал, синтаксистік құрылымының үлкен бір саласы - сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы Н.Ю.Шведова: «Изменения в системе словосочетаний происходят значительно быстрее, чем в системе предложения» деп атап атйтады.Осы пікірді қазақ тілі материалы бойынша Т.Қордабаев, С.Исаев, т.б. көптеген авторлар қолдайды.

Сөз тіркестері құрамындағы  өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу  амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.

Синтаксистегі өзгешіліктердің  морфологиялық өзгерістерімен тығыз  байланыстылығы туралы айта келіп Б.Серебренников  пен Н.Гаджиева «туыс тілдерде тарихи морфологиялық тарихи синтаксис болмайды» деп, біріншіден, басқа тілдермен салыстыру дәрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің бұрынғы күйі мен қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады.

Қазақ тілі ыңғайында  мына тәрізді тарихи өзгерістерді айтуға болар еді. Кейбір қосымшалар бір байланысу формасындағы сөз екінші байланысу формасына ауыстырып жібереді. Мысалы, -шы қосымшасы Жүреді қашанғы өлмей адам («Топ жарған») деген мысалдағы қашан сөзі барыс жалғауында өлмей сөзімен өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құраған. Дегенмен, оған -ша қосымшасының жалғауы енді оны қабыса байланысқан сөз тіркесіне айналдырған.

-ғы,-гі жұрнағының кейде арнайы байланысу формасындағы сөздерді өзгертетіндігі туралы А.М.Шербак дұрыс айтады.

а) Жатыс - жолдағы, ертеңгі т.б.

б) әр түрлі формадан кейін

 

         Сол сияқты автор - сыз,- сіз жұрнақтары бір сөз тобындағы сөзді екінші сөз табына, яғни су зат есімі сусыз болып енді сын есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасайтындығын көреміз. Кейбір шылаулы тіркес туралы проф. К.Мусаев Қазан революциясына дейін үшін шылаулы ілік жалғаулы есімдікті керек ететіндігі міндетті болғандығын айта келіп, қазіргі кезде мен үшін яғни ілік жалғауынсыз да айтылуын сөз етеді. Мұның өзі кейде шылаулы тіркестер қазіргі кезде көбіне атау мен іліктен басқа септіктерге тән делінетін қағидаға аз уақыттың ішінде өзіндік өзгерістің болғандығын дәлелдейді.

А.М.Шербак орта ғасырлық Түркі тілдерінде ілік септіктің  табыс септігімен алмасып жұмсалатын көрсетеді. Мұның өзі біздің еліміздегі матасу ретінде жұмсалатын ондай тіркестерді ол тілдерде меңгеру арқылы берілетіндігін де айқындайды.

Профессор М.Томанов ерсілі-қарсылы, азды-көпті т.б. —ды қосымшасы ескі дәуірде септік жалғауы ретінде қолданылған дейді. Бұрын меңгеріле байланысқан сөздердегі қосымша жалғаулық қызметінен ажырап, қазіргі кезде өлі формаға айналуынан, енді олар, тек қабыса байланысу ертінде қалыптасқандығын көруге болады. Осы іспеттес өзгерісті септік жалғауы ретінде жұмсаған -тағ, -тег, -тек қосымшасының —дай, -дей түбіріне айысу арқылы қалыптасқан сөз тіркестерін де көруге болады.

«Аффикс —сіз, -сыз не присоединяется к прилагательным и числительным.

Изредка рассматриваемый  аффикс приобретает дополнительный әлемент -ін, -ің являющийся омертвевшим аффиксом орудиного падежа. А: сенсіз, без тебя; құлсыз, без рабов», - деп А.Шербак қабыса байланысатын -сіз, -сіз жұрнақты сөздердің септік жалғауын қабылдап, бір уақыттарды меңгеріле байланыста болғандығын мезгейді, бірақ қазіргі тілімізде ондай құбылыс (жіктеу есімдіктері -сіз жұрнағын қабылдап, содан соң септелуі кездеспейді. Бұдан бірде қабыса, бірде меңгеріле байланысатын формалардың тарылу процесін көруге болар еді.

Көптеген зерттеушілер үстеулерді жасалуына қарай есімді және етістікті деп екіге бөліп  қарайды да, сонын ішінде үстеулердің  сөйлем құрамында жұмсалу барысында септік жалғауларының көнеленуі қалыптасқандығын көрсетеді:

барыс септікті - бірге

жатыс септікті - қайда, анда

шығыс септікті - қайдан

Бұл фактіден морфологиялық  және фонетикалық өзгерістер нәтижесінде  бұрын меңгеріле байланысқан сөздерден енді басқа байланысу формасына ауысу процесін көруге болар еді.

Т.Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды сәлем т.б. жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп, жарыс және сөз екеуі де

бұрыннан бар екендігін,  сондықтанда сөз жарыстыру, сөз таластыру тәрізді сөз құрағанмен, жарыс сөз түрінде айтылмағандығын көрсетеді. Ал қазіргі тілімізде жарыс және сөз өзара қатынасы жағынан да, мағыналық жағынан да басқа-басқа зат есімдер болса да, енді анықтауыш қатынастағы есімді сөз тіркестерінің қалыпты формасына түскен. Якут тілінде септігінің жалпы болмауы, түптеп келгенде, матасу, байланысу формасының жоқтығы, өзбек, татар тілдерде көмектес септектің мәні оны белән шылауы арқылы берілуі (трамвай белән килдим) синтетикалық тәсілдің орнына аналитикалық тәсілдің орнығып қалғандылығын көрсетеді.

Бұл айтылғандардан мынаны аңғаруға болады.

1. а) Септік жалғауындағы өзгерістер түптеп келгенде, меңгеру, 
матасу тәрізді байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді.

б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер бір байланыс формасының 
тәсілдері ішінде болады.

в) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтармен 
байланысты болып келеді. Солар арқылы бір байланыс формасы екінші 
тілге ауысып отырады.

2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мән алуы да сөз 
тіркесі құрамының дамуына әсер етеді.

Сөз тіркестерінің негізі - сөз таптары. Сөз таптарының бір-бірімен сөз тіркесінің құрауының басты тірегі тіркесімділік.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту