Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:50, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................
3
I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік................................................

9
1.2.Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу...............
14
1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары............................................
18
ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері

2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары................................
27
2.2.Тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі................................................
38
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері................................................................
43
Қорытынды ................................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
54

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.DOC

— 583.00 Кб (Скачать документ)

 

5-жатттығу. Сөз жұптарын оқыңдар. Сөз  тіркесінің   басыңқы сыңарының қай етістікте тұрганын ауызша айтыңдар, сұрақ қойыңдар.

Жұмысқа бару, үйге келу, үйірмеге жазылу, кезекке тұру, беске оқу, суға шомылу, тәуелсіздікке жету, сабақтан келу, жол сілтеу, секіріе-секіріп өту, мақтана салу, көзге күлімдеу, үйге келіп түсу.

Мақсаты - оқушыларды алған білімді жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.

Міндеті - тұйық етістік сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қызметін атқарып тұрғанына назар аударту.

Нәтижесі:

  • салааралық байланысытың әдістері қамтылды;
  • тілдік   құбылыстарды   талдау   және   олардың   практикалық 
    қажілеттікке айналдыру шеберліктері жетілді.

Бұл синтетикалық жаттығулардың  мақсаты - сөз тіркесіне тән басты  қасиеттерді үйрету, осы қасиеттер  арқылы оларды өзіне ұқсас тұлғалардан  ажырата білуге дағдаландыру, оқушылардың  логикалық қабілетін дамыту. Кез-келген тіркестің сөз тіркесі бола алмайтынын саналы түрде меңгерту бағытын да көздеді.

3.Шығармашылық сипаттағы жаттығулар негізінен оқушының шығармашылық ойлау қабілетін артыруға арналды. Мұндағы жаттығулардағы тапсырмалар білгелі тұлғада тұрған сөз тіркестерін құрау, сөз тіркестерінің сөйлем, мәтін құрауда алытын орнын көрсетуге бағытталды.

1-жаттығу. Сөз жұптарын оқыңдар. Олардық бірінші сыңары көмектес септігінде тұрған сөз тіркестеріне 6 сөйлем ойлап жазықдар. Үлгі: Оқушыларға отпен ойнамауға кеңес берілді.

Отпен ойнамау, үйге келу, көзбен көру, қолмен ұстау, қолымнан тапсыру, сызғышпен сызу, қағазбен орау, бормен жазу, минутпен есептеу, жолмен жүру, бірінші  кезекте көтеру, күрекпен қазу.

Мақсаты — оқушылардың логикалық ойлауын, түйсіну әрекеттерін жетілдіру.

Міндеті — көмектес септігі арқылы жасалған сөз тіркестерін таба білу. Нәтижесі:

  • тілдік бөлшектердің тіл жүйесіндегі орнын ажыратты;
  • оның маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті 
    іскерлік — дағдыларын қалыптастырды.

2-жаттығу. Екі сыңары да зат есімнен болган сөз тіркестерінен сөйлем құрап жазыңдар.

 

Үлгі: Ағаш күрекпен қар күреп жүрген Маратты, ол алыстан байқап келеді.

1. Күрек, киім, әдемі, үңгір, оқыған, жіп, еріншек, арқан, 
бусаған, қалам, кішкене.

2. Аяқ, жер, ағаш, аймақ, ине, өзен, тас, қыз, қыл, бала, кендір. 
Мақсаты - сөз тіркестерінің түрлері сөз таптары негізінде топтасатына 
көздерін жеткізу.

Міндеті - ойлау қабілеттерін жетілдіру. Нәтижесі:

  • әрбір сөз табының морфологиялық белгісін ажыратты;
  • зат есімнің ерекшеліктерін қайталап еске түсірді;
  • тілдік талдау жасады.

3-жаттығу. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркестерін құрастырып жазыңдар.

Үлгі: тұнъқ су.

І. Су, самал, тай, қауын, ағаш, дәптер, бала.

2. Асау, тұнық, салқын, биік, тәтті, жас, таза.

Мақсаты - сөз тіркестерін құрату.

Міндеті - сөз тіркесін білу үшін мағыналық байланыстың басты рөл атқаратынын меңгерту, үйрету.

Нәтижесі:

  • дұрыс құралмаған тіркестерді қайта үйлестіріп құрап үйренді;
  • морфологиядан алған білім дағдыларын салааралық байланыста 
    қайта жетілдірді;

- шығармашылық қабілеттерін арттырды.

 
4-жаттығу. Мына сөз тіркестерінен бес сөйлем құраңдар.

Жылы жаңбыр, мөлдір бұлақ, ашық аспан, әдемі жазу, қызыл ту, кең өріс.

Мақсаты - сөйлем құрап үйрету, тілін дамыту.

Міндеті -   сөз тіркесі мен сөйлемнің арақатынасын ажырата білуді қалыптастыру.

Нәтижесі:

  • қиялын дамытты;
  • сөйлемді дұрыс құрастыруға талпынды;

- жеке  басына тән интеллектуалды,  жалпы  және  жеке  оқу 
біліктерін қалыптастырды.

 

5-жаттығу. Мына тұрақты сөз тіркестерінен сөйлем қүраңдар

Қой аузынан шөп алмас. Ит жанды. Мұзға отырғызып кету. Жұмған аузын ашпау. Көзді ашып жұмғанша. Салы суға кету.

Мақсаты - тұрақты тіркестерді сөз тіркесінің бір сыңары ретінде пайдалану.

Міндеті - тұрақты тіркестің жеке өзі сөз тіркесі бола алмайтынын тілдік фактілер ретінде дәлелдеп көрсету.

 

Нәтижесі:

- тұрақты тіркестердің синонимін тапты;

тұрақты тіркестердің өзіндік  ерекшеліктерін анықтады;

  • ойды әсерлі берудегі мәнін түсінді;
  • сөз тіркесі мен тұрақты тіркестердің айырмашылығын саралады;
  • тұрақты тіркестердің синонимдес сөзді бір сөйлемде ауыстырып 
    қолданып, олардың әсерлігін салыстырды.

Жоғарыдағы шығармашылық сипаттағы жаттығулардың мақсаты  — оқушының логикалық ойлау қабілетін  дамыту, кез-келген толық мағыналы сөздер сөз тіркесі бола алмайтынын дәлелдеп көрсету, сөз тіркесі болу үшін мағыналық тіркесімділік болуы шарт екендігіне көздерін жеткізу, тұрақты тіркестердің сөз тіркесі бола алмайтындығын мысалдар арқылы үйрету, сөйлем кұрату арқылы тілдерін дамыту.

Осы жерде сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту мәселесін де айта кеткен жөн тәрізді. Оқушылардың жазба тілін дамытудың бір тармағы - байланыстырып сөйлеу тілін дамытумен байланысты мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету әдістемесі. Бұл салада Т.А.Ладыженская, Ф.Новожелова, Н.Белянкова, В.Мамушина, В.Дзуқев, П.Ивченков, Г.Смағүлова, Н.А.Иппометова, И.А.Шаповалова еңбектерін атауға болады.

Т.А.Ладыженская редакциясын  басқарған «Методика развития речи на уроках русского языка» оқу құралында  оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бағытында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерінің бірі - мәтінмен жұмыс :касауға үйрету делінген.

Мәтінге тілдік талдау жасау  — талдаудың маңызы компоненттерінің бірі. Әдістеме саласында тілдік талдау жасаудың қажеттілігін ең алдымен В.А.Добромыслов  айтқан.

Әдәстеме саласында байланыстырып сөйлеуді үйретуге арналған жаттығулар жете қарастырыла қойылған жоқ. Әдетте, мақсатына қарай дайындық, үйрету; өту орынына қарай сыныпта, үйде; ойды жеткізу формасына қарай жазбаша, ауызша; ойлау операциясына қарай аналитикалық, синтетикалық, аналитика - синтетикалық, деп бөлінеді. Т.А.Ладыженская: «Во-первых, упражнения по обучению связной речи должны быть охарактеризованы по их содержательной стороне, упражнения, направленные на овладение умением раскрывает тему высказывания, строить рассуждение, выступает с докладом и т.д.; во вторых, по заданиям, которые программируют усвоения учащимися определенных знаий и спосов деятельности», - дей отыра оңы бес түрін көрсетеді.

Мәтінді құру сөйлемді құрудан, оны әр типтегі, әр түрлі стильдегі, әр түрлі жанрдағы мәтінді қызыға білуге үйретуден басталады. Мазмұндама, шығарма жазу мәтін құраумен тығыз байланысты болғандықтан, оқушылардың осы ұғым туралы теориялық білімі болу шарт. Осы тұрғыда А.Тагиев өз ғылыми еңбегінде оқушылардың мәтін күрауда көп қате жіберетінін айта келе, бағдарламаға арнайы «Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту» тауаын және «Мәтін теориясы» тақырыбын енгізу қажеттігін айтады. В.Мамушин өзінің докторлык диссертациясында мәтінді құрумен (конструкциялау) байланысты оқушылардың жиі жіберетін қателерінің жүйесін жасаған. Ол шығарма мен мазмұндама жазуда алғаш құрған мәтінді жөндеу долдарын білудің және оның оқушы тілін дамытудағы рөлін айқындап ашып берген.

Осымен байланысты төмендегі  мәтіндермен әр түрлі жұмыстар жүргізу  сөз тіркесінің грамматикалық ерекшеліктерін, оның синтаксистен алатын орнын аша түсуге және оқушының тілді шығармашылық негізде меңгеруіне мүмкіндік береді.

Білім мазмұнының жаңаруына  байланысты оқыту үстінде көзделген  басты мақсат - білім берудің ұлттык моделін жасау. Осы бағытта іріктелетін оқу материалы - қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін танытатын тақырыптық мәтіндер. Атап айтқанда, Қазақстан тәуелсіздігіне қатысты мәтіндер, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері, ғылымынан хабардар ететін танымдық, тәрбиелік маңызы бар материалдар қамтылды.

Сөз тіркесін оқытумен байланысты шығармашылык сипаттағы мынадай  мәтіндерді жұмысымызда пайдаландық:

2001 жылдың 18 мамырында,  Еуразия қосқұрлығының қақ 
ортасындағы Астана шаһарында Қазақстан Республикасы атты 
тәуелсіз мемлекеттің елордасында қазақ деген халықтың ғана емес, 
бүкіл түркі дүниесінің тарихында өзіндік орнын ойып тұрып алатын 
орасан оқиға болды десек, ешқандай артық айтуға жатпас. Осы күні 
көне түркі заманның ұлы ескерткіші Күлтегін жазуының ғылыми 
көшірмесі оның заңды мұрагері — Қазақ елінің жер кіндігіне әкеліп 
орнатылды. 

(И.Тасмағамбетов).

 

Жоғарыдағы мәтінді  орындаудағы алға қойған мақсат пен  міндет - оқушылардың жүрегіне патриоттық сезім оялату, тәуелсіздіктің біз үшін қымбат екендігін ұғындыру, өзінің еліне, тарихына, тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптаста отырып, мәтіндегі негізгі ойды ашып тұрған сөз тіркестерін таптыру, оларға талдау жасату, осы тіркестерді пайдалана отырып, өздеріне қысқа мәтін құрату.

Нәтижесі:

  • оқушы   алдымен   мәтінді   оқып   шыққан   соң,   оған   тілдік 
    түсініктеме жасады. Яғни мәтіннің қысқаша мазмұнын айттып 
    шықты;
  • түсініксіз сөздердің мағынасын ашып көрсетті;
  • мәтіндегі ойды жеткізуге тірек болып тұрған сөз тіркестерін 
    тапты (тәуелсіз мемлекет, қазақ халқы, түркі дүниесі, орасан 
    оқиға, үлы ескерткіші, Күлтегін жазуы, ғылыми көшірме, заңды 
    мұрагері, қазақ елі).;
  • аталған тіркестерді байланыстыру тәсіліне, қай сөз табынан 
    жасалғанына, байланысу формасына талдау жасады;
  • сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларды (бұл жерде атаулық тіркестерді) 
    ажырата білуге тырысты.

Жаттығу жұмыстарын жүргізуде, тест арқылы оқушы білімін тексеруде, оқушыларға сапалы білім беруде қолданылатын жұмыстардың бірі - көрнекі құралдарды тиімді қолдана білу. Сөз тіркесін оқытуда көрнекті құралдарды қолданудың тиімді екенін бақылау, оқыту тәжірбиесінже байқалады. Әдістемелік, дидактикалық еңбектерде айтылып жүргендей, көрнекті қолданудың негізгі мақсаты, біріншіден, оқытудың көрнекті принципін жүзеге асыру болса, екіншіден, оқу материалының мазмұнын аша түсуге, окушыдардың грамматиканы, яғни таза тілді қабылдауын, оны практикада қолдана білуін неғұрлым жеңілдетеді. Осы тұрғыда көрнекіліктер кескінделген және техникалық оқу күралдары немесе әкранды дыбыстық деп бөлінеді.

Кескінделген көрнекі  құралдарға дианамикалық, грамматикалық кестелер, схема, сурет, үлестірме кесте қағазы, перфоркарта, альбом, бүктеме т.б. жатады.

Экранды - дыбыстық көрнектіліктерге слайд, кинофильм, диафильм, телехабар, бейнежазба, үнтаспа, компьютер т.б. жатады.

1. Сөз тіркесін оқытумен  байланысты ең жиі қолданылатын көрнектіліктің түрі - дианамикалық кестелер, схемалар.

а) Сөз тіркесі мен  оған үқсас тұлғаларды игеруге арналған кестелер.

 


Сөз

Күрделі

Тұрақты

Сөздердің

Атаулы

Атаулық

тіркесі

сөздер

тіркес

салалас

сөйлем

тіркестер

     

қатары

   

Боз

Бозторғай

Жүрек

Сұлу да

Жаз. Түн.

Опера және

кілем

жолдас-

жүтқан,

сымбатты

Аспанда

балет

үйге

жора

көзді ашып

қыз бен

жұлдыздар

театры,

келді

 

жұмғанша

жігіт

жымыңдайды

қант

         

қызылшасы




 

 

Бұл көрнекілік құралдың мақсаты - мысалдар арқылы сөз тіркесін өзіне ұқсас тілдік тұлғалармен салыстыра отырып түсіндіру, олардың айырмашыльщтарын анықтау, айқындау. Көру сезімі арқылы окушының есінде сақтап қалуына жәрдемдесу.

ә) Ал екінші кестенің мақсаты - сөз тіркесін топтастырудың түрлерін айқындау, кесте арқылы сабақты бекіту, толықтыру.

 

Сөз тіркесінің түрлері

 

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Биік ағаш, әдемі қала, отыз бала, ауылдың баласы

А Асығып сөйледі, үйге келді, баламен әңгімелесті, сабақтан соң қалды


 

Нәтижесі:

  • көру сезімі арқылы сөз тіркестерін естерінде қалдырды;
  • морфологиядан алған іскерлік дағдыларын пайдаланды;б) Схема арқылы сөз бен сөздің байланысуын, яғни сөздердің тіркесімділік қасиетін меңгерді.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту