Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:50, дипломная работа
Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.
Кіріспе..........................................................................................................
3
I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік................................................
9
1.2.Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу...............
14
1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары............................................
18
ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері
2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары................................
27
2.2.Тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі................................................
38
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері................................................................
43
Қорытынды ................................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
54
IV.Тест арқылы оқушы білімін тексеру. Оқушының білім дәрежесін бағалайтын педогогикалық өлшем, шама. Оқушының сөз тіркесі синтаксисінен алған білімін тексеру, бақылау процестері тәрбиелік, жүйелік, жан-жақтылық ұстанымдарына негізделді.
Жалпы әдістеме ілімінде
жаттығулар жүйесін жасау мәселесі
-оқыту жүйесіндегі күрделі
Қазақ тілін игерумен байланысты жүргізілетін жұмыс - оқушылардың алған білімін әртүрлі жағдайда қолдана білуі мақсат тұтатын оқу әрекетінің түрі. Жаттығуларды даярлау арқылы ғана оқушы ізденеді. Алдына қойған мақсатын шешуге тырысады.
Жаттығулар әдісінің негізгі қызметі - оқушының алған білімі мен іскерлегінің тез дағдыға айналуы және практикалық жағдайда орындай алуға мүмкіндік жасау. Жаттығу жұмысын жүргізу әр пәннің міндетті бөлігі. Теориялық материалдарды берік меңгерту жаттығулар жұмысының тиімді де жүйелі құрылуына байланысты. Жаттығу жұмыстары жеңілден басталып, бірте-бірте күрделене түсіп, шығармашылық деңгейдегі жаттығуға дейін көтерілуі тиіс.
Әдістемелік еңбектерде жаттығу жұмыстарын әртүрлі топтау жүйесі бар:
Әдіскер ғалым А.Әбілқаев: «Жаттығу тілді оқыту процесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Жаттығуларсыз қазақ тілі сабағын өткізу мүмкін емес», - дей келе, қазақ тілін оқытумен байланысты жаттығуларды орындай түріне қарай ауызша, жазбаша, қиындық дәрежесіне қарай оңайдан қиынға қарай деп бөлінеді де, жаттығулардың түрін көрсетеді.
Хасен Арғынов сөз тіркестерін меңгертуге байланысты төмендегідей жұмыстарды атап көрсетеді:
Профессор С.Рахметова грамматиканы оқыту барысында оқушылардың тілін дамытуда жаттығулардың грамматикалық жаттығулар деп, ішінара бөледі.: «Грамматикалық жаттығулар оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді,» - дейді.
З.Бейсембаева: «Сабақтың дидактикалық мақсатына өарай жаттығулардың түрі де (дайындық жаттығу, байқау-сынау жаттығулары, машықтану жаттығулары т.б) өткізу формасы да (ауызша, жазбаша) әр түрлі,» - дейді.
Н.Құрманова өз еңбектерінде жаттығуларды аналитикалық (теориялық материалдарды игеруде оны дағдыға айналдыру мақсатында), синтетикалық (грамматикалық ішкі заңдылықтарын тілде қолдана білуге), аналитика- синтетикалық (стильді ажырата білу, редакциялау, шығармашылығын арттыру мақсатында жаттығулар ) деп бөлінеді.
Сонымен зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмыстарын орындау сипатына қарай екі топқа топтадық: ауызша, жазбаша.
Жаттығулардың ішкі мақсаты мен мазмұнына қарай ішінара талдау сипаты басым (аналитикалық) және жинақтау, біріктіру сипаты басым (синтетикалық) жаттығу, шығармашылық сипаттағы жаттығу (сөз тіркестерінен сөйлем құрау, оны мәтінде пайдалана білу, мәтіндегі ойды білдіруге тірек болып тұрған сөз тіркестерін таба білу ) деп бөліп қарастырдық.
І.Аналитикалық жаттығуларды орындаудың негізгі мақсаты оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, тілдің грамматикалық құбылыстарын анықтау, грамматикалық талдау.
Аналитикалық жаттығулар сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін таба білу , сөз тіркестерін салыстыру, сыңарларына сұрақ қою, басыңқы, бағыныңқы гыңарларды таба білу, олардың морфологиялық белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жаттығулар сөз тіркестерінің басты негізгі фекшеліктерін тани білуге дағдыландырады. Жаттығулар бірте - бірте күрделене түседі.
Сөз тіркесін оқытумен байланысты машықтану жаттығулары т.б) өткізу формасы да (ауызша, жүргізілетін аналитикалық жаттығулар жүйесі:
1-жаттығу. Мәтіннен сөз тіркестерін табыңдар. Бағыныңқы басыңқы компоненттерінің қай сөз табында екенін ауызша айтыңдар. Есімді сөз тіркестерін табыңдар.
Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ-тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнсе, пысқырып дыбыс береді.
Ақбөкен сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Оның тұмсығы дөңес, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері қайнар суындай тұп-тұнық. Ақбөкен – өте сақ жануар. Олар селт еткен шөптен де үркеді. Ақбөкен дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланады. Қазір оның саны азайып кетті.
Бұл жаттығудың мақсаты - мәтіннен сөз тіркесін табу.
Міндеті - сөз тіркесінің бағыныңқы компонентінің, басыңқы компонентінің кай сөз табында жасалғанын анықтау.Есімді сөз тіркестерін таба білу.
Жұмысты орындау арқылы оқушы мынадай нәтижеге жетті:
2-жаттығу. Мына өлеңнен етістікті сөз тіркесін табыңдар. Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары қызметінде қай сөз табы қолданылып тұрғанына жазбаша талдау жасаңдар.
Мен қуансам, жас баладай қуанам,
Көрген адам талай деген «Есалаң»
Мен қайғырсам, орнатамын қиямет,
Жас баламын: тағы да тез жұбанам.
Күлсем егер, есім шығып күлемін,
Жылағанда қап-қара қан төгемін.
Қасым болса, қанын ішкім келеді,
Досым болса, жолында оның өлемін.
(М.Жұмабаев).
Жаттығудың мақсаты — етістікті сөз тіркестерін табу.
Міндеті - поэзиялық шығармалардан сөз тіркесін табу, қай сөз табынан
жасалғанын анықтау.
Нәтижесі:
3-жаттығу. Мәтінен сөз тіркестерін тауып, оның басыңқы сыңарларын ауызша атаңдар.
Түн шайдай ашық еді. Аспанда бұлт жоқ. Хамит жалғыз, ескілеу жолмен келеді. Ағаштардың жапырақтары салғырт тартып, сарғая бастаған. Кей жерлерде қыстаулар көрінеді. Қыстау маңында жайылып жүрген мал. Құбақан ат басын шұлғып келеді. Аттың пысқырғаны Хамитке жақпай келеді (С.Сейфуллин).
Мақсаты - сөз тіркесінің басыңқы компоненттерінің жасалуына назар аудару, пысықтау.
Міндеті - басыңқы компоненттерінің қай сөз табына жататына байланысты етістік, есімді, ортақ басыңқылы болып бөлінетінін нақтылау, назар аударту.
Нәтижесі:
- кез-келген тіркестік сөз тіркесі бола алмайтынына
тағы да көздерін
жеткізді.
4-жаттығу. Өлеңнен сөз тіркесін тауып жазыңдар.
Ата менен ананың Айтқан тілін аламын. Үлкен кісі жұмсаса, Қайда болсын барамын. Төсекті өзім жинаймын, Ешкімді де ұрмаймын. Ешкім маған тимейді, Менде бәрін сыйлаймын.
Мақсаты - сөз тіркесінің байланысу формаларын табу.
Міндеті - сөз тіркесін тауып, қалай жасалғанын көңіл аудару.
Нәтижесі:
5-жаттығу. Сөз тіркестерін анықтап, тіркесу ерекшеліктерін ауызша айтыңдар.
Қырқада, айда, бөктерде
Оттығып өріс, күн жылып.
Мал төлдеп жатыр көктемде,
Ауылдың маңы қым-қуат.
Бұлақтың көзі ашылып,
Бұлдырап келді жылғаға.
Құнанның жалына асылып,
Қуанып күліп тұр бала.
(М.Мақатаев).
Мақсаты - сөз тіркестерін табу, оларды анықтау.
Міндеті – сөз тіркестерінің тіркесу ерекшеліктерін меңгеру. Нәтижесі:
Бұл аналитикалық жаттығулардың
көздейтін мақсаты - оқушының сөз
тіркесі туралы жалпы түсінігін
қалыптастыру, сөйлемде, мәтінде сөз
тіркесін тани білу, оның түрлерін бір
- бірінен грамматикалық ерекшелі
2.Синтетикалық жаттығулардың аналитикалық жаттығулардан мазмұны, орындау шамасы күрделірек. Мұнда орындалатын жаттығулар, негізінде, сөз тіркестерін құрау, бір-бірімен салыстыру, ұқсас тілдік тұлғалардан ажырату бағытын көздейді.
1-жаттығу. Төмендегі сөздерден сөз тіркесін құрап, олардың бағыныңқы, басыңкы сыңарларын ауызша атаңдар.
Үлгі: алып тұлға: алып — бғгыныңқы сыңары (қандай тұлға?), тұлға (не? )- басыңқы сыңары.
Тұлға, тарих, алып, халық, жас, жасыл, үрпақ, бақ, еңбек, өткен, адал, шатыр, бала, жылы, жаңбыр, қарт, адам, жақсы.
Бұл жұмыстың мақсаты - сөз тіркестерінің басыңқы, бағыныңқы сыңарларын бір-бірінен ажырату.
Міндеті - екі сөзді байланыстыру аркылы сөз тіркесін құрау. Нәтижесі:
2-жаттығу. Сөз тіркестерін,тұрақты тіркестерді және күрделі сөздерді бөлек-бөлек топтап жазыңдар.
Туған жер, ардақты кісі, қой ауызынан шөп алмас, жылқы мінезді, көркем дүние, мәдениет сарайы, мектепке арнау, ауыл жастары, ит тұмсығы өтпейтін, қара торы, қабырғаңмен кеңес, озат оқушы, таза үй, кілем, бозторғай.
Мақсаты - сөз тіркестерін өзіне ұқсас тілдік тұлғалардан ажырата білу.
Міндеті - лексика және морфология салалрынан алған білімдерін пайдалана білу, оны жүзеге асыру.
Нәтижесі:
3-жаттығу. Мына кестедегі сөз тіркесі мен тіркесті салыстырып, олардың айырмашылыгын айтыңдар, сөз тіркесіне 3 сөйлем, тұрақты тіркеске 3 сөйлем ойлап жазыңдар.
Сөз тіркесі |
Тұрақты тіркес |
Таза дәптер, таза киім, әдемі киім, әдепті кісі, баланың ісі |
Жүрек жұтқан (батыр), қоян жүрек (қорқақ), тіс жармау (үндемеу) |
Мақсаты - сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстыра отырып бір-
бірінен ажырату.
Міндеті - сөз тіркесі жөнінде алған білімдерін практика жүзінде пайдалану, оның негізгі қасиеттеріне баса назар аударту.
Нәтижесі:
4-жаттығу. Мына сөз тіркестерінің мағынасын сұрақ қою арқылы ауызша түсіндіріңдер.
Алма ағаш, ағаш ат, алтын жұлдыз, киіз үй, қой қора, көз әйнек, түлкі тымақ, қол сағат, биік үй.
Мақсаты - сөз тіркестерінің мағынасын анықтау.
Міндеті - сөз тіркестерінің әрбір сыңарына сұрақ қоя білуге үйрету.
Нәтижесі:
- басыңқы және бағыныңқы сыңарларына сұрақ қоя білді;