Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:50, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................
3
I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік................................................

9
1.2.Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу...............
14
1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары............................................
18
ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері

2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары................................
27
2.2.Тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі................................................
38
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері................................................................
43
Қорытынды ................................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
54

Работа состоит из  1 файл

дипломдық жұмыс.DOC

— 583.00 Кб (Скачать документ)

Бұл схеманың мақсаты - кез-келген толық мағыналы екі сөздің сөз  тіркесі бола бермейтіндігін, сөз тіркесі болу үшін, жоғарыдағы қасиетіне қосымша мағыналық байлыныстың болуы шарт екендігін үғындыру.

2.Үлестірмелік кеспе қағаздары оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландырады. Оның оқу белсенділігін, пәнге деген қызығушылығы арттырады. Үлестірмелі кеспе қағазбен жұмыс оқушының сөз тіркесін жете түсуіне, оның білімін тексеруге кететін уақытты үнемдеуге және олардың білімін тексеріп, жөндеуге (коррекқия) мүмкіндік береді. Үлестірмелі кеспе қағаздардағы тапсырма окушының шығармашылық мәнде, өз бетімен ойланып жұмыс істеуге дағдыландырады және саралап оқыту принципін жүзеге асырады. Атап айтқанда, диалогтық, монологтық сөйлеуді меңгерту, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау, мәнерлеп оқу, дайын материалдарды талдау, шығарма жаздыру, мәтіндегі негізгі ойды ажырату, бөлім-бөлімге бөлу, ат қою сияқты тапсырма жұмыстары арқылы сөз тіркесін, оның алуан түрлі қыр-сырын ашуда мына тапсырма түрлерін пайдалану тиімді болды.

1-тапсырма. Мәтінді  түсініп оқыңдар. Мәтінде не туралы айтылған, жазушы табиғатты қалай суреттеген. Табиғатты суреттеуде қандай сөз тіркестерін пайдаланған, сөз тіркестерін ауызша айтып беріңдер.

Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мүнарлады... үзілмей, қатаймай, бір қалыптап желпи  соққан салқын қоңыр жел қандай рахат! Осы жолман құлпыра толқып, су бетіндегі жыбыр қағып, шалқып жатқан ал күрең көде мен селеу далалары... Дала емес - теңіздері қандай! Сол даладан көз алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды.   (М.Әуезов).

Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін таба білу.

Міндеті - тілін дамыту, жазушының тіл байлығына назар аударту арқылы, сөз тіркестерін меңгерту. Нәтижесі:

  • әдеби тілдің нормаларымен танысты;
    • ауызекі сөйлеумен көркем әдебиет тілінің айырмашылығын 
      түсінді;

туған елдің табиғаты туралы әсер алды;

- тыныс белгілерінің жазушының ойын жеткізуде атқарып тұрған 
рөліне назар аударды.

 

2-тапсырма. Мәтінді  оқып, жазушының қай шыгармасынан үзінді екенін айтыңдар. Мәтіндегі сөз тіркестерін ауызша айтып беріңдер байланысу формаларын, тәсілін айтыңдар.

Ұзын бойлы, аршын, ақ сұр жігіт шекпенінің бір жеңін беліне қыстырып, жерден шөп рып алып, алақанына үйкеп жіберді де, аспандағы бурашы шабынып шыға келді. Кеспектей дембел қара жігіт талтаңдай басып қарыс барды. Есік пен төрдей жерге келгенде, аңға шығатын жолбарыстай екуі де арбасты. (Ж.Аймауытов).

 

Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін тауып, байланысу формаларын, жасалу тәсілін анықтау, сын есімнің мәтінде қолданылу мақсатына назар аударту.

Міндеті - әдебиет пәнімен байланыстыра   отырып, Жүсіпбек Аймауытовтың творчествосымен таныстыру, мәтіндегі сын есімдердің түрлеріне талдау жасату. Нәтижесі:

  • мәтінді түсініп оқып, оны қайтадан ауызша айтып беруге 
    тырысты;
  • сөз сөйлеудегі кемшілігін жоюға жаттықты;
  • ойлау қабілетін дамытты;
  • естігені, білгені жайындағы мағлұматтарды еске түсірді;
  • сын есімнің түрлерін қатыстырып, өз айналысындағы бір адамға 
    мінездеме беріп, сөзбен портрет жасауға дағдыланды.

3. Техникалық оқу құралдарын  оқу үрдісінде пайдалану оқушылардың  оқу белсенділігін арттырып, олардың  пәнге деген қызығушылығын дамытады, мұғалімнің еңбегін жеңілдетеді.

Сөз тіркесін, оны өзін ұқсас тұлғалардан ажырата білуде, сөз тіркесінің түрлерін, құрылысын, лексика-грамматикалық сипатын анықтай түсуде магнитофонды (үнтаспа) тиімді қолдануға болады. Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында мәтінді магнитофон арқылы тыңдатып, одан сөз тіркестерін теріп жазуды көздейтін терме диктанты жүргізілді.

Диалог немесе әр түрлі жағдаятқа берілген мәтіндерді тындау арқылы, сөйлем құрауда сөз тікестерінің тақраып тұрған рөлін анықтау сияқты тапсырмалар орындатылады.

1. Сабақтың тиімділігін  артыруда кодоскоптық (эпидоскоп) атқаратын ролі зор. Кодоскоп транспоранттары арқыдлы фотосурет, схема, сурет, грамматикалық кестелерді үлкейтіп көрсетуге болады. Мысалы, 1-сынып оқулығында берілген 22-24-беттегі схеманы, тілдік модельдерді кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Сондай-ақ, кодоскопта сөз тіркесін меңгертуде мына жұмыстарды жүргізуге болады:

 

1. Схема бойынша сөз  тіркесін құраңдар.

  1. сын есім - зат есім.
  2. есімдік - зат есім.
  3. сан есім - зат есім.
  4. сын есім - етістік
  5. зат есім - етістік

 

  1. Кодоскоптан тақтаға сурет түсіріледі.  Осы суретке  карай 
    отырып, сөйлемдер, соның негізінде мәтін құрап, оның ішіндегі сөз 
    тіркесінің құрлысына талдау жасалады.
  2. Үнтаспаға жазылған мәтін оқылады, мәтінен сөз тіркестерін 
    тапқызып, лексика-грамматикалық мағынасын анықтау тапсырылды.

                                                

                                            Қазақ тілі

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, баү_ ардың.

 Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардық.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен, тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,

Тарап кеткен балаларыңды  бауырыңа

Ақ көңіліңмен тарта  аларсың, сен, тілім.

(М.Жұмабаев).

Осы тәрізді сабақта қолданылған көрнекі құралдар сөз тіркесі туралы алған білімдерін қалыптастыруға көмектеседі.Сапалы да терең білім алуға негіз болады.

 

III. Қазақ тіліндегі сөз тіркестері тілді меңгертудің жоғарғы сатысы. Оны шығармашылық деңгейде қолдана білуге үйретуде мына жұмыстарды жүргізуге болады;

  1. Пікір сайыс (ой толғақ, дебат);
  2. Рөлдік ойындар (симуляқия, драмалық шығармаларды сахналау). 
    1. Пікірсайыс  -  интерактивті   әдістердің   жиі   қолданылатын әдістерінің бірі. Бұл әдіс өткен материалды толық, оқушының саналы түрде игеруіне көмектесті. Пікірсайыста қолданылатын сұрақ қою, жауап іздеу, оны өзі құрастыру, өз сөзімен жеткізу, өз ойын білдіруі соған қатысушының ойлау процесін күшейтті, оның сол тақырыпты терең меңгеруіне мүмкіндік берді.

Осымен байланысты диплом жұмысымызға сәйкес «Сөз тіркесі әлемінде» тақырыбында «Есімді тіркестер тобы» және «Етістіктер тіркестер   тобы»      болып   өткен   сабақтың   алдында   оқушыларға пікірсайыстытың болатындығын хабарлай отырып, оларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берілді. Тапсырмалар баяндама жасау, реферат жазу, мақала жазу түрінде жүргізілді. Сабақтың үлгісі қосымша берілді.

2. Ал, рөлдік немесе  оқу (грамматикалық) ойындары  сабақты қызықты, тартымды өтуіне  мүмкіндік берді, оқушының ойлау,  шығармашылық қабілетін арттырды. Драмалық әдіс «тілдік матеиалдарды меңгертудегі іске асатын сөйлеу іс- әрекетінің оқу, жазу, тындау және сөйлеу - төрт түрі қолданылады, яғни оқушы тілдік комуникативтік, қарым-қатынас жасау деңгейінде қолдана алды.

Сөз тіркесін меңгерту барысында  оқушының сөздік қорын байытып, оның сөйлеу тілін дамытуда мынадай жаттығулар пайдаланылды:

  • өлең, мәтіндер жаттау (олардың ішінде сөз тіркесін тапқызу):
  • әдеби кейіпкер бейнесін жасауда жаттаған өлең, мәтіндерді 
    пайдалана білу;
  • мәтіндерді толықтау (көркемдік, композициялық, құрылымдық 
    жағы, сөз тіркестерінің құрылысы, т.б.)

Сонымен қарат грамматикалық  ойындар, көбіне сөзжұмбак, ребус, сөздік лото, жұмбақтар шешу, жанылтпаштар айту түрінде жүргізіледі. Аталған  грамматикалық ойын түрлері сөз  тіркесі мәселелеріне құрылып, соны дұрыс шешуге, сапалы түрде түсінуге көмектесті. Мынадай ойын түрлері пайдаланылды:

«Сөз тіркесі  эстафетасы» ойынының мақсаты — оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөз тіркесінің байланысу формалары жөніндегі түсініктерін бекіту.

Ойынның шарты. Бір оқушы матасу байланысына мысал айтады да, қолындағы орамалды кестесі оқушыға тастайды. Ол оқушы ары қарай жалғастырып, үшіншісіне береді. Сүрінген оқушы айыбын өтейді.

Нәтижесі:

  • рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген 
    ынтығарлықты  оята  отырып,  орындаушылық  қабілетке де 
    жетектеді;
  • рөлдік  ойынның  мәні  ойын  барысында  оқушының  тілдік 
    қатынас жасауға деген талабын ашты;

- қажетті сөздерді дәл тауып айтсам деген ойды да туғызды. 
«Қызықты адаммен сұқбат» ойынының сөз тіркесі туралы мағлұмат алу мақсатында ойнатылды. Бір оқушы журналисттің рөлін атқарды, екінші бір оқушы белгілі бір маманның рөлін ойнады. Журналист-оқушы тіл маманы-оқушыдан сөз тіркесі туралы өзіне қажетті мағлұматтар алды.

«Сөзді тап» ойыны

 

Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін үғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Ойын ережесі: Көлденеңі бес, тігінен сегіз қатар тор көз кесте тақтаға ілінеді. Кестедегі тор көздеріне алғашқы және соңғы дыбыстарын бірдей әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерден соңынан оқыса да, оңынан оқыса да бірдей сөздер ойлап табады.

Ойын ұзақтығы: 5 минут

Ойын кезеңдері: Алғашқы кезеңде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп тақтаға кесте іледі. Екінші кезеңде оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар дыбыстарды, сөздерді дұрыс құрауға, сөздердің мағыналарын жете түсінуге дағдыланады.

Ойынның тиімділігі: Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы түсінігін нығайтады. Олардың ізденімпаздық қабілетін жетілдіреді.

 

қ

     

қ

қ

     

қ

қ

     

қ

қ

     

қ

к

     

к

к

     

к

к

     

к

к

     

к


(жауабы: қызық, қазақ,  қалақ, қырық, кесек, кезек,  керек, кебек) Оқушылар жоғарыдағы  сөздерді дұрыс табу арқылы  өздеріне таныс сөздермен де, мағыналары түсініксіз сөздермен  де танысады. Бұл ойын оқушының  дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін  тез түсіну, дыбыстардан сөздерді дұрыс құрай білу дағдысын қалыптастырады. Тапсырмадағы жасырылған сөздер оқушыларға таныс болмаса, мұғалім ол сөздердің мағыналарын түсіндіріп, синоним, антоним сөздер арқылы үйретуге болады. Сонымен қатар мұндай ойындар оқушылардың сөздік қорын байытуға, үйренуге, сөздерді дұрыс қолдануға көмектеседі.

Ал, «Өлең шумағын дұрыс  оқы» ойынында оқушылар Абай Құнанбаевтың жасырылған өлең шумағын табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушыларға ойын ережесін таныстырып, Абай Құнанбаевтың тағы қандай өлеңдерін білетін айтып беруді талап етеді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың кім болғанын, оның «Қыс», «Жазғытұрым» т.б. өлендерін жатқа оқиды. Мұғалім кіріспе бөлімінен кейін тақтаға өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.

 

Ойынның мақсаты: Оқушышрдың дыбыстардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстардың тіркесу жолдарын үйрету.

Ойын ережесі: Оқушылар тор көзде жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркеу арқылы өлеңді оқиды. Табылған өлең шумағының мағынасын өз сөзімен айтып береді. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды.

Ойын ұзақтығы: 15 минут

Ойын кезеңдері: Ойын үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде балалар  жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркестіре отырып табады. Бұл шәкірттердің сөздерді дұрыс құрау біліктерін қалыптастырады.

Екінші кезеңде өлең шумағын өз сөздерімен айтып, түсіндіреді. Бұл олардың өз сөздерін дәлелдеп айтуға дағдыландырады.

Үшінші кезеңде олар өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды. Оқушылар өтілген  материалды игереді.

Ойынның қатысымдық қызметі: Балалар дыбыстардан сөз, сөздерден сөйлем құрап үйренеді. Өз ой-пікірлерін дәлелдеуге дағдыланады.

Ойынның   тиімділігі:Оқушылардың   ойлау   қабілетін жетілдіреді. Олардың сөздік қорын молайтып, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

 

А

т

І

К

с

л

л

0

П

н

Р

Р

а

0

м

б

Т

і

п

і

Ң

б

а

^3_

А

г

і

б

а

3

ә

а

Б

і

ш

е

Р

а

Р

п

А

т

д

д

қ

п

н

м

Р

е

У

н

а

Р

е

е

қ

к

н

е

л

е

г

с

А

е

и

с

а

н

е

ә

Л

д

е

.

н

ө

 

д

А

н

е

с

п

м

Ң

ө

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту