Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:50, дипломная работа
Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.
Кіріспе..........................................................................................................
3
I –тарау. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтары арқылы оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік................................................
9
1.2.Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу...............
14
1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары............................................
18
ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері
2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары................................
27
2.2.Тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі................................................
38
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері................................................................
43
Қорытынды ................................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
54
Алайда, сан есімдердің
тіркесу қабілетіндегі
Үстеулер грамматикалық класс ретінде кейін қалыптасты. Орхон-Енисей несесе ондан кейінге ескерткіштер тілінде олардың саны көп емес. Үстеулер негізінде етістікпен тіркесе алатын сөз табы деп қаралады.
Алайда, қазіргі тілдің фактілері олардың қимылды пысықтап қана қоймай, есімдерге де қатысты қолданылатындығын көрсетеді. Бұл тілдің стильдік мүмкіндігінің кеңеюінің жемісі. Қазіргі тілімізде үстеулер есімдермен түрлі қосымшалар арқылы және сол тұлғасында қазақ тілінде үстеулік қасиетін сақтай отырып тіркеседі. Ондай тіркестердің басыңқы сыңары қызметінде зат есім сын есім, сан есім және етістіктер. Мысалы:
Дегенмен ондай қасиет барлық үстеулерге тән емес. Көбіне мезгіл, мөлшер үстеулер ғана сондай қолданысқа бейім. Ал, үстеулермен тіркесіп келетіндер көбіне зат есім, сын есім, басқа да сөз таптарының үстеулермен тіркес құрауы сирек кездесетін құбылыс. Сонымен, үстеулер есімдермен тіркесі, кейінгі дәуірдің жемісі. Бүгінде олар жер астында отыр... Бүгінге дейін майыспай келген байдың иілген түрі ме бұл, әлде қулақтың тегеурініне шыдай алмай морт сынғаны ма? Бай өзінің ойын кейінге сақтап, ол турасында ләм демеді. Ертемен кімді жұтсақ екен деп араңдарынды ашып тұрсыңдар. Туған бөлесі Ғанидың күні кешеге дейінгі бар өмірі есінде (М.Дүзенов). Ертең бе? - төрағаның жауап беруіне мүмкіншілік бермейді. Ертеңнен қалдырмаңыз (Ә.Нұршайықов). Сонымен, бұл фактіден үстеулер тек септік жалғаулы тұлғада калыптасуымен меңгеріле байланысатын тіркестер қалыптасты. Сонымен бірге, үстеулердің шылаулар жетегінде тіркесетін түрлері де пайда болды (Бүгінге дейін өмір т.б.). Ал күшейткіш үстеулер сын есім, үстеулерге күшейткіш мағына үстеумен бірге өздері де дербес қолданылатын дәрежеге жетті. Өте асықты, өте ұрысты, өте кейіді, тым мақтады т.б. Бұл құбылыс тіл құрамында болып отыратын ықшамдау процесінің нәтижесі екендігі айқын. Бұл әрине үстеулердің тіркес құрау қабілетінің кеңеюі.
1.3. Сөз тіркестерінің байланысу формалары
Қазақ тілінде сөз
тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде
есімдер мен етістік жұмсалатын
Қазіргі тілімізде көмекші сөздердің қатынасы арқылы сөз тіркестерінің жасалуы кең құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс соңғы кездің жемісі. Өйткені, есік ескерткіштер тілінде көмекші сөздер өте аз, тіпті XVIII ғасыр нүсқаларының тілінде қазіргі тіліміздегі шылаулардың көпшілігі кездеспейді. Бұдан мынадай жайды аңғаруға болады. Қазіргі тіліміздегі шылаулардың кейінгі қалыптасуы. Қазіргі тіліміздегі көмекші сөзді тіркестер сала-сала ретінде калыптасты.
1. Қиыса байланысқан сөз тіркестері
Бір сөздің қайталануы арқылы
қиыса байланысқан сөз
1. Зат есім мен зат есім арқылы: Қиыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің бастауышы көбіне нольдік, тәуелдік формадағы зат есімдер болады.
а) Бастауышы нольдік формада
келуі: Тегі Енесей Енесей ғана бола
алса керек (Ғ.Мүсірепов). Малсыз күй күй болмайды. (М.Қамбаров).
Бәйгесіз той той ма? (М.Қаназов). Жақсы
жерге түскен келін келін,
жаман жерге түскен келін келсап дейді
ғой қазақ («Қазақ әдебиеті).
ә) Бастауышы тәуелді формада келуі: қарғыс атқан басы да бас емес, қолы да қол емес (Ә.Нүрпейісов). Әйтпесе, жаңағы «Королева Маргоны» саудалап жүрген адамдардың ісі іс пе? (Жүлдыз). -Не айтайын, шырағым, не айтайын... - дегеннен басқа Күңше де еш нәрсе айта алмады. Уәдеміз -уәде (Ғ.Мүсірепов).
б) Кейде бастауышы көмекші
сөздердің қосарлануы арқылы келе
береді. Мысалы: Күнә, екені күнә, бірақ қылмыс емес (Д.Досжанов).
Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің баяндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш болатын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тұлғада дакле береді, кейде бастауыш жеке-дара болғанымен сол сөздің қайталану арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге түрлі көмекші етістіктердің де тіркесі арқылыкеле береді. Оны жоғарыдағы мысалдардың баяндауыштары дәлелді түрде көрсетсе керек.
Менікі де менікі.
Сенікі де менікі («Маржан сөз»). Сол сол-ақ екен. Темір әскерінің ұғын шеті қиқуласып, аш қасқырша ілгері ұмтылысты (М.Сқақов). Әй, ол ол ма, сен Тайлақбайдың не істеп жүргенін естісеңші («Қазак әдебиеті»).
Бары бар, жоғы жоқ, қойын алар бөрі жоқ. (Маржан сөзі). Бары бар-ау, бірақ менікі елде, күнде жоқ неме...- деп қыбыжықтай берген суыр Құсайын шынын айтты (С.Жүнісов).
2. Матаса байланысқан сөз тіркестері
1. Зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері.
а) Жалқы есім мен жалқы есімнің тіркесі. Ол тек - Еменалының Еменалы екенін, Мүсірептің түбі құл түрікпен екенін тал түсте танытса ғана айтпақ (Ғ.Мүсірепов). Бұл Сұлтанның Сұлтан болғалы, ең бірінші алған ақысы еді, ең бірінші жеген таяғы еді (І.Есенберлин).
ә) Жалпы есім мен жалпы есімнің тіркесі. Әжейлердің әжесінен бері тартып келе жатқан әйел зарын естімеген, әйел зары азабын
көрмеген, алмаған құдайды меңіреу деп, құрғыр деп қарғайды. (Ғ.Мүсірепов). Достармыздың достары - біздің достар («Маржан сөз»).
2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі.
Алақан соғуға қарап арқасы қозып үйренген қазақ өнерпаздарына бар қиынның қиыны, қияметтің қыл көпірі («Қазақ әдебиеті»). - Ойбай, ол бір сөзбен бітпейтін қияметтің қияметі ғой (С.Жүнісов). Нанды күлге көміп пісіру, бағзының бағзысынан келе жатса да, көшпелі қазақтың ауызынан әлі дәмі кетпеген асы (Ғ.Мүсірепов).
3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Сірә менің мен екенімді біліп кетті, ұмытпайын дегені (Ш.Жандарбекова).
4. Етістік пен етістіктің тіркесі.
Бағудың да бағуы бар көрінеді. («Беласқан»).
3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
1. Барыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Сазға саз, сөзге сөз («Маржан сөз»).
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Өзіме өзім қожа, өзіме өзім би болсам, рет келсе, басқаларға да үстемдік жүргізсем деген мүраты іске асар ма деген үміті бар («Жұлдыз»).
2. Табыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің
тіркесі. мырзаны «мырза» десең
желденеді, малайды
«малай» десең тірі
өледі («Маржан сөз»).
Терезесінде зырылдауығы жоқ үйді «үй» деп керегі жоқ, - дейтін
болды
(Ғ.Мүсірепов).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Аулауын ауларсың, аузыңмен не
қармарсың?. («Маржан сөз»). Бұлар үйге
кіргенде Құрмысы би не
айтарын айтып болып, қоштасар сөзге таяп
қалған еді (Ғ.Мүсірепов).
Абзал соңғы сөзін айтарын айтсада отыра кеткен Сәулеге
ойлы көзімен
қарап қалды (Ә.Әбішев).
3. Шығыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің
тіркесі. - Ой, көсегің көгерсін, Ақан
балам, малдан мал,
жаннан жан қоймай, берекемізді кетіріп еді
(С.Жүнісов). Сол жерде сөзден сөз туды,
бұл жігіт өз тағдыры жайында
бір сыр шерткен еді (О.Сағынаев).
б) Етістік пен етістіктің
тіркесі. Өйтіп езу тартқанын көрсеткенінен
көрсетпегені жақсы да (Ғ.Мүсірепов). ҚУМ-ның бір қабатын
түгел
ақтардық, алғанымыздан алмағанымыз көп сияқты (Ш.Жандарбекова)
4. Көмектес септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. «...Шіркін-ай досыңмен дос бол, қасыңмен қас бол. Досыңмен қастаспа, қасыңмен достаспа деп, Үлақшыға айта алмай қалдым-ау» (І.Есенберлин). - Әй, кемпір ішер шайыңды іштің ғой. Енді жаспен жас болмай, жаңа қазандық жаққа барсаңшы (С.Жүнісов).
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Ағайынға зәбірің жоқ, өзімен өзі болып отыратын ырыс иесі бір момын адам едің, күндердің күнінде көре тұра айтпапсың деген өкпеңе қалармын деп әдейі бүрылдым...- деді (Ғ.Мүсірепов).
4. Қабыса байланысқан сөз тіркесі
Жалпы алғанда бір ғана сөздің сол сөз бен сөз тіркесін құрауы әдеттегі сөз тіркестеріне қарағанда біріншіден, сөз етілмей отыр, екіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің тұрақты тіркестері мен жігін айқындау да негізгі мәселе. Әрине бұл жерде сөздің қайталану арқылы құралған сөз тіркестерінің көптегензаңдылықтарының басы ашылмаған.. Ол туралы әлі де көптеген жұмыс істеуді қажет ететін сөздердің тіркесінің үлкен тобын құрады.
ІІ-тарау. Бастауыш мектепте сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы балалардың сөйлеу тілі мен ойын дамытудың әдістемелік негіздері
2.1.Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары
Синтаксисті, соның ішінде сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне үқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазак тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматикаын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында колдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Содан соң коммуникативтік, яғни адамдардың қарым-қатынастық тілінде қолдануға машықтанады. Осы тұрғыда профессор Ф.Ш.Оразбаева «Сөйлеу ерекшеліктерін меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша түрде іске асырады. Бұл - тілді қолданудың тәжірбиелік көрінісі. Сол себепті оқушы тілі адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде үйренгені дұрыс» - дейді.
Сонымен, сөз тіркесін меңгерту үшін жүргізілетін жұмыстарды төмендегідей жүйелеуге болады:
I. Жаттығулар жүйесі. Сөз тіркесі меңгертуде жаттығу жұмыстарының алатын орны ерекше. Зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмысын орындау сипатына қарай мынадай екі топқа топталады:
Ауызша Жазбаша
Бұлардың өзі іштей мынадай түрлерден тұрады.
Ауызша
Аналитикалық Синтетикалық
жаттығулар жаттығулар
II. Көрнекіліктер жүйесі. Көрнекіліктердің сабақ мақсатына сай тандалып, эстетикалық сапасының жоғары болуы, білімдік, танымдық мазмұнының мұғалім сөзімен ыңғайлас келуі ескеріледі. Көрнекіліктің мәні оқушының білімі мен біліктілігін жетілдіруге тигізетін үлесімен өлшенеді.
III. Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың дамуы осыларды келешекте басқаратын жаңа ұрпақты даярлауды қажет етіп отыр. Қазіргі заман талап етіп отырғандай, әр жеке тұлғаның иниқиативасын дамыта, білімді бойына дарыта отырып оқыту - бірінші орындағы мәселе. Сөз тіркесін оқыту барысында колданылған оқытудың интерактивті әдістері осы жағдаятты шешуге көмектесті.