Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат
Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.
Асқарова Ұ. Б.
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН
ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Оқу құралы
2
Алматы
2004
ББК 20.1я73
А 88
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Стамкулов А. С.— заң ғылымдарының докторы, профессор.
Алыбаева Р. А.— биология ғылымдарының кандидаты,
доцент.
А 88 Асқарова Ұ. Б.
Экология жəне қоршаған ортаны қорғау. Жоғары оқу
орындарының студенттерiне арналған оқу құралы.— Ал-
маты: Заң əдебиеті, 2004.— 90 бет.
ISBN 9965-620-42-3
Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты
əрбiр тарау бойынша
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.
Оқу құралы жоғары оқу орындары студенттерiне экология,
қоршаған ортаны қорғау пəндерiнен негiзгi оқу құралы ретiнде,
табиғат қорғау
мекемелерiнiң
биология мен жаратылыс тану пəндерiнен орта оқу орында-
рына да қажеттi оқу құралы ретiнде пайдалануға болады.
3
1903040000
00(05)-04
ББК 20.1я73
А
© Асқарова Ұ. Б., 2004.
© Заң əдебиеті, 2004.
ISBN 9965-620-42-3
4
АЛҒЫ СӨЗ
Қазiргi кезде экология (қоршаған ортаны қорғау мəселеле-
рiмен бiрге) барлық жаратылыстану жəне техникалық пəндер-
мен тығыз байланыстағы күрделi ғылымдардың бiрiне айналды
жəне Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында оқыты-
лады. Экологиядан лабораториялық сабақтар тек қана кейбiр,
əсiресе ауыл шаруашылық, техникалық мамандықтар үшiн ғана
белгiленiп, бiраз
мамандықтар үшiн
логия мен қоршаған ортаны қорғау пəнiнен практикалық бiлiк-
тiлiктердi игеру
пəндi жан-жақты тереңдетiп оқып-
кiндiк берген болар едi. Осыған байланысты экология мен қор-
шаған ортаны қорғау пəнiнiң негiзгi бөлiмдерi бойынша жазыл-
ған бұл оқу құралында кейбiр жеңiлдетiлген химиялық анализ-
дер жасау арқылы жүргiзiлетiн лабораториялық жұмыстар мен
практикалық сабақтардың тақырыптары келтiрiлген. Əрбiр
лабораториялық жұмыс екi немесе төрт сағатқа арналған ал
практикалық сабақтар бiр немесе екi сағатқа арналған.
Қазақ тiлiнде жазылған бұл оқу құралы 14 лабораториялық
жұмыстар сипатталған үш тараудан тұрады жəне лекциялық
семинар сабақтарының тақырыптары берiлген. Бiрiншi тарауда
атмосфералық ауа, оның химиялық құрамы, құрылысы, ластау-
шы көздер, оны ластанудан қорғаудың жолдары, табиғат пен
адам өмiрiндегi маңызы жөнiнде қысқаша мəлiметтер берiле
келiп, ауаның ластануына байланысты кейбiр параметрлерiн
анықтауға арналған лабораториялық жұмыстар берiлген. Екiн-
шi тарауда топырақ, үшiншi тарауда су ресурстары, олардың
химиялық құрамы, ластаушы көздер, оларды ластанудан қор-
ғау жолдары, олардың биосфера мен адамзат тiршiлiгiндегi
маңызы туралы айтыла келiп осы тарауларға сəйкес лабора-
ториялық жұмыстар келтiрiлген.
Əрбiр тараудан соң бақылау сұрақтары, студенттердiң өзiн-
дiк жұмыстары арналған рефераттар тақырыптары, аралық ба-
қылау үшiн тест сұрақтары мен пайдаланылған əдебиеттер тiзi-
мi берiлген.
Бұл оқу құралы мемлекеттiк тiлде оқитын жаратылыс тану,
ауылшаруашылық жəне техникалық профильдегi жоғары оқу
орындарының студенттерiне арналған, сол сияқты анықтама
5
оқу құралы ретiнде немесе орта бiлiм беретiн оқу орындарында
экология пəнiн оқыту барысында, үйiрме жұмыстарында неме-
се орта арнаулы оқу орындарында студенттер мен оқытушы-
лардың оқу процесi барысында қолдануға болатын оқу құралы
болып табылады.
І ТАРАУ.
АТМОСФЕРА — БИОСФЕРАНЫҢ
НЕГIЗГI ҚҰРАМ БӨЛIГI
1.1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы жəне био-
сфера мен адам өмiрiндегi маңызы.
1.2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
1.3. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.
1.4. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау.
1.1. Атмосфера ____________туралы түсiнiк, оның құрамы
жəне биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы
Жер атмосферасы (грекше: atmos — бу жəне sphaira —
шар) — Жердi қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп
Жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған газды ор-
таны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна.
Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүру-
iн қамтамасыз
етiп, адамзат тiршiлiгiнiң
кен əсер етедi.
Атмосфераны зерттеушi мамандардың пiкiрiнше, ол Жер
бетiнен қашықтаған сайын түрлi температурадағы бiрнеше
аймақтардан тұрады.
Атмосфераның құрылысы бiрнеше қабат құрылымнан тұ-
рып, тропосфера, стратосфера, мезосфера жəне термосферадан
тұрады. 1000 км жəне одан ары қарай экзосфера болып, онда
атмосфералық газдар əлем кеңiстiгiне таралады. Осы қабатта
атмосфера бiрте-бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады.
Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты "тропосфера"
деп аталады. Бұл қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен биiк-
тiгi — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км.
Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп, найзағайлар күн
6
күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — ге
созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалды-
лық бiршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлiгi осы
қабатта жинақталған, озон Күннiң ультракүлгiн сəулелерiн
сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосфера қабаты
орналасқан. Мезосферада температура одан əрi қарай тө-
мендеп, 80 км биiктiкте — 700С -қа түседi. Мезосферадан жоға-
ры белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-
600 км биiктiкте температура +16000 жетедi. Атмосфераның
қабаттарындағы ауа биiктеген сайын сұйылып, қысым төмен-
дейдi.
Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта эк-
зосфера орналасқан.
Атмосфераның 400-600 км биiктiкке дейiн ғана сақталатын
газды құрамы 1 кестеде берiлген.
1 кесте
Атмосфераның төменгi қабаттары мен таза құрғақ
ауаның химиялық құрамы
Мөлшерi
Мөлшерi
Компо-
ненттер
Массасы
бойын-
ша,
%
Көлем
бойын-
ша,
%
Компо-
ненттер Массасы
бойын-
ша, %
Көлем
бойын-
ша,
%
Азот 75,52 78,09 Азот
оксидi
2,5х10-3 2,5х10-4
Оттек 23,15 20,94 Сутек 3,5х10-4 5х10-5
Аргон 1,28 0,93 Метан 0,8х10-4 1,5х10-4
Көмiртек
оксидi
0,046 0,033 Азот
диоксидi
8х10-5 1,5х10-4
Неон 1,2х10-3 1,8х10-4 Озон 10-6-10-5 2х10-6
Гелий 7,2х10-5 5,2х10-4 Күкiрт
диоксидi
- 2х10-8
Криптон 3,3х10-4 1х10-4 Көмiртек - 1х10-5
7
оксидi
Ксенон 3,9х10-5 8х10-6
Атмосфера биогеоценоздың компонентi ретiнде топырақ
бетiндегi, топырақтағы жəне топырақ қуыстарындағы ауа
қабаттарын құрайды.
Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның
құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% кө-
мiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, ме-