Экологияны қоршаған ортаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат

Описание

Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.

Работа состоит из  1 файл

экологияны қоршаған ортаны қорғау.docx

— 80.43 Кб (Скачать документ)

ФПП материалынан жасалған фильтрдi бөлмеде 40-60 мин

ұстап, содан соң пакетке  салып ауасы зерттелетiн  орынға

əкеледi де, фильтр ұстағышқа  бекiтедi. үлгi алынар алдында

фильтр  ұстағыштың дұрыстығын тексередi, ол үшiн  оның

ұшын  тығынмен жауып, құралды iске  қосады, фильтр ұстағыш

дұрыс болса, құрал 0-дi көрсетедi.

Үлгi алу 250-400 л/мин жылдамдықпен жүргiзiледi, фильтр-

дегi шаң массасы 4 мг —  нан кем болмау керек. Үлгi алу 30

минут жүргiзiледi. Бұдан  соң фильтрдi пинцетпен  босатып

алып, шаң жұққан бетiн iшке  қаратып төрт рет  бүктеп, пакетке

салады. Лабораторияда фильтрдi 40-60 минут бөлме темпе-

ратурасында ұстап, тұрақты массаға  жеткiзедi. Егер үлгi 100%

— ке жақын салыстырмалы ылғалдылықта алынса, фильтрдi

балқыған CaCl2 шыны тостағаншамен эксикаторға 30-50 ми-

нутқа қояды, содан кейiн 40-50 минут бөлме температурасында

ұстайды.

Шаңның  концентрациясын  С (мг/м3) төмендегi формула

бойынша есептеп табады:

С = ;

мұндағы,

М — фильтрдегi шаңның массасы, ол таза фильтр мен

шаңданған фильтр массасының айырмасына тең, мг;

V0 — қалыпты жағдайдағы зерттеуге алынған ауаның

көлемi, м3;

21

Vt х Р х 273

(273 + t) х 1013

Қалыпты жағдайда температура 00С жəне атмосфералық қы-

сым 1013 ГПА (760 мм.сын. бағ.).

V0 = ;

мұндағы,

Vt — берiлген температурадағы жəне атмосфералық қысым-

дағы  Р (гПа, м4) алынған ауаның көлемi, м4;

273 — газдардың ұлғаю  коэффициентi;

1013 — қалыпты қысым,  гПа.

22

№ 2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

АТМОСФЕРАЛЫҚ  АУАДАҒЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР

САНЫН АНЫҚТАУ

Ауасы жиi желдетiлмейтiн  тұрғын үй, қызмет орындары,

мектептер, вокзалдар, т.б. орындардың ауасында түрлi микро-

организмдер көп болады. Мысалы, мектептерде сабақ  бастал-

ғанға дейiн 1 м3 ауада 2 мыңдай бактерия болса, сабақ бiткен

соң олардың саны бiрнеше  ондаған мыңға  жетедi. Əсiресе ауру

туғызатын патогендi микроорганизмдер тұмау, т.б. аурулардың

эпидемиясы  кезiнде көп жиналады. Мұндай кезде күн  сəулесi,

бактерицидтiк  лампалар немесе ылғал  шүберекпен сүрту  ар-

қылы  бактериялардың санын  бiршама азайтуға болады. Бұны-

мен қатар қылқан жапырақты  ағаштар бөлiп  шығаратын фитон-

цидтер  де бактерияларды  жойып жiбередi.

Бұл жұмыста студенттер ауасы ластанған  орындардағы ат-

мосфера құрамындағы микроорганизмдер санын анықтауды

үйренедi жəне микроорганизмдер тiршiлiгiне фитонцидтердiң

əсерiн  анықтайды.

РЕАКТИВТЕР  МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:

1. Бактерицидтiк лампа;

2. Петри тостағаншалары;

3. Су банясы;

4. Спирт шамы;

5. Термостат;

6. Пипеткалар;

7. Шыныға жазатын  карандаш;

8. Ет-пептонды агар  немесе басқа қоректiк  орта;

9. Шпатель;

10. Қылқан жапырақты  ағаш жапырағы.

Барлық  ыдыстар алдын  ала стерильденген  болу керек.

ЖҰМЫСТЫҢ  БАРЫСЫ

23

Лабораторияны ылғал шүберекпен сүртiп, тазалап, 15-20

мин бактерицидтiк лампамен стерильдейдi. Ет-пептонды агар-

ды  автоклавтан соң  Петри тостағаншаларына салады. Стериль-

денген  Петри тостағаншаларын  кiшкене қақпақшасын  төмен

қаратып, үлкен қақпақшасын  ашыңқырап столға қояды. Бұдан

соң қоректiк ортаны тостағаншаға құйып, қақпағын жауып,

агарды  тостағаншаға бiркелкi етiп жаяды да бiраз  уақыт қорек-

тiк  орта қатқанша сақтап қояды.

А. Ауадағы микроорганизмдер санын анықтау

Қоректiк  орта қатыңқыраған соң  ауасы лас орында 5 мин

бiрiншi Петри тостағаншасын  ашып, екiншiсiн осы  уақытта

лабораторияда, үшiншiсiн көшеде немесе қылқан жапырақты

ағаштар арасында ашып қояды. 5 мин соң тостағаншаларды

жауып, астын жоғары қарай  аударып (қоректiк  ортаға екiншi

қақпақшадағы  конденсацияланған  су тамшылары түспеу үшiн),

шыныға  жазатын карандашпен  нөмiрлейдi де, барлық тостаған-

шаларды +250 -та термостатқа қояды.

Б. Микроорганизмдерге өсiмдiктерден бөлiнген

фитонцидтердiң  əсерiн анықтау

Коэффициенттердiң  сан мəндерiн орындарына қойып, атмо-

сфералық  ауаның СО2 газымен ластану деңгейiн анықтаймыз:

КСО2 = (0,5 +0,01 х 500 х 1,4) х1 х1,06 х 1,20 х 1,00 = 8,96 мг/м4.

Автотранспорттың  СО2 газы бойынша ПДК =5 мг/м4.

Автотранспорттан  шығатын улы газдардың  мөлшерiн азай-

ту  үшiн төмендегi шараларды iске  асыру керек:

— автомобильдер қозғалысына  тыйым салу;

— қозғалыс интенсивтiлiгiне сағатына 300 автомобильге

дейiн  шек қою;

— жүк машиналарының  карбюраторларын  дизельмен ал-

мастыру;

— фильтрлер орнату.

24

№3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

АТМОСФЕРАДАҒЫ АЗОТ ОКСИДТЕРIН АНЫҚТАУ

Азот  оксидтерi жоғарыда айтып кеткенiмiздей, атмосферада

фотохимиялық смог түзуге, озон қабатының бұзылуына жəне

қышқыл  жаңбырлардың түзiлуiне себеп болады. Транспорт  пен

энергетика  атмосфераға бiр  жылда түзiлетiн 60 млн тонна азот

оксидтерiнiң 36 процентiн бөледi. Газ тəрiздi азот (ΙV) оксидi

тек қана улы емес, сонымен  қатар коррозияға белсендi агент

болып саналады. Оның шектеулi концентрациялы мөлшерi

(ПДК)  — 0,085 мг/м3.

РЕАКТИВТЕР  МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:

1. Аспиратор;

2. Рихтер құралы;

3. аналитикалық таразы;

4. барометр;

5. термометр;

6. фотокалориметр;

7. калий иодидi (х.т.);

8. натрий нитраты, (х.т.);

9. сiңiргiш ерiтiндi: 20 г калий иодидiн  250 мл суда ерiту

арқылы  алынады. Алынған  ерiтiндi түссiз болу керек жəне

қараңғы шыныда сақталады. Сақтау мерзiмi 2 апта;

10.күкiрттi  қышқыл натрий, х.т., 0,06 % ерiтiндi, 0,03 г

Na2SO3 50 мл суда ерiтедi, ерiтiндiнi анализ алдында ғана дай-

ындайды;

11.сiрке  қышқылы, х.т., 12 %-тiк  ерiтiндi. 64 мл кон-

центрациялы сiрке қышқылын 500 мл өлшеуiш ыдысқа құйып,

үстiне белгiсiне дейiн су құяды;

12.сульфанил  қышқылы, т., 5 г  сульфанил қышқылын 150

мл 12 %-тiк  сiрке қышқылының ерiтiндiсiнде ерiтедi. Ерiтiн-

дiнi қараңғы шыны ыдыста тығыз жауып сақтайды;

13.α- нафтиламин, т., 0,2 г α-нафтиламиндi 20 мл суда су

банясында қыздыра отырып колбаның түбiнде алқызыл  тұнба

түзiлгенше ерiтедi. Ерiтiндiнi қараңғы  шыны ыдысқа жайлап

25

құяды, тұнбаны колбада  қалдырады, алынған  ерiтiндiге 150 мл

12 %-тiк  сiрке қышқылын  құяды;

14.Гриссс-Илосвай  реактивi. Анализ  алдында α-наф-

тиламин мен сульфанил  қышқылының ерiтiндiлерiн 1:1 қаты-

насындай  етiп араластырады;

15.бастапқы  стандартты ерiтiндi. 2-3 г натрий нитритiн

үгiтiп, 50-600 температурада 2 сағат кептiредi. 0,1500 г NaNO2

100 мл-лiк колбада  ерiтедi. Алынған ерiтiндiнiң  1 мл-i 1000 мкг

NO2 — ге сəйкес болады;

16.1 мл 10 мкг NO2 болатын ерiтiндiнi стандартты ерiтiндiнi

сiңiргiш  ерiтiндiмен 100 есе  сұйылту арқылы алады;

17.негiзгi стандартты ерiтiндi, 10 мкг/мл NO2 болатын ерi-

тiндiнi сiңiргiш ерiтiндiмен 10 есе сұйылту арқылы алады. 1 мл

негiзгi ерiтiндi 1 мкг NO2 сəйкес болады. Бастапқы стандартты

ерiтiндi 2 апта қараңғы шыны ыдыста сақталады. Негiзгi стан-

дартты  ерiтiндi анализ алдында  дайындалады.

Жұмыс 4 сағатқа арналған.

ЖҰМЫСТЫҢ  БАРЫСЫ

Атмосферадағы NO2 концентрациясын анықтау үшiн зерт-

телетiн  ауаны 6 мл сiңiргiш  ерiтiндi құйылған Рихтер сiңiргiшi

арқылы 20 мин бойы 0,25 л/ мин  жылдамдықпен өткiзедi.

Информация о работе Экологияны қоршаған ортаны қорғау