Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат
Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.
ең зиянсыз жəне тиiмдi жол болып саналады.
Атмосфераның шумен ластануы
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмо-
сфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде.
Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның
жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашар-
латып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық ауру-
лардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гиперто-
ния, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасы-
ның бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клетка-
ларының дегенерациялануына əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу
əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық
еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 де-
цибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады.
Батыстың бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар маңын-
дағы елдi мекендер тұрғындарының үнемi ұшып тұратын
реактивтi самолеттердiң шуынан жүректiң миокардi инфаркт,
жыныс органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты аурулар жиiле-
ген. Ал кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап
қалуы да байқалады. Жануарларда да, əсiресе үй құстарында
жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру қабiлетi төмендейтiнi
байқалған.
Осыған байланысты шудың əсерiн төмендету үшiн бiраз
шаралар жүзеге асырылады. Мысалы, үлкен қалаларда жасыл
өсiмдiктер шудың деңгейiн бiршама төмендетедi. Олар түскен
шу энергиясының 20% жұтады. Бүнымен бiрге шуды сiңiрушi
конструкцияларды, экрандар орнату сияқты шаралар да атмо-
сфераның шумен ластануынан қорғайды.
16
1.3. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер
үшiн əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз ме-
теорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне
əкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақ-
талуы нəтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлi-
мiне себеп болады. Мысалы, Лос-Анджелес қаласында, Кали-
форнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бiрқатар
елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының
атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын
қалың тұмандар байқалды.
Лондонда s22 ___смогтар ХIХ ғасырдың соңынан бастап — ақ
белгiлi болған. Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смог-
тар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың 5-9 декабрь
аралығында қаланың үстiн қаптаған тұман жауып тұрған. Тұ-
манның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкiрт ангид-
ридi, азот оксидтерi, альдегидтер, хлорлы көмiрсутектер, т.б.)
мөлшерi ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12
сағаттан кейiн көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының
аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы
бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшiлiгi смогтың
əсерiнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстiнде
1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңда-
ған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда
"Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның
ластануы бiршама азайған.
Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа
жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз
болып, организмге бiрден əсер ете қоймайды. Медициналық-
санитарлық зерттеулер нəтижесiнде адамның денсаулығына
зиянды заттардың бiрлесiп əсер етуi аса қауiп туғызатындығы
белгiлi болды.
Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып,
жұмыс қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жол-
дарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң
жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қа-
бiлетiн төмендетедi.
17
Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрле-
рiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда бола-
тын түрлi шаңдар Күн сəулесiнiң Жердiң бетiне түгел түсуiне
кедергi келтiредi. Мысалы, Париж қаласының маңындағы өн-
дiрiс орындары аз аймақтарда ультракүлгiн сəулелер 3 %
болса, заводтар мен фабрикалар көп шоғырланған аймақтарда
0,3 % қана болған. Ультракүлгiн сəулелерiнiң жетiспеушiлiгi
балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызатыны бел-
гiлi.
Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар
мен жабайы аңдар да уланады.
Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы
фторлы жəне мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып,
олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi.
Бiрқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен
қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкiрттi газ, мы-
шьяк, сурьманың əсерiнен улану оқиғалары көп кездеседi.
Өсiмдiктер үшiн əсiресе улы болып саналатын күкiрттiң,
фтор, хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер.Олар ауыл-
шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен
зиян келтiредi.Дəндi дақылдардан бұл газдарға өте сезiмтал —
арпа, көкөнiстерден — шпинат, капуста, салат, редис.
Ауаның құрамында болатын күкiрттi газдың шектеулi нор-
масы 0,02 мг/м3, азот оксидтерi — 0,02 мг/м3 жəне аммиак —
0,1 мг/м3.
Мамандардың есептеулерi бойынша, Франция мемлекетiнде
атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың
4%, АҚШ — 3%, Жапонияда 8% құрайды.
1.4. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау
жəне қорғау жолдары
Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мəселесi күр-
делi, жан-жақты жəне үлкен материалдық шығындар мен күштi
қажет етедi. Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi
заманғы даму деңгейi адам организмi мен қоршаған ортаға
18
зиянды əсер ететiн заттардың түзiлуiн жəне бөлiнуiн азайтып,
ластанудың алдын-алудың iс-шараларын жасауға мүмкiнiдк
бередi.
Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне
зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн iс-
шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады:
1. Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi
жақсарту жəне мүмкiндiгiнше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа
технологияларды өндiрiске енгiзу.
2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақ-
сарту жəне ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды
заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау.
3. Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орна-
ластыру жəне жасыл өсiмдiктерд__________i көптеп отырғызу, егу.
19
№ 1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
АТМОСФЕРАДАҒЫ ШАҢ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ
Шаң атмосферада аэрозоль түрiнде кездеседi. Ол қатты, не
сұйық күйде атмосфераның төменгi қабаттарында, тропосфера
мен стратосферада таралады. Аэрозольдардың көпшiлiгi био-
сферадағы табиғи процестер нəтижесiнде түзiлсе, бiраз бөлiгi
адамның шаруашылық iс-əрекетi арқылы түзiледi. Кейбiр
есептеулер бойынша Жер атмосферасына адамның iс-əрекетi
нəтижесiнде түсетiн шаң мөлшерi жылына 1 млрд тоннаға же-
тедi. Шаңның химиялық құрамы түрлiше болуы мүмкiн: крем-
ний диоксидi — құм, улы металлдар, пестицидтер, көмiрсутек-
тер, т.б.
Антропогендiк аэрозольдар жану процесi нəтижесiнде түзi-
ледi. Энергетика мен транспорт антропогендiк аэрозольдың 2/4
бөлiгiн түзедi, бұдан басқа металлургия, құрылыс материал-
дары жəне химия өнеркəсiптерiнде де бiразбөлiгi түзiледi.
Аэрозольдар Жердiң клиамтын өзгертедi, адамның тыныс
алу органдарында жинақталып, аса қауiптi пневмониоз ауруын
туғызады. Көп жағдайда аэрозольдар құрамында радиоактивтi
бөлшектер, вирустар, микробтар болады, қышқыл жаңбырлар
мен смогтар түзедi.
Атмосфералық ауадағы шаңның мөлшерiн анықтау үшiн
қазiргi кезде салмақтық əдiс — гравиометрия қолданылады.
Бұл əдiс бойынша елдi мекендер мен санитарлық-қорғаныш
аймақтарындағы ауада шаңның 0,04-10 мг/м3 аралықтағы мөл-
шерiн анықтауға болады.
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Атмосфералық ауаның құра-
мындағы шаң мөлшерiн анықтау.
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1). Шаң ұстағыш құрал: фильтрлi ұстағыш, ФПП фильтрi,
үлгi алуға арналған респиратор, металл-конус тəрiздi жəне бөл-
шектенетiн ыдыс;
2). Аналитикалық таразы;
20
М
V0
3). эксикатор;
4). пинцеттер;
5). шыны тостағаншалар, диаметрi 10 см;
6). барометр
7). психрометр;
8). анемометр;
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ :