Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат
Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.
гiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе автомобильдердiң жанар-
майларының жану өнiмдерi болып табылады. Француз ғалымы
Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген
газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек ок-
сидi -4%, көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%,
альдегидтер — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi
— 0,006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн
анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт жəне азот оксид-
терiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар,
мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды əсер етедi.
Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құра-
мында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Жəне оның
40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада ұзақ уақыт
сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi белгiлi
болды.
Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль
жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның таза-
лығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсi-
нiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2,5 млн
автомобиль, Парижде — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр
мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi,
т.с.с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физико-
химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға
аса зиянды болып табылады.
Ауа бассейнiн күкiрттi газбен жəне шаңмен ластаушы
жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр стан-
циясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5 т
күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауа-
ның тазалығына үлкен əсер ететiн жағылатын отынның сапасы,
жағу əдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн
трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар
мөлшерiн бiршама азайтады.
12
Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледi. Ж.Дет-
ридiң есептеулерi бойынша, реактивтi самолеттер ұшу кезiнде
1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек оксидi, 1,7 кг
көмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кг/м3 қатты бөлшектер
бөледi екен
Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр реактивтi самолет,
8 сағат ұшу кезiнде осы уақытта 25000 га жердiң орманы бө-
летiн оттектi жұмсайды екен.
Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энер-
гетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термояд-
ролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүредi. Бұлардың əрқай-
сысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi
қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн лас-
тайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қо-
сылыстары, көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл
iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек оксидi (СО), 20
млрд тонна көмiрқышқыл газы , 150 млн тонна күкiрт оксидi,
53 млн тонна азот оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер
бөлiнедi.
Биосфераның ауыр металдармен ластануы — ғылыми тех-
никалық прогресстiң аса маңызды проблемаларының бiрi
болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы
кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi
техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд
тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға
таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын
өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90 % биосфераға та-
ралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге
қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi
олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi. Мысалы, маг-
ний — 1,5 есе, молибден — 3 есе, мышьяк — 7 есе, уран, титан
— 10 есе, аллюминий, иод, кобальт — 15 есе, сынап-50есе ,
литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий — 100 деген есе,
галлий мен германий — мыңдаған есе, иттрий — 10 мыңдаған
есе, т.с.с.
13
Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң
қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды
əсерiн тигiзедi.
Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң өзгеруiне атмосферадағы
көмiрқышқыл газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын атмо-
сферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi ат-
мосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр
есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының
мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл
газы инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн сiңiредi, оның
мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған орта-
дағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы
мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2
х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады
жəне бактерицидтiк қасиетi бар.
Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi
таңдағы аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт
атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр.
Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар __________мен адам орга-
низмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi кү-
кiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып,
күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық
жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауа-
ды. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигi-
зедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн те-
жейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфе-
раға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына
қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жи-
нақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен
хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен
уланған организм өлiмге ұшырайды.
Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы
Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиа-
циялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып
саналады. Радиациялық əсер — радиоактивтi заттардан бөлi-
нетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр хи-
миялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде
14
сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам
организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесс-
тердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне
физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.
Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қара-
пайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастро-
фалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом яд-
ролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Көптеген елдерде
ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргiзiлуiне байла-
нысты ядролық өндiрiстiң, атом-электр станцияларының да-
муына байланысты атмосферада жасанды радиоактивтiлiк
көздерi пайда болды.
Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыла-
рын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға
өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi
заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олар-
дың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс
бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен
гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.
Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне су-
тектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады. Атом жары-
лысы кезiнде түзiлген изотоптардың жартылай ыдырау кезең-
дерi түрлiше. Əсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңi
25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте
қауiптi.
Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануар-
лардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Олардың тасы-
малдануында қоректiк тiзбектер де бiршама роль атқарады.
Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар
қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке
пайдаланады, т.с.с.
1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки
қалаларында жарылған атом бомбалары ондаған мың адамдар-
дың өмiрiн қиды, оның зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда.
1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемле-
кеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос
кеңiстiгiнде жəне су астында сынауға тыйым салу туралы келi-
сiмге қол қойды. Бұл келiсiмнiң адамдардың денсаулығын сақ-
тау мен бүкiл тiршiлiктi қорғауда үлкен маңызы бар.
15
Атом энергиясын кең масштабта қолдану нəтижесiнде атом
өндiрiсiнiң қалдықтары көбеюде. Ендi осы қалдықтарды зиян-
сыздандыру проблемасы да туындап отыр. Бұл проблеманы
шешу жолдары түрлi елдерде түрлiше жүзеге асуда. Мысалы,
АҚШ мен Англия атом өндiрiсiнiң қалдықтарын Атлантика
мұхитына тастайды, Франция ескi темiржол туннельдерiне сақ-
тайды, ал бiздiң елiмiзде жердiң терең қабатына көмiледi, бұл