Экологияны қоршаған ортаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат

Описание

Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.

Работа состоит из  1 файл

экологияны қоршаған ортаны қорғау.docx

— 80.43 Кб (Скачать документ)

тан, радон, ксенон, т.б  газдардың үлесiне тиедi. Жер бетiнде  от-

тексiз  тiршiлiк жоқ. Ол жасыл  өсiмiдктердiң тiршiлiк  əрекет-

терi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен  көмiрқышқылы-

нан фотосинтез процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа

барлық  тiрi организмдер  оттектi тек пайдаланушылар болып

есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға тiрi организмдер-

дiң  тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттар-

дың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамын-

дағы  көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануар-

лар организмiне зиянды əсер етедi.

Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне

əртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл  газы-

ның жəне тыныс алу  үшiн оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi

космостық сəулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды,

климатты  реттейдi, зат алмасудың  газ тəрiздi өнiмдерiн  қа-

былдайды, планетада су буларын  тасымалдайды, бұлт, жауын-

шашын түзiлетiн жəне басқа  да метеорологиялық  процесстер

жүретiн  орын, ұшатын организмдер  үшiн тiршiлiк ортасы

болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi, т.с.с.

Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы  атмосфераның шы-

ғу  тегi екiншi реттiк  жəне ол Жердiң қатты  қабықшасынан пла-

нета  түзiлгенннен кейiн  бөлiнген газдардан  түзiлген. Жердiң

геологиялық тарихы барысында  Жердiң атмосферасы  түрлi

факторлар: атмосфералық газдардың  космос кеңiстiгiне бөлi-

нуi, вулкандардың əрекетiнен  газдардың бөлiнуi, күннiң ульт-

ракүлгiн  сəулелерi əсерiнен  молекулалардың ыдырауы, атмо-

сфера компоненттерi мен  жер қабығының  жыныстары арасын-

дағы  химиялық реакциялар нəтижесiнде бөлiнетiн  газдар

əсерiнен  үлкен эволюцияны басынан кешiрдi.

8

Атмосфераның  дамуы геологиялық  жəне геохимиялық

процестермен, сол сияқты тiрi организмдердiң  тiршiлiк əре-

кеттерiмен  тығыз байланысты. Атмосфера Жердiң  беткi қаба-

тын оның қалың қабаттарына  өту кезiнде көпшiлiгi жанып

кететiн  метеориттердiң зиянды əсерлерiнен сақтап тұрады.

Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен əсер ететiн  тiрi

организмдердiң  тiршiлiк əрекеттерi өз кезегiнде осы  ат-

мосфералық  жағдайларға тiкелей  байланысты. Атмосфера  тiрi

организмдерге зиянды əсер ететiн  Күннiң ультракүлгiн  сəуле-

лерiнiң  көп бөлiгiн ұстап  қалады. Атмосфералық оттегi өсiм-

дiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал

көмiр  қышқылы өсiмдiктердiң  қоректенуiне қатысады. Климат-

тық факторлар, əсiресе, жылу режимдерi мен  ылғалдылық

адамдардың  денсаулығы мен тiршiлiк  қызметiне əсер етедi. Со-

нымен қатар адамның  тiршiлiк əрекетi атмосфераның құрамы

мен климатқа үлкен əсер етедi. Планетадағы  оттегi тiрi заттар

арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкiл мас-

сасын 2 мың жылда тiрi организмдер сiңiрсе, көмiрқышқылын

— 300-395 жылда сiңiредi.

Жер атмосферасының газ  құрамы ерекше. Егер Юпитер мен

Сатурнның атмосферасы негiзiнен  сутек пен гелийден, Марс

пен Венераның атмосферасы  — көмiр қышқылы  газынан тұрса,

Жердiң  атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол сияқты аз

мөлшерде  аргон, көмiрқышқыл  газы, неон жəне басқа  тұрақты,

ауыспалы  компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыс-

палы  компонентi — су буы. Су буының негiзгi массасы  тро-

посферада, өйткенi атмосфераның қабаттары жоғарылаған  сай-

ын  оның концентрациясы азая бередi.

Атмосфералық  процестерге, əсiресе стратосфераның жылу

режимiне озон үлкен əсер етедi. Озон стратосферада  жинақта-

лып, күн радиациясының  ультракүлгiн сəулелерiн  сiңiредi.

Ендiк  пен жылдың мезгiлiне байланысты озонның  бiр айдағы

орташа  мөлшерi өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2 мм

аралығында  болады. Жалпы табиғатта  озонның мөлшерi эква-

тордан  полюстерге қарай  жоғарылайды. Қазiргi кезде адамның

шаруашылық  тiршiлiк əрекетiнiң  əсерiнен атмосфераның озон

қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон қабатының

бұзылуына əсер ететiн фреондар (хладондар) деп аталатын

9

галогендi қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме температурасын-

да  қайнайды, өте ұшқыш, Жердiң бетiнде  химиялық инерттi,

мұздатқыш қондырғыларда қолданылады. Фреондар страто-

сфераға көтерiлiп, фотохимиялық айрылу реакциясына  түсiп,

бiздiң  планетамызды ультракүлгiн  сəулелерден сақтайтын,

озон  молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың

катализаторы  болып саналатын  хлор аниондарын бөледi. Қа-

зiргi кезде озон қабатының  жағдайына қатаң  бақылау — мо-

ниторинг  жүргiзiлуде. Озон қабатының  бұзылуының үлкен  зар-

даптарға  əкелуiне байланысты бiрқатар елдер қазiргi кезде

фреондар  өндiрiсi мен оны  пайдалануды қысқартып  отыр,

дегенмен  де жалпы əлемде бұл  көрсеткiш əлi де жоғары күйiн-

де  қалғандықтан олардың  атмосферадағы концентрациясы да

жылдан  жылға ұлғайып  отыр.

Көптеген  бақылаулар бойынша  озон қабаты атмосферада

бiркелкi таралмаған. Солтүстiк  жарты шар атмосферасында оң-

түстiкке  қарағанда фреондардың  концентрациясы 8-9% жоғары.

1.2. Атмосфераның ластануы  мен ластаушы көздер

Өндiрiстiң  қарқындап дамуына  жəне отын түрлерiн  кең мас-

штабта  жағуға байланысты атмосферадағы  бос оттектiң қоры

азайып, ал көмiрқышқыл газының  мөлшерi жоғарылауда. Нəти-

жесiнде  табиғаттағы көмiртектiң  айналымы бұзылды  деуге

болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде

көмiрқышқыл  газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға

ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында  адам ба-

ласы  отты ең алғаш рет  қолданған күннен бастап осы күнге

дейiн  түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмса-

ған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соң-

ғы  жарты ғасырда  ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының

бұзылуы мен атмосферада  көмiрқышқыл газының  концентра-

циясының  жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-тең-

дiкке  үлкен əсер етедi.

Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен

ластанады.

10

Табиғи  ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң

болады. Шаң табиғатта  жүретiн табиғи процестер  нəтижесiнде

түзiледi.

Шаңның  үш түрi болады: минералдық (органикалық емес),

органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен

бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өрте-

нуi, теңiз беттерiнен  судың булануы  минералдық шаңның түзi-

луiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар

— бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен  өсiмдiк-

тердiң  тозаңдары, т.б. түрiнде  жəне өсiмдiктер мен  жануар-

лардың  ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космос-

тық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.

Табиғи  ластанудың бiр түрi космостық шаң  атмосферадағы

жанған  метеориттер қалдықтарынан  түзiледi, 1 жыл iшiнде

оның  мөлшерi 2-5 млн тоннаға  дейiн жетедi. Табиғи шаң жер

атмосферасының  негiзгi құрам бөлiгi болып табылады. Табиғи

шаң бөлшектерi органикалық  немесе бейорганикалық болуы

мүмкiн, олардың радиусы  шамамен 10-3—10-4 см болады жəне

топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы,

орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен  булану

нəтижесiнде  түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабатта-

рындағы шаң сусыз шөл  далалардан пайда  болады немесе

аэропланктондар — бактерия, өсiмдiк  споралары, саңырауқұ-

лақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру,

ыдырау  өнiмдерiнен түзiледi.

Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, каль-

ций тұздарының майда  кристаллдары болады, олар су шашы-

рандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi. Əдетте табиғи

жолмен  ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк  ететiн ор-

ганизмдер үшiн аса көп  зиян келтiрмейдi.

Атмосфералық  шаң Жер бетiнде  жүретiн кейбiр  процестер

үшiн  белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденса-

циялануы  үшiн, олай болса жауын-шашынның түзiлуiне əсер

етедi. Бұнымен қатар  күн радияциясын  сiңiрiп тiрi организм-

дердi күннiң зиянды сəулелерiнен  қорғайды. Академик В.И.

Вернадский  атмосфералық ауа  планетамыздың химиясында

маңызды роль атқарады деп  жазды.

11

Жер бетiндегi заттардың  биологиялық ыдырауы, оның iшiн-

дегi топырақ бактерияларының  тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак,

көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң  орасан зор мөлше-

рiнiң  түзiлуiне əкелiп соғады.

Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең не-

Информация о работе Экологияны қоршаған ортаны қорғау