Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат
Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.
Прибормен жұмыс iстеп тұрғанда оған күн сəулесiнiң түспеуiн
қадағалау керек. Алынған үлгiнi сақтау мерзiмi 2 аптадан аспау
керек.
Лабораторияда сiңiргiш прибордағы ерiтiндiнiң деңгейiн 6
мл сумен белгiсiне дейiн жеткiзу керек. Анализ үшiн əрбiр
үлгiден 5 мл ерiтiндiнi пробиркаға құйып, 0,5 мл Грисс реак-
тивiн құяды.
Пробирканы жақсылап шайқап, 20 мин соң (өлшеу алдында)
пробиркаларға 5 тамшы 0,06 %-тiк Na2SO4 ерiтiндiсiн құйып,
тағы да шайқайды. Содан соң қалыңдығы 10 мм кюветаларда
оптикалық тығыздықтарын өлшейдi.
Үлгiлердегi NO2 мөлшерiн калибрлiк график бойынша та-
бады. Үлгiлермен бiрге нольдiк үлгiнiң де оптикалық тығыз-
дығын табады.
Ауадағы NO2 концентрациясын төмендегi формула бойын-
ша есептеп шығарады:
26
а х m
V0 х b
С = ;
бұндағы:
а — сiңiргiш прибордағы ауаның жалпы көлемi (6 мл);
b — анализ үшiн алынған ауаның көлемi, (5 мл);
m — калибрлiк график бойынша табылған NO2 мөлшерi,
мкг;
V0 — қалыпты жағдайдағы сiңiрiлген ауаның көлемi, л.
Калибрлiк график құру
Сыйымдылығы 50 мл өлшеуiш колбаларға 1, 2, 4, 6, 8, 10, 20
мл негiзгi стандартты ерiтiндiнi (1 мкг/мл) құяды. Белгiсiне
дейiн сiңiргiш ерiтiндi құяды. Өлшеуiш колбалардағы 5 мл
стандартты ерiтiндiлердегi NO2 концентрациясы сəйкес 0,1;
0,2; 0,4; 0,6; 0,8; 1,0; 2,0 мкг болады.
Стандарттар шкаласын дайындау үшiн пробиркаларға 5 мл
əр стандарттан құйып, жоғарыда көрсетiлген əдiс бойынша
жұмыс жүргiзедi.
27
№4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
АТМОСФЕРАДАҒЫ КҮКIРТ ҚЫШҚЫЛЫ МЕН ЕРIГIШ
СУЛЬФАТТАР МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ
Атмосфераның антропогендiк факторлар əсерiнен ластануы-
ның негiзгi түрлерi күкiрт қышқылы мен сульфаттар.
Күкiрт қышқылы мен суда ерiгiш сульфаттарды анықтау-
дың негiзгi жолы бұл қосылыстардың барий хлоридiмен əре-
кеттесуiне негiзделген.
Күкiрт қышқылы үшiн ПДК — 0,3 мг/м3.
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1. Аспиратор мен АФА — ХП-18 пластмасса фильтрлi фи-
льтр ұстағыш;
2. көп саңылаулы пластиналы шыны фильтр;
3. фотокалориметр;
4. барометр;
5. термометр;
6. глицерин (х.т.) немесе этиленгликоль;
7. тұз қышқылы, конц. (тығыздығы 1,19 х.т.);
8. этил спиртi;
9. сутек асқын тотығы, х.т.;
10. сусыз калий сульфаты, х.т.;
11. сiңiргiш ерiтiндi: 10 мл 30%-тiк Н2О2 1 л суда ерiтедi,
0,3% Н2О2 бiр аптадай қараңғы шыныда сақтайды.
12. барий хлоридi: 5,85 г барий хлоридiнiң кристаллды тұ-
зын 50 мл суда ерiтедi. Одан соң үстiне 150 мл этил спиртi мен
150 мл глицерин не этиленгликоль құяды. РН мөлшерiн кон-
центрациялы тұз қышқылымен 2,5-2,8-ге дейiн жеткiзедi. Ерi-
тiндiнiң сақтау мерзiмi 2 ай.
13. бастапқы стандартты ерiтiндi. Сусыз калий сульфатын
майдалап үгiтiп, 120-1500С температурада 2 сағат кептiредi.
Одан кейiн 0,2720 г тұзды 100 мл суда ерiтедi. Бұл ерiтiндiде
1000 мкг/мл SO2 болады;
14. негiзгi стандартты ерiтiндi. Бастапқы стандартты ерiтiн-
дiнi сiңiргiш ерiтiндiмен 10 есе сұйылту арқылы алынады.
Алынған ерiтiндiде 100 мкг/мл SO2 болады.
28
a • m
V0 • b
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
Зерттелетiн ауаны 20 мин 40 л/мин жылдамдықпен АФА
фильтрi арқылы өткiзедi. Одан кейiн фильтрдi пинцетпен 25
мл-лiк стаканға салып, үстiне 0,2 мл этил спиртiн, 10 мл ыстық
су құяды. Стаканды 10 мин шыны таяқшамен араластырады.
Аэрозольдың ерiмеген бөлiгiн шыны фильтр арқылы сүзедi.
Сульфат-иондарын анықтау үшiн 4 мл фильтраттың үстiне
1 мл барий хлоридiн құяды. Осымен бiрге нольдiк ерiтiндi
дайындайды, ол үшiн таза фильтрге 1 мл барий хлоридiн құя-
ды. 15 мин соң ерiтiндiнi шайқап, қалыңдығы 10 мм толқын
ұзындығы 400 нм кюветамен оптикалық тығыздығын анық-
тайды. Нольдiк ерiтiндiнiң оптикалық тығыздығы 0,01 ден ас-
пауы керек. Егер одан көп болса, онда ыдыстар мен кюве-
таның тазалығын, дайындалған ерiтiндiлердiң сапасын тексеру
керек. Күкiрт қышқылы мен сульфаттардың үлгiдегi мөлшерiн
калибрлiк график құру арқылы үлгi мен нольдiк ерiтiндiнiң
оптикалық тығыздықтарының айырмасы бойынша табады.
Калибрлiк график құру
50 мл-лiк өлшеуiш колбаларға 0,5; 1; 2; 4 мл негiзгi стан-
дартты ерiтiндi (100 мкг/мл), 0,6; 0,8; 1 мл бастапқы
стандартты ерiтiндi (1000 мкг/мл) құяды. Белгiсiне дейiн дис-
тильденген су құяды. 4 мл стандартты ерiтiндiдегi SO2 кон-
центрациясы сəйкес 4; 8; 16; 24; 32; 48; 64; 80 мкг бола-
ды.Стандарттар шкаласын дайындау үшiн үлгi алуға арналған
бiр ғана фильтрдi пайдаланады, анализдiң барысына сəйкес
барлық жұмыстарды жүзеге асырады. Осымен қатар нольдiк
үлгiнiң оптикалық тығыздығын да анықтайды.
Күкiрт қышқылы мен ерiгiш сульфаттардың концентрация-
сын төмендегi формула бойынша анықтайды:
С = ;
бұндағы:
a — үлгiнiң жалпы көлемi (10 мл);
b — анализге алынған үлгiнiң көлемi (4 мл);
29
m — калибрлiк график арқылы табылған үлгiдегi SO2 (мкг);
V0 — анализге алынған ауаның қалыпты жағдайдағы көле-
мi, л.
30
№5 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ СЫНАП МӨЛШЕРIН
АНЫҚТАУ
Сынап — барлық тiрi организмдер үшiн өте улы ауыр ме-
талл. Сынап бөлме температурасында тез буланып ұшып ке-
тедi, температура артқан сайын булану да күшейедi. Ауадағы
сынаптың булары заттардың бетi мен қабырғаларына қонып,
жинақталады. Қорғасын сияқты сынап та адам организмiнде
жиналып, iшкi органдардың функцияларына зиянды əсер етiп,
организмд25e0275>Tji улайды.
Сынапты анықтау əдiсi қызыл түстi — CuI * HgI2 тұзының
түзiлуiне негiзделген.
РЕАКТИВТЕР МЕН МАТЕРИАЛДАР:
1. Үлгi алуға арналған құрал;
2. Өлшеуiш колбалар;
3. Сиымдылығы 1, 2, 5, 10 мл градуирленген пипеткалар;
4. Сиымдылығы 10, 25, 100 мл цилиндрлер;
5. Колориметриялық пробиркалар;
6. Түйiршiк йод, х.т;
7. Калий йодидi;
8. Натрий сульфитi 2,5-3 Н ерiтiндiсi: 19 г натрий сульфи-
тiн дистильденген суда ерiтiп, 100 мл-ге жеткiзедi;
9. Хлорлы сынап (сулема);
10.Хлорлы мыс, х.т., 7 % ерiтiндiсi;
11.Мыс сульфаты, х.т., 10% ерiтiндiсi;
12.Сiңiргiш ерiтiндi: 2,5 г түйiршiк йодты дистильденген
суда ерiтiп, 1 л-ге дейiн жеткiзедi;
13.Құрамды ерiтiндi: өлшеуiш цилиндрге 1 көлем хлорлы
немесе күкiрт қышқыл мыс ерiтiндiсiне 5 көлем 2-4 натрий су-
льфитiн құйып, түзiлген тұнба ерiгенше араластырады, ерiтiн-
дiнi анализ алдында дайындайды;
14.Стандартты ерiтiндi №1: 0,0135 сулеманы 100 мл-лiк
колбадағы сiңiргiш ерiтiндiде ерiтiп, 100 мл-ге дейiн жеткiзедi.
№2 стандартты ерiтiндi: №1 стандартты ерiтiндiнi 10 есе
сiңiргiш ерiтiндiмен сұйылту арқылы алады.
31
а х В
С х 1000
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
Ашық ауадағы ауданы 100 см2 болатын зат бетiн сiңiргiш
ерiтiндiге батырылған мақта тампонмен сүртiп, үлгi алады.
Тампонды пеницилиннiң ыдысына шыны салып, үстiне 10
мл сiңiргiш ерiтiндi құяды.Шыны ыдысты шайқап, 4 сағатқа
қояды, содан соң үлгiнi сүзгiден өткiзедi. 5 мл сүзгiден өткен
үлгiге 1 мл құрамды ерiтiндi қосып, араластырады. 20-30 мин
соң пробирканың түбiне тұнба түзiлгенде үлгiнiң түсiн шка-
ламен салыстырады.
Стандарттар шкаласын кесте бойынша дайындайды
Стан-
дарт
№