Экологияны қоршаған ортаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат

Описание

Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.

Работа состоит из  1 файл

экологияны қоршаған ортаны қорғау.docx

— 80.43 Кб (Скачать документ)

37

Топырақтың құнарлылығы дегенiмiз — оның өсiмдiктердi

оларға  қажеттi қоректiк  элементтермен, сумен  жəне ауамен

қамтамасыз  ету қабiлетi. Ол топырақ  түзiлу процесi барысында

жəне  адамның топыраққа  əсер етуi нəтижесiнде  қалыптасады.

Ол  бүкiл адам баласының  тiршiлiгiнiң көзi болып  табылатын

аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi-

нiң, ауылшаруашылық дақылдары  өндiрiсiнiң негiзi.

Топырақ — барлық элементтердiң  аккумуляторы: ол оларды

өзiнде  жинақтап, сумен шайылып  кетуден сақтайды. Өзiнiң

қалыптасқан зат алмасу процесi бар, тұрақты динамикалық

жүйе  болғандықтан топырақ  табиғи факторлар (су тасқыны,

эрозия, құрғақшылық, т.б.) əсерiне қарсы тұра алады. Бiрақ

топырақ көптеген антропогендiк  факторлардың (жер  жырту,

мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа  созылатын

əсерiне сезiмтал келедi. Топырақтың құнарлылығы адам iс-

əрекетiне де байланысты.

Топырақ — барлық материалдық  игiлiктердiң көзi. Ол азық-

түлiк, малға жем, киiм  үшiн талшық, құрылыс  материалдарын

бередi. Топырақтың ең маңызды  байлық екендiгiн  айта келiп,

К.Маркс, еңбек — байлықтың  əкесi болса, топырақ  — анасы

деген.

Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қа-

зiргi таңда, ғылым əлi күнге  дейiн табиғи топырақтың орнын

баса  алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсiмдiктердi

топырақсыз  өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды, пластопон-

ды, аэропонды) топырақтың ролiн дəл өз мəнiнде  орындай

алмайды. Сондықтан адамзат  қоғамы алдында тұрған жəне əлi

де  маңызды болып  қала беретiн аса  маңызды проблема топы-

рақтың  топырақ түзiлу процесiндег өзiдiгiнен қалпына  келу

қабiлетiн  сақтап қалуға барынша  жағдай жасау.

Топырақ — биосфераның  басқа элементтерiмен  үздiксiз ал-

масып отыратын, олармен  тығыз байланысты жəне биосфера-

ның кейбiр элементтерiне (атмосфералық ауа, жер бетiлiк  жəне

жер астылық сулар) өзi де əсер ете алатын өте күрделi ашық

система. Топырақ үнемi климат пен ауа райы компоненттерi,

флора мен фауна, əсiресе соңғы кезде түрлi антропогендiк

зиянды  əсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық  процес-

38

тер көбейiп, өздiгiнен  тазару қабiлетi нашарлап, құнарлылығы

кемуде.

Топырақтың  деградациялануының (латын  тiлiнен аударған-

да  — "төмендеу", "артқа  кету" ) негiзгi факторлары : эрозия,

минералдық  тыңайтқыштар мен  пестицидтердi шамадан  тыс

көп қолдану, т.с.с.

Топырақтың  қорғау мен бақылау  объектiсi ретiнде  қоршаған

ортаның басқа объектiлерiмен  салыстырғанда бiрқатар өз

ерекшелiктерi бар. Ең алдымен топырақ  атмосфералық ауа  мен

жер бетiлiк суларға  қарағанда əлдеқайда  қозғалыссыз орта,

соған байланысты басқа  орталарға тəн  аса қуатты табиғи

өздiгiнен  тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк

ластаушылар онда жинақталып, көбейе бередi.

2.2. Жел жəне су  эрозиясы

Топырақ өте күрделi организм сияқты үнемi өсу, даму жəне

өзгеру  үстiнде болады. Онда үздiксiз түзiлу жəне бұзылу про-

цестерi жүрiп жатады. Су, жел, антропогендiк  факторлардың

топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткi құнарлы  қабатының

сумен шайылу, желмен ұшу  құбылыстары эрозия деп аталады.

"Эрозия" терминi латынның erodere — бұзу деген  сөзiнен

алынған. Эрозия дегенiмiз  топырақ жабынының  су, не желмен

шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде  топырақтың ең құнарлы  қабаты

бұзылады: топырақ түзiлу процесiнiң  жүру жылдамдығы ша-

мамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см

болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзiлуiне 1400-7000 жыл

қажет болған болар едi, бұл қабаттың жойылуы  кейде 20-30

жыл, тiптi кейде бiр  ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды  дау-

ыл  нəтижесiнде болуы  мүмкiн.

Эрозиялық процестердiң байқалу  сипатына қарай қалыпты,

не  геологиялық жəне жылдам, не антропогендiк эрозия болып

бөлiнедi.

Қалыпты эрозия — орманды жерлер мен шөптесiн өсiмдiк-

тердiң  топырағында жүредi. Ол өте жай байқалып, нəтижесiнде

бұзылған  топырақ қабаты топырақ  түзiлу процестерiнiң  нəти-

жесiнде  бiр жылда қайта  қалпына келе алады.

39

Жылдам  эрозия — табиғи өсiмдiктер дүниесi жойылып бiт-

кен, топырақтың табиғи ерекшелiктерi ескерусiз пайдаланыл-

ған территорияларда  байқалып, бұл эрозия өте тез жүредi.

Кең таралған эрозиялардың түрлерi: жазықтық, сызықтық,

дефляция, ирригациялық, өндiрiстiк (техногендiк), абразия,

жайылымдық.

Жазықтық  эрозия — тау беткейлерiндегi жоғары гори-

зонттағы  топырақтардың жаңбыр, ерiген қар суларымен  шайы-

луы.

Сызықтық  эрозия — тау беткейлерi топырақтарының

жаңбыр, ерiген қар суларының  əсерiнен терең  жыралар мен

жылғалар  түзiп шайылуы.

Жел эрозиясы, не дефляция — топырақтың жоғарғы құрғақ,

құнарлы қабатының бөлшектерiнiң  желмен ұшуы.

Ирригациялық  эрозия — суармалы егiн шаруашылығымен

айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп  мөлшердегi

су  массасының берiлуiне байланысты болады. Бұл су топы-

раққа сiңiп үлгiрмейдi де, топырақ бетiмен  ағады. Су жiберi-

летiн  егiстiк жер аз ғана болса да тегiс  болмаса топырақтың

қарашiрiгi сумен бiрге төменге  қарай жуылып, ағып кетедi.

Ирригациялық  эрозия кезiнде бiр  уақытта эрозия да, топырақ-

тың сортаңдануы да жүредi.

Өндiрiстiк  эрозия — пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде,

əсiресе, ашық əдiспен өндiруде, тұрғын үй, өндiрiс  орындары-

ның құрылысын, жолдар, газ  жəне мұнай трубопроводтарын

салу  кезiнде байқалады.

Абразия кезiнде (өзендер, басқа да су көздерiнiң жағалаула-

рының құлауы) жыртылатын жəне мал жайылатын  жерлердiң

ауданы  кемидi.

Шамадан тыс көп мал  жаю кезiнде жайылымдық эрозия

байқалады.

Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың

ауыр  түрлерiн топырақтың өздiгiнен қалпына  келу қабiлетiн

ескермей  пайдаланған жағдайларда  қалыптасады. Бұл  кезде

топырақтың  структурасы бұзылады, физикалық қасиеттерi на-

шарлап, топырақ түзiлу процесiнiң  негiзгi агентi — биология-

лық белсендiлiгi əлсiрейдi. Мысалы, АҚШ —  да топырақтың

40

тығыздалуы  мен бұзылуы жыл  сайын 1 млрд доллар шығын

əкеледi.

Егiс  далалары, əсiресе, жылына екi рет өнiм жинайтын

аудандарда  ауыр техникалардың  əсерiнен топырақ  тығызда-

лып, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi төмендейдi. Бұл

зардаптарды болдырмаудың тиiмдi жолы — топырақты  мини-

малды өңдеу, топырақ өңдеушi жəне басқа да машиналардың

өнiмдiлiгiн  олардың алатын ауқымын  ұлғайту арқылы арттыру.

Эрозия  — құнарлылықтың  жауы. Мамандардың  есептеу-

лерi бойынша, əрбiр минут  сайын жер шарында 44 га жер

ауылшаруашылық  айналымынан шығып  отырады. Эрозияның

əсерiнен  адамзат қоғамы күн  сайын 3 мыңнан аса  га жерден

айрылып отырады. Ал барлығы  қазiргi кезде 50 млн  га құнарлы

жер тозып бiттi. Эрозияның  түрлерiнiң əсерiнен  барлық ауыл-

шаруашылық  дақылдарының өнiмi шамамен 20-40% төмен-

дейдi. Эрозияның зардаптары бұнымен бiтпейдi. Топырақ

беттерiндегi жыралар, арықтардың түзiлуi топырақты  өңдеу

жұмыстарын  қиындатып, топырақ  өңдеушi жəне өнiм  жинау-

шы  техниканың еңбек  өнiмдiлiгiн төмендетедi. Топырақтың

эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен

өсiмдiктердiң  тiршiлiк ету ортасының  бұзылуы, табиғи комп-

лекстердегi қалыптасқан биологиялық  тепе-теңдiктiң бұзылу-

ына əкеп соғады.

Эрозияға  ең көп ұшыраған АҚШ  жерлерi. Соңғы 150 жылда

барлығы 160 млн га жердiң 120 млн  га эрозияға ұшыраған, 20

млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз.

Эрозияның əсерiнен жыл сайын  жердiң қоректiк  заттарға бай 4

млрд  тонна құнарлы  қабаты жойылып отырады.

Жерорта теңiзiнiң жағалауларына  орналасқан елдердiң  то-

пырақтары қатты бұзылған. Пиреней  түбегiнiң шөлдi Сиссар-

лары  мен Солтүстiк  Африканың шөл  далалары, Австралия,

Канада, Индия, Пакистан __________мен  Қытайдың бiрқатар жерлерi эро-

зияға ұшыраған.

Эрозия  адамдардың тиiмсiз  тiршiлiк əрекеттерi, жер ресурс-

тарын дұрыс пайдаланбауы, кейбiр шаруашылықтарда  нашар

агротехниканы қолдану нəтижесiнде  жүредi.

41

2.3. Топырақты эрозиядан  қорғау

Топырақтың  эрозиясымен күресу — егiн шаруашылығында-

ғы  ең негiзгi мəселелердiң  бiрi.

Информация о работе Экологияны қоршаған ортаны қорғау