Экологияны қоршаған ортаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат

Описание

Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.

Работа состоит из  1 файл

экологияны қоршаған ортаны қорғау.docx

— 80.43 Кб (Скачать документ)

мiр, титан, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық эле-

менттердiң  топырақтағы қалыптасқан  қатынасы бұзылады.

Айта  кететiн бiр жай, топырақтың ластануы тек қана адам-

ның индустриялық қызметтерiнен  емес, сонымен бiрге  ауыл-

шаруашылық  өндiрiстiң ңəтижесiнде  де жүредi.

Топырақты (сол  сияқты ауа мен  суды да) едəуiр ластаушы

көздер  мал шаруашылығы  комплекстерi. Көбiнесе сұйық көң

дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100

мың бас өсiретiн шошқа  комплексi немесе 35 мың  бас iрi қара

өсiретiн  комплекстiң қоршаған ортаны ластау дəрежесi 400-

500 мың халқы бар  үлкен өндiрiстiк  орталықпен бiрдей  дəреже-

де  болады. Сондықтан  фермаларда тазартқыш  қондырғыларды

салу  өте қажеттi шаралардың бiрi.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау

мен тасымалдау дұрыс, талапқа  сай орындалмайды. Олар топы-

раққа түскенде топырақтың биологиялық белсендiлiгiн  нашар-

латады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың,

не  егiстiктердiң жиегiнде  ашық тастауға болмайды.

Мұнай өндiру жəне барлау жұмыстары  топырақтың түрлi

жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нəтижесiнде

мұнай төгiлiп, топырақтың бетiнде битумды  заттардың түзiлу-

iне  əкеп соғады. Бұрғылау  жұмыстары кезiндегi қолданылатын

жуғыш заттар (каустикалық  сода, натрий хлоридi, дизель майы,

битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Əдетте, бұндай

жерлерде  өсiмдiктер өспейдi.

Көптеген  жерлер тұрмыстық  жəне өндiрiстiк қалдықтар

жиналған  қалдық үйiндiлерiмен  ластанады. Бұл үйiндiлерде

тұрғын  үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, əртүрлi син-

тетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажеттi заттар-

46

дың қалдықтары, моншалар мен кiр жуатын орындардан шық-

қан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан

қалдықтардың  барлығы топырақты  қатты ластайды.

Топырақ бұлардан басқа пестицидтердi дұрыс пайдаланба-

ған жағдайда да бiршама  ластанады. Олардың  химиялық тұ-

рақты түрлерi топырақта  жинақталып, топырақ  биотасының

қырылып қалуына себеп  болады. Ал пестицидтердiң  топырақта

жинақталуы  жəне ондағы организмдердiң  жойылуы топырақ

түзiлу процестерiне əсер етiп, оның құнарлылығын төменде-

тедi.

Сондықтан шаруашылықтарда  пестицидтердi пайдаланудың

ережелерiн  қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды

қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң  ұсыныстарын бас-

шылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрi мен

типiн, тыңайтқыш берiлетiн  дақылдың ерекшелiктерiн  ескер-

меу топырақтың қышқылдануына, не сiлтiленуiне əкелiп, қо-

ректiк  элементтердiң антогонизмiн  туғызады, олардың  топырақ

ерiтiндiсiне шығып қалуына  жағдай жасайды.

Топырақта бұлардан басқа гельминттi инвазиялар, патогендi

микроорганизмдермен ластаушылар фекалды  массалар, өндi-

рiстiк  қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың

өлiктерi, т.б. болуы мүмкiн. Топырақтың гельминттермен өте

қатты ластануы тұрғын үйлер  маңындағы огородтарда  жиi

байқалған.

2.5. Жердi рекультивациялау

Əлемнiң  көптеген мемлекеттерiнде  бұрын мəдени дақылдар

өсiрiлiп  келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б.

үшiн  пайдаланылып келген. Ал қазiргi кезде адамның  ша-

руашылық  əрекетiнiң нəтижесiнде  бұл жерлер түрлi басқа мақ-

саттағы жұмыстар (жолдар мен  трубопроводтар салу, т.б.) жүр-

гiзу нəтижесiнде өте  үлкен өзгерiстерге ұшырады.

Адамның шаруашылық iс-əрекеттерiнiң  нəтижесiнде

өсiмдiктерi жойылған, гидрологиялық  режимi мен рельефi

өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзыл-

ған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық əдiспен

47

өндiру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды  жерлерге

бiршама  зиян келтiредi. Бұл  жұмыстар кезiнде  тереңдiгi 400-

500 м болатын шұңқырлар  түзiледi.

Осындай жерлердi қайтадан шаруашылық мақсаттарға пай-

далану  үшiн оларды қалпына  келтiру қажет. Бұзылған жерлердi

қайта қалпына келтiру процестерi рекультивация деп аталады.

Қазiргi кезде ғалымдар мен  мамандар бұзылған жерлердi

қайта қалпына келтiрiп, оларды ауыл жəне орман  шаруашы-

лықтарына қайтарудың жолдарын iздестiруде.

Бұзылған  жерлердi қайта қалпына  келтiру жұмыстары  тау-

кен, инженерлiк-құрылыс, мелиоративтiк, орман  шаруашылық-

тық, ауылшаруашылықтық iс-шаралар  комплексiн құрайды.

Жердi рекультивациялаудың  екi негiзгi этапы  бар : тау-

техникалық  жəне биологиялық. Тау-техникалық рекультива-

циялаудың мақсаты — территорияны жөндеуге дайындау. Ал

биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қал-

пына  келтiруге бағытталған  жұмыстар жүзеге асырылады.

Жердi рекультивациялау жұмыстары  бойынша Чехослова-

кия мен ГДР мемлекеттерiнде  бұзылған жерлерге жүгерi егi-

ледi.

Жердi рекультивациялау —  өте күрделi мəселе. Ол көп

жағдайда  бұзылған территориялардың нақты экологиялық

жағдайларына  байланысты. Рекультивациялық жұмыстарды

жоспарлау үшiн грунт топырағының  физико-химиялық құра-

мын, гидрологиялық режимiнiң  ерекшелiктерiн, рельефтiң

ерекшелiктерiн  жақсы бiлу керек.

Пайдалы қазбаларды ашық əдiспен өндiру, мал шаруашы-

лығы  комплекстерiн, суғару орындарын салу, т.б. топырақ

жабынының бұзылуына себеп  болатын жұмыстар кезiнде

рекультивацияланатын  жерге жоғарғы  қарашiрiктi топырақ  қа-

батын ауыстыру, орналастыруда  барлық тиiстi ережелердi

қатаң сақтау қажет.

Геологиялық мұнай iздестiру жəне өңдеу жұмыстары

кезiнде  бұзылған жəне мұнаймен, түрлi жуғыш улы  заттармен

ластанған жерлердi рекультивациялаудың  маңызы өте зор.

Əдетте, норматив бойынша, əрбiр  бұрғылау скважинасына 2,2

га  жер бөлiнедi. Бiрақ  практика жүзiнде  бұдан əлдеқайда  көп

48

жер ауылшаруашылық айналымнан шығып қалады. Əсiресе, iрi

гусеницалы  тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау

қондырғыларын бiр орыннан екiншi орынға ауыстыру кезiнде

жердiң  үлкен аймағы бiршама  зардап шегедi. Сондықтан,

мұнай-газ  кен орындарын iздестiру мен эксплуатациялау

жұмыстарын  бастар алдында ол жерлердiң топырағының  беткi

құнарлы қабатын алып, соңынан  қайтадан құнарлы  қабат

топырағын орнына салуды тиiстi орындар талап  етулерi қажет.

49

№ 6 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

МҰНАЙ ӨНIМДЕРIМЕН ЛАСТАНҒАН  ТОПЫРАҚТАҒЫ

КҮКIРТСУТЕК  МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ

Топырақта анаэробты микроорганизмдер қатысуымен орга-

никалық заттардың ыдырау процестерi үздiксiз  жүредi. Кейбiр

бактериялар органикалық заттарды тотықтыруға сульфат-

тардың  оттегiсiн пайдаланады  да, бұл кезде күкiртсутек H2S

бөлiнедi. Бұндай процесс органикалық  заттарға бай топырақ-

тарда жүредi.

H2S — түссiз газ, су мен органикалық ерiткiштерде жақсы

еридi, күштi тотықсыздандырғыш  болып саналады. Күкiртсу-

тектiң  судағы ерiтiндiсi қышқылдық  ортаны көрсетiп, əлсiз

қышқыл  болып саналады. H2S үшiн ПДК — 0,4 мг/кг топы-

рақта.

Топырақтағы күкiртсутектi анықтау  əдiстемесi мұнай  өнiм-

дерiмен  ластанған топырақтардағы H2S-тi анықтауға арналған.

Анализ  қышқылдық ортада KI мен KМnO4 əрекеттесуi

кезiнде  бөлiнетiн I2-тың H2S-тi тотықтыру реакциясына негiз-

делген.

H2S — тiң топырақтағы ең төменгi мөлшерi 0,32 мг/кг топы-

рақта, есептеу дəлдiгi — 25%.

РЕАКТИВТЕР  МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:

1). Шайқағыш аппарат;

2). Фильтр қағазы;

3). Тығынды 200 мл-лiк  колба;

4). 1 мл — лiк колба;

5). Титрлегiш пипеткалар;

6). Воронкалар;

7). Бюкс;

8). Кептiргiш шкаф;

9). Эксикатор;

10). KМnO4 ерiтiндiсi, х.т., 0,01М ерiтiндi;

11). Натрий тиосульфаты  Na2S2O3, 0,005 М ерiтiндi;

50

1,02

100

12). Күкiрт қышқылы, H2SO4 (тығыздығы 1,84 г/см4), 1:3

сұйытылған;

13). Калий иодидi, KI, х.т., 10% -тiк ерiтiндi;

14). Крахмал, 1% -тiк ерiтiндi;

15). Мұнай өнiмдерiмен  ластанған топырақ.

Информация о работе Экологияны қоршаған ортаны қорғау