Экологияны қоршаған ортаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат

Описание

Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.

Работа состоит из  1 файл

экологияны қоршаған ортаны қорғау.docx

— 80.43 Кб (Скачать документ)

Эрозияға  қарсы күрес шараларының  ең негiзгiлерiнiң  бiрi —

шаруашылық-ұйымдастыру  жұмыстары. Бұл —  территорияны

дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда  жерлердi су жəне жел

эрозиясына  ұшырау деңгейлерiне байланысты топырақ-эрозия-

лық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сəйкес эрозияға қар-

сы iс-шараларын  жүргiзедi.

Агротехникалық  шаралардан беткейлерде  жердi көлденең-

деп жырту, ал өте биiк  беткейлерде су ұстағыш  микрорельеф-

тер жасау керек. Жауын-шашын  суларын жинау  үшiн жырту

қабатын тереңдету арқылы да қол жеткiзуге болады.

Агротехникалық  шараларға сол  сияқты топырақты  аударып

емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге

төзiмдi қабаттарды жасау  да жатады. Дефляцияға ұшыраған

топырақтарда  көп жылдық шөптердi өсiру арқылы ауыспалы

егiстi қолдану өте тиiмдi болып саналады.

Эрозияға  қарсы күрес шараларының iшiнде  орман-ме-

лиорация  жұмыстарын жүргiзу де үлкен роль атқарады. Топы-

рақты құрғақшылық пен  ыстық желдерден  эрозиядан сақтауда

ормандар  егудiң өте қолайлы  екендiгiн көрнектi ғалымдар

А.Т.Болотов, В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с. үнемi атап

көрсеткен.

Эрозиямен күресу жолдары:

1. Айтарлықтай үлкен  территорияларда  өсiмдiктер жабы-

нын жоюға əкелетiн  табиғи экожүйелерге тигiзетiн əсердi шек-

теу. Бұл əсiресе орманды  пайдалануға қатысты.

2. Жайылымдарда эрозиялық  процестер көбiнесе  шектен

тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда  шөпте-

сiн  өсiмдiктер жабынының  зақымдануы кезiнде, əсiресе топы-

рағы  жеңiл жерлерде су жəне жел эрозиясы болуы мүмкiн. Тау-

лы  аудандарда шөптесiн  өсiмдiктердiң болмашы  зақымдануы-

ның өзiнде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының  пайда

болу  ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды

болдырмаудың  енгiзгi жолы мал жаю  ережелерiн сақтау мен

рекреациялық  қысымды төмендету  болып саналады.

42

3. Егiстiк жерлердi  қорғау шаралары:

— ауыспалы егiстердi дұрыс  пайдалану;

— топырақты бекiтетiн  тамырлары бар  шөптер қоспасымен

алмастыру;

— жиектiк жырту (рельефтiң  горизонттарымен);

— өңдеуден бұрын бұзылатын  құмды жəне құмдақ

топырақтарды  шығару;

— шағын егiс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектес-

тiру;

— танап қорғайтын  орман белдеулерiн  жасау;

— топырақтың құрылымын  түзуге мүмкiндiк  туғызатын ор-

ганикалық тыңайтқыштарды пайдалану;

— топыраққа əсер ететiн  қысымды кемiтетiн  техниканы

пайдалану.

Суармалы  егiстердiң дүние  жүзiндегi ауданы шамамен 250

млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар  суармалы топы-

рақтар  екiншi реттiк сортаңдануға ұшырайды. Оның мəнi — та-

наптағы топырақ суды сiңiрiп, содан соң булану мен өсiмдiк-

терге транспирацияға қажеттi судан артық су келiп түседi. Бұл

су  бiртiндеп жер астылық  грунт суларына дейiн  жетiп, оның

деңгейiнiң  көтерiлуiне себеп  болады. Мөлшерсiз, ретсiз  суару

кезiнде  қысқа уақыт аралығында (бiрнеше  жыл) жақындап,

интенсивтi түрде булана бастайды. Суда ерiген тұздар топырақ

бетiнде  жиналады. Мұндай тұздану екiншi реттiк деп аталады.

Суғарудың жоғары деңгейiнде  жəне каналдардағы судың

топыраққа сiңiп кетуi арқылы грунт суларының  мөлшерi

көбейедi. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан

жəне  дұрыс суармаудан топырақта тұздардың  мөлшерiнiң кө-

беюi екiншi реттiк тұздану деп аталады. Ал бiрiншi реттiк

тұздану ретiнде адамның  əсерiнсiз пайда  болатын табиғи тұз-

дану  процесiн атайды. Екiншi реттiк тұздану  тек құрғақ аудан-

дарға тəн. Солтүстiк аймақтарда шектен тыс суару  топырақтың

батпақтануына əкелiп соқтырады.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұзда-

рының топырақта өсiмдiктердiң  өсуi мен дамуына  зиянды əсер

ететiн  концентрацияда жинақталуын  айтады. Бұл құбылыс  əсi-

ресе, Египет, Ирак, Индия  мен Пакистан, т.б. құрғақшылық

климатты  аймақтарда белең  алып отыр. Жыл сайын  Жер ша-

43

рында тұзданудан 200-300 мың  га суармалы жер қатардан шы-

ғады. Бүкiл əлемде қазiргi таңда 20-25 млн га жер  тұзданып,

өнiм  беру қабiлетiнен  айрылған. Бұл жағдай, əсiресе Орта Азия

мен Закавказье елдерiнiң  топырақтарында көбiрек  байқалып

отыр.

Тiптi тұзданудың аз ғана деңгейiнде мақтаның өнiмi 20-

30%, жүгерi — 40-50%, бидай  — 50-60% қысқарады.  Тұздану

орташа  жүрген аймақтарда мақтаның өнiмi екi есе төмендесе,

ал  бидай тiптi өспейдi.

Адамзат қоғамы дамуының экологиялық  дағдарыстарының

бiрi дамыған өркениеттiлiктiң  өз мүмкiндiктерiн  топырақтың

тұздануы  нəтижесiнде жоғалтқаны белгiлi. Мысалы, Нiл  аңға-

рында қазiр де суармалы жерлердiң 70% тұзданған. Ғалымдар-

дың пiкiрiнше, ертедегi Вавилон  өркениетi топырақтың екiншi

реттiк  тұздануынан жойылған. Қазiр дүние жүзiнде  суармалы

250 млн га жердiң  50-60 млн га жуығы  екiншi реттiк тұздануға,

шамамен 25% ұшыраған.

Топырақты тұздану мен батпақтанудан  қорғау

Топырақтың  тұздануына себеп  болатын факторлар  түрлiше.

Олардың бiрi — құрғаған теңiздерден  пайда болған тұздың жел

арқылы  таралуы. Суда ерiген  тұздар атмосфералық жауын-

шашын арқылы да таралады. Галофит-өсiмдiктер тұзды  ортаға

жақсы бейiмделiп, топырақтан тұзды сiңiруге қабiлеттi, соның

нəтижесiнде  топырақтың жоғары қабаттарының одан əрi тұз-

дануына себеп болады. Галофиттер тiршiлiгiн тоқтатқан  соң

жəне  олардың жапырақтары  түсiп, олар минералданып, суда

еритiн  тұздардың мөлшерi көбейiп, топырақтың одан сайын

тұздануына  мүмкiншiлiк жасайды. Галофит — өсiмдiктердiң

əсерiнен  суда еритiн тұздардың  топырақта жинақталуы 1 га

жерде 500 кг дейiн жететiн  жағдайлар байқалған.

Көбiнесе топырақтың тұздануы грунт суларының  құра-

мында болатын тұздар есебiнен  жүретiндiгi жиi байқалады.

Егер  олар тереңде болмаса, капилляр арқылы булану нəтиже-

сiнде  топырақтың жоғарғы  қабатында тұздар жинақталады.

Климат  неғүрлым құрғақ жəне топырақтың механикалық

құрамы  ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүредi.

44

Екiншi реттiк тұзданудың алдын алу шараларының  бiрi те-

реңдiгi 1-1,8 м етiп террриторияда  дренаждар жасау. Сол сияқ-

ты  жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес

шараларының бiрi. Тұзды топырақтарды натрийдiң тұздарын

гипстеу арқылы тазартады.

Суарудың  жетiлдiрiлген технологияларын  қолданумен

қатар, жер асты суларының  деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты

грунт суларын сорып  алу арқылы жəне топырақты  шаю

арқылы  да тұзданумен күресуге болады. Бiрақ бұл  кезде де

мiндеттi түрде грунт суларын  алып кету керек. Кейбiр

жағдайда  химиялық əдiс те жақсы нəтиже бередi. Мысалы,

топырақ бетiнде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшiн

гипстеу жүргiзiледi. Бiрақ  бұл əдiс қымбат жəне қоршаған

ортаның тазалығы үшiн тиiмсiздеу.

Жер ресурстарына үлкен  зиян келтiретiн үшiншi бiр фактор

— жердiң азуы. Оның орын алу себептерi — өнiммен бiрге

қоректiк  заттардың топырақтан əкетiлуi. Гумустың жойылуы,

су  режимiнiң жəне басқа  да қасиеттерiнiң  топырақтың азуының

нəтижесiнде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады.

Өнiммен бiрге əкетiлетiн  қоректiк заттарды топыраққа

қайтарудың  ең тиiмдi əдiсi органикалық  тыңайтқыштарды

(көң,  компост, жəне  т.б.) қолдану, шөп  себу, пар жүйесi  арқы-

лы  топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен орга-

никалық заттардың, оның iшiнде  негiзгiсi қарашiрiктiң  кемуi-

мен байланысты.

Топырақ құнарлылығының жойылуы  топырақты интенсивтi

өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану  нəти-

жесiнде  топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен  қыш-

қыл жаңбырлар мен  минералдық тыңайтқыштарды тиiмсiз пай-

далануға  байланысты туындап  отыр.

2.4. Топырақтың ластануы

Табиғатты қорғаудың түрлi аспектiлерiн  ескермей жүргiз-

ген адамның шаруашылық iс-əрекеттерi қоршаған ортаның,

соның iшiнде  топырақтың да ластануына əкеп соғады. Нəти-

жесiнде  топырақ өндiрiстiк, құрылыстардың қалдықтарымен,

45

жылу  электр станцияларының күлiмен, пайдалы  қазбалар мен

құрылыс материалдарын өндiру кезiндегi жердiң бетiне шыға-

рылып тасталған жыныстар тау-тау болып  үйiлген, мұнай өнiм-

дерi жиналған, т.б. "индустриялық далалар" пайда  болады.

"Индустриялық  далалардың" топырақтарында  ештеңе өс-

пейдi. Бұның себебi, ластаушы заттардың құрамында  табиғи

күйде топырақта өте  аз мөлшерде кездесетiн  химиялық эле-

менттер болады. Олар көмiртек, күкiрт, молибден, мыс, кад-

мий, мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, те-

Информация о работе Экологияны қоршаған ортаны қорғау