Экологияны қоршаған ортаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат

Описание

Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.

Работа состоит из  1 файл

экологияны қоршаған ортаны қорғау.docx

— 80.43 Кб (Скачать документ)

№2

стандарт-

ты  ерiтiндi

№1

стандарт-

ты  ерiтiндi

Сiңiргiш

ерiтiндi,

мл

Сынаптың

мөлшерi,

мкг

1 0 - 5 0

2 0,05 - 4,95 0,5

3 0,1 - 4,9 1,0

4 0,2 - 4,8 2

5 0,4 - 4,6 4

6 0,6 - 4,4 6

7 0,8 - 4,2 8

8 1,0 - 4,0 10

9 - 0,2 4,8 20

10 - 0,3 4,7 30

11 - 0,4 4,6 40

12 - 0,5 4,5 50

13 - 0,6 4,4 60

Сынаптың  концентрациясын (мг/дм2) төмендегi формула

бойынша есептейдi:

Х = ,

бұндағы:

32

Х — сынаптың мөлшерi, мг/дм2;

а — үлгiдегi сынап  мөлшерi, мкг;

В — үлгiдегi барлық __________сұйықтың мөлшерi, мл;

С — анализге алынған  сұйықтың мөлшерi, мл;

1000- мкг — нан мг-ға  айналдыру коэффициентi.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Жер атмосферасының  химиялық құрамы  қандай?

2. Адамның iс-əрекетiнiң  ауа райы мен  климатқа əсерi қан-

дай?

3. Атмосфераға температураның  əртүрлi инверсиялары  қа-

лай əсер етедi?

4. Атмосфераны ластаушы  негiзгi факторлар  қандай?

5. Атмосфералық ауаның  ластануы халық  саны мен өсiм-

дiктер дүниесiне қалай əсер етедi?

6. Ауаны ластаушы  қалдықтардан тазартудың  негiзгi əдiсте-

рi қандай?

7. Автотранспорттан  қандай улы қалдықтар  бөлiнедi?

8. Автотранспорттан  бөлiнетiн улы қалдықтарды  азайту

үшiн  қандай негiзгi iс-шараларды  жүзеге асыру қажет?

РЕФЕРАТТАР  МЕН БАЯНДАМАЛАР  ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Ауа бассейнiн  қорғау.

2. Атмосфералық ауаның  зиянды қосылыстармен  ластануы.

3. Атмосфераны ластаушы  қосылыстардың қоршаған  орта

мен халық санына əсерi.

4. Қазақстан қалалары  ауа бассейндерiнiң  жағдайы.

5. Атмосфералық ауаны  тазарту əдiстерi.

6. Қалалардағы шудың  деңгейiн төмендету  проблемалары.

7. Қоршаған ортаның  химиялық ластанулары.

8. Атмосферадағы зиянды  заттарды бақылау  мен реттеу.

9. Атмосфералық ауа  құрамының өзгеруi.

10. Атмосфералық ауаның  жылулық ластануы.

33

ТАРАУ БОЙЫНША ТЕСТIК  БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Қазақстан Республикасының  ауасына 1999 жылы  бөлiн-

ген зиянды заттардың  жалпы мөлшерi

A. 18807,3 мың тонна

B. 5,5 млн тонна

C. 18 мың тонна

D. 10 мың тонна

E. 100 млн тонна

2. Ақтөбе, Алматы, Тараз,  Шымкент қалаларының  ауасын-

дағы  өте көп зиянды зат қайсысы?

A. фенол

B. формальдегид

C. аммиак

D. азот тотығы

E. күкiрттi сутек

3."Теңiзшевроил " мұнай кəсiпорны  1999 жылы атмосфера

ауасына қанша зиянды бөлшектер  шығарған?

A. 131,0 мың тонна

B. 75,0 мың тонна

C. 50 мың тонна

D. 41,1 мың тонна

E. 5 мың тонна

4. Кен байыту өндiрiсi 1999 жылы ауаға қанша  зиянды қал-

дықтар  шығарған?

A. 100 мың тонна

B. 358,3 мың тонна

C. 10 мың тонна

D. 10 млн тонна

E. 100 млн тонна

5. Алматыдағы ТЭЦ-1 (жылу-электр  орталығы) сыртқы

ортаға 1999 жылы қанша зиянды қалдықтар таратты?

A. 8,1 мың тонна

34

B. 10 мың тонна

C. 20 мың тонна

D. 100 мың тонна

E. 39500 тонна

6. Атмосфераның Жер  бетiне ең жақын  қабаты?

A. тропосфера

B. стратосфера

C. мезосфера

D. термосфера

E. экзосфера

7. Атмосфераның Жер  бетiнен ең алыс  қабаты?

A. тропосфера

B. стратосфера

C. экзосфера

D. термосфера

E. мезосфера

8. Адамның есiту  анализаторы үшiн  қалыпты деңгейдегi

шудың мөлшерi?

A. 50-80 децибел

B. 90-120 децибел

C. 100-130 децибел

D. 110-130 децибел

E. 80-90 децибел

9. Лондонда "Ауа  тазалығы туралы  заң" қай жылы  қабыл-

данды?

A. 1958 ж.

B. 1968 ж.

C. 1978 ж.

D. 1988 ж

E. 1998 ж.

10. Үлкен қалалардағы  өндiрiс орындары  аз аймақтардың

атмосферасындағы  ультракүлгiн сəулелерiнiң  мөлшерi қан-

дай?

A. 1% B. 2% C. 3% D. 4% E. 5%

35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР

1. Безуглая Э.Ю., Расторгуева  Г.М., Смирнова И.П.  Чем ды-

шит промышленный город.—  Д., 1991.

2. Гирусев Э.В., Бобылев  С.Н. Экология и  экономика при-

родопользования.—  М., 1998.

3. Данилов А.Д., Королев  И.Л. Атмосферный  озон — сенса-

ции и реальность. —  Л., 1991.

4. Банников А.Г., Рустамов  А.К., Вакулин А.А.  Охрана при-

роды.—  М., 1985.

5. Саданов А.Қ., Əбжəлелов  А.Б., Асқарова Ұ.Б.  Эколо-

гия.—  Алматы, 2001.

II ТАРАУ.

ЛИТОСФЕРА ЖƏНЕ ОНЫ ТИIМДI ПАЙДАЛАНУ

МЕН ҚОРҒАУ

2.1. Топырақ ресурстарының  маңызы.

2.2. Жер ресурстары.

2.3. Жел жəне су  эрозиялары.

2.4. Топырақты эрозиядан  қорғау.

2.5. Жердi рекультивациялау.

2.1. Топырақ ресурстарының  маңызы

Литосфера — (грекше — lithos — тас + sphair — шар) —

жердiң  қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км бола-

тын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада

тiрi организмдер 3 км дейiнгi тереңдiкте тiршiлiк  етедi.

Топырақ. Жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi

айналымын: су айналымы мен атмосфера  циркуляциясында

байқалатын  үлкен, немесе геологиялық  жəне заттардың топы-

рақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар  арасындағы

айналымы- кiшi немесе биологиялық  айналымды туғызады. Екi

айналым да бiр-бiрiмен тығыз  байланысты.

Топырақтың  табиғи ландшафттар  мен экожүйелердегi ма-

ңызы  зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға  болады.

36

Топырақтану ғылымының негiзiн  салушылардың бiрi

В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында  топырақты өзiне тəн  өза-

ра  байланыстары, тiршiлiк  ету заңдылықтары мен өзiн-өзi рет-

теуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақ-

тың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен,

өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байла-

нысты болатынын атап көрсеткен.

Тау жыныстарының топыраққа  айналу процесiнiң  аса бiр

маңызды жəне жалпы құбылысы құрлықтың бүкiл  бетiн жауып

жатқан  гумустық қабаттың түзiлуi болды. Бұл қабат  топы-

рақтың  ең бiр белсендi бөлiгi болып саналады. Топыраққа  ең

алғаш рет М.В.Ломоносов  ғылыми анықтама бердi, ол: топы-

рақ түзiлу процесi құнарлылық түзiле жүретiн өсiмдiктер мен

тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас  деп

көрсеттi.

Топырақ ресурстары Жер бетiндегi тiршiлiкке қажеттi ен

маңызды алғы шарттардың бiрi болып табылады. Алайда оның

шын мəнiндегi маңызы мен  ролiн өз дəрежесiнде  бағалай алмай

келемiз. Топырақ биосфераның  компоненттерiнiң  бiрi ретiнде

адам, жануарлар мен  өсiмдiктер үшiн биохимиялық  орта болып

саналады, ол энергетикалық  сиымдылығы жоғары, топырақ

биотасы мен адамдар арсындағы  тiкелей жəне жанама əсер-

лердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен  тазару про-

цестерiнiң  механизмдерiнiң аса  маңызды резервi болып  табы-

лады. Адамдарға азық-түлiк  пен жануарларға  қоректi өндiру

үшiн  қажеттi жағдайлар  тек топырақ арқылы ғана жасалынады.

Топырақтың  табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы  атмосфе-

ралық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу,

өсiмдiктерге қажеттi қоректiк  элементтердi жинақтау, жер асты

суларын түзумен тазалығын  қамтамасыз ету, ластаушы зат-

тарды тасымалдау.

Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсiм-

дiктер мен жануарлар, микроорганизмдердiң  бiрiккен əсерiнен

қалыптасқан жердiң беткi құнарлы  қабаты. Топырақ түзгiш

факторларға сол сияқты рельеф пен адамның iс-əрекетi де

жатады. Тiрi организмдер  топырақтың негiзгi қасиетi — құнар-

лылығының қалыптасуына жағдай жасайды.

Информация о работе Экологияны қоршаған ортаны қорғау