Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:59, реферат
Оқу құралында қоршаған орта — биосфераның компонент-
терi: атмосфера, гидросфера жəне литосфераның құрылымы,
құрамы, қазiргi кездегi күйi, ластану жағдайлары туралы кең
мəлiметтер берiлiп, оларды ластанудан қорғау жолдары, осы-
ған байланысты əрбiр тарау бойынша лабораториялық жұмыс-
тар келтiрiлiген. Лабораториялық жұмыстарға студентер орын-
дауға жеңiл, көп техникалық құралдарды қажет етпейтiн жұ-
мыстар таңдалып алынған.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
100 г топырақты конустық колбаға салып, үстiне 200 мл
дистильденген су құяды. Колбаны тығынмен жауып, 4 мин
шайқайды. Бұдан кейiн ерiтiндiнi фильтрлеп, конустық колбаға
100 мл фильтратты құяды, бiрнеше тамшы Н2SO4 тамызып,
үстiне 1 мл 10% -тiк KI ерiтiндiсiн құйып, араластырып, бю-
реткадан 0,01 М KМnO4 ерiтiндiсiмен сары түс пайда болған-
ша титрлейдi. Иодтың артық мөлшерiн 1% -тiк крахмал ерiтiн-
дiсiнiң бiрнеше тамшысын тамызып, тиосульфат ерiтiндiсiмен
титрлейдi. 0,01 М KМnO4 ерiтiндiсi мен титрлеуге кеткен
тиосульфат ерiтiндiсiнiң айырмасы 100 мл фильтраттағы кү-
кiртсутектiң тотығуына кеткен 0,01 М I2 ерiтiндiсiнiң мөлше-
рiне тең болады.
1 мл 0,01 Н иод ерiтiндiсiнде 0,17 мг H2S болады.
Мысалы: 0,01 М KМnO4 ерiтiндiсi мен титрлеуге кеткен
тиосульфат ерiтiндiсiнiң айырмасы 3 мл болсын. Онда 100 мл
фильтраттағы күкiртсутек мөлшерi — (0,17) 3 = 0,51 мг бо-
лады. Ал 200 мл фильтратта, яғни 100 г топырақта — (0,51) 2 =
1,02 мг H2S болады. Сонда топырақтағы H2S концентрациясы С
(мг/кг топырақта)
С = 1000 = 10,2 мг/кг топырақта__