Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа
Дипломная работа по "геополитике"
Ластауға қатысты төлемдер жинаудың осындай жүйесінің экологиялық тиімділігі белгіленбеген, яғни белгіленген төлемдер ластау деңгейін төмендетуге ынталаңдыратын деңгей анықталмаған. Негізгі ластағыш заттар мен дереккөздерге тиісті көңіл бөлінбеуінің салдарынан ластауға және оларды төмендетудің шекті шығынына төленетін төлемдердің өзара қатынасын аса немесе төмен дәл бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай жүйе әлі де белгіленбеген нақты экологиялық міндеттерге қол жеткізуге септігін тигізбейді. Жергілікті басқару органдары үшін, ластауға қатысты төлемдер, негізінен алғанда, бюджеттік кіріс Тарту ретінде қолданылады. Тұтастай алғанда, қолданыстағы жүйе ластаушы дереккөздің жауапкершілік қағидасын орындай алмайды.
Рұқсат беру жүйесінің басталған реформасын жалғастыру - ҚШК және онымен байланысты ластауға төленетін төлемдерге байланысты ауа мен суды ластаушы заттардың санын елеулі түрде азайту жолына дұрыс бағыт алу. Дегенмен рұқсатқа енетін ластағыштар тізімі, халықаралық стандарттармен салыстырғанда ғана емес, экологиялық саясат жасау, оны жүзеге асыру және мониторингке қатысты мемлекеттік шектеулі ресурстар көзқарасы тұрғысынан аса ұзақ болып саналады. Бұған қоса, негізгі ластаушы көздер болып саналатын кәсіпорындарға қатысты көп күш жұмсауды талап етеді.
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі төмендегідей мақсатта ластауға қатысты төлемдердің қолданыстағы жүйесін қайта қарастырғаны жөн:
- тек негізгі ластағыш заттар мен ластаудың негізгі көздеріне қатысты төлемдердің қолданылуын шектеу;
- ластауға қатысты төлемдерді аса таза өндіріс әдістерін қолданудың балама ынтасын қамтамасыз ететін децгейге дейін біртіндеп арттыру;
- экономикалық құралдар және заңнамалық іс-шараларға төменгі мәселелер бойынша негізделген ынталардың «қоспасын» жетілдіру:
- берілген секторға тән қолда бар озық технологиялар үшін қалдъқтардың шекті көлемін (ҚШК) «байластыру»;
- өнеркәсіптік кәсіпорындармен және басқа да мүдделі тараптармен консулътация жүргізу барысында атмосфералық ау мен судың негізгі ластағыштарының қалдықтарын қысқарту жөніндегі мақсаттарын орнату;
- кәсіпорын тарапынан қаржы әдістерін таза технологияға айналдыру, сонымен бірге экологиялық басқарудың ISO 14001 сияцты халықаралық жүйесін басым сақтау барысын жетілдіру.
Экологиялыц кодекс қалдықтарды өңдеуге арналған заңнамалық негізді анықтайды. Дегенмен Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік және муниципиалды қалдықтарға, сондай-ақ көптеген онжылдықтар бойы кен қазу жұмыстарының нетижесінде жинақталған қалдықтың басым бөлігіне қатысты қызмет жоспары мен ұлттық стратегия жасалынбаған. Кәсіпорындарға өздері өндіретін өнімнен шыққан қалдықтарды жинау және жоюды ұйымдастыру жауапкершілігі жүктеледі. Олар арнайы мамандандырылған қызмет көрсетуші компаниялар және/немесе қалдықтарды басқарудың қалалық жүйесіне тұтынушылық жинақ төлемін өтейді. Ластауға қатысты төлемдер сондай-ақ халықаралық тәжірибеде жалпы қабылданбаған түрлі өнеркәсіптік салалардың қалдықтары үшін де салынады. Сондай-ақ су мен атмосфераға қалдық тастауға төленетін төлемдердің де жағдайы осындай: қалдықтардың түрлі санаттары бойынша нақты тариф шкаласын анықтайтыңдай критерийлер айқын емес. Бұл оларды негізінен, бюджеттік негіз ретінде қарастырылады деп тұжырымдауға саяды. Кез келген жағдайда, «екі жақты салық салудың» мұндай жүйесі негізсіз. Қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және пайдаға асыру қызметтерінің балама бағасы қалдықтарды азайтуды, соның ішінде өңделген материалдарды пайдаға асырудың тиімді әдістерін жасау үшін жеткілікті болуы тиіс. Өңдеуге жатпайтын улы материалдар қоғам денсаулығы үшін де қауіпті, оған тыйым салу қажет.
ҚОҚМ аймақтық және жергілікті билік пен басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтаса отырып, қалалық және өнеркәсіптік қалдықтарды жалпы басқарудың тиімділігін арттыруы жөн. Бұл үрдіс төмендегідей мәселелерді қамтуы тиіс:
- қалдықтарды басқарудың ұлттық жүйесін және онымен байланысты қалдықтарды мониторингтеу, қайта өңдеу, жою және екіншірет қолдану жөніндегі заңнаманы дамыту;
- қалдықтарды төмендегі әдістер арқылы өңдеуге және жоюга алынатын төлемдердің қолданыстағы жүйесін жетілдіру:
- өнеркәсіптік және муниципиалды қалдықтармен
байланысты, қалдық көлемін қысқартуга жұмылдыратын
қызметтер үшін тұтынушылық жинақ белгілеу;
- өндірілген өнеркәсіптік
қалдықтар үшін ластауға
қатысты төлемдерді қолданыстан шығару;
- қалдықтарды екінші рет қолдануға арналған тиімді әдістер енгізу;
- ISO 14001 сияқты экологиялық басқарудың халықаралық стандарттарын сақтауга арналған ынтаны жетілдіру.
Кәсіпорындар автокөліктің пайдаланылған газдан шығарылатын қалдықтары үшін төлеулері тиіс. Мұндай төлем автокөлік жанар-жағар майын жыл сайын қолдануға төленетін төлемге теңбе-тең болғанымен, ол автокөлік құралдарының нормаларына бағынышты емес. Бұған қоса, осымен байланысты шығыстар да өте төмен және қоршаған ортаға аз ғана әсер ететін көлік құралдарын қолданудың тиісті дәрежесін қалыптастырады. Сонымен бірге, ластауға қатысты осы төлемдердің кәсіпорын автокөліктерімен салыстырғанда, осы төлемдердің әкімшілік шығысын қоспағанда, анағұрлым күрделі ластағыш көзі болып саналатын жиынтықтағы жекеше жеңіл автокөліктердің көптеген топтарына неліктен салынбайтындығы белгісіз. Автокөлік құралдары қалдықтарын қысқартудың біріші қадамы 2008 жылдан бастап жаңа автокөліктерге қатысты «Еuro 2» нормасының қолданылуы болмақ. Жанар-жағар майды үнемдеу ынтасын арттыру және жоғары сапалы жанар майды, әсіресе күкірт құрамына қарай кеңінен қолдануды алға жылжыту аса маңызды мәселе. Бензиннің ағымдық акциздері халықаралық стандарттар бойынша өте төмен, бұған қоса, ол аса жоғары сападағы жанар-жағар майды қолдану мүмкіншілігімен қамтамасыз етпейді.
Үкімет автокөліктер пайдаланған газдан болатын экологиялық ауыртпалықты азайтуға багытталган шараларды қолга алу керек. Ондай шаралар келесі жәйттерді қарастыра алар еді:
- Орташа мерзімді уақыт ішінде пайдаланылған газды бөлу мөлшерінің «Евро-3» және «Евро-4 стандарттарына көшетін мезгілді жариялау;
- бензин мен дизелъді жанар-жағар майға қатысты акцизді біртіндеп арттыру, сондай-ақ кәсіпорын автокөліктерінің пайдаланылған газдан шығарылатын қалдықтарының ластауына қатысты кемсітетін төлемдерді алып тастау;
- құрамында күкірті аз жанар-жағар майға ауысуға дифференциалды акциз қолдану;
- ескі автокөліктерді өткізу және жаңа автокөлік алуға қатысты салыц ынтасы (автокөліктерді сатушылармен көрсетілетін айрықша уақыттық қаржы ынталарына сәйкес болуы мүмкін);
- пайдаланылған газдан шығарылатын газ қалдықтарын техникалық қатаң бақылау.
Қазақстандағы су ресурстары секторындағы
жағдай үлкен алаңдатушылық
Үкімет суды аса үнемді қолдануға алып келетін, коммуналдық сумен жабдықтау жүйесінің қаржылық жағдайын жақсартатын және олардың үзақ мерзімді қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететін шаралар қабылдауы қажет. Бұл жайтқа келесі мәселелер кіргізілер еді:
- суды үнемдеуге ықпал ететін деңгейге дейінгі су қақпағы үшін жүктемені арттыру;
- жедел жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары, сонымен бірге коммуналдық қызметтерінің толық сатып алыныуына көшуге жұмсалган шығындарды әтей алатындай жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін деңгейге дейін тарифтерді біртіндеп арттыру арқылы жасалатын сумен жабдықтау секторындағы тарифтік жүйе реформасы;
- төмен кірісті суды пайдаланушылардың төлем қабілеттілігінің мәселелерін шешу үшін мақсаттық субсидия қолдану;
- сумен жабдықтау торабына біріктірілген суды пайдаланушылардың аралығында су есептегіштерін әрі қарай тарату;
- жұмыс көрсеткіштеріне қарай негізделетін келісімшарттар жасау арқылы жергілікті биліктен сумен жабдықтау кәсіпорындарының тәуелсіз әкімшіліктерін ұлғайту.
Пайдаланылған әдебиеттер мен монографиялар тізімі
1. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Биота-Среда, Учебник. –М., ЮНИТИ, 2000.
2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы. 2007.
Бобылев С.Н., Ходжаев А.Ш. Экономика природопользования. Учебник. –М., ИНФРА-М, 2004.
3. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Алматы, 2003.
4. Канаев А.Т., Сагындыкова С.З. Экология окружающей среды Казахстана.-А., 2002.
5. Каргажанов З.К., Айтекенов К.М., Карибаев Е.Г. Платежи и налоги за недропользование в республике Казахстан.-А., 2001.
6. Кошелев В.К. Геолого-экономическая оценка минеральных ресурсов. Учебное пособие.-А., 2004.
7. Кисилев В.Н. Основы экологии.-Минск, 2002.
8. Лукьянчиков Н.Н., Потравный И.М. Экономика и организация природопользования.-М., ЮНИТИ, 2002.
9. Николайкин Н.И., Николайкина Н.Е., Мелехова О.П. Экология.-М., Дрофа, 2005.
10. Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов.Алматы, 2001.
11. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. Учебное пособие.Алматы:Экономикс С, 2003.
12. Упушев Е.М. Экология природопользования, экономика.Учебное пособие.Алматы:НИЦ «Ғылым», 2002.
13. Упушев Е.М., С.Мұқаұлы Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау. Оқулық. Алматы: Экономика, 2006.
14. Экологиялық қызметтің нәтижелілігі туралы екінші шолу. 2008.
15. ҚР «Экологиялық Кодексі».
16. ҚР «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы.
17. Калжигитова Х.С. Безопасность жизни и деятельности. –А., 2000.
18. Дре Ф. Экология. М., 2000
19. Реймерс Н.Ф. Экология. М., 2001.
20. Сатыбалдин С.С., Төлемісов О.Т., Мұқаев С. Табиғат байлығына егемендік және оның құны.Алматы, 2001.
21. Ревелль П., Ревелль Ч. Среда нашего обитания.-М., 2000.
22. Райысова А., Сартбаева Ә. Климаттың өзгеруін болдырмау: айтыстан нәтижелі іске көшу.Алматы, 2001.
23. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология . Алматы, 2002.
24. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта.Алматы, 2004.
25. Израэль Ю.А. Проблемы охраны природной среды и пути решения.-Л.:Гидрометеоиздат, 2005.
26. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. –Ростов-на-Дону, 2003
27. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. Алматы:Қаржы-қаражат, 2001.
28. Гуриков Д.Е. Экология-наука для всех. –А., 2000.
29. Кормилицын В.И. Основы экологии.-М., Изд-во МЭИ, 2003.
30. Воронов Н.А. Основы общей экологии.-М., 2005
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары