Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, дипломная работа
Дипломная работа по "геополитике"
№ п/п |
Облыс |
Түскен төлемдердің жалпы көлемі, млн.тенге | ||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | ||
14 |
Түскен төлемдердің жалпы көлемі, млн.тенге |
434,20 |
896,70 |
918,60 |
584,9 |
531,9 |
Табиғи ортаны қорғау шараларын нақты қаржыландыру, млн.тенге |
106,70 |
85,20 |
234,50 |
231,8 |
153,5 | |
Табиғи ортаны қорғау шараларын нақты қаржыландырудың жалпы түсімдерге % қатынасы |
0,246 |
0,095 |
0,255 |
0,396 |
0,289 | |
Облыс |
Табиғи ортаны қорғау шараларын нақты қаржыландыру, млн.тенге | |||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | ||
ОҚО |
106,70 |
85,20 |
234,50 |
231,8 |
153,5 |
Облыс
|
Табиғи
ортаны қорғау шараларын нақты | ||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | |
ОҚО |
0,246 |
0,095 |
0,255 |
0,396 |
0,289 |
Республика |
0,368 |
0,757 |
0,299 |
0,246 |
0,345 |
3.2 Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі
Экономиками экологияландыру және дамудың түрақтылығына жетудің маңызды мәселесі - экологиялық бағыттағы дамудың механизмін қалыптастыру. Оның басты бағыты - табиғат пайдаланудың ұтымды механизмін жетілдіру. Алғаш аталған механизмнің жалпы экономикалық жүйеден алатын орнын макроэкономикалық тұрғыдан қарастырып көрейік. Соған сәйкес табиғат пайдалану механизмін жетілдіру бағыттары айқындалады.
Осындай көзқарас шеңберінде экономиканың секторлары мен салаларын қамтуы бойынша экономикалық механизмнің екі түрін ажыратуға болады. Бірінші - жалпы экономика шеңберіндегі механизм мен тетіктер. Екінші - табиғатты қорғаумен және пайдаланумен байланысты, яғни табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі.
Қазіргі жағдайда табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін қалыптастыру келесі ұстанымдар негізінде мүмкін болады:
1. Табиғатты қорғау мен ұтымды пайдалану тұжырымдамасы және соған сәйкес табиғатты пайдалану салалары мен кешендерінде табиғатты пайдалану экономикасын қалыптастыру. Ол экономиканың кешеңдері мен салаларының дамуы тұжырымдамасына үйлесімді болуы тиіс.
2. Табиғатты пайдалану экономикалық механизмі жалпы экономикалық механизмінің ажырамас бөлігі болуы керек. Ол жергілікті және табиғат пайдаланушы кешендер мен салаларға тән болып қала алмайды. Өйткені, ол басқа салалардағы экономикалық механизммен көлденең және тік байланыста болады және табиғат пайдалануға дейінгі және одан кейінгі, алғашқы табиғат ресурстарын соңғы тұтыну енімімен байланыстырады. Сонымен, табиғат пайдалану экономикалық механизмі жалпы экономикалық механизмнің табиғат - өнім желісі бойынша соңғы өнімді молайтуға бағытталған кұрамдас бөлігі.
3. Табиғатты пайдалану экономикалық механизмі салааралық және аймақаралық сипатта қалыптасуы тиіс. Оның кажетгілігін агроөнеркәсіп және отын энергетика кешенінің дамуының мысалымен дәлелдеуге болады. Мұндай жағдайда табиғат пайдаланудың ұтымды механизмі кешенділік тұрғысынан мүмкін болады. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі экономика кешендерінің, салаларының және жалпы экономиканың мақсатына қызмет етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес экономикалық механизм жетілдіріледі. Негізгі экономикалық үрдістерден тәуелсіз жеке экономикалық механизм құруға болмайды. Экономикалық механизм қалыптастыруда экологиялық мақсаттар да маңызды рөл аткарады. Жалпы экономикалық механизм экологияға тиімді немесе жағымсыз болуы мүмкін. Оның қарапайым мысалы ретінде экстенсивті, немесе интенсивті дамуды алуға болады. Алғашқы жағдайда табиғатты пайдалану механизмі сәл ғана экологиялық шектеулер қояды. Екінші жағдайда табиғатты пайдалану экономикалық механизмі ынталандырушы қызмет атқарады, өндіріс салалары мен кешендерін табиғи заңдылықтарға бейімдеп, экологиялық зияндарды азайтады [11; 12; 17].
Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмінің әсерінің үш түрін атауға болады.
Бірінші - ырықсыз (жұмсақ, орнын толтырушы) механизм, экологиялық тұрғыдан ымырашыл. Ол экономиканың дамуын тежемей, тек жалпы экологиялық шектеулер қояды. Негізінен, теріс экологиялық салдардың (зиянның) орнын толтыруды көздейді, экономиканың даму қарқынына, масштабына әсер етпейді. Табиғатты пайдалану механизмінің бұл түрі экономиканың техногендік даму түріне тән. Ол экологиялық әсерлердің себептерін емес, салдарын жоюға бағытталған.
Екінші - табиғатты қорғаушы және экологиялық теңдестікті, өндірістерді, әрекеттерді ынталандырушы. Мұнда нарықтық реттеулер басты рөл атқарады. Ол жаңа ресурс үнемдеуші, аз қалдықты технологиялар қолдануға мүмкіндік туғызады. Мұндай механизмнің мысалы ретінде ауыл шаруашылығының экологиялық бағытта дамуын қарастыруға болады. Теориялық тұрғыдан бұл түрге әлсіз тұрақтылық тән.
Экономиканың даму негізі үш факторға байланысты болады:
1) еңбек ресурстары;
2) еңбек кұралдары (капитал);
3) табиғат ресурстары.
Осы үш фактордың дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Еңбек ресурстары халықтың санына, құрамына, жасының үзақтығына, оның ішінде еңбекке қабілетті жасына, кәсіби мамандығына, біліміне, еңбекке ынталылығына және т.с.с. байланысты болса, еңбек құралдарының дамуы ҒТЖ, өндіргіш күштердің дамуына, олардың тиімді орналастырылуына, пайдаланылуына тәуелді. Табиғат ресурстары адамдарға тәуелсіз қалыптасқан, бірақ оларды пайдалану экологиялық жағдайларға байланысты.
Соңғы жылдары экологиялық фактор экономиканың дамуын шектеушіге айналды. Экономикалық даму экологияға зиян келтірмеу керек. Сондықтан экологиялық (табиғат) заңдылықтары экономикалық дамуда қатаң ескерілуі тиіс.Бәрі бір-бірімен байланысты. Биосферада барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынаста ғана тіршілік етеді. Байланыстың бұзылуы табиғаттағы теңдестікті бұзуы мүмкін.
Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Табиғатта қалдық болмайды, біреуінің қалдығы екіншісіне азық болады. Адамдар өздерінің әрекеттерінің қалдықтарын жоюдың жолын ойластыруы керек.
Табиғат жақсырақ біледі. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар эволюциялық дамудың нәтижесі. Адамдардың әрекеті, яғни, экономика, экологияға үйлесімді болуы керек. Үйлесімділікті табиғаттан үйрену керек. Ештеңе тегін берілмейді. Табиғаттағы барлық өзгерістер қуат жүмсаумен жүреді. Экономикадағы сияқты экологияда да әрбір заттың өзінің құндылығы бар. Табиғаттан алынған заттың орны толтырылуы және оған қайтарылуы керек. Экономикада табиғатты тек табиғат ресурстары деп қарастырып келдік. Экономикалық даму үшін табиғаттың басқа жақтары да құнды екені енді айқындала бастады. Жалпылама түрде табиғаттың басты үш қасиетін атауға болады:
1) ресурстық - өндірісті, тауар өндіру мен қызмет көрсетуді табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету;
2) экожүйелік - экологиялық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікке, шаруашылық әрекеттерге қолайлы жағдайлар, климат, қалдықтарды сіңіру және т.б.
3) рухани - эстетикалық, тарихи-мәдени қызметтері. Экономикада, әдетте, табиғаттың ресурстық қызметі ғана бағаланады, ал қалған екеуінің құндылығы анықталмайды және есепке алынбайды, табиғаттың тегін соты деп есептеледі. Соның салдарынан табиғатқа орны толмас зиян келтіріледі. Мысалы, ауыл шаруашылық жерлерін, орманды, суды бағалағанда олардан қандай материалдық құндылықтар алатынымызды есептейміз. Жеке табиғат ресурстары аталған қызметтердің біреуін немесе барлығын кешенді атқаруы мүмкін. Мысалы, пайдалы қазбалар ресурстық қызмет атқарады, ал орман барлық үш қызметті:
1) орман өнімдерін береді;
2) климат қалыптастырушы және табиғатты қорғаушы рөл атқарады;
3) орманда демалып, өсімдіктерінен, жануарларынан, ауасынан ләззат аламыз.
Табиғаттың көрікті
жерлері қаншама жасампаздыққа
Әйткенмен, экономикалық механизмнің аталған түрлері іс жүзінде жеке (таза) болмайды. Олар бір-бірімен үйлесімді қолданылуы тиіс. Нақты жағдайға, технологияға, өндіріске, әрекеттерге байланысты тіркесте қолданылады. Мысалы, болашақта экономиканы экологияландыру мақсатында экономикалық механизмнің ынталандырушы және қатаң түрлерін үйлестіріп қолданған ләзім. Отын-энергетика кешені экстенсивті жолмен дамытылған болса, табиғат пайдаланудың жұмсақ механизмі -жер қойнауын пайдалану төлемдері аз, жер салығы онша көп емес, жаңа кен орындарын игеру, жаңа құрылыстар ынталандырады. Ал, интенсивті даму жолына көшкенде отын-энергия ресурстарын үнемдеу қолдау табады, ресурс пайдалану салықтары, төлемдері арттырылады. Сол сияқты агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жеткілікті дәрежеде болса және тұтыну өнімдерінің жетіспеушілігі өңдеуші өндірістерге байланысты болса, табиғат пайдалану механизмінің тұжырымы келесідей болады: жаңа жер игеру жоғары салық, төлемдер белгілеу арқылы шектеледі, өнімділігі аз тозған жерлердің айналымнан шығарылуы қолдау табады, ұлымсыз жер пайдалануға айып төлемдер белгіленеді, табиғатты ластаушы химикаттар, жерге жағымсыз әсер ететін ауыр техника қолдануға әкімшілік-құқықтық тосқауылдар қойылады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға экономикалық қолдау көрсетіледі. Егер ауыл шаруашылық өнімдері жеткіліксіз болса, онда жер пайдаланушыларға, өнім өндірушілерге, жұмсақ табиғат пайдалану механизмі - салықтан жеңілдіктер беру, жаңа жер игеруді ынталандыру және т.с.с. қолданылады. Табиғатты пайдалану экономикалық механизмі аймактық ерекшеліктерді ескеруі тиіс, бірақ бір тұжырымдық негізде болуы керек. Мысалы, Қазақстан сияқты унитарлық мемлекетте теориялық, құқықтық, әдістемелік негіздері бір, бірақ әр түрлі аймақтардағы қолданыста жергілікті ерекшеліктер ескеріледі [8].
Сонымен, табиғатты пайдалану экономикалық механизмі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес ұдайы ұлғаймалы өндірісте табиғат қорғауға, ресурс үнемдеуге бағытталған «жұмсақ» немесе табиғат пайдалануды шектейтін «қатаң» болуы мүмкін. Ондай тандаулар нақты көріністе айқындалмауы да мүмкін. Ол экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға сәйкес экологиялық мақсаты айқын көрсетілмей, алғашқылардың көлеңкесінде де бола алады.
Аталған экономикалық тетіктер бір-бірімен байланысты, үйлесімді, бір мақсатқа қызмет етуі тиіс. Табиғатты пайдалану экономикалық механизмі нарықтық сипатта болады, бірақ табиғат қорға негізгі параметрлерін (нормалар, төлемдер және т.с.с.) мемлекет белгілейді.
Табиғатты қорғау әрекеттерінің экономикалық тетіктер жүйесіне келесілер кіреді:
- салық саясаты;
- жеңілдетілген несие, мемлекеттік жәрдем;
- табиғатты қорғау қорларын тездетіп амортизациялау;
- ластау қүқығын сату;
- «кепілдік - қайтару» ұстанымын қолдану;
- айып төлемдер;
- ластанғаны үшін және қалдықтар шығарғаны үшін төлемдер.
Көптеген елдерде аталған экономикалық механизм тетіктері ұтымды қолданылады. Әсіресе, экологиялық салық көп қолданылады. Экологиялық салық кем дегенде екі міндетті орындауы тиіс: бірінші - өнімнің құнын шығындарға, оның ішінде табиғат қорғау шығындарына және табиғатқа келтірген зиянға сәйкестендіру; екінші - экологиялық зиянды бүкіл қоғамға емес, зиян келтіргенге төлеткізу, яғни «ластаушы - төлейді» ұстанымын жүзеге асыру. Экологиялық салықтар экологиялық өндірістерді ынталандырушы және лас өндірістерді тежеуші рөлін атқарады. Мұнда мемлекет салық белгілеу арқылы бағаға әсер етіп, алғашқы жағдайды жасайды, ал ары қарай нарық қатынасы тұтынушы мен өндірушіге, сұраныс пен ұсынысқа әсер ету арқылы реттейді.
Жалпы, салық жеңілдіктері табиғат қорғау шараларына, экологиялық әрекеттерге, өнімдерге беріледі. Ұтымды табиғатты қорғау шаралары жүзеге асырылғанда салық салынатын пайданың шамасынан тыс шығындар шегерілуі тиіс. Кейбір жағдайларда салық алынбауы мүмкін. Мысалы, экологиялық корларды салықтан босату керек. Әр түрлі жарамсыз ресурстарды, қалдықтарды пайдаланып алынған табысқа да осындай саясат қолдану керек. Экологиялық бағыттағы салық жүйесінің: салалық, технологиялық, аймақтық және өнімдік астарларын ажыратуға болады. Тұрақты даму өндірісті экологиялаңдыру, кұрылымын жақсарту тұрғысынан алғанда салық алғашқы табиғат пайдалану салалары мен өндірістерінде жоғары болып, өнім тұтынушыға жақындаған сайын азайтылып отыруы тиіс. Бұл табиғатқа күшті әсер ететін табиғат пайдаланушы өндірістерге салымдарды тежейді, ресурстарды өңдеу, қайта өңдеуші өндірістерге салымды ынталандырады. Ресурс үнемдеуші, аз қалдықты технологияларға да салық жеңілдіктері берілуі тиіс. Ал, техногендік, табиғат сыйымдылығы жоғары өндірістер мен технологиялардан артық салық алынады. Салықтың аймақтық ерекшеліктері де маңызды. Экологиялық қиын аймақтарда экологиялық өндірістер көбірек қолдау табуы тиіс. Керісінше, табиғатты ластаушы өндірістер тежеледі. Экологиялық құрал-саймаңдар, жабдықтар, өнімдер, материалдар және қызметтер салық жеңілдігін алып, экологиялық қауіпті өнімдер - озон ыдыратушы препараттар, этилденген бензин, пестицидтер, қуат тұтынуы жоғары техника және т.б. жоғары салық белгіленеді. Жақын уақыттарда көптеген елдерде көміртектерді жаққаны үшін салық белгіленуі мүмкін. Ғаламдық жылыну, атмосфераға көміртектерді шығаруды азайту туралы халықаралық келісімдер аталған салықты қолданудың алғышарттарын жасады. Ондай салық Финляндия мен Нидерландыда қазірдің өзіңде қолданылады. Жалпы салық жүйесін жетілдіру туралы айтқанда, оның табиғи ресурстарға байланысты үлесін арттыру көзделу керек. Ал, әзірше салыктың басым бөлігі, халықтан, пайдадан және қосымша құннан алынады. Болашақта табиғат пайдаланумен байланысты салықтар, төлемдер үлесі арттырылса, табиғат қорғау маңызы артады. Көптеген ғалымдар мен басқару мамандары табиғат пайдалану төлемдерін (салықтарын), табиғат қорғаушы қызметін ғана атқарады, бюджет түсімін арттыру міндетті емес деп есептейді. Елімізде негізгі табиғат ресурстары жалпыхалықтық-мемлекеттік меншікте болғандықтан, оларды пайдалану төлемдері мемлекеттік бюджеттің негізгі көздерінің бірі болуы тиіс.
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары