Кылмыстың субъективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа

Описание

Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3

1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................

1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....

2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................

2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................

2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................

2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................

3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН

ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН

ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................

3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................

3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................

3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Работа состоит из  1 файл

Суб.жагыДипломБ.Самбетов.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

     М А З М Ұ Н  Ы

К І Р І С П  Е

     Қылмыс  құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы  кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және   қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.

      Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын  қоғамға  қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық  заңмен белгіленген объективтік және  субъективтік  белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.

     Қылмыс  құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының  элементтері   деп  аталатын  белгілердің  төрт тобын  құрайды. Бұл қылмыстың  объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы.   Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын  белгілердің мазмұны бойынша   бір қылмыс  екінші бір қылмыстан ажыратылады.

     Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен  адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

     Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік  жаққа карағанда субъективтік жақ  қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды  кылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.

        Қылмыстың субьективтік жағының  мазмұнын мынадай заңдылық белгілері:  кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

            Қылмыстың субъективтік жағын  құрайтын белгілердің  әр қайсысы қылмыстың  психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әр қайсысы өзінше  сипаттайды. Мысалы, кінә  - бұл тұлғаның  өзі жасаған  қоғамдық қауіпті  іс-әрекетіне ( әрекетіне  немесе әрекетсіздігіне ) және оның  қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына  психикалық қатынасы.

     Кінә - қылмыстың субьективтік жағының  негізгі және міндетті белгісі. Сондықтан, адам өз кінәсі анықталған қоғамға  қауіпті іс әрекеті және одан пайда  болған қоғамға қауіпті зардаптар  үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.

     Кінәнің қылмыстық құқықтық қағидасына және анықтамасына сәйкес, кінә қылмыстық  әрекеттің немесе  әрекетсіздіктің  ажырамас бөлігі және қылмыстық заңмен қарастырылатын, соттың үкімімен мемлекет атынан әшкерленетін, сәйкес нысандарымен анықталатын, адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті  әрекетіне және оның зардаптарына деген психикалық қатынасы.

         Қылмыстың субъективтік жағы  бұл негізінен адамның психикалық  іс-әрекетінің қылмыс істеуге  тікелей байланысты жағы-ның көрінісі  болып табылады..

          Дипломдық жұмыс, кіріспе және  қорытындыдан, үш тараудан, сондай-ақ  қолданылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

      1-тарауда  қылмыстың  субьективтік жағының  жалпы сипаттамасына тоқталдық.

      2-тарауда  қылмыстық құқықтағы кінәнің  түсінігіне және түрлеріне тоқталдық.

      3-тарауда  қылмыстың субьективтік жағының  мазмұнын құрайтын белгілеріне  тоқталдық.

      Қылмыстың субьективтік жағының қылмыстық  жауаптылықтың бар жоғын анықтау  үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау  үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше.

      Осыған  байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының көптеген қаулыларында қылмыстың субьективтік жағының  мазмұнын, кінәнің нысандарының, қылмыстық  қаскүнемділік пен арам ниеттің  және оның мақсатының мазмұны мен  бағытын терең зерттеуді талап етеді.

      Сонымен қатар дипломдық жұмыста Қазақстан  Республикасының  нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ арнайы әдебиеттерді қолдандық.

      Осы дипломдық жұмысты жазудың негізгі  мақсаттарының бірі қылмыстық құқықта  қылмыстың  субьективтік жағын  ғылыми теориялық жағынан талдау болып табылады. Қылмыстың субьективтік жағын  зерттеу қылмыстық құқықта қылмыстық іс-әрекеттерді саралауда үлкен маңызға ие.         
 
1-тарау.  Қылмыстың субьективтік  жағына жалпы сипаттама

1.1 Қылмыстың субьективтік жағының  түсінігі және оның маңызы

     Кез келген қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік –бұл  тек дененің қимылының  болмауы ғана емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген  қатынасы. Осы қатынас қылмыстың  психологиялық мазмұны болып табылады, яғни адамның өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерікті қатынасы, қылмыс жасау кезіндегі субьектінің басшылыққа алатын ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері-бұлардың бәрі қылмыстың субьективтік жағын құрайды. Қылмыстың субьективтік жағы қылмыстың ішкі мәні болып табылады1.

     «Субективтік  жақ» термині қылмыстық заңда  қолданылмайды. Алайда, заңшығарушы  оның мәнін кінә, ниет, мақсат ұғымдары арқылы ашады. Осы аталған ұғымдардың әрқайсысы қылмыстың психикалық мәнін әр жағынан сипаттайды.

     Кінә  адамның өзі жасаған қоғамға  қауіпті іс әрекетіне деген психикалық қатынасын білдіре отырып, кез-келген қылмыс құрамының міндетті және негізгі  белгісі болып табылады. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық түрінде көрінуі мүмкін. Алайда, кінәлі адам жауап бермейді. Бұл сұрақтарға жауапты қылмыс қүрамының факультативиі белгілері болып табылатын қылмыстың ниеті мен мақсаты береді. Ниет бұл адамды қылмыс жасауға итермелейтін ішкі сезім. Ал, мақсат бұл қылмыс жасаушы адамның қылмыс жасау арқылы қол жеткізуге ұмтылатын нәтижесі. Қылмыстың ниеті мен мақсаты қылмыстық заң диспозициясында тікелей көрсетілген жағдайларда қылмыс құрамының міндетті белгілерінің қатарына қосылады2.

        Мысалы: Қылмыстық Кодекстің 237-бабындағы «бандитизм» құрамының субективтік жағының міндетті белгісі болып азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсаты табылады.

      Қылмыстың субьективтік жағында эмоцияналдық жағдайлар да ерекше орын алады. Заңшығарушы  бұл жағдайда қылмыс құрамының белгілерін қоспайды. Дегенмен, Қылмыстық Кодекстің 98-бабы «жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру», Қылмыстық Кодексінің 108-бабы «денсаулыққа жан күйзеліс жағдайында зиян келтіру» қылмыстарында жәбірленушінің заңсыз әрекеттері тарапынан туындаған терең эмоционалдық жағдай жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жай ретінде қарастырылады.

      Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптарында субьективтік жақтың белгілері  тікелей көрсетілген. Мысалы, Қылмыстық  Кодекстің 103-бабы «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» немесе Қылмыстық Кодекстің 101-бабы «адамға абайсызда қаза келтіру» қылмыстары.

      Қылмыстың субьективтік жағының қылмыстық-құқықтық маңызы ерекше. Ең алдымен, қылмыстың  субьективтік жағының барлық белгілерін нақты анықтау қоғамға қауіпті іс әрекетті дұрыс саралаудың қажетті алғы шарты болып табылады.

      Екіншіден, обьективті белгілері бойынша бір  біріне ұқсас қылмыстарды ажырату  кезінде субьективтік жақтың белгілері  негізге алынады. Мысалы, Қылмыстық  Кодекстің 187-бабы «бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және  188-бабы «бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» қылмыстары тек кінәнің нысандары бойынша ғана ажыратылады.

      Үшіншіден, қылмыстың субьективтік жағы белгілі  бір шамада қылмыстық іс әрекеттің  және оны жасаған адамның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтайды. Мысалы, алдын-ала жан жақты дайындалып жасалған қылмыс  кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмысқа қарағанда жоғары қауіптілік дәрежесімен ерекшеленеді.

      Сонымен, субьективтік жақты дұрыс анықтаудың қылмысты саралау және жазаны жеке даралау кезінде құқықтық мағынасы едәуір. Сондай\ақ, субьективтік жақ қылмыстық құқықтың заңдылық, кінәлі жауаптылық, ізгілік, әділеттілік сияқты қағидаларын сақтаудың қажетті шарты болып табылады.

         Егер  қылмыстың  объективті жағы  - қылмыстың сыртқы сипаты болса , субъективті  жағы  оның  ішкі сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған  қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен  және мақсатпен сипатталатын  адамның  қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы

      Қылмыстың  субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстың кінәсі,  себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі  тұлғаның сезім күйі жатады.

      Қылмыстың субъективтік жағын құрайтын белгілердің  әр қайсысы қылмыстың  психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әр қайсысы өзінше  сипаттайды. Мысалы, кінә  - бұл тұлғаның  өзі жасаған  қоғамдық қауіпті  іс-әрекетіне ( әрекетіне  немесе әрекетсіздігіне ) және оның  қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына  психикалық қатынасы.

     Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік  жаққа карағанда субъективтік жақ  қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды  кылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз  байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.

     Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай  заңдылық, белгілері: кінә, қылмыстық  ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің  жиынтығы кьілмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

     Аталып  өткен қылмыстың субъективтік жағының  осы белгілерінің зандылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетгі белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұның езі кінәсіз жағдайда қылмыстык, жауаптылық туралы сез болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға карағанда, кейбір құрамдар үшін занда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс кұрамының факультативті белгісі ғана болып саналады.

Информация о работе Кылмыстың субъективтік жағы