Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа
Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3
1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................
1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....
2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................
2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................
2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................
2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................
3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН
ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН
ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................
3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................
3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................
3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................
Қылмыстық заңда кінәнің екі түрі –қасақаналық және абайсыздық көрсетілген. Сот – тергеу тәжірибесінде және қылмыстық заңдарда ең көп кездесетін кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады.
Қасақаналықтың мазмұны Қылмыстық кодекстің 20-шы бабының 1-ші бөлімінде көрсетілген. Мұнда «тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады» делінген.
Қылмысты қасақана істеу тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстық занда және сот-тергеу практикасында ең көп кездесетін кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Кінәнің касақаналық нысанын дәлме-дәл анықтаудың зандылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекетгер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардың колдануы туралы» қаулысында басқа да мән-жайларды анықтаумен бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың ниеті мен максатын ескеруге міндетті, деп көрсетілген. Қасақаналықтың мазмұны Қылмыстық кодекстің 20-бабының 1-бөлігінде көрсетілген. Мұнда;«тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет касақана жасалған қылмыс деп танылады» делінген.
Қылмысты қасақана істеу тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады., Қасақаналықтың үғымы негізінен екі түрлі элементтен — интеллектуалдық және еріктілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін сезіну және сана-сезім арқылы өтетін оның қоғамға зиянды зардабын болжау касаканалыктың интеллектуалдық (сезім) кезенін құрайды.
Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасаканалықтың қажетті элементі болып табылады, мұндай элементтің болмауының өзі кінәліліктің болмағандығын дәлелдейді.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін сезіну деп сол әрекет не-месе әрекетсіздіктен тікелей туындайтын зардаптың мәнісін және мазмұнын түсінуді айтамыз.
Адам
өзі белгілі бір қоғамға
Әрбір адам өзінің саналы ойына, өмірлік тәжірибесіне, біліміне, құқылық мәдениетіне сәйкес өзінің іс-әрекетінің қоғам-ға қауіптілігін сезінуге қабілетті болып табылады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезінуді қылмыстық заң тыйым салған, оған қайшы іс-әрекетгерді істеуді сезумен теңестіруге болмайды. Қасақана қылмыс істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға кайшы екенін сезеді. Бірақ та кылмыстык, заң тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздікті білмей істейтін жәйттер де кездесіп калуы мүмкін. Мысалы, түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында, тәрбиелеу және емдеу профилакторийлерінде ұстайтын адамдар ішімдіктерін, дәрілік немесе есірткі заттарды, сондай-ақ беруге тыйым салынған басқа да бұйымдарды қарап тексеруден жасырып беру немесе кез келген әдіспен беруге әрекеттенудің қыл-мыстық заңтыйым салған, жазалайтын әрекет екенін әркім біле бермейді. Соған карамастан адамның мұндай әрекеті қасақана қылмыс істегендік болып есептелінеді.
Өйткені, іс-әрекеттің қылмыстық заңға қайшылығын сезінуді заң шығарушы қасақаналықтың белгісі ретінде арнайы көрсетпеген. Дегенмен де кейбір ретгерде заң шығарушы іс-әрекеттің касақана қылмыс құрамына жатқызылуы үшін қылмыстық жауаптылықтың шарты ретінде кінәлінің өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екендігін сезінуін тиісті қыл-мыстық құқылық нормада тікелей атап көрсетеді.
Мысалы, біреуді біле тұра заңсыз тұткынға немесе қамауға алу, анықтама, тергеу, прокуратура немесе срт органдарының біреуді біле тұра заңсыз қылмыстык жауапқа тартуы, әкімшілік шараларды қолданғаннан кейін тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде тыйым салынған мерзімде заңсыз аң аулау.
Қасақаналықтың
интеллектуалдық элементін
Тікелей қасақаналықта қоғамға қауіпті зардаптың тууының болмай қалмайтындығы болжанады. Белгілі бір зардап келтіруге ниет еткен адам езінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кәміл сенеді және туындайтын зардапты ой-сана арқылы елестетіп, оның сөз жоқ болмай қалмайтындығына кез жеткізеді. Кейбір реттерде ғана тікелей касақаналықпен кылмыс істеген-де қоғамға қауіпті зардап сөзсіз болатын түрде емес, тек қана нақты мүмкін болатын зардап ретінде болжануы мүмкін.
Мысалы, жүріп келе жатқан поездан жәбірленушіні лактырған адам өзінің қылмысының нәтижесі — құрбанының өлуі немесе оның кез келген дәрежедегі дене жаракатын алатындығын сезеді. Мұндай жағдайда істелген әрекеттің нәтижесінен кісі өлімін тілеу занды құбылыс болғанымен, кісі өлімініңорын алуы сөзсіз түрде емес, бірақта әйтеуір жүзеге асатындай болып елестейді немесе кінәлі адам езінен біршама кашықтықта тұрған адамды әдейілеп кездеп атқанда, ол жәбірленушінің өлуінің нақты мүмкін болатынын ғана болжайды.
Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру тікелей қасақаналықтың еріктілік элементін күрайды.
Тілеу — бұл белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету деген ерік білдірушілік болып табылады. Тікелей касақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу, әр түрлі нысанда көрінуі мүмкін:
а) Қоғамға зиянды зардап келтіру кінәлінін, түпкі максаты немесе коғамға зиянды зардап түпкі мақсатқа жетудің қажетті құралы болса я болмаса, б) қоғамға зиянды зардап кінәлі адам үшін түпкі мақсатқа жетудің белгілі бір сатысы болуы мүмкін.
Қылмыстық занда касақаналықтың анықтамасы материалдық құрамдағы қылмыстарға арналып берілген. Формальдық құрамдағы кылмыс үшін қасақаналықтың мазмұнын осы тұрғыда қылмыстардың объективтік жағының белгісі болып табылатын істелген қоғамға кауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығын сезу ғана жеткілікті болып табылады. Қылмыстың зардабы формальдык құрамдағы қылмыстардың объек-тивтік жағының міндетгі белгісі болмайтындықтан, кінөлі адам-нан мұндай жағдайда қоғамға зиянды зардаптың болуын бол-жауды талап етуге болмайды.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның коғамдык кауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, кылмыс тікелей ниет-пен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады :(20-бап). Тікелей және жанама қасақаналықтағы іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін білудің айырмашылығы жоқ, екеуінде де бірдей.
Жанама
қасақаналықтағы қоғамға зиянды
зардапты болжаудың тікелей
Егер тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін немесе болмай коймайтынын алдын ала білсе, жанама қасақаналықта қоғамға зиянды зардапты болжау сөзсіз болатын түрінде емес, болуы мүмкін зардап ретінде алдын ала болжанады. Сонымен, жанама қасақаналықтың интеллектуалдық белгісі істелетін іс-әрекеттің қоғамға зияндылығын сезу және қоғамға зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжау арқылы сипатгалады.
Жанама қасаканалықтың еріктілік белгісі қоғамға зиянды зардаптың болуына немқұрайды карап саналы түрде жол беру арқылы кәрінеді. Жанама қасаканалық тікелей қасақаналықтан негізінен осы еріктілік белгі бойынша ерекшеленеді. Тікелей қасақаналықта адам зиянды зардаптың болуын тілейді. Жанама қасақаналықта, тікелей қасақаналыққа қарағанда кінәлі адам зардаптың болуын тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы немесе немқұрайды түрде жол береді.
Қоғамға зиянды зардапка саналы, немқұрайды түрде жол беру деп кінәлінің сол зардаптың болу мүмкіндігін болжауын және оны тойтаруды ойланбауын, яғни жүзеге асуына немқұрайдылықпен парықсыз қарауды айтамыз. Мәліков облыстык соттың үкімімен кісі өлтіруге (ҚК — 24, 96-бап, 2-бөлік, «б» тармағы) оқталғандығы үшін төмендегі жағдайда сотталған. Жәбірленуші Шәріпов сотталған Мәліковтен түнде ұрланған екі қап жемді коймасына әкеліп қоюды ұсынады.
Осы үшін кек алуды кездеген Мәліков фермаға келіп, Шәріповтың желке тұсынан пышак салып, екінші рет пышақ кезеген, бірақ жәбірленушінің қарсылық көрсетуі нәтижесінде соңғы соккы жеңілдеу тиген. Мәліковтың өз әрекетін одан ары жалғастыруына сол жерде тұрған біраз адамдар жол бермеген. Мәліковтың әрекетін Жоғарғы Сотгың Қылмыстық істер қарайтын алқасы 24, 96-бап II бөлігі «б» тармағынан 103-баптың 3-белігіне (денеге қасақа-на ауыр зиян келтіру) жатқызып, қайта саралаған. Сот үкімінде Мәліков жәбірленушінің желкесіне пышак салып, екінші мәрте ұруға ұмтыла отырып, өзінің іс-әрекетінің коғамға зиянды зар-дабын сезеді, жәбірленушінің өлетінін болжайды және оған саналы түрде жол береді, яғни жанама касақаналыкпен әрекет жасаған деп көрсетілген.
Мұндай қорытындымен келіспеген Жоғарғы Сотгың Президиумы кассациялық ұйғаруды бұзып, облыстық сотгың үкімін күшінде қалдыра отырып өз қаулысын-да кінәлінің қасақаналығының мазмұнын анықтауда сот істелген қылмыстың барлық мән-жайлар жиынтығын, сондай-ак. қылмыстық тәсілін және колданылған қаруын, дене жарақаты-ның адам өміріне маңызды органына келтірілуі сипатын, санын, кінәлінің қылмыстық әрекетгі тоқтату себептерін еске алуы қажет деп көрсетті.
Осы іс бойынша қылмыстың нақтылы істелу жағдайлары: пышақпен адамның өміріне қауіпті жері — желкесіне пышақ салуы, ол әрекетті екінші рет істеуге әрекет жасау, бірақ жәбірленушінің белсенді түрдегі карсылығына байланысты, сондай-ақ бөтен адамдардың кінәлінің кылмысты әрекетін тыюға байланысты, дер кезінде дәрігерлік көмектің нәтижесінде ауыр зардапты тойтарудың өзі Мәліковтың өз әрекеті-нен жәбірленушінің өлуін тілегенін және ондай зардаптың сөз жоқ болатындығын болжағанын және соны тілегенін, яғни тіке-лей қасаканалықпен әрекет істегенін көрсетеді.
Тағы бір мысал: катардағы Әбенов мас болып өзі күзетіп тұрған постының жанынан қараңғы кезде өтіп бара жатқан Сәрсенов жақка қаратып, бұзақылық ниетпен автоматтан оқ жаудырған. Сәрсеновтың қолы және аяғы жарақаттанған. Республика Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы Әбеновты жанама қасақаналықпен кісі өлтіруге бұзақылық ниетпен оқталғандығы үшін кінәлі деп тапқан. Себебі, ол Сәрсеновке қаратып оқ атқанымен, оны өлтіруді немесе оған ауыр зардап тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы түрде жол берген.
Жанама қасақаналықта қылмыс құрамына тән коғамға зиянды зардапты болғызу кінәлінің іс-әрекетінің түпкі немесе аралық я болмаса баска мақсатқа жету құралы болып табылады. Бұлар кінәлінің іс-әрекетінен туындаған бегде нәтиже болып табылады. Жанама қасақаналыкпен істелген қылмыстар үшін қоғамға зиянды зардаптың кажеті жоқ, мұндай жолмен істелген іс-әрекетте зардап келтіру туралы ниет те болмайды. Бірақ алға қойған мақсатына жету үшін адам осындай зардаптың болу мүмкіндігін теріске шығармайды, оған саналы түрде жол береді. Сөйтіп, жанама қасақаналықпен қылмыс істеу тікелей қасаканалықпен қылмыс істеу арқылы жүзеге асырылатын басқа қылмысты істеуде де кездесіп калады.
Жанама касаканалықтың ерекшелігі сол, ол формальды қылмыс құрамында болмайды. Өйткені формальды қылмыс құрамының объективтік жағы тек қана қоғамға зиянды іс-әрекеттен (әрекет немесе әрекетсіздік) ғана құралады. Сол себепті белгілі бір қоғамға зиянды әрекеттің орындалуы мұндай қылмыс құрамының белгісі ретінде көрсетіл-мейді. Формальды кылмыс құрамындағы қылмыстарды істегенде адамның еркі іс-әрекеттің өзіне ғана бағытталғандықтан тек қана тікелей қасақаналық нысанында жүзеге асады.