Кылмыстың субъективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа

Описание

Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3

1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................

1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....

2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................

2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................

2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................

2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................



3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН

ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН

ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................

3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................

3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................

3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Работа состоит из  1 файл

Суб.жагыДипломБ.Самбетов.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

     Болжауға  міндеттіліктің болуымен қатар немқұрайдылықтың объективтік белгісі адамның осы нақгы жағдайда қоғамға зиянды зардаптың болуын болжауға накты мүмкіндігі (субъективтік белгісі) болғандығы, бірақ бұл мүмкіндікті жүзеге асыра алмағандығың, сөйтіп зардаптан қашып құтыла алмағанын анықтау қажет. Осындай жағдай орын алған ретге адамды немқұрайдылық пен қылмыс істедің деп жауапқа тартуға негіз жоқ.

     Сондықтан әр уақытта да немқұрайдылықтың объективтік  және субъективтік белгілерінің өзара  тығыз екендігін естен шығармау керек. Немқұрайдылықтың субъективтік белгісі қоғамға зиянды іс-әрекет істеген адамның әрбір нақты жағдайға байланысты өзіндік ерекшеліктерін есепке алуды кажет етеді. Адамның өзінің әрекетін немесе әрекетсіздігінің қоғамға зиянды зардабының болуы мүмкін екені туралы болжауын шешкен кезде оның жасын, білімін, жетілу деңгейін, кәсіптік немесе өмірлік тәжірибесін, денсаулык жағдайын, іс-әрекет істелген уақыттың жағдайын есепке алып, оларға дұрыс баға беріп, тұжырымды қорытынды жасау керек. Тек қана субъективтік белгіні басшылыққа ала отырып, адамның қоғамға зиянды зардаптың нақты болуы мүмкіндігін болжағаны немесе болжамағаны анықталады.

     Субъективтік  белгінің болуы адамды жазықсыз жауапқа  тартуға жол бермейді. Сондықтан  да қылмыстық құкық ғылымы немқұрайдылықтың субъективтік белгісіне ерекше мән береді. Сонымен бірге немқұрайдылықтың субъективтік белгісі туралы мәселені шешкенде ең алдымен оның объективтік белгісінің барын анықтау қажет. Немқұрайдылықтың объективтік белгісі (адам өзінің іс-әрекетінін, зиянды зардабының болуы мүмкін екендігін болжамаса) жоқ болса, онда немқұрайдылықтың субъективтік белгісі туралы сөз де болмайды.

     Қорыта  айтканда, заң бойынша қылмыстық  немқұрайдылық егер объективтік  белгі (адам езінің іс-әрекетінің зиянды зардабының болуы мүмкін екенін болжауға тиісті болуы) анықталса және адамның өзінің іс-әрекетінің зиянды зардабының болуы мүмкін екенін болжай алатын болғанда орын алады. Сол зардаптың болуын болжауға мүмкіндігі болған күнде ғана сол адам кез келген зардапқа кінәлі болады.

     Мысалы, Абаев пен Әбиев арасында екеуара өзара жанжал болып, бір-бірімен жұлқыласып төбелес болған. Төбелес барысында Абаев Әбиевті қатгы итеріп жіберген. Нәтижесінде Әбиев асфальтқа басымен құлап, содан бас сүйегі сынып, миына қан құйылып, екі тәуліктен соң каза болған. Сот Абаевтың әрекетін абайсызда кінәнің абайсыздық нысанының немкұрайдылық түрі бойынша кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тапқан. Асфальтқа жолдың үстінде тұрған Абаев Әбиевті итерген кезде оның қатты бетонға соғылып өлуіне душар болуы мүмкін екенін болжамаса да осыдан ауыр зардап болатынын болжауға міндетгі еді.

     Кінәнің абайсыздық түрі болып табылатын  немқұрайдылықтың менмендікпен бір  ғана ұксастығы бар. Абайсыздықтың  осы екі түрінің интеллектуалдық  орта белгісі — кінәлі адам сол  нақты жағдайға байланысты коғамға зиянды зардаптың нақты болуын болжауға тиісті болса да болжамайды. Кінәнін менмендік түріне қарағанда немқұрайдылықта кінәлі өзінің істеген әре-кеті мен өрекетсіздігі қоғамға зиян екенін түсінбей, білмей істегені және өзінің іс-әрекеті қоғамға зиянды нәтиже тудыратындығын болжауға тиісті және болжай алатын болса да, оны ол болжамай істейді. Кінәнін, басқа турлеріндегі әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға зияндылығын және одан туатын зардапты сезе тұра істелінеді.

     Қылмыстық немқұрайдылықты кейбір реттерде кездейсоқтықтан ажырата білу керек. Егер адам өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін болжамаса оларды болжауға және болжайтын-дай мүмкіндігі жоқ жағдайда қоғамға зиянды зардап келтірсе. оның іс-әрекетінде кінә жоқ, соған байланысты қылмыстық құрамы да болмайды.

     Мұндай  жағдайларда кінәсіз зиян келтірушілік кездейсоқ оқиға (казус) деп аталады. Яғни, мұндай ретге кылмыстық немқұрайдылыққа  тән объективтік және субъективтік белгілер жок,. Кездейсоқ оқиғаға (казусқа) тән мына мысалды келтірейік: Абрамов құс фабрикасында шофер болып жұмыс істеп жүріп, өзі айдап жүрген автокөлікпен сол фабриканың асханасына азық-түлік алып келген.

     Осы жерде ол өзіне бұрыннан таныс  Кемелбек және Жаксыбай деген екі  мас жігітті кездестірген. Олар Абрамовтан өздерін көрші ауылға жеткізіп тастауды өтінген, бірақ Абрамов машинасының қорабы жүкке толы екенін айтып, оларды апарудан бас тартып, кұжаттарға қол қойғызып алу үшін асхананың әкімшілік кеңсесіне кеткен. Абрамовтың жоқтығын пайдаланған әлгі екі жігіт машина қорабына өз беттерімен орналасып алған. Қайта оралған Абрамов Жақсыбайға автокөліктен түсіп, қорапты босату туралы ұсыныс жасайды. Жақсыбай айтқанды тындап ұсынысын орындайды, ал Кемелбек болса, машина қорабында жасырын қалып қояды, ол туралы Абрамов ештеңе білмейді. Жол жүріп келе жатқанда ауыр мастықтың салдарынан Кемелбек ұйықтап кетіп машина қорабынан құлап, жүріп келе жатқан автокөліктің артқы дөңгелегінің астында қалып сол жерде қазаға ұшырайды. Алғашында Абрамов көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзғаны, соның салдарынан жәбірленушінің өлуі үшін кінәлі деп, халық сотының үкімі бойынша сотталған. Іс кассациялық тәртіппен облыстық сотта каралғанда Абрамов жөніндегі үкім бұзылып, оның әрекетінде қылмыс құрамының белгісі жоқ болғандыктан іс қыскартылған.

     Сот алқасының ұйғарымында мас күйдегі  жәбірленушінің Абрамовтың тыйым салғанына  карамастан автокөлікке өз бетімен, жасырынып отырып, өзін-өзі қауіпті  жағдайға душар еткенін, Абрамовтың көлік кұралының жүріс кауіпсіздігінің ешқандай ережесін бұзбағанын, яғни оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ екендігі көрсетілген.

     Жәбірленушінің  мас күйде көлік қорабынан  кұлап, дөңгелек астына түсіп, қаза болуы  жәбірленушінің өзінің өрескел салақтығынан болған. Істің мән-жайы бойынша Абрамов жәбірленушінің автокөлік қорабына жасырынып қалғанын білмеген және білуге мүмкіндігі де болмаған. Мұндай кездей-соқ жағдайға байланысты ол кінәлі деп танылуға және қылмыстық жазаға тартылуы тиіс емес.

     Тағы  бір мысал: Өсербай деген азамат 1995 жылы оныншы шілдеде өзінің сегіз және тоғыз жасар екі немересімен және көршісінің он бір жасар баласын ертіп, ауыл манындағы үлкен өзеннің жағасына шөп шабуға барған. Үш бала ағаш түбіндегі көлеңкеде ойнап отырған. Бір кезде көршісінің он бір жасар баласы құрбақаны көріп, оны ұстап алмақ болып, өзен жағасына карай қуа жөнелген.

     Содан байқаусызда биік жағадан суға құлап, тұншығып өлген. Алдын ала тергеу орны Өсербайдың әрекетінде ешқандай қылмыс белгісі жоқ деп, осы факті  бойынша қылмысты іс қозғаудан бас тартты. Өйткені, тергеушінің каулысында көрсетілгендей Өсербай балалардың қауіпсіздігі үшін барлық шараларды жасаған. Оларға отырған орындарыңнан қозғалмаңдар деп үйреткен. 11 жасар бала суға батқанда оған дер кезінде көмек беруге ұмтылып, суға түсіп кұтқармақшы болған. Бірақ соған қарамастан іс сәтсіздікпен аяқталған. Мұндай жағдайда Өсербай бақытсыздыкқа душар болған баланың өлуіне кінәлі емес. Сондықтан да орын алған жағдай кездейсоқ оқиға (казус) деп танылған. Мұндай ретте адамның іс-әрекетінің жазықсыз зиян келтіруі туралы тұңғыш рет Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде құқылық анықтама берілген.

     Онда:  Егер іс-әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда  болған қоғамдық кауіпті зардаптар  оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық кауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылык кезделмесе,  әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

     2. Егер әрекет жасаған адам өзінің  іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық  қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе және істің мән-жайы бойынша оларды алдын ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазыксыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуын алдын ала білген адам оны болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінін, психика-физиологиялық қасиеттерінің кысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалык ауыртпалыктарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады делінген (23-бап).

     Жалпы қасаканалық пен абайсыздыктың  психологиялык. мазмұны мына төмендегідей: еріктілік элемент кінәнің  нысандары және түрлері  интеллектуалдык. Элемент осы зардаптардың болуын тілеу тікелей қасақаналық.

     Істелетін іс-әрекеттің, қоғамға қауіпті мәнін  білу, оның коғамға зиянды зардаптарынын  болуын мүмкін екенін немесе болмай коймайтынын  алдын ала білу осы зардаптардың болуын тілемегенімен оның болуына саналы түрде жол беру, немқұрайдылықпен карау менмендікпен ондай зардаптар болмас деп сену жанама қасақаналық істелетін іс-әрекеттің қоғамға кауіпті мәнін түсіну, оның қоғамға зиянды зардабының - нақты мүмкін екендігін алдын ала білу менмендік істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіпті екенін түсіну, оның зиянды зардабын болуы мүмкін екенін алдын ала білу немқұрайдылық бірақ оларды болжауға тиісті және болжай алатын болу істелетін әрекеттің қоғамға зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін болжап білмесе немқұрайдылықтың белгілері объективтік (істелетін іс-әрекеттін, қоғамға зиянды зардабын болжауға міндеттілік) және (осы зардаптарды болжауға мүмкіндік) субъективтік Абайсыздық туралы ұғым Қылмыстық Заңда  берілген (21-бап). Онда менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет  абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. делінген. Яғни, кінәнің абайсыздық нысаны екі түрге менмендік және  немқұрайдылық болып бөлінеді.Егер адам өз  іс -әрекетінің (әрекетсіздігінің)  қоғамға  қауіп туғызуы  мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды  жеткілікті  негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс  менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.Абайсыздықтың екінші  түрі  -немқұрайдылық болып табылады.Егер адам  қажетті  ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды  болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс  - әрекетінің ( әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті  зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған  қылмыс  деп танылады39. Осы анықтамаға байланысты өзінің іс-әрекетінің зиянды екенін түсінбеген, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екенін болжамаған адам не үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұндай жағдайды адам заңның талаптарына, қоғам ережелеріне, басқа да адамдардың мүдделеріне ұқыпсыз, жауапсыз, байқамай шалағайлықпен, яғни өзінің немқұрайдылығынан өзінің іс-әрекетінен зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін болжауға тиісті және болжай алатын болса да болжамайды.

      Бұдан қылмыстық немқұрайдылықтың екі түрлі белгімен сипатталатынын көреміз. Оның біріншісі, адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптарын болжауға тиіс болса, екіншісі болжай алатын болса. Қоғамға зиянды зардапты болжауға тиісті, міндетті болу немқұрайдылықтың обьективтік белгісі болып табылады, ал зиянды зардапты болжай алатын болса деген сөз, немқұрайдылықтың субьективтік белгісін түзеді. Заң қылмыстық немқұрайдылықты осы екі обьективтік және субьективтік белгісін біріктіру арқылы айқындайды. Немқұрайдылықтың обьективтік белгісінің мәні адамның өзінің іс-әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың болуын болжауға міндеттілігі болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3-тарау.  Қылмыстың субьективтік  жағының мазмұнын  құрайтын белгілері және  кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар

3.1 Қылмыстық ниет  және мақсат

     Қылмыстың субъективтік жағына оның міндетті белгісі  болып табылатын кінәмен бірге  кылмыстың ниеті және мақсаты  кіреді.

     Егер  Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі  нақты қыл-мыс құрамында ниет пен мақсат оның белгісі ретінде көрсетілсе, онда ол осы құрамның субъективтік жағының міндетті, қажетгі белгісі болып, ал баска жағдайларда құрамның факультативті белгісі болып саналады.

     Кез келген мінез-құлыкка, оның ішінде қылмыстык  құқықтық мінез-құлыкка да дұрыс баға беру үшін кылмыстық ниетпен мақсатты да анықтау қажет. Қылмыстық істер жүргізу кодексі іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайлардың қатарына қылмыстық ниет пен мақсатты да бекерден-бекер қоспайды. Ол туралы Жоғарғы Соттың бірнеше қаулыларында арнайы көрсетілген. Осыған байланысты мақсат пен ниетті аныктап алудың қылмыстық құқылық маңызы ерекше.

     Қылмыстық ниет деп-белгілі бір қажеттіліктер  мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды  басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

     Қылмыстық мақсат деп-адамның қылмыс істеу  арқылы болашақта белгілі бір  нәтижеге жетуін айтамыз.

     Сонымен, қылмыстың мақсаты кылмыстық  ниетке негізделіп пайда болады екен, ал қылмыстық ниет мақсатпен бірге  белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді.

     Қылмыстык ниет пен максат өзара тығыз байланысты үғым. Адамның мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты болса, ал мақсат пайда  болған ниеттің қандай әдіспен, ниетпен  жүзеге асырылатынын анықтайды.

     Қылмыс  істеу арқылы адамның өзі қалайтын, тілейтін болашақ нәтижесін елестетуі  қылмыстың мақсаты болады. Мысалы, терроризмнің ниеті қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы ниет болса, ал оның мақсаты  коғамның қауіпсіздігін бұзу болып  табылады.

     Ниет  пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым болғанымен олар адамның еріктілік процесінің әр түрлі жағын сипаттайды. Ниет адам неғе-қылмыс жасады деген сұраққа жауап берсе, ал мақсат сол әрекеттің бағытын анықтайды. Қылмыстык ниет пен мақсат әр уақытта да Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларының диспозицияларында нақты атап көрсетілетін ұғым болып табылады.

Информация о работе Кылмыстың субъективтік жағы