Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа
Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3
1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................
1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....
2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................
2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................
2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................
2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................
3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН
ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН
ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................
3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................
3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................
3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................
Субъект өзінің әрекеті немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін, коғам мүдделеріне зардап келтіретінін біліп түрса да сол әрекетті жасайды. Субъект тікелей немесе жанама түрде вз еркін қоғам мұдделеріне қарсы қояды.
Абайсыздықтағы қоғамдық
Кінәнің мәнін ашудағы келесі қадамнын бірі тұтас кінәнің (нысаңдарына байланыссыз) әлеуметгік-саяси мәнін түсіну. Бұл, біріншіден, адамның психикалық қатьшасының өзін сараптауды; екіншіден, кінәні құрайтын психикалық қатьшастың ерекшеліктерін сараптауды талап етеді.
Адамның психикалық қатынасы жеке адамды сыртқы өмірмен байланыстырады. Ол әрқашанда әлеуметтік мазмұнға толы болады, өйткені ол әлеуметтік ортаға, қоғамдық мүдделерге, қоғамның өзге мүшелеріне деген қатынас.
Психикалық қатынас заңдық түсінік емес, ол жеке адам психологиясы пәніне кіретін түсінік. Сондықтан, қылмыстық құқық ғылымында психологиялық қатынас түсінігінің мазмұны психология ғылымының зерттеген категорияларына, ережелеріне сүйеніп анықталады. Адамның өзіне тән психикалық белгілеріне адам қызметінің, хал-ахуалының , қатынасының қасиеттері (темперамент, мінез, ерік және т.б.) жатады.
Қылмыстық
әрекеттің құрылымында
Интелектуалдық (танымдық) кезең. Ойлау –адам санасына дүниедегі заттарды, олардың табиғатына тән шынайы белгілерін, олардың өзара қарым-қатынастарын бейнелеп беретін психикалық процесс. Адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынуы және оның қоғамға қауіпті зардаптарының болуын алдын ала көре білуі- қылмыс жасау жағын көрсетеді.
Кінә (латынша culpa; ағылшынша guilt; fault) –құқықтағы адамның өзінің құқыққа қайшы ,мінез құлқына ( әрекет немесе әрекетсіздікке) және одан туындайтын нәтижеге деген психикалық кезқарасы , қылмыс құрамының субъективтік жағына қатысты адамның өзінің мінез –құлқының және сонымен байланысты нәтижесінің құқыққа қайшылығын сезіну, түсінуін білдіреді30.
Объективті айыптауға яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
. Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істеген, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда істеген айыпты адам тартылады.
Құқықтың салдарына сәйкес кінәнің нысандары және олардың жауаптылық шегіне әсер ету қарастырылған.
Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады делінген (19-бап). Қылмыстық құқықта белгілі бір қоғамға зиянды зардап орын алады немесе қоғамға зиянды іс-әрекет істеді екен деп кінәсізден-кінәсіз жауапқа тартуға мүлдем жол берілмейді. Бұл — кылмыстык құқықтың табиғатына жат құбылыс.
Сонымен,
кінә дегеніміз бұл адамның өзінің
қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін
қоғамға қауіпті іс-әрекетіне
және оның қоғамға зиянды зардабына
деген кезқарастарының
Істелген әрбір кылмыс үшін кінәнің болуы — объективті ақиқат. Қылмыстың субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойьнша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды, Кінә екі түрлі — касақаналық және абайсыздық нысанда болады.
Кінә
туралы сөз қылмыстық занда
Адамның өзінің істеген іс-әрекетінің және одан туындайтын зардаптың, яғни оның қоғамға қауіпті мәнін сезінуі немесе сезінуге мүмкіндігі болуы кінәнің әлеуметтік мазмұнын кұрайды.Сезіну және еріктілік — психикалық көзқарастарды кұрайтын элементтер болып табылады. Сезіну (интеллектуалды кезең) және ерік (еріктілік кезең) өзара жиналып кінәнің мазмүнын құрайды. Сонымен, кінәнің өзі екі түрлі -сезіну және еріктілік кезендері аркылы сипатталады.
Интеллектуалдық және еріктілік кезендерінің әр түрлі өзара қатынасы кінәнің нысандарының, түрлерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Қылмыстық кодексте кінәнің нысандарының екі түрі — қасақаналық және абайсыздық түрі көрсетілген.
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істеген, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздан істеген айыпты адам тартылады.
Осы қағидада атап көрсетілгендей кінәлігі үшін жауаптылық қылмыстық істер жүргізу заңдарында да бекітілген яғни Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілгендей сот өндірісінің маңызды міндеттерінің бірі заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету ешбір кінәсіз адам қылмыстық жауапқа және жазаға тартылмауы тиіс делінген.
Құқықтың салдарына сәйкес кінәнің нысандары және олардың жауаптылық шегіне әсер ету қарастырылған.
Қазақстан
Республикасының қылмыстық
Абайсызда жасалған әрекет осы кодекстің ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы кезделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. (Қылмыстық кодекстің 19-бабы).
Кінә - бұл қылмыскердің қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекетіне психикалық қатынасы. Кінәнің элементтеріне сезім мен тілеу жатады, бұлар кінәнің мазмұнын құрайды31.
Қылмыс қоғамға қауіпті іс-әрекет болғандықтан оны жасаған адам яғни, қылмыскер қоғам алдында және мемлекет алдында Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес кінәлі болып есептеледі.
Адамды белгілі бір қылмысқа кінәлі деп тану үшін ол өзінің әрекетін қоғамға келтіретін зардаптары үшін заң алдында жауап беруге және заңда көрсетілген жазалануға жасы толған және есі дұрыс адам болуы тиіс. Бірақ қылмыстық – құқық ғылыми кінәнің психологиялық түсінігімен ғана шектеліп қоймай, оның қоғамдық мазмұнын да түсіндіреді.
Адамның санасында болып жатқан ойлау процесстерін, біз адамды қоршаған ортадан бөлек, ажырата қарастырамыз.
Сондықтан адамның өзінің жасаған қылмыстық іс-әрекетіне деген психикалық қатынасымен кезқарасын дұрыс түсіну үшін ол адамды қоршаған қоғамдық әлеуметтік жағдайларды терең зерттей отырып сол сияқты қылмыс жасауға әсер ететін басқада факторлардың мөлшерін білу қажет.
Қылмыстағы кінә дегеніміз – адам өзінің жасаған қылмыстық іс-әрекетіне деген психикалық қатынасы ғана емес, сол сияқты осы қылмыстық әрекеттен келетін қоғамға қауіпті зардаптарына қатынасы . Кінәнің ғылыми түсінігіне байланысты, бұрыңғы советтік қылмыстық құқықтарда жүйеленген бірде –бір норма зерттелген жоқ.
Ғалым Утевский В.С. кінәнің осы « бағалық түсінігін «өзінің» советтік қылмыстық құқығындағы кінәнің түсінігі» деген жұмысына негіз етіп алады. Ол өзінің жұмысында кінәні анықтаудың үш белгісін атап көрсеткен32.
1.Сотталушы
адамды сипаттайтын
2. Мемлекет атынан айыптау үшін оны бағалау.
3.
Осы бағалаудың негізі бойынша
сот сотталушыны бұл
Кінә дегеніміз тек қана « бағалық» категория деген көзқарасты жақтап , соттың адамның мінез құлқы туралы жаман кез қараста болуы, сот тәжірибесінде тек нашар әсер келтіретін болар.
Сонымен қатар кінәсіздік презумпциясы адамның кінәлі екені сот арқылы анықталғанға дейін оның кінәсіз деп саналатынын білдіреді.
Кінәсіздік презумпциясының құқықтық негізі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы, онда былай делінген: « адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі».
Кінәсіздік презумпциясы ықпалының шептеріне тоқталатын болсақ Ю.И. Стецовский мен А.М. Лариннің дәлелдеуінше, кінәсіздік презумпциясы - қылмыстық құқықта ғана емес, ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне қатысты жалпы құқықтық принцип33.
Кінәсіздік презумпциясының мәні мен орны туралы 80-ші жылдардың аяқ кезінде орын алған айтыстар бұрыңғы КСРО – ның ғана емес, сондай-ақ басқа да бір қатар социалистік елдердің ғылыми мектептерін қамтыды.
Мәселен, қарама-қарсы кезқараста болған поляк ғалымдары М.Шерер; Л.Шафф теориялық пікір талас жүргізіп, онда бір жағы кінәсіздік презумпциясы керек емес екенін дәлелдеді, ал екінші жақ бұл принциптің демократиялылығын дәйекті түрде қорғады.
Кеңестік қылмыстық құқық ғылымыда кінәсіздік презумпциясына түрліше кезқараста болды.
Онда мына бағыттар бойынша айқын байқалады:
1.
Кінәсіздік презумпциясы
2.
Екінші бағыт қылмыстық
Сонымен, жоғарыда жазылғандарды қорыта келіп, кінәсіздік презумпциясын қабылдау құқық демократизмі мен адамгершілігінің көрінісі болып табылады.
Қазіргі
кезде кінәсіздік презумпциясына байланысты
ғылыми тартыстар, талқылаулар заңгерлердің
көпшілігінің арасында танылып
отыр.