Кылмыстың субъективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа

Описание

Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3

1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................

1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....

2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................

2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................

2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................

2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................



3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН

ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН

ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................

3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................

3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................

3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Работа состоит из  1 файл

Суб.жагыДипломБ.Самбетов.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

     Адам  өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезбегендіктен өзінің істеген әрекетін немесе әрекетсіздігін заңға кайшы емес деп ойлайды. Мұндай реттегі қылмыс адамды қасакана қылмыс істегені үшін жауаптылыққа тартуға жол бермейді, бірақ та сол іс-әрекеті үшін ол адам абайсызда зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыкта зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін болжауы мүмкін және болжауға тиіс болған ретте ғана жауапқа тартылуы мүмкін.

     Субъектінің өзінің іс-әрекетімен одан туындайтын қоғамға зиянды зардаптың арасындағы орын алатын себепті салдар жөніндегі қателесуін себепті байланыстың өрістеуі жөніндегі қателік деп айтамыз. Мысалы, жүргізушінің өзі айдап келе жатқан көлікпен жаяу адамды байқамай қағып кетіп, оны өліп қалды екен деп суға лақтырып жібереді. Бірақ адамның өлуі көліктің қағуынан емес, суға тұншығудан болады. Мұндай іс-әрекет екі бірдей қылмыстың жиынтығы ретінде сараланады.

     Жауаптылықты  жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жөніндегі қателікте адам осы  мән-жайлардың орын алуы немесе орын алмауы жөнінде жалған ұғымда болады. Мұндай ретте оның жауаптылығы қасақаналықтың мазмұнына, неге бағытталғанына байланысты шешіледі. Мысалы, адам жәбірленушінің жүкті екенін білмей өлтірсе, онда оны Қылмыстық кодекстің, 96-бабы 2-бөлігі «г» тармағы бойынша кінәлауға негіз жоқ. Ал, ол қателесіп жүкті емес әйелді жүкті әйел екен деп өлтірсе, оның жауаптылығы кылмыстық ниеттің бағытына сәйкес шешіледі.

 

     Қ О Р Ы Т Ы  Н Д Ы

      Қылмыстық құқықтағы қылмыстың субьективтік жағы деген тақырыптағы дипломдық  ғылыми жұмысты қорытындылай келе көптеген авторлардың зерттеулерін басшылыққа ала отырып, ең алдымен қылмыстың құрамына қысқаша түсінік беруді жөн көрдік.

        Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара  тығыз байланысты, бірақ бір-біріне  ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұныда, бағытыда  әртүрлі.

      Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады.

      Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді.

     Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді және әр бір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілері бар.

      Қылмыстық құқық теориясы әр бір қылмыста болатын  төрт түрлі міндетті элементтерді, олар;

      1.обьект

      2.обьективтік  жағы 

      3.субьект

      4.субьективтік  жағы

      Осы көрсетілген белгілерге сәйкес кез  келген қылмыстың құрамы осындай  төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында  осы элементтерді бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Сондықтан да осы элементтердің біреуінін жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздіңде жоқ екендігін көрсетеді.

      Қылмыстың құрамының жалпы қысқаша түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады.

      Осылардың ішіндегі ең маңызды элементтеріне  қылмыстың субьективтік жағы жатады.

     Жоғарыда  қылмыс құрамына жалпы сипаттама  бере отырып, қылмыс құрамының негізгі  элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағын ғылыми теориялық жағынан  төмендегідей талдауға жатады.

     Кез келген қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік –бұл  тек дененің қимылының болмауы ғана емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген  қатынасы. Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады, яғни адамның өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерікті қатынасы, қылмыс жасау кезіндегі субьектінің басшылыққа алатын ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері-бұлардың бәрі қылмыстың субьективтік жағын құрайды. Қылмыстың субьективтік жағы қылмыстың ішкі мәні болып табылады.

        Қылмыстың субьективтік жағының белгілері- кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада:

      біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің  құрамдас бөлігі ретінде ол кылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен  ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қыл-мыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

       Қылмыстық құқықтың ең маңызды  қағидаларының  бірі  қылмыстық

жазаға  және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге  кінәлі адам ғана  тартылатындығы  болып табылады.Бұл қағида қылмыстық  кодекстің арнаулы  бабында  атап көрсетілген. Онда адам  қылмысқа қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті  әрекет және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық  жазаға тартылуы тиіс.

      Кінә  (латынша culpa; ағылшынша   guilt; fault) –құқықтағы адамның өзінің  құқыққа қайшы, мінез құлқына ( әрекет немесе әрекетсіздікке) және одан  туындайтын нәтижеге деген психикалық  кезқарасы, қылмыс құрамының субъективтік жағына қатысты адамның өзінің  мінез –құлқының  және сонымен байланысты  нәтижесінің   құқыққа қайшылығын  сезіну, түсінуін білдіреді. Объективті айыптауға  яғни кінәсіз  зиян келтіргені үшін қылмыстық  жауаптылыққа  жол берілмейді.

     .Алдын ала тергеу органдары мен  сот органдары қылмыстық істі тергеу мен сот төрелігін жүзеге асыру кезінде обьективтік ақиқатты анықтауы қажет.

      Күнделікті  тәжірибеде көрсетілгендей кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу  үшін қылмыстың субьективтік жағын  анықтаудың маңызы ерекше.

      Қылмыстың құрамын дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір –бірінен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі..

      Жоғарыдағы  жазылғандарды қорыта келіп, осы  дипломдық жұмысты орындау барысында  қылмыстық құқық теориясының  көптеген авторларының еңбектерін, көзқарастарын  негізге ала отырып және күнделікті тәжірибеге сүйене отырып  кішкентай ғылыми жұмысты барынша теориялық жағынан ашуға тырыстық.          
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық:  (Жалпы бөлімі) Оқулық.-Алматы:  Жеті  жарғы, 1999 ж.
  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім-Алматы Жеті жарғы, 2000ж.
  3. Ашитов З.О. Вопросы дальнейшего укрепления социалистической законности. Алматы, 1976 г.
  4. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық,.Жалпы бөлім: Лекциялар курсы – Алматы, 2003.
  5. Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., 1963
  6. Волков.В.С.Қылмыстық ниет және оны квалификациялау Казань.Изд.Знание.1968
  7. Волков В.С. Проблема воли и уголовная ответственность. Казань, 1973
  8. Волков.В.С. Преступный мотив и квалификация. Казань.Изд.Знание.1968
  9. Волков.Б.С. Неосторожность. Уголовно-правовые  и криминологические  проблемы.М.Изд.Наука.,1977
  10. Викторов Б.А. Цель и мотив в тяжких преступлениях. М., 1963
  11. Гилязев Ф.Г. Вина и криминогенное поведение личности. М., 1991
  12. Гринберг Н.С. Қылмыстық абайсыздықтағы қылмысқа қатысу. Советтік  мемлекет  және құқық.1990.№ 8.
  13. Дагель П.С. Котов Д.П. субъективная сторона преступления и ее установление. Воронеж, 1974
  14. Дагель П.С. Проблемы вины в советском уголовном праве. Владивосток, 1968
  15. Добрынин Н.Ф. Об активности сознания. В книге: Проблемы сознания. М., 1966
  16. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан.-Алматы, Баспа. 1999. под. ред: дюн, проф. Рогова. И. И, -кюн, доц. С.М.Рахметова.
  17. Кваршес В.Е. Абайсыздықпен болған қылмыстың алдын-алу негіздері.Изд.Юриздат.1971
  18. Кудрявцев В.Н. Обьективная сторана преступления. М., «Юрист» 1960г.
  19. Қазақстан Республикасының Конституциясы №2 басылымы Алматы Жеті жарғы 1996
  20. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1997жыл 16-шілде, Алматы, 2007 жылғы қаңтардың 8-ші жұлдызындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
  21. Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме.Ред басқарған. Ғ.Сапарғалиев- Алматы: Жеті жарғы 1999ж.
  22. Қазақстан Республикасының Конституциясы №2 басылымы Алматы Жеті жарғы 1996
  23. Каиржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон. Алма-Ата, 1975
  24. Ляпунов Ю.И. Основные теориетические проблемы уголовно-правовой органы природы в СССР, Диссерт, доктор, юрид. наук. М.,1976
  25. Мокичев К.А.  Против  ревизионистически изврашений  марксистко-ленинского учения о государстве и праве..М.,1959.
  26. Мясищев В.Н. Личность и неврозы. М., 1960.
  27. Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть курс лекции, М., Наука 1996.
  28. Наумов А.В. Российское уголовное право М., Изд. Юристь. 1996г.
  29. Никифоров Б.С. Обьект преступления М.Юриздат,1960г. 
  30. Рарог А.И. Вина в советском уголовном праве. Изд. Саратовского Университета. 1987
  31. Рахметов С.М, Бапанов Т.А. Оқулық. Қылмыс құрамы, Алматы: ЖШС «Баспа» 1999ж.
  32. Рубинштейн С.А. Основы общей психологии. М., 1946
  33. Пионтковский А.А. Учение о преступлений. М., 1961.
  34. Постановление   Верховного Суда   Республики Казахстан «О применении  судами законодательства, регламентирующего  ответственность  за посягательство на жизнь и здоровье граждан»   от 23 декабря 1999 года.
  35. Советское уголовное право. Общая часть. М., 1981
  36. Советское государство и право. 1953
  37. Ситковская О.Д. Психологический комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. М., 1999
  38. Стецовский Ю.И. , Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту. М.,Изд-во «Бек».1986.
  39. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления М., Юриздат, 1957г.
  40. Ткаченко В.И. Вина: понятия, виды. Право. Вильнюс, 1989
  41. Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Лекций. Часть общая. Т.1. М., 1997
  42. Трахтарев В.С. Қылмыстық процесс және  криминалистикадағы қылмыстық құқықтың сұрақтары.Харьков,1962.
  43. Тадевосян В.С. К вопросу об установлении материальной истины в советском праве// Сов.гос и право.1984,№6.
  44. Филановский И.Г. Социально-психологическое отношение субъекта к преступлению. Л., 1970.
  45. Уголовное право Республики Казахстан.Обшая часть. Алматы:Жеті жарғы, 1998, -отв. ред. проф. Рогов И.И., доц. Баймурзин.Г.И.
  46. Юридическая энциклопедия. Юринформцентр. М.,1997.
  47. Утевский Б.С.Вина в советском уголовном праве.М.,Изд-во  Юристъ,1950.
  48. Уголовный Закон. Опыт теоретического моделирования М., Наука 1989г.
  49. Фролов Е.А. Спорные вопросы общего учения об объекте преступления. Сборник научных трудов Свердловского юридического института 1960,вып10

                   Құрметті  мемлекеттік аттестациялық 

                      комиссияның төрағасы  және мүшелері !   

      Сіздердің алдарыңызға қорғалуға   ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың  тақырыбы «Қылмыстың  субъективтік  жағы» деп аталады.     

      Бұл тақырыптың  таңдалу себебі қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы  кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және   қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.

     Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен  адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағы-ның көрінісі болып табылады.

     Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік  жаққа карағанда субъективтік жақ  қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды  кылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.

        Қылмыстың субьективтік жағының  мазмұнын мынадай заңдылық белгілері:  кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

          Қылмыстың субъективтік жағын  құрайтын белгілердің  әр қайсысы қылмыстың  психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әр қайсысы өзінше  сипаттайды. Мысалы, кінә  - бұл тұлғаның  өзі жасаған  қоғамдық қауіпті  іс-әрекетіне ( әрекетіне  немесе әрекетсіздігіне ) және оның  қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына  психикалық қатынасы.

     Кінә - қылмыстың субьективтік жағының  негізгі және міндетті белгісі. Сондықтан, адам өз кінәсі анықталған қоғамға  қауіпті іс әрекеті және одан пайда  болған қоғамға қауіпті зардаптар  үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.

     Кінәнің қылмыстық құқықтық қағидасына және анықтамасына сәйкес, кінә қылмыстық  әрекеттің немесе  әрекетсіздіктің  ажырамас бөлігі және қылмыстық заңмен қарастырылатын, соттың үкімімен мемлекет атынан әшкерленетін, сәйкес нысандарымен анықталатын, адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті  әрекетіне және оның зардаптарына деген психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады..

      Қылмыстың субьективтік жағының қылмыстық жауаптылықтың бар жоғын анықтау үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше.

      Осыған  байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының көптеген қаулыларында қылмыстың субьективтік жағының мазмұнын, кінәнің нысандарының, қылмыстық қаскүнемділік пен арам ниеттің және оның мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді.

      Сонымен қатар дипломдық жұмыста Қазақстан  Республикасының  нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ арнайы әдебиеттерді қолдандық.

      Осы дипломдық жұмысты жазудың негізгі  мақсаттарының бірі қылмыстық құқықта  қылмыстың  субьективтік жағын  ғылыми теориялық жағынан талдау болып  табылады. Қылмыстың субьективтік жағын  зерттеу қылмыстық құқықта қылмыстық  іс-әрекеттерді саралауда үлкен маңызға ие.       

     Кінә - қылмыстың субьективтік жағының  негізгі және міндетті белгісі. Сондықтан, адам өз кіәсі анықталған қоғамға  қауіпті іс әрекеті және одан пайда  болған қоғамға қауіпті зардаптар  үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Кінәнің қылмыстық құқықтық қағидасына және анықтамасына сәйкес, кінә қылмыстық әрекеттің немесе  әрекетсіздіктің ажырамас бөлігі және қылмыстық заңмен қарастырылатын, соттың үкімімен мемлекет атынан әшкерленетін, сәйкес нысандарымен анықталатын, адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті  әрекетіне және оның зардаптарына деген психикалық қатынасы.

     Психикалық  қатынас заңдық түсінік емес, ол жеке адам психологиясы пәніне кіретін  түсінік. Сондықтан, қылмыстық құқық  ғылымында психологиялық қатынас түсінігінің мазмұны психология ғылымының зерттеген категорияларына, ережелеріне сүйеніп анықталады. Адамның өзіне тән психикалық белгілеріне адам қызметінің, хал-ахуалының , қатынасының қасиеттері (темперамент, мінез, ерік және т.б.) жатады.

     Қылмыстық әрекеттің құрылымында субьектінің обьектіге деген қатынасы қоғамға қауіпті әрекетке және одан туатын зардаптарға деген психикалық  қатынастың  көлемінде анықталады. Кез келген психологиялық актіге, соның ішінде кінәге әртүрлі дәрежеде кіретін үш компонент бар –интел лектуалдық  (танымдық), еріктілік және және эмоцияналдық (сезімдік). Өмірде олар бір-бірі мен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын біртұтас психикалық қатынастың әртүрлі жақтары болып табылады.

Информация о работе Кылмыстың субъективтік жағы