Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа
Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3
1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................
1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....
2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................
2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................
2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................
2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................
3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН
ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН
ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................
3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................
3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................
3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................
Жанама қасақаналықпен кылмысқа даярлану, кылмысқа оқталу, құрамында арнаулы мақсатгы көрсеткен қылмыстарды істеу, сондай-ак қылмысты ұйымдастыруды, азғыруды және көмектесуді жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл тұрғыдағы кылмыстар тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Тікелей және жанама қасақаналыкты бір-бірінен жіктеп бөлудің қылмысты дұрыс саралауда маңызы ерекше. Көптеген қылмыстар тек қана тікелей қасақаналыкпен істеледі. Жанама адсақаналықты дұрыс аныктау оны менмендікпен істелетін кінәнің абайсыздык нысанынан дұрыс ажыратуға да мүмкіндік береді.
Қасақаналықтың осы екі түрін бірінен-бірін ажырата білу қылмыстық-қүкылық нормаларды дұрыс қолдану үшін, кінәнің дәрежесін анықтау үшін, іс-әрекеттің коғамға зияндылығының дәрежесін, қылмыскердің жеке басының, қылмыстық жауаптылық пен жазаны саралау үшін өте қажет.
Қылмыстық заң (20-бап) қасақаналықтың тек кана екі түрінің тікелей және жанама қасақаналықтың ғана анықтамасын береді. Қылмыстық құкық теориясы және сот тәжірибесі қасақаналықтың баска түрлерін бөліп көрсетеді. Пайда болу мерзіміне карай қасақаналық алдын ала ойластырылған немесе табан астында пайда болған қасақаналық болып бөлінеді. Алдын ала (күні бұрын) ойлаудан туатын касақаналықта кінәлі адам қылмыс істеуден бұрын, ол туралы күні бүрын ойланып, сол ойын аздаған уақыт өткізіп алып іске асырушылык жатады.
Алдын ала ойлау мен сол ойды жүзеге асыру аралығында кінәлі адам кылмысты істеудің жоспарын ойластырады, қол сұғылатын объектіні, қыл-мыстың затын тандайды, ойын жүзеге асырудың тәсілін анықтайды. Көп жағдайларда адамның алдын ала ойлау арқылы істеген кьшмысының дәл осындай қылмысты табан асты пайда болған қасаканалықпен істеген адамға қарағанда зияндылық дәрежесі зор болады.
Өйткені, қылмыс істеуді алдын ала, күні бұрын ойлаған адам оны жүзеге асыруға дайындалумен бірге, істеген қылмысы үшін жауаптылықтан қалай құтылудың да амалын қарастырады. Табан асты пайда болған қасақаналықта қылмыс істеу туралы ниет аяқастынан, кенеттен пайда болып, сол ниет тез арада іске асады. Табан астында пайда болған қасақаналық жай және аффектілік болуы мүмкін.
Табан астында пайда болған жай қасақаналыққа кінәлінің қылмыс істеу туралы ниеті оның, өзінің дені дұрыс күйінде пайда болып, сол ниетгің сол арада тез не болмашы уакыттан соң іске асырылуы болып табылады. Аффектілік қасақаналыкка жәбірленушінің тарапынан кінәліге немесе онын, жақындарына заңсыз күш жұмсау немесе тіл тигізіп, қатты қорлау салдарынан табанда болған жан күйзелісі үстінде ашуға байланысты болған касақаналық жатады. Мысалы, жан күйзелу жағдайын-да жасаған ашумен болған адам өлтіру немесе жан күйзелу жағдайында денсаулыққа зиян келтіру.
Кінәлінің өзінің істелетін іс-әрекетінен келетін қогамға зиянды зардаптарын дәл болжауына байланысты қасақаналык айкын (нақтыланған) және екі ұшты (нақтыланбаған) болып бөлінеді. Айқын (нақтыланған) қасақаналықта кінәлі нақтылы, дәл анықталған коғамға зиянды зардаптың болуын болжайды. Айқын қасақаналық жәй және баламалы (альтернативті) болып екіге бөлінеді. Жәй айқын қасақаналықта кінәлі адам өзінің іс-әре-кетінен белгілі бір нақты, қоғамға зиянды зардаптардың болуын болжайды (Мысалы, кісі өлімі немесе денеге жарақат келтіру). Адамға мұндай ретге нақты орын алған нәтижеге байланысты кінә таңылады.
Балама нақтыланған қасақаналықта кінәлі адам екі немесе одан да көп айқын анықталған қоғамға зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжайды (Мысалы, кісі өлімі немесе ауыр дене жарақаты).
Екі ұшты (нақтыланбаған) қасақаналықта кінәлі адам коғамға зиянды зардаптардың нақты қайсысының орын алатынын және оның қандай болатынын дәлме-дәл елестете алмайды. Екі ұшты қасақаналықта кінәлі адам накты орын алған зардап үшін ғана жауапты болып табылады.
Тікелей қасақаналық дегеніміз- егер адам өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің ) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе , қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады36.
Жанама қасақаналық- дегеніміз – егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің ) қоғамға қауіпті екенін ұғынып , оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе , осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе немесе бұған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Жанама
қасақаналық тікелей қасақаналықтан
тек тілеу белгісі бойынша
ажыратылады37.
2.3 Абайсыздық және оның түрлері
Орта есеппен әрбір оныншы кылмыс абайсыздықпен істеледі: осыған орай оның зияндылығы немесе баскадай теріс әсері жоқ деп санауға болмайды. Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардан келетін зардаптардың жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды.
Техниканың, тұрмыстық химияның, көліктің әр түрінің дамуының, экология саласындағы жол берілетін ұкыпсыздық салдарынан болатын абайсыздық кылмыстары туралы жауаптылық мәселесі қазір уақытта ең көкеитесті мәселелердің бірі болып отыр.
Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан, байқаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқадай міндеттеріне немкетгілікпен, енжарлықпен караудан, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жете көңіл бөлмегендіктен, сондай-ақ өзіне жүктелген кінәлі адамдардың кәсіби шеберлігінің, тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен немесе басқадай себептерге байланысты болады.
Абайсыздық туралы ұғым Қылмыстық занда берілген (21-бап). Онда менмендікпен немесе немқұрайдылықцен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады (21-бап, 1-бөлігі) делінген. Яғни, кінәнің абайсыздық нысаны екі түрге — менмендік және немқүрайдылық болып бөлінеді. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірак бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін білсе және зиянды зардаптар болуы мүмкін екендігін болжау қылмысты жеңіл ойлылықтың интеллектуалдық элементін, ал жеңіл ойлылықпен ондай зардаптарды болғызбау мүмкіндігіне сену оның еріктілік элементін қүрайды.
Менмендікпен қылмыс істеуде кінәлі адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін сезеді, сонымен бірге ол езі істеген әрекетсіздігінен немесе әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың тууын болжайды, бірақ жеткілікті негізсіз жеңілтектікпен ондай зардапты болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Менмендікпен әрекет істеген адам әр уақытга да зардаптың болуы мүмкін екенін сезеді және оны тойтаруға әрекет жасайды. Яғни, қылмысты менмендікте кінәлі адам өзінің қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздігінің зиянды екенін түсінеді. Осы айтылған екі белгі қылмысты менмендікпен істеуді қылмысты жанама қасақаналықпен істеуге жакындастырады. Яғни, өзінің интеллектуалдық элементі бойынша менмендіктің жанама қасақаналықпен аздаған ұқсастығы бар.
Егер жанама қасақаналықта кінәлі нақты зардаптың болуын біле тұра саналы жол берсе, менмендікте зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін ғана болжап, ондай зардап бола калған күнде ол тойтарылады деген жеңіл сенім орын алады.
Зардап болмайды деп сенушілік әр түрлі болады. Мысалы, кінәлінің езінің жеке басының ептілігіне, тәжірибенің немесе басқалай табиғат күштеріне немесе басқа жағдайларға сенуден кылмыс тойтарылады, қолайсыз оқиға болмайды деген сеніммен істеушілігі. Ал іс жүзінде қылмысты тойтаруға қабілеті жетпейді. Мәселен, Мәліков деген азамат Бақанас селосының тұсындағы Іле өзенінен өзінің жеке меншік моторлы қайығына үш адамның орнына бес адамды отырғызып өзеннің арғы жағына өткізіп тастамақшы болған. Өзеннің ортатұсына келгенде қатгы су тол-қынының әсерінен қайық аударылып, Ж. деген азамат суға кетіп қаза болған.
Мәліков менмендікпен кісіні абайсызда өлтіргені үшін кінәлі. Өйткені Мәліков өзінің үйреншікті әдісін қайталап отыр. Осындай әрекетгерді істеудегі көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп, үш адамдық қайықка бес адам отырғызған, соның салдарынан толқынның ағысына ұрынған қайық ауыр салмақтан ауып, жәбірленушінің суға кетіп қаза болуына себепкер болған. Мәліков қайықка артық адам сыйғызғанда өзінің ептілігіне сүйеніп, оларды өткізуде қайықтың аударылуына жол бермеймін деген өзіне-өзі сенушілікпен қылмыс істегендеп сот үкімінде керсетілген.
Менмендіктің жанама қасақаналықтан негізгі, басты айырмашылығы еріктілік элементінің мазмұнында. Егер жанама қасақаналықта кінәлі адам қоғамға зиянды зар-даптың болуына саналы түрде жол берсе, ал менмендікте зардаптың болуын тілеу, оған саналы түрде жол беру орын алмайды, мұндайда субъект керісінше зардапты болғызбауға, оны той-таруға тырысады.
Орта есеппен әрбір оныншы қылмыс абайсыздықпен жасалады: осыған орай оның зияндылығы немесе басқадай теріс әсері жоқ деп санауға болмайды.
Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардың келетін зардаптардың жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды. Техниканың, тұрмыстық химияның, көліктің әр түрінің дамуының, экология саласындағы жол берілетін ұқыпсыздық салдарынан болатын абайсыздық қылмыстары туралы жауаптылық мәселесі қазіргі уақытта ең көкейтесті мәселелелердің бірі болып отыр.
Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан, байқаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқадай міндеттеріне немкеттілікпен, енжарлықпен қараудан, адамдардың өмірімен денсаулығын қорғауға жете көңіл бөлмегендіктен, сондай-ақ өзіне жүктелген кінәлі адамдардың кәсіби шеберлігінің тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен немесе басқадай себептерге байланысты болады38.
Қылмысты менмендікте адамның санасы мен еркі өзінің іс-әрекеті арқылы болуы мүмкін. Теріс зардапқа немқұрайды карап отырмай, қайта оны тойтаруға, болдырмауға бағытталады. Зан, менмендіктің еріктілік мазмұнын сипаттағанда қоғамға қауіпті зардапты тойтаруды болдырмауды есепке алып отыр. Кінәлі адам мұндай реттерде зардапты болдырмайтын, тойтаратын нақты күшке, ептілікке, тәжірибеге, шеберлікке, басқа адамның әрекетіне немесе басқа да жағдайларға сеніп отыр.
Бірақ та зардап тойтарылады, болдырылмайды, оған кедергі болады, деп сенген жағдайлары жеңілтектіктен, терең ойламағандықтың, менмендіктің әсерінен сенуге тұрмайтын, түкке тұрмайтын нәрселер болып шығады. Қылмыстық заң қорғайтын объектіге немқұрайды қарауға, осындай іс-әрекеттің әсерінен қоғамдық мүддеге зиян келтіруге жол бермейді. Осыған байланысты менмендікпен кылмыс істегені үшін кылмыстық жауаптылық белгіленген. Абайсыздыктың екінші түрі — немкұрайдылық болып табылады.
Егер адам кажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық кауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немкұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. (21-бап, 3-бөлігі).
Осы анықтамаға байланысты өзінің іс-әрекетінің зиянды екенін түсінбеген, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екенін болжамаған адам не үшін қылмыстық жауаптылыкка тартылады деген занды сұрақ тууы мүмкін. Мұндай жағдайда адам заңның талаптарына, коғам ережелеріне, басқа да адамдардың мүдделеріне ұқыпсыз, жауапсыз, байқамай шалағайлықпен, яғни өзінің немқұрайдылығынан өзінің іс-әрекетінен зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін болжауға тиісті және болжай алатын болса да болжамайды.
Бұдан қылмыстық немқұрайдылықтың екі түрлі белгімен сипатгалатынын көреміз. Оның біріншісі, адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптарын болжауға тиіс болса, екіншісі болжай алатын болса. Қоғамға зиянды зардапты болжауға тиісті, міндетті болу немқұрайдылықтың объективтік белгісі болып табылады, ал зиянды зардапты болжай алатын болса деген сөз, немқұрайдылықтың субъективтік белгісін түзеді. Заң кылмыстық немқүрайдылықты осы екі объективтік және субъективтік белгісін біріктіру арқылы айқындайды. Немқұрайдылықтың объективтік белгісінің мәні адамның өзінің іс-әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың болуын болжауға міндетгілігі болып табылады.
Мұндай міндетгілік заң талаптарынан, кінәлінің лауазымдық құзыретінен, кәсіптік функциясынан немесе тұрмыс ережелерінен туындайды. Зардаптың болуы мүмкін екендігін болжау міндеттілігінің жоқ болуы ол адамның нақтылы келтірген зияны болған күннің өзінде оның кінәсін жоққа шығарады. Зардаптың болу мүмкіндігін болжауға міндетгіліктің болуының өзі адамды кінәлі деп тануға әлі де жеткілікті негіз бола алмайды.