Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа
Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3
1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................
1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....
2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................
2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................
2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................
2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................
3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН
ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН
ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................
3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................
3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................
3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................
Кейбір әдебиеттерде, тіпті қылмыстық зақдылықта долылықтың (жан күйзелісі немесе аффект) қылмыстық құқықтық маңызы ашылмаған. Мысалы. долылық Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 98-бабын-дағы "жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру" және 108-баптағы "денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіруде" ғана қарастырылады. Ал А.И. Рарог "долылықтың зандық мазмұны тек осындай қылмыстармен ғана шектеледі" деп жазады20. Бірақ жан күйзелісі жағ-дайындағы адам әртүрлі қылмыстарды жасауы мүмкін ғой. Мысалы, өйел зорлау, жала жабу, қорлау және т.б.
Қорыта келгенде, заң шығарушы кінәнің анықтамасын бекіткенде эмоционалдық компонетті кіргізбеуі психология ғылымының кез келген психикалық процесте эмоциялар болады деген маңызды ережелеріне қарсы келетін қорытындылар жасауға негіз бермейді21. Мысалы, бұл жөнде А.И. Рарогтың эмоцияға айыпкердің өзінің қылмыстық іс-әрекетіне деген психикалық қатынасының элементі болып табылмайды деген пікірімен келісуге болмайды.
Эмоциялар психикалық
Қылмыстар өзінің
Бірақ келтірілген схема
Қылмыс көп жағдайларда
Кінәнің мазмұны - бұл кінәнің белгілерін неғұрлым көрсететін категориялардың бірі. Кінәнің мазмұнын анықтау субъектінің іс-әрекетіндегі кінәні анықтау үшін де қажет. Кінә дегеніміздің өзі - субъектінің белгілі бір қылмыстық іс-әрекетінде көрсеткен психикалық қатынасы десек, кінәнің мазмұны дегеніміз — сана, ерік, сөзім, ниет және мақсат сияқты психикалық элементтердің жиынтығы, ал психикалық қатынас та осы элементтерден құралады емес пе. Алайда бұл аталған элементтер барлық жағдайда кінәнің мазмұнына кіре бермейді. Олар кінәнің мазмұнын құрайды, егер олар немесе оларда қылмыстың объективті белгілерІ бейнеленсе және субъектінің бұл белгілерге деген белгілі бір қатынасын білдірсе. Осьшайша қылмыстың объективті белгілерін бейнелейтін және адам-ның бұл белгілерге деген белгілі бір қатынасын білдіретін психикалық элементтердің жиынтығы кінәнің мазмұны болып табылады. Нақты кінәнің мазмұны - бұл нақты бір қылмыстағы қасақаналықтың немесе абайсыздықтың мазмұны.
Заң әдебиеттерінде кейде
Қылмыс жасағанда көптеген
Ю.А.Демидов кінәнің мазмұнын құрамның белгілері болып табылатын қылмыстың объективті белгілерінің бейнелеуімен шектейді. Ал, А.И. Рарог қылмыс құрамы болып табылмайтын жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың бейнеленуін кінәнің маз-мұнына кіргізу дұрыс емес деп жазады.
Шынында да, қылмыс құрамының белгілері болып табылмайтын жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың адамның психикалық қатьгаасында бейнеленуін кінәнің мазмұнына кіргізу заңцы ма деген сұрақ тууы мүмкін. Мұндай жағдайлардың бейнеленуі қылмысты топтастыруда әсер етпесе де кінәнің дәрежесіне әсер ететіндіктен, кінәнің мазмұнына кіредІ. Абайсыздықпен немесе қасақаналықпен қамтылмаған ауырлататын жағдайды кіргізуге болмайды, өйткені бұл объективті айыптауға, яғни кінәлілік приципін бұзуға әкеліп соғатын еді. Және де ол жағдай субъектінің жауатылығын жеңілдете алмайды және мұндай субъектіге байланысты емес объективтік жағдайлар оның санасымен де қамтылған жоқ. В.Н. Кудрявцев пәтерді тонау мақсатымен терезені шаққан қылмыскер ішінде газдан уланып жатқан баланы өлімнен құтқарып қалатын мысалды карай отырып, былай деп әділетті түрде көрсетеді: "Оның әрекеттерінің объективті пайдасы (баланы тұншығудан қорғау) ол адамның жауаптылығы жөніндегі мәселе туралы шешім қабылдағанда объективті белгілерге емес, субъективті белгілерге қарай есепке алынуы мүмкін емес, өйткені айыпкер өз әрекетінің бұл (пайдалы) жақтары болатыны туралы білген жок," 24.
Әдебиеттерде "кінәнің көлемі"
деген өзге бір термин
Мысалы Ф.Г. Гилязев "кінәнің нысаны, мазмұны және көлемі кінәнің әртүрлі аспектілерін сипаттайды" деп жазады да, әрі қарай кінәнің мазмұны және кінәнің келемі деген түсініктерді бір түсінік ретінде қарастырады26.
Сондықтан кінәнің мазмұны
Кінәнің нысаны дегеніміз - кінәнің мазмұнын құрайтын элементтердің өзара бір-бірімен және қылмыстың сыртқы (объективті) белгілерімен байланысы мен ұйьмдастырылу әдістері. Кінәнің нысаны — бұл, басқа сөзбең айтқанда, мазмұнның ішкі құрылымы, оның элементтерінің өзара қатынасы, олардың арасындағы елеулі байланыстар. Мазмұнға қарағанда кінәнің нысаны түрақты, қайталана беретін әртүрлі құбылыстардың белгілерін бейнелейді.
КінәнІң нысаны категориясының
мазмұны өте зор, өйткені
Кінәнің нысанын заң шығарушы анықтайды және олар құқықтық түсініктерге жатады. Б.С. Утевскийдің "қасақаналық пен абайсыздық — адамның барлық әрекеттеріне, қылмыстық әрекетке де, қылмыстық емес әрекетке де тән психикалық құбылыс" деген пікірімен келісуге болмайды, өйткені заң кінәнің анықтамасын қасақаналық пен абайсыздыққа қатысты анықтайды, егер адамның әрекетінде кінә болмаса ол әрекет қылмысты болып табылмайды ғой. Сондықтан қасақаналық пен абайсыздық адамның кез келген әрекетіңде кездесе бермейді.
Сонымен заң шығарушы кінәнің нысанын туғызбайды, тек анықтайды, бұл — кінәнің нысанын анықтау қоғамдық қауіпті әрекет жасау кезіндегі адамның өз әрекеттеріне және олардың қорытындыларына деген әртүрлі психикалық қатынасының шынайы ерекшеліктеріне сай келу керек дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасының
Сонымен кінәнің мазмұнына кіретіндердің бәрі (ниет, мақсат, сөзім, субъектінің қылмыстың объективті белгілеріне деген катынасы) кінәге әсер ете бермейді, оның түсінігін анықтағанда Д.П. Котов кез келген психикалық элементтердің үйлесуін кінәнің белгілі бір нысанына жатқызу үшін мынандай шарттар орындалуы керек деп жазады27: біріншіден, бұл үйлесім адамның әрекетін кінәлі қылып керсету керек; яғни онда жасалған әрекеггің жеке адамға қатыстылығы, субъектінің қоғам мұдделеріне деген жағымсыз қатынасы көріну керек. Екіншіден, бұл үйлесім сапасы жағынан (саны жағынан емес) айқын болуы керек, өйткені онсыз кінәнің нысандарын нақты ажырату мүмкін емес. Кінәнің әртүрлі нысандары субъектінің өз әрекетіне және оның зардаптарына деген әртүрлі интеллектуалдық және ерікті қатынасын білдіреді, яғни кінәнің нысанда-рын ажырату бірдей негіздерге қарай жұруі керек. Сондықтан абайсыздықтың дөрекі немесе сыпайы түрін ажырату кінәнің нысанының айырмашылығы емес, оның дәрежесінің айырмашылығы және т.б. Үшіншіден, бұл үйлесімнің әрекетте кінәнің бар-жоғын анықтау, қылмысты топтау, қылмыстық жауаптылықты жекелеу үшін тәжірибелік маңызы болуы керек, яғни бұл үйлесім кінәнің белгілі бір дәрежесін сипаттау керек. Өйтпесе, кінәнің нысандарын ажыратудың тәжірибелік мәні жойылады.
Кінәнің нысандары мазмұнына қарағанда аз мөлшерде болса да, қылмыс құрамының құрылымына байланысты болады. Зардаптар объективті жақтың элементі болып табылмайтын формальдық құрамдарда адамның зар-даптарға деген психикалық қатынасы мүлдем болмайды немесе кінәнің нысанына әсер етпейді. Формальдық құрамдардағы қасақаналық пен абайсыздық субъектінің қоғамдық қауіпті әрекетке немесе әрекетсіздікке деген қатынасымен анықталады.
Кінәнің мазмұнынан кейін кінә институтын танып білудің келесі сатысы кінәнің нысаны болып табылады, одан кейінгі сатыға кінәнің мәні жатады.
Мән - бұл неғұрлым терең, тұрақты қасиеттердің және заттардың пайда болуын, сипатын бағытын анықтайтын қатынастардың жиынтығы.
Қылмыстарда қылмыскердің жеке басының қоғамдық қарсылық мәні байқалады. Кінә да қылмыс сияқты әлеуметтік құбылысқа жатады. Кінәнің мәнін кінәнің нысандарына сілтеу арқылы ("кінә - бұл қасақаналық пең абайсыздық") ашу мүмкін емес. И.Г. Филановскийдің кінәнің мәні дегеніміз. — адамның алдағы қылмыс жасауға дегең психикалық қатынасы28 деген ойымен келісуге болмайды. Өйткені қылмыс жасамай тұрып, кінә туралы ешқандай әнгіменің болуы мүмкін емес.
Қылмыстық құқық ғылымыңда кінәнің мәні, оның әлеуметтік мәні жөнінде көптеген пікірталастар болды. Оның ең көп тарағаны — кінәнің әлеуметтік мәні ретінде адамның қылмыстық заңмен қорғалатын, мемлекет пен қоғам мүдделеріне деген теріс қатынастары деп түсіну. А.И. Рарог "адамның қоғам мүдделеріне деген теріс қатынасы ... кінәнің негізгі әлеуметтік қасиеті29/13/..." деп әділетті түрде атап көрсетеді.
Сонымен қатар әдебиеттерде көптеген криминалистер кінәнің мәні қылмыстың қоғамдық қауіпті әрекет ретіндегі материалдық мазмұнымен анықталады деген пікірді ұстайды. Қылмыстың мәнін түсінбей оның субъективтік жағының — кінәнің мәнін түсіну мүмкін емес екендігі даусыз және де қоғамдық қауіптілік түсінгі бұл мәнді ашу үшін маңызды екендігі де даусыз. Алайда, қылмыстың мәні мен кінәнің мәнін тең қою дұрыс емес. Қылмыстың мәні ең алдымен оның объективті белгілерімен анықталады, ал кінәнің мәнін кінәлі түрде әрекет етуші субъектінің психикалық қатынасының ерекшілігінен іздеу керек.
Кінәнің мәнін анықтауда ең біріншіден қасақаналық пен абайсыздықтың мәні туралы мәселені алға қоюымыз керек, яғни бұлардың әрқайсысына ортақ қандай белгілер бар және бұлар қалай ажыратылады. Бұл өте қажет, өйткені әдебиеттерде көбіне қасақаналық пен абайсыздықтың шегі анықталмай, дәлдеп айтқанда жанама касақаналық пен қылмыстық менмендіктің айырмашыльгғы айқындалмай жатады.