Кылмыстың субъективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа

Описание

Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3

1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................

1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....

2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................

2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................

2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................

2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................



3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН

ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН

ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................

3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................

3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................

3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Работа состоит из  1 файл

Суб.жагыДипломБ.Самбетов.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

     Істелмекші  болған кылмыс жөніндегі абыржу, өкініш білдіру немесе жазадан қорқу психологиялық әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.

       Қылмыстың субъективтік жағының белгілері — кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада: біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол кылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қыл-мыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

     Қылмыстың  мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның  сезім күйінің  кінәдан айырмашылығы – олар қылмыс құрамының  қажетті белгілері болып табылмайды.  

     Заң шығарушы  оларды барлығы емес, тек  кейбір қылмыстардың ғана  құрамының  белгілерінің қатарына  қосады және  бұл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады.  Қылмыс құрамының белгілері   болмаған күнде  де олар  жеңілдетуші  не ауырлатушы  жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына  айтарлықтай ықпал жасайды.

     Орыстың көрнекті әдебиет сыншысы В.Г. Белинский  әр түрлі адамдардың қылығын бағалау үшін бірдей тәсіл қолдануға мүлдем қарсы. «Тұлғалар сансыз және алуан түрлі... Сондықтан біреудің тұлғасын басқаның тұлғасына шақтаудан асқан әділетсіздік жоқ, ол бәрібір ешқашан дәл келмейді, бәрібір одан өзгешелігі болады» дейді ол. Яғни, қылмыстың субьективті жағын бағалауға біркелкі келу өте өрескел қателерге соқтыруы мүмкін3

     Сонымен қылмыстың субъективтік жағының  қылмыстық жауаптылықтың бар-жоғын  анықтау үшін, істелген кылмысты дұрыс  саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленумы көптеген қаулыларында қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын, кінәнің нысандарын, кылмыстық каскүнемдік пен арам ниетгің және оның мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді4.

     1.2.  Қылмыстың субьективтік  жағының қылмысты  дәрежелеудегі маңызы

     Қылмысты  дәрежелеу деп  қылмыс жасаған  адамның  әрекетін немесе  әрекетсіздігін  қылмыстық кодекстің ерекше  бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімінің  нормалары  бойынша  толық және  көлемде нақты қылмыс құрамының  белгілерін анықтау болып табылады.

     Жасалынған  қылмыстың шынайы жағдайларын  дәл  және толығымен анықтау –бұл қылмысты дұрыс дәрежелеудің негізгі талабы.

     Қылмыстық әрекетті дұрыс дәрежелеу қылмыстық  құқық қағидаларын, сонымен қатар заңдылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді,  ал қылмысты дұрыс дәрежелемеу әділділік қағидасын бұзады, демек, кінәлінің жауаптылығы  дұрыс кезделмейді.

     Әділділік, жазаның  мақсаты  тек қылмысты  дұрыс дәрежелегенде  ғана нәтижеге жетеді. Қылмысты дәрежелегенде қателесу ауыр зардаптарға әкеліп  соғады (негізсіз ауыр жаза тағайындау, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру).

     Мысалы, кінәлі адам өзінің жеке араздықтарына  байланысты бір адамға жеңіл түрде  дене жарақатын салды, ал  оның іс-әрекетін  бұзақылық үшін қате  дәрежелеген болсақ, онда кінәлі  адамға үш жылға дейін бас  бостандығынан айыруға  жаза тағайындалады (257-б.1-ші бөлігі), ал  денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін (105-б.) бір жылға дейін мерзімге түзеу  жұмыстарына, не үш айға  дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

     Қылмысты  дұрыс дәрежелеу  қылмыс  жасаған  адамның құқықтарының сақталуына  кепілдік береді.

     Қылмысты  дұрыс  дәрежелеу дегеніміз-бұл  қоғамға қауіпті  іс-әрекетті  қамтитын қылмыстық-құқылық баға беру.

     Қайсібір әрекетті  дұрыс дәрежелеу үшін  ең алдымен  кінәлінің істеген әрекетімен толық және түрлі жағынан танысуға  қажетті  болатын  барлық шын мәніндегі жағдайларды, кінәлінің  кім екенімен және  қылмыс істелген  уақытындағы  жағдайлар мен толық  танысу керек, өйткені қылмысты  дәрежелеудің  өзі  кінәлінің істеген қоғамға  қауіпті  әрекеттерінің сипатына, кінәлінің жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отырған әрекетінің қандай жағдай да  істелуіне байланысты.

     Егерде  қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің қайсы тарауын болмасын зерттегенде, оның ішінде  бір – біріне барлық белгілері сай келетін қоғамға қауіпті деп тапқан екі қылмысты әрекетті  таппайсыз. Сондықтан қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін әр-бір жеке қылмыстың белгілерін білу айырықша қажет болып табылады5. Мұны білу  қылмысты  бір-бірінен ажыратуға, оларды  бір –бірімен  араластырмауға, сөйтіп қылмысты  дәрежелегенде қате жібермеуге мүмкіншілік береді.

     Қылмыстың жеке құрамдарын зерттегенде, әрбір  қылмыстың неге қарсы  бағытталғанын, оның қандай мүддені бұзатындығын, кімге немесе неге зиян келтіру мүмкіндігі  барлығын  анықтау қажет.

     Сонымен қатар  қылмыс құрамының барлық  элементтері  бойынша  шынайы жағдайларды  қылмыстық –құқықтық нормалармен  салыстыру керек.

     Жалпы ереже бойынша  дәрежелеу процесі  ең алдымен  қылмыстың объектісі мен объективтік жағын анықтау мен басталып, субъектісі мен  субъективтік жағын анықтаумен  аяқталады.

     Барлық  жағдайлар қылмыстық заңда  қарастырылған  қандай да  болмасын қылмыс құрамының  элементтері мен белгілері  сәйкес келгенде ғана қылмыстық іс-әрекет дұрыс  дәрежеленген деп табылады. Қылмыстық іс-әрекетті дәрежелеудің  қорытындысы, қылмыстық –құқықтық нормаға сәйкес қылмыс құрамы бар деген қорытынды маңызды  қылмыстық іс жүргізу құжаттарын, соның ішінде  сот үкімі мен айыптау  қорытындысында көрсетіледі. Оларда  қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға  және  жазалауға  мүмкіншілік беретін, қылмыстық- құқықтық нормаларды реттейтін қылмыстық заңның баптарын дәл көрсету жолымен қылмысты  дәрежелеу жүреді. Қылмыстық әрекетті дәрежелеудің  маңызы ерекше. Қандай-да болмасын қылмыстық іс-әрекетке сәйкес қылмыс құрамын анықтау  дәрежелеу жолымен жүзеге асады, онда  соңғысы қылмыс жасаған тұлғаны  қылмыстық жауаптылыққа  тартуға,  кінә тағу үшін, сотқа беру, жаза тағайындау, я болмаса  қылмыстық жауаптылық пен  жазадан босату үшін құқықтық негіз болады. Барлық жағдайлар да қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз соттардың, прокурорлық, тергеу және алдын-ала анықтау органдарының жұмыстарының заңдылығын сақтау болып табылады.

     Қылмысты  дұрыс дәрежелеу ерекше криминологиялық  маңызға ие, себебі, соның негізінде  қылмыстық қуылымның дұрыстығы  анықталып,  қылмыстың алдын-алу  және  ескерту шаралары жасалынады6. 

      
     
     
     

    2-тарау.  Қылмыстық  құқықтағы   кінә  мәселесі.

    2.1. Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі  және көлемі

     Қылмыс, қоғамдық қауіпті әрекет  бола тұрып, ол   — мінез-кұлықтың сыртқы көрінісі (әрекет немесе әрекетсіздік) және олар туғызған объективтік тіршіліктегі өзгерістердің (қылмыстың объективтік жағы) ішкі белгілермен, яғни адамның мінез құлығын туғызатын, реттейтін және бағыттайтын (қылмыстың субъективтік жағы) психикалық процестсрмен тығыз байланысының психофизикалық бірлігі болып табылады. Сонымен кез келген қылмыстық әрекет немссе әрекетсіздік — бұл тек қана дененің қимылы немесе дене кимылының болмауы емес ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген қатынасы деп түсіну керек. Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады яғни адамның іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарын ұғынуы немссе ұғынбауы, оларға деген срікті қатынасы, қылмысты жасау кезінде субъектінің басшылыққа алған ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері —бұлардың бәрі қылмыстың субъективтік жақтарын кұрайды, яғни қылмыстың субьективтік жағы қылмыстьгң ішкі мәні болып табылады.    Сөйтіп, біздің пікірімізше, кінә қылмыстың субъективтік жағына жатады, бірақ өкінішке орай, заң ғылымында кінә мен қылмыстың субъективтік жағының арақатынасы жөніндегі пікірлер әртүрлі.  Кейбір авторлар кінә — қылмыстың субъективтік жағы болып табылады, яғни кінәнің мазмұны қылмыстың субъективтік жағының мазмұнымен барабар деген ойды қолдайды7.

        Өзге авторлар қылмыстың субъективтік  жағына қасақаналық пен абайсыздық  нысанындағы — кінәмен қатар ниет, мақсат, эмоция сияқты өзге де психикалық кезеңдер кіреді деп есептейді8. Бұл пікір көптсген қылмыстық кұқық оқулықтарында келтірілген. Мұны қолдаушылар ниет, мақсат және эмоцияны кінәнің мазмұнына кіргізу кінәнің заң жүзіндегі анықтамасының шегін кеңейтіп жібереді9, ал екіншіден, ниет пен мақсат әрқашанда әшкерелеуге жататын болуы мүмкін емес, сондықтан олар кінәнің түсінгімен қамтылмайды дейді10.

         Бұл бағыттардың қайсысы дұрыс  деген сұраққа нақты жауап беру кінәнің түсінігін терең зерттеуді қажет етеді. 40-50-жылдарда жарық көрген жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың көпшілігінде кінә - адамның өзінің жасаған қылмысына деген қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы психикалық қатынасы ретінде анықталады. Бұл анықтамамен кейбір ғалымдар келіспеді, олардың ойынша кінәға мұндай анықтама беру оның таза формальды-психологиялық мәнін ғана ашады, ал таптық-саяси мәні ашылмаған.

        Кінәнің түсінігі жөніндегі бұл  пікірталастардын барысында кінәні қылмысқа байланысты объективті және субъективті белгілерге, қылмысксрдің жеке басына соттың берген бағасы ретінде түсіну теориясың (өзге сөзбсн айтқанда, бұл теория соттың "мен сенің іс-әрекетіне берген бағам сенің кінәң" дегенін білдіретін еді, мұндай теория, әрине, сот әділдігін жұргізгенде көптеген әділетсіз шешім шығаруға әкелетіні сөзсіз) заң ғылымының ғалымдары сол кезде-ақ жоққа шығарды, сөйтіп бұл теория қылмыстық құқық ғылымында мұлдем жойылды. Кінә түсінгіне соңғы нүкте қойғысы келген А.Я. Вышинский, кінә дегеніміз — "қылмысты жасаушы мен жасалған қылмыстың объектісінің арасындағы себепті байланыс" деген пікір айтты11. Алайда, жауаптылықтың негізі ретінде себспті байланысты тану кінәні анықтауда біржақтылыққа әкелер еді, қорытындысында - объективті айыптауды жақтау болып табылар еді, сондықтан бұл көзқарас ғалым-криминалистердің тарапынан колдау таппады.

      Соңғы жылдары да кінә мәселесі  жөнінідегі пікірталастар толастаған жоқ, солардың ішіндегі В.И. Ткаченконың "кінә адамның жасаған қылмысының объективтік белгілеріне деген психикалық қатынасы ретінде анықтауға болар еді" деген пөзициясы назар аударуға түрарлық12. Алайда, "Кінәнін қылмыстык-құқықтық түсінгі ойлау процестерінің сипатына ғана сәйкес емес - оған еріктілік компоненті де кіреді, яғни "кінә-... процесс, ал процестің өтуі кезінде қауіпті әрекетті жасауға шешім қабылданады"13.

     Кінәнің қылмыстық-құқықтық принципіне  және зандық анықтамасына сәйкес, кінә - қылмысты әрекетгің немесе әрекетсіздіктің ажырамайтын бөлігі және кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 19, 22- және өзге де баптарында, өзге нормативті актілерінде аталғанмен, бұлардың ешқайсысында кінәнің анықтамасы жоқ. Сондықтан жауаптылыққа тартудағы субъективтік қабілеттілікте кінәнің маңызы мен мәнін есепке ала отырып заңға кінәнің түсінгінің анықтамасын енгізуге болар еді...

       Мысалы мынадай редакцияда: Кінә  — қылмыстық заңмен қарастырьшған, соттың шешімімен мемлекеттің атынан әшкереленетін, сәйкес нысандарымен анық-талатын, адамның өзінің қоғамдық қауіпті әрекетіне (әрекетсіздігіне) және олардың қорытындыларына деген психикалық қатынасы.

       Бұл анықтама қылмыстық құқык   бойынша кінәнің психикалық мазмұнын, әлеуметтік саяси мәнін де ашып берер еді...

     Сонымен, ең алдымен, біз кінәні  субъектінің психикалық қатынасы ретінде ажыратып алуымыз керек, яғни кінә-бұл адамның жасаған қылмысында көрсетілген қасақаналық немесе абайсыздық. Қасақаналық немесе абайсыздық белгілі бір ниеттердің негізінде туады да белгілі бір мақсаттарға бағыттайтын әрекеттерді кездейді. Бұдан шығатын қорытынды: ниет, мақсат және эмоция кінәні құрайтын психикалық қатынастың міндетті компоненттері. Бұл психологиялық элементтердің әрқайсысының өзінің әртүрлі зандық мәні бар. Мысалы, мақсатты алайық, қылмыстық зардаптарға жету мақсаты — тікелей қасақаналықтың белгісі, ал құрамның шегінен тыс қорытындыларға бағытталған мақсат қасақаналықтың  бағыггылығын, ниет пен эмоция қасақаналықтың мазмұнын көрсетеді және т.б. Яғни кінәнің мазмұнына ретіннің бәрі оның нысандарына, нысандарының заңдағы аныктамаларына өз әсерін тигізе бермейді. Сондықтанда қылмыстың субъективтік жағының аракатынасын зерттегенде кінәнің мазмұнын оның нысандарымен шатастырмауымыз керек.

     Сонымен қатар кінәнің мазмұнына  тек қоғам жақтырмайтын психологиялық  кезеңдер ғана кіреді деушілермен де келісуге болмайды. Өйткені, адам қылмысты іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті   зардаптарын ұғынып түрып қоғамға қауіпті емес ниеттерге байланысты қылмыс істеуі мүмкін, бұл субъектінің кінәсінің аздығын білдіреді, жауаптылыққа немесе жазаға тартуда өз әсерін тигізеді. Менің ойымша, кінә-қылмыстың субъективтік жағы болып табылады да, екеуінің түсінгі бірдей, ал қылмыстық құрам белгілеріне кінәнің мазмұнын ашатын қасақаналық пен абайсыздыққа қоса ниет, мақсат, эмоция да кіреді. Ал ниет, мақсат және эмоцияны кінәмен бірдей қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгілеріне жатқызатындардың бірі — А.И. Рарог кінә мен қылмыстың субъективтік жағын үйлестіру кінөнің заңдық анықтамасына сай емес деп кесіп айтады14. Шынында да, біздің Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 19-бабының 3 бөлігінде де "касақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам қылмысқа кінәлі деп танылады" делінген. Занда кінә қасақаналық пен абайсыздықтан туатын түсінік ретінде ғана көрінеді. Сол сияқты шет елдік қылмыстық заңдылықтарда да туынды түсінік ретіндегі кінәнің анықтамасы берілмеген. Ал кейбір шетелдік Қылмыстық кодекстерде кінә туынды түсінік ретінде ғана көрсетілген. Мысалы, Болгариянъщ Қылмыстық кодексінің ІІ-бабыңда (1) "Қоғамдық қауіпті әрекет кінәлі деп танылады, егер ол қасақана немесе абайсызда жасалса" делінген. Әрі қарай заң шығарушы кінәнің бұл нысандарының түсінігін анықтайды. Өзге Қылмыстық кодекстерде кінәнің екі нысанының белгілерін нақты анықтамай, тек осы екі нысанының танылатындығы айтылған. Мысалы, Испанияның Қылмыстық кодексінің  10-бабына сәйкес қасақаналық немесе абайсыздықпен жасалған заңға сәйкес жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздіктер қылмыс немесе теріс қылық болып табылады". ФРГ-ның Қылмыстық кодексінің 15-параграфы бойынша "тек қасақана әрекет қана жазалауға жатады, егер заң абайсызда өрекет үшін тікелей жаза қарастырмаса". Ең аяғы, кейбір Қьлмыстық кодекстердің Жалпы бөлімінде кінә немесе оның нысандары жөнінде ешқандай көрсеткіштер жоқ. (Мысалы, Францияның Қылмыстық кодексінде).

Информация о работе Кылмыстың субъективтік жағы