Кылмыстың субъективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа

Описание

Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3

1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................

1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....

2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................

2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................

2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................

2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................



3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН

ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН

ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................

3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................

3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................

3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Работа состоит из  1 файл

Суб.жагыДипломБ.Самбетов.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

     Мысалы: баю мақсаты, басқа қылмысты жасыру мақсаты, соғысты арандату, т. б. пайдакүнемдік  ниет, бұзақылық ниет, зұлымдық ниет, қан үшін кекшілдік ниет және т. б. Кейбір реттерде заң шығарушы қылмыстық ниеттің жалпылама сипаттамасын ғана береді. Мысалы, зұлымдык ниет немесе басқадай жеке мүдделілік.

     Мұндай  жағдайларда зұлымдық немесе басқадай жеке мүдделілік ниеттің нақты мазмұны  анықталып, ол туралы тергеу. сот құжаттарының тиісінше аталып көрсетілуі керек.

     Ниет  пен максатқа дұрыс қылмыстық  кұқылық баға беру үшін оларды топтастырудың  маңызы өте зор. Қылмыстық теорияда қалыптасқан дәстүр бойынша ниет пен мақсат моральдық және кұкылық  негіздерге байланысты екі топка бөлінеді. Теріс (зұлымдық) және он (зұлымдық емес) ниеттер мен мақ-саттар.

     Зұлымдық  ниеттер мен мақсатгарға кылмыстық  жауаптылықты ауырлатуға немесе нақты  кылмыс құрамы сараланған (жетілдірілген) кылмыс құрамына жатқызуға, сондай-ақ қыл-мыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешуге қажетті тікелей әсер етеді. Зұлымдық ниеттерге пайдакүнемдік (96-бап, 2-белігі, «з» тармағы), бұзакылық (96-бап, 2-бөлігі, «и» тармағы), қан үшін кекшілдік (96-бап, 2-бөлігі, «л» тармағы) және ұлттык, нәсілдік алауыздық (96-бап, 2-бөлігі, «д» тармағы) тағы басқалар. Зұлымдық мақсаттарға басқа кылмыстың ізін жасыру максатымен немесе сол қылмысты жасауды оңайлату мақсатымен кісі өлтіру (96-бап, 2-бөлігі, «к» тармағы) мемлекеттің эконо-микалық және қорғаныс қабілетін әлсірету, ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін адам органдарын немесе тәнін алу жатады. Бұдан басқа қылмыстық жауаптылыққа немесе оны күшейтуге әсері жоқ ниеттер мен мақсаттар зұлымдық емес ниеттер болып табылады.

     Ниет  пен мақсаттың әр түрлі қылмыстық  құқылық маңызы бар. Біріншіден, егер заң шығарушы оны нақты қылмыс кұрамының қажетті белгісі етіп көрсетсе, онда ол ниет пен максат сол қылмыстың құрамының міндетті белгісі болып табылады.

     Мысалы,  қызмет жөніндегі жалғандықтың субъективтік жағының белгісі пайдақорлық немесе өзге де өзіндік мүдделілік ниет болса, осы қылмыстың мақсаты жалған қүжаттар жасау болып табылады (314-бап). Екіншіден, ниет және мақсат қылмысты саралауда да шешуші маңыз атқарады, кейде ол жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамын түзуі де мүмкін. Мұндай жағдайда мақсат пен ниет қылмыстың негізгі кұрамында аталмайды. Егер ол аталған жағдайда қылмысты саралау өзгеріп, қатаң жауаптылық белгіленуі мүмкін.  Мысалы, пайдақорлықпен, бұзакылықпен кісі өлтіру (96-бап, 2-бөлік, «з», «и» тармақтары). Кылмыстық іс қозғау мақсатымен пайдақорлық мақсатпен қылмыс істелді деп көрінеу жалған сөз жеткізу қылмыстың күшейтілген түрі (351-бап, 2-белігі) пайдақорлық емес, қылмыстық іс қозғау мақсатымен ғана қылмыс істелді деп көрінеу жалған сез жеткізу қылмысты ауырлатпайтын, жай түріне жатады (351-бап, 1-бөлігі).

     Үшіншіден, ниет пен максат жаза тағайындалғанда  қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде  қарастырылады. Мысалы, пайдақорлық  немесе өзге де ұлтгык, нәсілдік өшпенділікті қыздыру мақсатымен, кекшіл ниетпен қылмыс істеу жауаптылыкты ауырлататын мән-жайға жатады (54-бап, «е» тармағы). Бұған керісінше кылмысты қажетгі қорғану үстінде істеу кез келген кылмыс үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай болып табылады.

     Қылмыстық ниеттер жекелеген реттерде жеңілдетудің дәлелдері үкімде керсетіле отырып, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарының санкциясында көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға немесе қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатуға негіз болатын ерекше мән-жайлар есебінде басшылыққа алынады. Егер кылмыстық ниет пен мақсат қылмыс құралының қажетті белгісі ретінде көрсетілсе, онда ол жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қатарына қосылмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар

     Кеп жағдайларда қылмыс бір ғана қылмыс нысаны арқылы істеледі. Кейбір жағдайларда  қылмыс құрамында кінәнің екі  нысаны (қасақаналық және абайсыздық) кездесуі мүмкін. Қасақаналық және абайсыздық қабыстырылған ретте  қылмыс-ты іс-әрекетгің істелуі қасақаналықпен, ал қылмыстың нәти-жесінен болар зардап абайсыздыкпен сипатталады. Мұндай қылмыстарда кінәнің бір нысаны әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде бөлек орын алса, ал екінші бір нысаны іс-әрекетпен туындайтын кылмыстың зардабы жөнінде бөлек орын алады.

     Яғни, бір қылмыс құрамында кездесетін кінәнің, осындай екі бірдей нысанының  қабаттасуын кінәнің екі түрімен  істелген қылмыс деп айтамыз. Қылмыстық  қүқық теориясында оны кейде, «екі жақты» немесе «күрделі», «аралас» кінә нысандары деп те атайды. Бұл аталған терминдердің түпкі мәні біреу — ол бір қылмыс құрамында кінәнің екі бірдей нысаны — қасақаналық және абайсыздықтың қатар қабаттас болатындығын көрсету болып табылады.

     Қылмыстық кодекстің 22-бабы кінәнің екі нысанымен  жасалған қылмысқа мынадай анықтама береді: егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғүрлым катаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстык жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайға ғана пайда болады.

     Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана кылмыс деп танылады. Осы зандылық анықтамаға сәйкес кінәнің екі бірдей нысаны объективті жағының міндетгі белгілері  қоғамға қауіпті іс-әрекет, себепті  байланыс және қоғамға зиянды зардап болып табылатын материалдық  қылмыс кұрамдарында ғана орын алады.

     Мысалы, кінәнің аралас нысандарына Қылмыстық  кодекстің 103-бабының 3-бөлігіндегі  денсаулыкка касақана ауыр зиян келтіруден жәбірленушінің казаға ұшырауы, 152-бапта  көрсетілген еңбек корғау ережелерін бұзу, 117-баптың 4-бөлігіндегі заңсыз аборт жасаудан жәбірленушінің қаза болуы немесе баска бір ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы сиякты кұрамдар жатады.  Осы көрсетілген құрамдарда әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде кінәнің нысаны касақаналық, ал одан туындаған зардап жөнінде абайсыздық болады. Мұндай қабаттасқан кінәнің болуына өзіндік себеп те бар.

     Кісіні  әдейі ұрып, жәбірленушіге жарақат  түсірген адамның бәрі ұрғаннан келетін  зардаптан кісі елетінін дәл болжай бермейді. Сол себепті де мұндай ретте басқа адамның денесіне ауыр дәрежеде қасақана жарақат келтіру қасақаналықпен, сол жарақаттың зардабы кісі өлімі жөнінде кінәнің абайсыздык нысаны орын алады.

     Сол сияқты Қылмыстық кодекстің 117-бабының 4-бөлігінде айтылған «Заңсыз аборт  жасаудан жәбірленуші қаза тапса  немесе баска бір ауыр зардаптарға әкедіп соқтырса» деген кұрамды алайық. Бұл жерде субъектінің заңсыз аборт жасау әрекеті қасақаналықпен, ал одан келетін зардап жөбірленушінің қаза табуы немесе басқа бір ауыр зардаптарға душар болуы оның кінәсінін, абайсыздық нысаны арқылы жүзеге асырылады. Егер мұндай реттерде субъект кісінің қаза болуын тілеп немесе өлуін тілемегенімен, оның өлуіне саналы түрде жол берсе, бұл сияқты іс-әрекет 103-баптың 3-бөлігі, (7-баптың 4-бөлігімен емес), ол қасақана кісі елтіру туралы жауаптылықты белгілейтін басқа баппен саралауды қажет етеді.

     Сонымен кінәнің екі нысанымен жүзеге асырылатын осындай қылмыс-тарда  іс-ерекеттің нәтижесінен туындайтын зардап жөнінде кінәнің тек абайсыздық нысаны орын алатыны айқын. Сол себепті  де кінәнің екі түрімен жүзеге асырылатын іс-әрекет қылмысқа оқталу сатысында орын алуы мүмкін емес.  Өйткені, қылмысқа оқталғанда одан туындайтын зардап болмайды. Зардап жоқ жерде кінәнің екі түрлі нысаны туралы сөз де болмайды. Сондай-ақ қылмысқа бірге қатысуда келтіретін зардап туралы ұйымдастырушы, кемектесуші немесе айдап салушы ештеңе білмеген болса, ол жөнінде бұл хабардар болмаса, онда келтірілген зардап үшін кылмыстың орындаушысының өзі ғана жауапты болады. 

     Жалпы алғанда, кінәнің екі түрімен  істелетін қылмыстардың субъективтік мазмұнын терең зерттеу объективтік белгілері өзара ұқсас қылмыстарды бір-бірінен дұрыс ажыратуға немесе істелген іс-әрекетгі қасақана я болмаса абайсызда істелген қьлмыс құрамына дәлме-дәл жатқызуға толық мүмкіндік береді.  Қасақаналық  және абайсыздық қатыстырылған ретте  қылмысты іс-әрекеттің  істелуі  қасақаналықпен, ал қылмыстың нәтижесінен болар зардап абайсыздықпен сипатталады40. Мұндай қылмыстар да  кінәнің бір нысаны әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде бөлек орын алса, ал екінші бір нысаны іс-әрекетпен  туындайтын  қылмыстың зардабы жөнінде бөлек орын алады. Яғни, бір қылмыс құрамында кездесетін кінәнің  осындай екі бірдей  нысанының қабаттасуын кінәнің екі түрімен істелген қылмыс деп атаймыз. Қылмыстық құқық теориясында оны кейде « екі жақты» немесе « күрделі»,  «аралас» кінә нысандары  деп те атайды. Бұл аталған  терминдердің  түпкі мәні біреу,ол бір қылмыс құрамында  кінәнің екі бірдей  нысаны қасақаналық және абайсыздықтың қатар қабаттас  болатындығын көрсету  болып табылады.

 
 
 
 

     3.3.  Қате және оның маңызы

     Қылмыстың субъективтік жағының белгісін талдағанда адамның жіберген қатесінін, кінәнің  нысанына және оның қылмыстық жауаптылығының шегін анықтауға тигізетін әсерін анықтаудың маңызы ерекше.

     Қате  дегеніміз адамның істелетін  қоғамға кауіпті іс-әрекетіне байланысты факт немесе заңтуралы мән-жайлары жөніндегі теріс түсінігі болып табылады.

     Қылмыстык құқықтағы мұндай қате заң туралы қате және фактілік қате болып екі  түрге бөлінеді.

     Заң туралы қателік деп адамның іс-әрекетінің қылмыс қатарына жататыны немесе жатпайтыны, оның саралануы, осы іс-әрекеті үшін тағайындалатын жазаның түрі, мөлшері жөніндегі теріс үғымын айтамыз. Мұндай ретте адам өзінің істеген іс-әрекетін қылмыс деп ойлайды, шындығында занда ол қылмыс қатарына жатпайды. Мысалы, адам баска біреуге байаммай абайсыздықпен жеңіл жарақат келтірді. Ол бұл әрекетін қылмыс деп ойлайды. бірақ та қылмыстық занда абайсыздықпен жеңіл түрде жарақат салу туралы жауаптылық көрсетілмеген.

     Демек, мұндай іс-әрекетте кінә де, қылмыс та жоқ. Керісінше, адам өзінің істеген іс-әрекетін қылмыс емес деген жалған ұғымда болады бірақ оның іс-әрекеті заң бойынша қылмыс болып табылады. Мұндай ретте адам қылмыстық жауаптылыққа жалпы негізде тартылады, өйткені занды білмедім деген сылтаумен қоғамға кауіпті іс-әре-кет істеуге ешкімге де жол берілмейді. Адамның өзінің істеген іс-әрекетін тиісті бап бойынша саралау, соған жаза түрін және мөлшерін тағайындау жөніндегі жіберген қателігі кінәнің нысанына және оның жауаптылығына ешбір әсер етпейді қате деп адамның қьлмыс кұрамының объектісі және объективті жағының белгілері, яғни нақты жағдайлар жөніндегі теріс ұғынуын айтамыз41.

     Фактілі қате мынадай түрлерге бөлінеді:

     Қылмыстын, объектісі мен заты жөніндегі  қате;

     Әрекет  немесе әрекетсіздіктің мәні жөніндегі  қате;

     Себепті байланыстын, өрістеуі жөніндегі қате.

     Объект  жөніндегі қате бірнеше жағдайда болуы мүмкін:

     а) қылмыскер белгілі объектіге қол сұғатын болып ойланғанымен, ал шын мәнінде басқа объектіге зиян келтіреді. Мысалы, адам дәріханадан наркотикалык, препаратты ұрлаудың орнына қателесіп, іш аурудың дәрісін ұрлайды.

     Бұл сияқты қатеде субъектінің жауапкершілігі қылмысты істеген кезде оның ойы  неге бағытгалса, соған байланысты шешіледі. Осы айтылған мысалға сәйкес кінәлінің әрекеті наркотикалық нәрсені ұрлауға оқталғаны үшін сараланады.

     б) қылмыскер бір объектіге ғана кол сұғуды тілейді, ал шын мәнінде бірнеше объектіге зиян келтіреді. Мұндай нақтыланбаған қасаканалықпен әрекет істегенде кінәлі адам нақты болған зардап үшін ғана жауапты болады. Мысалы, түн ішінде бей-берекет мылтық атудан көшеде өтіп бара жатқан адамға оқ тигізіп қаза болса, кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 257-бабы 3-бөлігімен және 96-баптың 2-бөлігі «и» тармағымен, яғни орын алған зардапка байланысты сараланады.

     Сондай-ак,екіқабат әйелді оның екіқабат екендігін білмей қасакана өлтірген жағдайда кінәлінің әрекетін Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігі «г» тармағымен саралауға негіз жок,, мұндай ретте іс-әрекет нақты жағдайға байланысты орын алған қылмыстың зардабына байланысты сараланады.

     Объект  жөніндегі қателіктен қылмыстың заты және жәбірленушінің өзі жөніндегі қателікті ажырата білу қажет. Мысалы: бидайдың орнына арпа ұрлау, бағалы кағаздың орнына жалған ақша ұрлау. Мүндай әрекеттер қылмысты саралауға әсер етпейді. Жәбірленушінің өзі туралы жіберілген қателіктің мәні сол кінәлі адам белгілі бір адамның орнына қателесіп, басқа бір адамға қиянат келтірді,

     Мысалы, шетелдік мемлекеттің өкілін өлтірудің  орнына жай адамды өлтіру немесе өзі  діттеген дұшпанын өлтірудің орнына дәл содан аумайтын басқа бір адамды өлтіру мұндай реттерде кінәлінің кателесуінің оның іс-әрекетін дұрыс саралауға ешбір катысы болмайды. Іс-әрекеттің мәні жөніндегі қателік екі жағдайда орын алуы мүмкін.

     Адам  өзінің істелетін іс-әрекетінің зиянды екенін сезіп, тілеп істегенімен, шын мәнінде, оның іс-әрекеті қоғамға зиянды болмай қалуы мұмкін. Мысалы, жек көретін адамға у беріп өлтірудің орнына қателесіп оған іш аурудың дәрісін ішкізеді, әрекет кісі өлтіруге оқталғандық ретінде бағаланады.

Информация о работе Кылмыстың субъективтік жағы