Кылмыстың субъективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:19, дипломная работа

Описание

Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субьективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ ..3

1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................

1.2 Қылмыстың субьективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы .....

2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘ МӘСЕЛЕСІ ..............................

2.1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі ..........................................

2.2 Қасақаналық және оның түрлері .....................................................................

2.3 Абайсыздық және оның түрлері........................................................................



3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫН

ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІ МЕН

ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР................................................................................

3.1 Қылмыстық ниет және мақсат..........................................................................

3.2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар........................................................

3.3 Қате және оның маңызы....................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Работа состоит из  1 файл

Суб.жагыДипломБ.Самбетов.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

      Сонымен бұл қылмыстық зандылықтардағы кінәнің анықтамасында, егер ондай анықтама болса, қасақаналық пен абайсыздықтан өзге психологиялық кезеҢдер кіргізілмеген. Алайда, бұл өзге психологиялық кезендер кінәнің мазмұнына кірмейді, олар кінәнің шегінің сыртында жатыр деген сөз емес.

       Заң шығарушының кінәнің анықтамасына  ниет, мақсат және эмоцияны кіргізбеуі психикалық қызметтің бұл компоненттері тек қылмысқа ғана емес, адамның кез келген әрекетіне тән екендігіне негізделген.

      Кінәнің "мазмұны" және "нысаны" деген категориялардың қылмыстық жауаптылыққа әсері әртүрлі. Егер кінәнің мазмұны кінәнің барлық белгілерін бейнелейтін категория болса, кінәнің нысаны — бұл сол кінәнің белгілерінің өзара ішкі байланысын және сыртқы жағдайлармен байланысын бейнелейтін категория.

      Кінә, адамның өз іс-әрекетіне және оның қоры-тындыларына деген қоғам әшкерелейтін психикалық қатынасы болып табылатындықтан, оның мазмұнына әшкерелеуге негіз болған және әшкерелеу дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін психикалық қатынастың барлық компоненттері міндетті түрде кіру керек шығар?.. Сондықтан кінәнің нысандарын қасақаналық және абайсыздықты анықтай отырып, заң шығарушы (Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 20-21 баптары) өзара және сыртқы жағдайлармен байланысы кінәнің бар болуына қажет және жеткілікті, және оларсыз қылмыстық жауаптылықтың болуы мүмкін емес компоненттерді (психикалық қызметтің компоненттері) ғана көрсетеді. Осылайша, кінәнің функционалдық ролі қылмыстық жауаптылықтың субъективтік негіздерін  анықтаумен бекітіледі, ал сана мен еріктің түзілуіне, адамның мінез-құлығын реттеуге және кінәнің дәрежесін аныктауға әсер ететін компоненттер кінәнің нысандарынын жалпы анықтамасына енгізілмейді, бірақ сот тәжірибесінде есепке алынады.

      Сонымен ниет, мақсат және эмоция  кінәнің психологиялық мазмұнының міндетті белгілеріне жатады, және оларды барлық жағдайларда - касақана қылмыс жасағанда да, абайсызда қылмыс жасағанда да анықтау керек. Бұл белгілерді кінәнің шегінен шығарып тастау оларды ескермеуге, кінәнің нақты нысанын анықтауда, кінәнің әлеуметтік-саяси мазмұнын анықтауда, кінәлінің жеке басының қоғамдық қауіптілігін анықтауда, қылмысты әрекетті тұғызған себептер мен жағдайларды анықтауда кері әсерін тигізеді. Ниетті, мақсатты, эмоцияны анықтамай, кінәнің дәрежесін анықтау, жауаптылықты және жазаны жекелеу мүмкін емес.

     Кінә - психикалық қатынас ретінде.  Кінәні қылмыстық жауаптылықтың субъективтік негізі ретінде дұрыс түсінудің қажетті алғы шартына оның психологиялық мазмұнын, яғни адамның өз іс-әрекетіне және оның қорытындыларына деген қатынасын сипаттай отырып, оның мінез-құлқын анықтайтын және нысанаға қоятын психикалық ниеттерді анықтап алу жатады.

      Психикалық  қатынас түсінгі заңдық түсінік  емес, ол жеке адам психологиясы пәніне кіретін түсінік. Сондықтан қылмыстық құқық ғылымында психикалық қатынас түсінгінің мазмұны психология ғылымының зерттеген категорияларына, ережелеріне сүйене анықталады.

      Психологияда  адамға тән психикалық құбылыстардың  негізгі төрт нысанасын беліп көрсетеді: психикалық процесстер, психикалық ахуалдар, психикалық қатынастар және адамның жеке басының психикалық қасиеттері.

      Психикалық  процестер дегеніміз - адамның сыртқы өмірмен қарым-қатынасындағы психикалық қызметінің өзгерістерінің кезектесіп түруы, ойлаудан бастап қөзғалып реакция беруге дейін (сөзіну, түйсік, ес және ойлау). Псикалық ахуал дегеніміз - процесс дамып отыратын жалпы гакционалдық деңгейі ( шаршау, енжарлық және т.б ). Адамның өзіне тән психикалық белгілер дегеніміз - адамның қызметінің, хал ахуалының, қатынасының қасиеттері ( темперамент, мінез, ерік және т,б. )15.

       Ал психикалық қатынастарға келетін  болсақ, оның мынандай белгілерін атауға болады. 1) қатынастардың таңдамалылығы, бұның арқасында реакцияның кұші мен сыйпатының ерекшеліктері пәннің мазмұныка және оның сол адам үшін маңыздылығына байланысты болады; 2) қатынастардың белсенділігі, мұның арқасында қатынас қозғалыспен іске асырылады; 3) қатынастардың біртұтас жеке дарадыш, яғни қатынас бұкіл жеке адамның өзінің әсері, тек оның белгілі бір жақтарының ғана емес; 4) қатынастардың саналы түрде болуы, яғни адам өзінің объективтік негіздеріне және субъективтік ниеттеріне, өзінің міядеттеріне ( осы қатынастан туатын ), осылармен байланысты өзінің жауапкершілігіне жауап бере алады және бұларды өз әрекеттерінде көрсетеді.

       Қылмыстық құқықты тек қылмысты жасауға себепші болған және сол қылмыста көрінген психикалық қатынастар ғана қызықтырады. Міне, кінә деп аталатын психикалық қатынастың шегін анықтайды: ол қоғамдық қауіпті іс-әрекетке және оның қоғамдық қауіпті зардаптарына деген қатынасымен шектеледі,

       Психикалық қатынас, өзге қатынастар  сияқты, белгілі бір байланыс — бұл субъекті мен объектінің байланысы. Адамның өз қатынастарын ұғыну қабілеті бар, мұндай қабілеттілік саналы мақсатты алға қоюда және оған жетуде көрінеді. Бұл психикалық қатынастың белсенділігі оның тандамалылық сипатынан туады, ал тандамалылық сипаты қатынастың пәнінің мазмұнына және қатысушы адамға деген маңыздылығына байланысты.

       Қылмыстық актінің құрылымында  субъектінің объектіге деген қатынасы нақты айқындалады және қоғамдық қауіпті әрекетке, қоғамдық қауіпті зардаптарға деген психикалық қатынастық көлемінде анықталады. Бұл, біріншіден, психикалық қатынас уақыттың ағымымен дамитын процесс екенін; екіншіден, бұл қатынас жасау алдында және жасау процесіңде болатын қатынас екенін; үшіншіден, бұл кеңістікте болатын қатынас екенін, яғни катынастын кұші қоғамдық қауіпті әрекетпен, амдық кауіпті зардалтармен,   кылмыстық заңның ноомаларымен шектелетіндігін көрсетеді.

      Кез келген психологиялық актіге  әртүрлі дәрежеде кіретін үш компонент бар - интеллектуалдық (танымдық), епікгілікжәне эмоционалдық (сезімдік). Өмірде олар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып тұратын біртұтас психикалық катынастың әртүрлі жақтары болып табылады. Бұл кезендердің әрқайсысының - мазмұнын терең түсіну үшін жеке-жеке шартты түрде теоретикалық талдауда ғана бөліп қарастыруға болады. Бұған адамның мінез-құлқының процесі кезінде өтетін этаптары мен оньщ психикалық қызметінің құрылымына қарап кез жеткізуге болады.

        Қасақана және абасыздықтағы қылмыстық актінің психологиялық механизмдері негізінде әртүрлі екенін есепке алғанның өзінде қылмыстық құқық теориясында кінә іс-әрекетке деген психикалық қатынас ретінде жеке бастың психикасының әртүрлі салаларына жататын түсініктерде қарастырылады: сананың элементгері ретінде және еріктің элементтері ретінде. Психологиялық түрғысынан алып қарағанда кінә дегеніміз — қылмыс жасаған адамның санасында негізгі психологиялық компоненттермен ұйлесе өтетін психологиялық процесс. Адамның қоғамға пайдалы қызметі де, зиянды қызметі де оның материалдық қажеттіліктерінен және рухани қажеттіліктерінен туады, ал ол қажеттіліктер өз кезегінде өмір сүру жағдайларынан туады. Осы қажеттіліктерге сәйкес белгілі бір қызығушылықтар, одан кейін бұл қызығушылықтардың көлемінде ниеттер мен алға қойған мақсаттар пайда болады. Мұны С. Л. Рубинштейн былай деп тұсіндіреді16: адамның кез келген әрекеті белгілі бір ниеттерден  туады  және   белгілі  бір  мақсаттарға бағытгалған, ол белгілі бір мәселені шешеді және адамның қоршаған ортаға деген белгілі бір қатынасын көрсетеді. Сондықтан ниет пен мақсат жоғарыда айтылған кінәнің ұш кезеңімен тұйісе отырып кінәнің мазмұнына кіреді.

     Интеллектуалдық (танымдық) кезең. Ойлау адам санасьша дүниедегі заттарды, олардың табиғатына тән шынайы белгілерін, олардың өзара қарым-қатынастарын  бейнелеп беретін психикалық процесс. Ойлау арқылы ақиқатгы бейнелеудің ең жоғары нысанына жетуге болады. Ол — адам санасын, адамның мінез-құлқының бағьтгы реттеуші. Адамның ойлау қабілеті санамен қабаттасқан ұғым емес, ол - сөзу, қабылдау, ес сияқты қарулардың біріне жатады. Сана да ойлау сияқты адамның психикальгк қатынасының интеллектуалдық компоненті болыті табьілады. Осылайша адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынуы және оның коғамдық қауіпті зардаптарының болуын алдын-ала  білуі - екеуі бірдей субъектінің қасақана қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасын интеллектуалдық жағынан көрсетеді.

     Ойлаудың көмегімен, бұрынғы тәжірибелеріне  сүйене отырып, адам өзі кездескен жағдайдың (ситуацияның) деректік белгілерін дұрыс тұсіне алады, өз мұқтаждарьщ қамтамасыз ету үшін алдына мақсат қояды. Бірақ адам өз әрекеті немесе әрекетсіздігінің тек деректік белгілерін ұғынып қана қоймайды, ол өз әрекеттерінің әлеуметтік мәнін, қоғамдық мәнін, қоғамның саяси, моральдық, құқықтық талаптарына сәйкестігін де түсінеді.

      Әрекет немесе әрекетсіздіктің,  оның корытындыларын жан-жақты ұғыну анықтылық және дұрыстық дәрежесі жағынан әртүрлі болып келеді. Кез келген әрекетті ұғынғанда анықтылық жағынан ол тура мәлімет пе, әлде мүмкін мәлімет пе деген сұрақтардың арасында тербеліп түруы мүмкін. Ал дұрыстық дәрежесіне қарай дұрыс па, әлде дұрыс емес, қате ме деген ұғымдардың ортасында болуы мүмкін. Субъектінің әртүрлі жағдайларға интел-лектуалдық қатынасы бірдей болмауы мүмкін; кейбір жағдайлар анық, кейбірі — болжамалы, кейбірі  дұрыс, кейбіреулері — жартылай қате немесе тұгелдей қате болуъі да мүмкін. Тіпті кейде субъект қайсыбір жағдайларды ұғынбауы да мүмкін, мұндай жағдайда адамның оны ұғыну мүмкіндігі болды ма, жоқ па деғен сауал туады. Жағдайда дер кезінде түсіну мүмкіңдігіне қажетті шарттардың өзіне мыналар жатады: біріншіден, осы жағдайлардың өзі мәлімет береді; екіншіден, осы мәліметтерді ұғынуға субъектіге ештеңе кедергі жасамауы керек.

     Адам санасына сыртқы дүниеден, өз организмінен үнемі мәліметтердің үлкен тобы келіп түсіп жатады. Адам олардың ішінен өзіне қажеттілерін ғана қабылдап, қалғанына көніл аудармауы ықтимал. Мұндай сараптау -саналы түрдегісі де, санасыз түрдегісі де ол мәліметтің адамға маңыздылығына байланысты жұреді. Белгілі психологтардың бірі - Н.Ф. Добрынин өз еңбегінде, сананың белсенділігі - бұл ең бірінші сыртқы әсерлердің, содан кейін бұрыннан қалыптасқан уақытша нервтік байланыс және ассоциациялардың маңыздылығына, соңында адамның қылықтарының маңыздылығына тығыз байланысты деп жазады 17.

       Ерікті кезең. Ерік — сананың  тәжірибелік жағы, яғни ол адамның өзінің тәжірибелік қызметін реттеуде көрінеді. Мінез-құлықты ерікті түрде реттеу — алдағы мақсатқа жету үшін немесе белсенділігі жою үшін саналы. түрде жасалған әрекеттер.

      Ерік күшінің арқасында адам  өзінің мінез-құлқын бақылай алады, өз әрекеттерін басқарады және өз әре-кеттерін әлеуметтік нормаларға бағындыра алады, мақсатына жету жолындағы кедергілерден өте алады, өзін-өзі басқарады және қоршаған ортаға сәйкестене алады. Ерік сананың тәжірибелік жағын көрсететіндіктен, ол -адамның мінез-құлқын реттеуші қызметін атқарады.

      Қылмыстық заңдылықта кінәнің  еріктілік кезеңі:

  1) зардаптардың болуын тілеу;

  2) зардаптардың болуына саналы түрде жол беру және

  3) зардаптарды жеткілікті негіздерсіз  жеңштектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенуін көрсету арқылы анықтайды (ҚР Қылмыстық кодексінің 20, 21-баптары).

     Осылайша еріктіліктің пәні - әрқашан  қоғамдық қауіпті зардап, ал кінәнің әртүрлі нысандары зардаптарға деген ерікті катыңастардың әртүрлі жолдары ретщде көрсетіледі.  Алайда қылмыскердің өзі жасаған қылмысына дегең ерікті қатынасын оның тек қоғамдық қауіпті зардалтарға деген қатынасы деп түсінуге болмайды. Бұлай деп қарасақ қоғамдық қауіпті зардаптың өзі ерікті кезеңнен айырылған болар еді. Бұл мәселеде де, өзге жағдайлардағы сияқты шынайы психикалық қатынастың мазмұнын, заң шығару-шы оған анықтама беру үшін көрсеткен белгілермен және кінәнің нысандарының түрлерімен шатастыруга болмайды. Сондықтан кейбір авторлардың тек қасақана қылмыс қана еріктілікпен жасалады деген ойларына қосылуға болмайды18.

      Өйткені, ең біріншіден, адамның  әрекеті немесе әрекетсіздігінің (мақсатына жету құралы ретіндегі) қьілмысты болмаған кезде де еріктілік мәні болады және субъектінің психикалық қатынасының ерікгілігін анықтайды. Екіншіден, қоғамдық қауіпті зардап, тіпті ол кінәлінің әрекетінің мақсаты болып табылмаған күнде де (жанама қасақаналықта немесе қылмыстық менмендікте) бәрібір субъектінің ерікті актісіне кіреді, себебі әрекетті жасау үшін немесе әрекетсіздікті жасау үшін шешім шығарғанда ерік қатысады. Ал Қылмыстық немқұрайдылықта зардап көп жағдайда ерікті қылықтарынан болса да субъектінің еркінің мазмұнына әсер етпейді, яғни қылмыс-тың еріктілік мазмұны әрекет немесе әрекетсіздікке деген және зардапқа деген ерікті қатынасымен жойылып кетеді. Үшіншіден, тіпті ерікті актінің мұлдем болмауы (субъектінің бірдеңені ұмытып кетуі, жоғалтуы, ұйықтап калуы) белгілі бір жағдайларда субъектінің психикалық қатынасын сипатгайды. Адам қоғамға зардап тигізу үшін бағытталған өзінің психикалық қабілеттілігі үшін ғана емес, осы зардапты жою үшін өз қабілеггіліктерін пайдаланбағаны үшін де жауап береді. Бұлардың екеуі де адамның қоғам мұдделеріне деген белгілі бір шалағай қатынасын білдіреді. Н.С. Таганцев айтқандай, ерік кінәліліктің мәнін құрайды, өйткені кінәлілік бұл - еріктің жетіспеушілігін, ақаулығын көрсетеді ...19.

       Кейбір жағдайларда қылмыс жасаудың  психологиялық себебі субъект қажетті еріктілік көрсетпеуден де болады, мысалы, жүргізушінің сасқалақтап дұрыс шешім таба алмай қалуы, дәрігердің дұрыс диагноз қоя алмауы мұндай жағдайлардың барлығында қылмыстық жауаптылық туындайды. Эмоциялар (сезім, долылык) бірінші - аяқ астынан пайда болған эмоциялық реакция ретінде көрінеді, екінші - нервтік-психологиялық тонустың өзгеруінен көрінеді, үшінші - белгілі бір объектіге деген эмоционалдық қаты-насқа байланысты көрінеді. Осыған орай, эмоциялар қылмыс жасауда әртүрлі роль атқарады. Біріншіден, қылмыс жасауда ол ниеттің ролін атқаруы мүмкін (махаббат сөзімімен, қорқыныштан, қатігөздіктен, қызғаныштан қылмыс жасаған кезде). Екіншіден, интеллекгуалды және эмоционалды кезеңдерге әсер ете отырып, қылмыстың жасалуына да септігін тигізуі мүмкін. Үшіншіден, долылықтың әсерінен эмоциялар қылмыстың өзін туғызуы мүмкін.

Информация о работе Кылмыстың субъективтік жағы