Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа

Описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89

Работа состоит из  1 файл

Гражданское право- КР заңнамасы бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайы.doc

— 404.50 Кб (Скачать документ)

    Мазмұны

   КІРІСПЕ..................................................................................................................7 

1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ      МАҢЫЗЫ

1.1   Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі  орны мен рөлі.............................................................................................................................10

1.2   Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері  және    оның мазмұны...........................................................................................................28

    1. Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
 

2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ   ПРОЦЕССТЕГІ  ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ

2.1  Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі,  саралануы ............51

2.2   Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57 

3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

 3.1.  Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың   түрлері.......................................................................................................................65

3.2.  Азаматтық  іс жүргізудегі  прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73

3.3.  Мемлекеттік  органдар мен жергілікті өзін  өзі басқару       органдарының іс жүргізуге қатысуы .......................................................  ..........................................80 

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа  субъектілер арасындағы азаматтық  істі қарау мен шешу кезіндегі  құрылатын азаматтық іс жүргізу  құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық  іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер азаматтық іс жүргізу барысында жүзеге асырылады.

    Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға құқылы.

    Тараптар  сотта субъективтік құқықтары мен  заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

    Азаматтық процессуалдық заңдылықта тараптар түсінігін бекіту азаматтық сот өндірісінің негізгі қатысушыларының құқықтық жағдайын соттардың дұрыс анықтауына және оларға заңмен берілген субъективтік құқықтарын қолдануға мүмкіндік береді. Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінде көрініс табады. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын жалпы және арнайы деп қарастырады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар. Арнайы – азаматтық іс жүргізу кодексінің арнайы бекітілген баптарында козделеген құқықтарға болып табылады. Сонымен қатар азаматтық істе талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін, мұндай жағдайда бірігіп қатысушылық пайда болады.     Процесуалдық бірігіп қатысушылық – бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бібіріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалар қатысуы. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығында бірігіп қатысушылық институтына Азаматтық іс жүргізу кодексінің 50-бабы арналған. Оның мазмұнынан бірігіп қатысушылықтың келесі екі белгісін көрсетуге болады:

    - істегі  әр тарапта не тараптардың  бірінде бірнеше тұлғалардың  болуы (талапты бірнеше талапкерлер  немесе бірнеше жауапкерлер бірігіп  қоюы мүмкін);

    - істегі  әр біріккен қатысушылардың өз  еріктігі (әр талапкер немесе  жауапкер екінші тарапқа қатысты іске өзі қатысады).

    Бірігіп қатысушылықтың негізгі мақсаты  – істегі үнемділікке қол жеткізу.

    Егер  сот өндірісі барысында талапкер не жауапкер материалды-құқықтық қатынас қатысушысы болып табылмайтыны анықталса, яғни сотқа қорғау үшін шағымданған құқық талапкерге тиісті еместігі, не талапкерге қатысты қарызгер ретінде жауапкер қатыспайтыны анықталса, яғни сот олардың тиісті емес сипатына сай азаматтық іс жүргізуде тараптарды ауыстыру үшін шаралар қолданылуы тиіс.

    Нақты іс бойынша азаматтық сот өндірісінің  нағызғы қатысушыларын тиісті тараптар деп атайды.

    Тиісті  емес тараптар – бұл алғашында  даулы материалды-құқықтық қатынас  қатысушылары деп есептеген, бірақ  негізінен материалды-құқық қатынас субъектісі  болып табылмайтын тұлғалар.

    Сондықтан тараптардың тиісті сипатын орнату үшін даулы материалды-құқықтық қатынас  құрылымын, сәйкес мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдары құзыретін талдау керек. Үшінші тұлғалар іске қатысатын барлық тұлғалар не нақты процессуалды құқықтар мен міндеттер кешеніне иеленеді. Егер іске тек талапкер мен жауапкер қатысса, онда бұл іс шешімінде материалды – құқықтық қызығушылығы бар қарапайым қатысушылар құрамының іске қатысуын көрсетеді. Құқық туралы дауды шешкенде тек тараптардың ғана емес, сонымен қатар басқа тұлғалардың да материалды – құқықтық мүдделері қарастырылатын жағдайларда орын алуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексінің 56 және 57 баптары азаматтық іс жүргізуге бір-бірімен өз мақсаты, құзыреті және тұтастай құқықтық жағдайы бойынша ерекшеленетін тұлғалардың қатысуын қарастырады. Оларға іске қатысатын не азаматтық істерге қатысуға тартылатын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, сондай-ақ жеке азаматтар жатады. Аталған тұлғалар егер де олар даулы материалды - құқықтық қатынастар қатысушылары болып табылса, не ондай болмай-ақ іс жүргізуде өз материалды – құқықтық мүдделерін қорғайтын болса, іс жүргізу тарап немесе үшінші тұлғалар ретінде қатыса алады.

    Курстық жұмыстың өзектілігі-

    Курстық жұмыстың зеррттелу деңгейі- 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    
  1. Азаматтық процесстегі тараптар және олардың маңызы
    1. Азаматтық процесстегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі
 

    Азаматтық процесстегі тараптар субъективті  құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүдделі туралы дауларын сот  қарастырып, шешуі тиіс істегі қатысушы тұлғалар болып табылады. Бұл талапкер мен жауапкер.

    Тұлға азаматтық іске қатыса отырып, нақты  анықталған жағдайға иеленеді. Іске қатысушының процессуалдық жағдайын қате анықтау соттың әділ емес шешім шығаруға әкелетін қателігі болып табылады. Тараптар қатысуынсыз іс қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық істегі құқықтық жағдайын ғылыми және тәжірибе жүзінде зерттеуге көп мән беріледі /1,128Б/.

     Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы  ғылымында тараптарды процессуалдық  құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық қатынастьар болып табылады. Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Азаматтық іс жүргізу кодексінде тек істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.

      Азаматтық іс жүргізу құқығы  ғылымында бұл түсінік толықтай  өңделген:

    -  тарап бұл даулы материалды – құқықтық қатынастың ықтимал субъектісі;

    -   тарап бұл құқық туралы даудың субъектісі; 

    Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық  жоқ. Екеуінде де тұлға құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді. Ал бір тұлға  құқығы мен басқа тұлғаның міндеті  құқықтық қатынас болып табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және нәтижесінде бір затты білдіреді. Осылай істегі тарап түсінігін материалды – құқықтық қатынастар субъектілері түсінігімен анықтайды /2,22Б/.        

      Даулы материалды – құқықтық қатынас қатысушылары істе сәйкес емес тұлға қатысқан жағдайдан басқасында істегі тараптар болып табылады. Азаматтық істі қозғағанда талапкердің қорғау туралы өтінген субъективтік құқығының оған тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны не даулы екендігі туралы, сондай-ақ талапкер жауапкер ретінде жауапқа тартуды өтінген тұлға талап бойынша жауап беруі тиіс екені туралы нақты бекітіп айтуға болмайдыНегізгі жағдайды сот істі қараған кезде ғана анықтайды. Сондықтан, тараптар болып материалды – құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері танылады. Қазақастан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабында іске қатысушы тұлғалар құрамына кіретін іс жүргізу қатысушыларының тізімі тараптарды анықтағаннан басталады. Бұндай құзыретті тараптарға қатысты мойындау олар іске қатысушы тұлғаларға тән келесі белгілерге сай келетінін білдіреді:

      -  іс шешіміне заңи қызығушылық таныту;

      -  істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады;

     -  өз алдына әрекеттер жасау құқығына ие;

    - сот шешімінің және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы анықтаманың     заңды күшінің әсері таралады;

     -  заңмен белгіленген процессуалдық құқықтар мен міндеттерге иеленеді.

    Көрсетілген белгілердің ішіндегі заңи қызығушылық таныту ерекше мәнге ие.

        Даулы материалды – құқықтық қатынас қатысушылары ретінде тараптардың заңи қызығушылығының ерекшелігі іске қатысушы өзге тұлғалармен салыстырғанда тараптардың іс шешімінде материалды – құқықтық және процессуалдық қызығушылықтарының болуы болып табылады. Материалды – құқықтық қызығушылықтың мәні соттың талапкер үшін талапты қанағаттандыру немесе жауапкер үшін одан бас тарту туралы шығаратын шешімге байланысты пайда алу не оны сақтап қалу болады /3,122Б/.

    Процессуалдық қызығушылық деп іске қатыса отырып сот өндірісіне қатысушы күтетін және оған ұмтылатын істі қарау мен шешудің процессуалдық нәтижесін түсінуіміз керек, яғни талапкер үшін бұл талапты қанағаттандыру туралы шешім шығаруды, ал жауапкер үшін талаптан бас тарту туралы шешім шығаруды күту. Екі тарап үшін де процессуалдық қызығушылық соттан тараптар арасындағы дауды шешетін шешім алумен байланысты болады.

    Тараптардың заңды мүдделері қарама – қарсы  болып табылады. Себебі, тараптар материалды – құқықтық және заңды мүдде туралы дау жағдайында болады. Субъектілері істе тарап болатын құқық туралы дау, яғни даулы материалды – құқықтық қатынас сотта істі қараудың пәні болып табылады. Сот тараптар арасындағы құқық туралы дауды қарастырып шешім немесе тараптардың ерік білдіруіне байланысты, яғни талаптан талапкердің бас тартуымен не бейбіт келісім орнатумен байланысты істі қарауды тоқтату туралы анықтама шығарады. Осылай, сот актілерін шығару жолымен азаматтық құқықтық дау субъектілерінің тәртіп ережелері анықталады. Сондықтан сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты туындайтын салдар толық көлемде тек тараптарға ғана таралады/4,158Б/.

      Тараптар – бұл субъективтік  құқықтары мен міндеттеріне байланысты  сот қызметі жүзеге асатын  тұлғалар. Сол себептен заң оларға  сот шығындарын өтеу міндетін (бұл шығындарды өтеуден босату  жағдайларын қоспағанда) жүктейді.  Жоғарыда аталғандар іс жүргізудегі тараптарды сипаттайтын келесі ерекше белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.

    • қарама-қайшы материалды–құқықтық және процессуалдық    қызығушылықтардың  болуы;
    • заңды күшіне енген сот шешімі салдарының толық көлемде таралуы;
    • Іс бойынша шығындарын өтеу;

    Талап қою бойынша істі қозғаумен байланысты ғана тараптар арасындағы құқық туралы дау сотта қарау пәні болмайды. Құқық туралы даудың болуы ерекше талап өндірісінің де ерекше белгілерінің бірі болады. Әрекет етуші Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдылығы құқық туралы даулары ерекше талап өндіру тәртібінде шешіліетін субъектілерді іс жүргізудегі тараптар деп атауға мүмкіндік береді. Осы жерде келесі қорытынды шығады тараптар тек жай талап өндірідің ғана емес, сонымен қатар ерекше талап өндірудің тұлғалары болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабына сәйкес іс жүргізудегі тараптар болып талапкер мен жауапкер танылады.

Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы