Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89
Бұл жерде Қазақсатан Республикасы Жоғары Сотының Пленумының 2000 жылғы 30 маусымдағы «соттардың азаматтық іс жүргізу заңдылығының кейбір нормаларын қолдану туралы» № 9 қаулысында көрсетілген түсініктемені ескеру қажет: Азаматтық іс жүргізу кодексінің 136-бабының мүліктік дауларды сотқа дейін реттеу туралы талаптары прокурордың мемлекет немесе заңды тұлға, заңды тұлға құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар мүдделері үшін қоятын талаптарына ол мемлекет мүдделеріне қайшы келмесе тарамайды. Егер талапкер прокурор қойған талапқа келіспесе, онда сот іс үшінші тұлғалар құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне әсер етпесе талапты қараусыз қалдырады. Прокурордың өзге тұлға мүддесін қорғау үшін қойған талаптан бас тарту бұл тұлғаны істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Бірақ бұл жағдайда егер талапкер істі қарауды талап етсе және мемлекет баждарды төлеуден босатылмаса ол оны жалпы тәртіпте төлеуге міндетті. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 55-бабына сәйкес прокурор сотқа ұйымдар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы сотқа шағымдануға құқылы деп бекітеді.
Ресей заңдылығында прокурордың азаматтық істі қозғау туралы мәселені реттеу тәртібі қызығушылық танытады. Яғни, «Ресей Федерациясының прокуратурасы туралы » заңының 35-бабы 3-тармағы келесіні қарастырады: «Прокурор Ресей Федерациясының іс жүргізу заңдылығына сәйкес сотқа арызбен істің кез-келген сатысында егер бұны азамат құқықтарын қорғау және заңмен қорғалатын мемлекет немесе ұйым мүдделері қажет етсе қатыса алады». Бұл мәселені Қазақстан Республикасың заңдылығында шешу сәйкесінше қажет болып отыр. Ғылыми әдебиетте прокурордың талап қою және азаматтық істі қозғау кезіндегі іс жүргізудегі жағдай туралы мәселе бойынша біртұтас ой жоқ. Бұл мәселе бойынша түрлі авторлар пікірлерін үш топқа келтіруге болады:
- Талап қойған прокурор істе тарап жағдайын иеленеді (С.Н Абрамов, А.Ф Козлов); бұл ой үшін негіздер Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 213-бабына сәйкес: іс бойынша тарап болмайтын және босатылып іске қатысатын прокурор сот пікірталасынан кейін іс мәні бойынша қорытынды жасамайды;
- Прокурор іс жүргізу тарабында «талапкер» болып табылады, себебі ол жауапты тараппен материалды даулы құқықтық қатынаста болмайды ( А.А Добровольский, М.С Шакарян, В.Н Щеглов);
- Прокурор азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының дербес субъектісі . Заң прокурорға, тараптарға да, іске қатысушы өзге тұлғаларға да тиіс емес құзыреттер береді. Прокурор азаматтық сот өндірісіне мемлекет өкілі ретінде қатысады.( К.С Банченко, Ю.И Лутченко, Н.В Ченцов);
Соңғы
пікір негізделген болып
Біріншіден, істе прокурор істегі тараппен салыстырғанда өз құқықтары мен мүдделерімен емес өзге тұлға құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның, мемлекеттің мүдделерін қорғайды.
Екіншіден, прокурор құзыретінің көлемі тараптардың процессуалды құқықтары мен міндеттеріне сәйкес емес. Көптеген әдебиеттерде көрсетілгендей, прокурордың көптеген процессуалды құқықтары бір уақытта оның міндеттері болып табылады. Бұл тараптарға тиіс емес.
Үшіншіден, заң прокурорды процессуалдымүсін ретінде сипаттайды. Прокурор тек талап өндірісіндегі істерді ғана емес, сонымен қоса ерекше талап өндірісіндегі және ерекше өндірістегі істерді қозғай алады.
Прокурордың қорытынды жасауы – прокурор өзі бастаған немесе сот бастаған іске іс бойынша қорытынды беру үшін өзіне жүктеген міндеттерді жүзеге асыру және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ұйымдар құқықтары мен мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында қатысуға құқылы /26,158Б/.
Прокурор сот қарауы барысында туындайтын жеке мәселелер бойынша және іс мәні бойынша қорытынды бере алады. Прокурордың қорытындысы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім келесілерден тұрады:
- қаралатын істің қоғамдық маңыздылығы, құқық бұзушылыққа жол бермеуді, заңдылықты сақтау қажеттілігін көрсету;
- Даулы материалдық құқықтық қатынастың құқықтық сыныпталуы, қолдануы тиіс құқық нормаларын талқылау;
- Іс үшін маңызы бар фактілер ауқымын, сондай-ақ олардың құқықтық салдарын анықтау;
- Талапкер, жауапкер және істе қатысатын өзге тұлғалар пікірлерін талдау.
Екінші бөлім:
- әр заңи факті туралы нәтиже мен дәлелжемелерді талдау және бағалау;
- тараптар мен іске қатысатын өзге тұлғалар жасаған құқықтары мен міндеттері фактілер туралы нәтижені және дәлелдемені бағалауға қатысы;
Үшінші бөлімдн келесі сұрақтарға жауап болуы тиіс:
- талап қанағаттандыруға ( толықтай немесе ішінара);
- сот шешімін жедел орындау қажетпе, шешімді орындауды кейінге қалдыру немесе кейінге қалдыру үшін не шешімді жүзеге асыруды қамтамассыз ету үшін негіз бар ма;
- соттың жеке ұйғарымын жасау қажеттілігі бар ма және тағы басқа.
Прокурор қорытындысы іс үшін маңызды барлық жағдайларды, сондай-ақ қолдануы тиіс материалдық құқықтық нормаларын талдау мен зерттеуге негізделуі тиіс. Сот прокурор қорытындысы негізделмеген немесе заңсыз деп есептесе іс бойынша қорытындымен келіспеуге құқылы.
Прокурор
бірінші деңгейлі сотқа істі қозғау
не қорытынды жасау үшін басталған
іске қатысу жолымен қатыса алады. Іске
қатысатын тұлға ретінде
Бірінші деңгейлі сотта істі өндіру кезіндегі прокурор құзыреті көлемінің айырмашылығы оның іс жүргізуге қатысу нысанымен байланысты. Бұл айырмашылық прокурордың апелльяциялы, кассациялық және қадағалаушылық деңгейінде қатысқандағы құқықтары мен міндеттерінің кешені үшін де тән болады. Талап қойған прокурор барлық процессуалды құқықтарды қолданады және бейбіт келісім жасау құқығын қоспағанда талапкердің барлық міндеттерін атқарады. Егер азаматтық істі прокурор қозғаса, онда ол бұл іс бойынша қорытынды жасауға құқығы жоқ. Басталып кеткен іске қатысқан және оған іс бойынша қорытынды беру үшін қатысатын прокурор Азаматтық іс жүргізу кодексінің 47-бабына сәйкес барлық процессуалды құқықтарды қолданады және процессуалды міндеттерді атқарады. Прокурор аппелльяциялық, кассациялық немесе қадағалаушылық өндіріске аталған сот актілерін қайта қарауды қозғау немесе жоғары деңгейлі сотта сот актілеріне шағымдануға құқылы тараптар және басқа тұлғалардың аппельяциялық, кассациялық және қадағалаушылық шағымы бойынша басталып кеткен өндіріске қатысу жолымен қатысады. Аппельяциялық және кассациялық қарсылық білдіру құқығы істі қарауға қатысқан прокурорға тиісті /27,144Б/.
Заңды
күшіне енгбеген сот шешімі мен ұйғарымын
қайта қарау бойынша өндірісті
Бас прокурор, оның орынбасары, облыс
прокурорлары және оларға теңестірілген
прокурорлармен және олардың орынбасарларымен,
аудан прокурорлары мен оған теңестірілген
прокурорлар немесе олардың орынбасарларымен
істі қарауға қатысуына байланыссыз аппельяциялық
немесе кассациялық қарсылықты өз құзыреті
шегінде жасау жолымен бастайды. Заң күшіне
енген сот актілеріне соттың қадағалау
органдары Қазақстан Республикасның Бас
прокуроры, Бас прокурор орынбасарлары,
Қазақстан Республикасының әскери прокурорлары,
облыстық прокурорлар мен оларға теңестірілген
прокурорлар қарсылық таныта алады. Құқық
қолдану тәжірибесінде сот актілеріне
шағымдануға прокурорлар құқықтарын қарастыратын
заң нормаларының конститутциялылығы
туралы мәселе пайда болды. Қазақстан
Республикасы Конститутциясының 83-бабы
1 тармағына сәйкес прокуратура Қазақстан
Республикасы Конститутциясы мен заңдарына
қарама-қайшы заңдар мен өзге құқықтық
актілерге шағымданады.
3.3
Мемлекеттік органдар
мен жергілікті өзін
өзі басқару органдарының
азаматтық іс жүргізуге
қатысуы
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 және 57 баптары азаматтық іс жүргізуге бір-бірімен өз мақсаты, құзыреті және тұтастай құқықтық жағдайы бойынша ерекшеленетін тұлғалардың қатысуын қарастырады. Оларға іске қатысатын не азаматтық істерге қатысуға тартылатын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, сондай-ақ жеке азаматтар жатады. Аталған тұлғалар егер де олар даулы материалды - құқықтық қатынастар қатысушылары болып табылса, не ондай болмай-ақ іс жүргізуде өз материалды – құқықтық мүдделерін қорғайтын болса, іс жүргізу тарап немесе үшінші тұлғалар ретінде қатыса алады.Бірақ бұл тұлғалар іс жүргізуге тек өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатымен ғана емес, сонымен қатар даулы материалды – құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылатын өзге тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қатыса алады /28,157Б/.
Құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғау үшін
Жоғарыда аталған тұлғаның іс жүргізуге қатысуы оларға заңмен салынған міндеттеріне байланысты өзге тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауымен шартталады және сондықтан да іс шешімінде олардың тек процессуалды құқықтық қызығушылығы болады. Олар іс жүргізуге өз атынан қатысады, бірақ өзінің емес, бөтен біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Азаматтық іс жүргізуде бұл тұлғаның қатысу мақсаттарына жатады:
- әлеуметтік бағыттағы және ерекше мәндегі азаматтар мен ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Нақты тұлғалар құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, олар қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғауды жүзеге асырады;
- Қандай да бір себептермен өз құқықтары мен мүдделерін өздері қорғай алмайтын азаматтың құқықтарын сотта қорғауды жүзеге асырады;
- Сотта істің нақты жағдайын орнатуда және азаматтық құқықтық дауды дұрыс шешуге жәрдем көрсету.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 және 57 баптарында іс жүргізуге тұлғаның қатысуының екі нысаны бар:
- Өзге тұлғалар құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа шағымдану, басқаша айтқанда бөтен құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау үшін азаматтық істі қозғау. Бұл нысанда азаматтық іс жүргізуге мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе азаматтар қатыса алады /29,36Б/.
Іс бойынша қорытынды жасау үшін өзге тұлғалар қозғаған іске қатысу. Іс жүргізуге қатысудың бұл нысаны тек мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін ғана мүмкін болады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 және 57 баптарына сәйкес аталған тұлғаларды олардың іс жүргізуге қатысу нысанын және процессуалды қызметтерінің сипатын және оларды жүзеге асыру құралдарын ескере отырып екі топқа бөледі:
- өзге тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін тек талап қою құқығына ие мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар мен жеке азаматтар;
- іс бойынша қорытынды жасау үшін басталып кеткен іс жүргізуге қатысу және талап қоюға құқығы бар мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
Азаматтық іс жүргізу заңдылығымен қарастырылған іс жүргізуге қатысудың бірінші нысаны – бұл өзге тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатымен азаматтық істі қозғау. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабы бойынша өзге тұлғалар құқықтары мен қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа шағымдану келесілерді бекітеді: «Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар олардың өтінуімен басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгіне алады. Әрекет қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адам өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін» /3,49Б/.
Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы