Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа

Описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89

Работа состоит из  1 файл

Гражданское право- КР заңнамасы бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайы.doc

— 404.50 Кб (Скачать документ)

        - талаптан бас тарту құқығы;

        - талап пәнін не негізін өзгерту;

        - талап көлемін көбейту не азайту,

сонымен қатар жауапкерге тән құқықтар да қарастырылған:

        - талапты мойындау, не мойындамау құқығы;

        - қарсы талап қой.

Үшіншілері  тараптардың біртұтас әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін:

        - ортақ келісім жасау құқығы.

    Бұл диспозитивтік құқықтардың бірі нақты сипатта және тараптар қарауымен  толықтай жүзеге асады. Өзге құқықтар сот бақылауымен жүзеге асады. Сот дау пәнін иелену бойынша немесе жауапкердің талапты мойындауы бойынша егер заңмен қорғалатын өзге тұлғалар құқықтары мен мүдделерін бұзса дәне заңға қайшы келгенде тараптардың әрекеттерін қанағаттандырудан бас тарта алады. Сол уақытта заң тараптардың құқықтарына араласуға тыйым салады. Мысалы, соттың талап пәнінне негізіни талапкер келісімісіз өзгертуі шешімді жоюға әкеледі. Өз пайдасына шешім шыққан тарап шешімді күштеп орындауды талап етуге, шешімді орындау бойынша сот орындаушысы әрекеттері кезінде қатысуға және заңмен қарастырылған өзге процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.Кейбір құқықтарды анық қарастырсақ:

    - Талап пәнін, не негізін өзгерту құқығы, талап мөлшерін көбейту , не азайту, талаптан бас тарту, не оны мойындау, бейбіт келісім жасау құқығы .

    Бұл құқықтарды диспозитивтілік қағидасы арқылы қарастырсақ: КСРО Азаматтық  іс жүргізу кодексінің 34-бабының 1 тармағында талапкер талап пәнін не негізін  өзгертуге, талап көлемін көбейтуге не азайтуға немесе талаптан бас тартуға; жауапкер талапты мойындауға, тараптар істі бейбіт келісіммен аяқтауға құқығы бар делінген. Бірақ талапкердің талаптан бас атрту, жауапкердің талапты тану, ол тараптардың бейбіт шешімге келу құқықтары бұрын сол баптың 2 тармағымен анықталған соттық қатң бақылау рөлімен қатты шектелген «Сот егер әрекеттер заңға қайшы болса не кімде-кімнің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса талапкердің талаптан бас тартуын, жауапкердің талапты мойындауын қабылдамайды және тараптардың бейбіт келісімін бекітпейді».  Сонымен сот бұл процессуалдық әрекеттердің олар заңға қарсы емес деп есептегенде ғана емес, сонымен қатар олар «кімде-кімнің, сондай-ақ тараптардың өздерінің құқықтарын бұзған жағдайда орындалуына жол бермеуге міндетті болған. /1,135Б/.

    Тараптардың ұсынған бейбіт келісімінің шарттарымен  олардың бірінің құқығын бұзылғанын істі тек қана мәні бойынша қарағанда  мүмкін болған. Сондықтан соттық тараптардың  шағымдануы жағдайында бейбіт келісімді  бекіту туралы анықтамасын негізінен жоғары тұрған сот жол алған. Соттың арызданушы талапты мойындаған және оны сот қабылдаған жағдайдағы әрекеттерінің қандай болатыны туралы мәселені Азаматтық іс жүргіз кодексі мүлдем реттемеген. Сондықтан тәжірибеде сот барлық маңызды жағдайларды анықтауға, тіпті дау болмағанда да барлық дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға міндетті. Сондай-ақ сотқа бір тараптың басқа тарап, өз тараптары мен қарсылықтарын негіздейтін фактісін тануына қабылдауға да жол берілмеген.

    Сот тараптың мойындаған фактісін, егер оның мойындауы «істің жағдайына сәйкес болса» ғана бекітілген деп есептеген, бірақ оны барлық өзге дәлелдемелерді зерттеу жолымен ғана бекіту мүмкін болған, яғни тараптың мәні бойынша фактіні мойындауы іс барысында көрініс таппаған. Ол қарапайым тәртіпте шешім шығару арқылы жүзеге асуы тиіс, ол оның негізделу бөлімі арқылы дәлелдемелердің жиынтықты түрде бағасынан тұруы тиіс еді. Сонымен диспозитивтілік қағидасы, яғни азаматтық сот өндірісінде өз құқықтарымен тараптардың иелену мүмкіндігі шектеулі болған. Бұл азаматтық құқық пен іс жүргізудегі жариялық бастаманың, жеке бастамадан басымдығымен, бұл қатынастарды реттеудегі мемлекеттің белсенді бақылау рөлімен түсіндірілген. Бірақ азаматтық құқықтағы негізі жеке құқықтар мен субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарда өз еркімен әрекет ету мүмкіндігін көбейту құраған түбегейлі өзгерістерден кейін диспозитивтілік қағидасын азаматтық іс жүргізуде бұлай реттеу жаңа азаматтық құқықтық қағидалық жағдайларына қайшы келген болатын.

    Осылай,  Қазақстан Республикасына әрекеті тараған және республикалардың азаматтық заңдылықтары негізінде азаматтар мен заңи тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтармен өз еркімен иеленуіне жол берілетіндігі көрсетілген. Осы сияқты сәйкес норма Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де көрініс тапқан, ал оның сәйкес баптарында міндеттемелерді тоқтату: бас тартуды қабылдау және қарызды кешіру үшін жаңа негіздер бекітілген. Осылай, тараптар келісімі бойынша міндеттеме орнын толтыру жолмен тоқтатылады делінген (ақша төлеу, мүлік беру т.б). Оның көлемін, мерзімін және тәртібін тараптар өзара бекітеді. Заңға сәйкес сондай-ақ міндеттеме несие берушінің қарызгерді, егер бұл несие беруші мүлкіне қатысты өзге құқықтарын бұзбаса борышынан босату жолымен де тоқтатылады.

    Осылай  жаңа азаматтық құқық нормаларына  сәйкес өз құқықтарын қоғауын не қорғамауын, яғни сотқа шағымданатынын не одан бас тартатынын (сондай-ақ талап  қойғаннан кейін одан одан бас  тарту жолымен), талапты мойындау, мойындамауын, бейбіт келісімді қандай шарттарда жасайтынын және тағы басқа құқық қатынас субъектілерінің өздеріне ғана байланысты болады. Бастысы, біріншіден, бұл әрекеттер өз еркімен жасалуы тиіс, екіншіден – оның мәндері мен салдарын түсінуі тиіс, үшіншіден – бұл әрекеттер заңды бұзбауы тиіс, төртіншіден – бұл әрекеттерөзге тұлғалардың (тарап тараптардан өзге) құқықтарын бұзбауы тиіс (мысалы, бейбіт келісім іске қатыспайтын өзге тұлғаға тиесілі мүлік туралы жасалған). Осыдан соң жаңа заң Азаматтық іс жүргізу кодекске сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізген.  Құқық мазмұнына  байланысты жүйе қалыптастыратын тараптардың процессуалдық құқықтарын М.А. Викут келесі үш топқа бөлген:

    а) жүзеге асыруы істің дамуы мен  қозғалуына әсер ететін құқықтар:

        - талапкердің талап пәнін немесе  негізін өзгерту, талап көлемін көбейту немесе азайту, талаптан бас тарту құқықтары;

          - жауапкердің талапты мойындау  құқығы;

          - тараптардың бейбіт келісім  жасау құқығы;

          - аппеляциялық, кассациялық шағым  беру және тағы басқа;

   б) Істі қарауға қатысу құқықтары:

          - сот өндірісіне өзі қатысу;

          - сот өкілеттілігіне ;

          - сот талқылауына түсу;

          - айғақтарды зерттеуде қатысу  және тағы басқа;

    в) Кең  мағынада тараптарды сот қорғанысымен қамтамасыз ететін құқықтар:

          - шығарып жіберу құқығы;

         - сот отырысы хаттамасына ескертулер енгізу құқығы және тағы басқа;

    Тараптар  өздеріне тиесілі құқықтарды адал қолдануы тиіс. Жалған негізделмеген талап  берген немесе талапқа қарсы жалған дау туғызған, не істің дұрыс және жылдам қаралуы мен шешілуіне  жүйелі түрде қарсы әрекет ететін тараптардан сот нақты уақытын жоғалтқан үшін басқа тарап пайдасына үстемақы өндіре алады. Әр тарап келесілерге міндеттенеді: өз талаптарын, не қарсылықтарының негізі ретінде жүгінетін жағдайларды дәлелдеуге, соттың айғақтарды ұсыну туралы сұранысын орындау, сот шығындарын өтеу, іс жағдайларына байланысты олардың сот отырысына қатысуын міндетті деп сот таныса сотқа келу. Азаматтық сот өндірісінде тараптардың теңдігі қағидасына сәйкес тараптар тең процессуалды міндеттер атқарады. Азаматтық іс жүргізу заңы процессуалдық беделдерді қоса иемденуге жол бермейді, іс жүргізудің қатысушысы тек бір ғана бедел иемденуі тиіс. Бірақ екі процессуалдық беделді иемденудің екі жағдайы белгілі:

    - егер жауапкер талапкерге қарсы талап қойып және сот оны қарауына алса,

       онда осы негіз бойынша жауапкер талапкер жағдайын, ал талапкер бұл жағдайда осы істе бір уақытта жауапкер жағдайын иемденеді;

    - Егер бірігіп қатысушылар істі жүргізуді біреуіне тапсырса, онда бұл құзыретті   тұлға істе бір уақытта тарап та сот өкілі де болады.

    В.Н. Гапеевтің өз процессуалдық беделін қызығушы тұлғаның таңдау мүмкіндігі туралы азаматтық істе айтылған ойлары қызығушылық тудыртады, сондықтан оларды анығырақ қарастыру керек. Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлға оларды қорғау үшін сотқа шағымданады және талапкер жағдайына өтеді. Талап қойып отырған тұлға жауапкер болады. Қызығушы тұлға іске қатысу туралы өз еркімен шешім қабылдайды, ал оң шешім қабылдаған жағдайда талапкердің, жауапкердің, үшінші тұлғаның процессуалдық жағдайын таңдау мүмкіндігін иемденеді. /11,146Б/. 

    Кейбір  жағдайларда істегі тұлғаның құқықтық жағдайы оның іске дейінгі алған  жағдайымен қатаң түрде анықталады: несие беруші талапкер, ал қарызгер жауапкер болады. Бұл жағдайда несие  берушінің ерік факторы қорғану  үшін сотқа шағымдану не шағымданбай альтернативасымен шектеледі. Ал кейбір жағдайларда материалды құқық пен процессуалдық жағдай бір мәнді емес және тұлғаның өз құқықтық жағдайын таңдау мүмкіндігі пайда болады. Бұндай тұлғаның қарастыруынан оның іске қатысу немесе қатыспауы ғана емес, сонымен қатар өзіне қандай да бір процессуалдық жағдайды таңдауы да байланысты.

    Істе  қандайда бір жағдайды таңдау ең алдымен  іс жүргізуге дейінгі факторларға  байланысты болады. Процессуалдық жағдай таңдаудағы негізгі түрткі пайдаға  талап объектісіне тұлғаның қатысы болып табылады. Мысалы, мәжбүрлеп айырбастау туралы талап бойынша айырбастаудың қатысушысы талап қоя алады, сонымен қатар айырбастауды талап етіп отырған тұлғаныңт оның тарапында үшінші тұлға болуы мүмкін. Өз жағдайын өзгерту және талап қою жолымен талапкер ретінде қатысуы мүмкіндігі оның артынан істің барлық барысында сақталып отырады. Бұны басқа мысалдан да байқауға болады. Еңбекақыны өндіріп алу туралы іс бойынша біріккен талапкерлер үшінші тұлға рөлін алуды жөн көреді: өз еңбегі үшін ақша алу қажеттігі баспа иесімен дауласқысы келмеуімен есептеледі.

    Өз  еркінсіз үшінші тұлға жағдайында болғанда бұл тұлға баспа иесімен дауға  түспейді. Жауапкердің,  «ұтылу»  және талапкердің  «ұту» мүмкіндігі анық байқалған жағдайда баспа иесімен  дауласуы келмегендіктен еңбек ақыны алуға сенімдікпен жеңіледі. Және керісінше, талапкер пайдасына іс шешілуі мүмкін болмағанда үшінші тұлға сотқа қоғану үшін шағымданбайды, істе талапкер жағдайын иемденбейді. Бұндай жағдайларда үшінші тұлға жағдайы ерекше сипатқа иеленеді: ол ықтимал талапкер (тарап). Талапкердің ықтимал жағдайы үшінші тұлға үшін артық мүмкіндік болады. Талапкерге айналу мүмкіндігі істің барысында оның артынан сақталып отырады. /12,185Б/. 

      Енді жаңа заңның Азаматтық  іс жүргізу кодексінің баспасында былай делінген: «Сот егер әрекеттер заңға қайшы болса немесе құқықтар мен заңмен қорғалатын өзге тұлғалар мүдделерін бұзса, жауапкердің талапты мойындауын қабылдамайды және тараптардың бейбіт келісімін бекітпейді». Сол тәртіппен осы нормамен байланысты Азаматтық іс жүргізу кодексінің өзге баптары да өзгертілген. Осыдан келесілер келіп шығады:

      а) талапкердің талаптан бас  тартуы (бұл ерекше өндірісте  қорғалатын арыздан да немесе  әкімшілік – құқықтық қатынастан  туындайтын іс бойынша шағымнан  бас тартуға да тиісті), енді сот үшін міндетті, себебі Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа баспасында соттың талаптан бас тартуды қабылдамау мүмкіндіктері туралы ескертілмеген.

      ә) жауапкердің талапты мойындауы және тараптардың бейбіт келісім жасауын сот тек бұл әрекеттер заңға қайшы келмеуі үшін және өзге тұлғалар құқықтарын бұзбау үшін ғана қадағалайды. Мысалы, жауапкердің өзі тұратын мекен-жайды қоныстандыру туралы талабын мойындауды қабылдай және егер аталған мекен-жайға жауапкерден басқа талапты мойындамайтын өзге тұлғаларға иелену құқығы тиісті болса, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығара алмайды. Мысалы, үйге деген құқық туралы. Егер осы үйге бекітетін құжаттарды олар бермесе және бұл құжаттан үй өзге тұлғаға тиісті еместігі көрсетілсе, немесе керісінше құжаттардан және өзге дәлелдемелерден тұрғын үйге істе қатыспайтын өзге тұлғалар құқықты иеленетіні көрсетілсе келісімді қабылдамайды.

      б) Тараптың өзге тарап өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеген фактіні мойындауы енді соңғы тарапты бұл фактілерге дәлелдеуден босатады. Бірақ бұл мойындауды қабылдай отырып, сот бұл істің нақты жағдайларын жасыру немесе алдау, зорлық көрсету, қорқыту әсерімен жасамағанына көз жеткізуі тиіс. Мысалы, әкелікті орнату туралы істі қарағанда сот жауапкердің талапкермен нақты мерзімде бірге тұруын және бір шаруашылық жүргізу фактісін жалпы негізде қабылдап, талапкерді дәлелдеуден босатады және ол ұсынған дәлелдемелерді зерттеуді жүргізбеуіне де болады.

    Бұл жағдайда сот жауапкер қарсылықтарын  ескеріп, тек даулы жағдайлар  бойынша дәлелдемелерді зерттеумен шектеледі (мысалы, жауапкер өзінің әке екендігін әйелдің аяғы өзге уақытта ауырлағанын немесе оның денсаулық жағдайын ескеріп, оның оның аяғы мүлдем ауырламайтындығын айтып қарсыла алады). Бұндай жағдайлар өзге істерді қарағанда да туындауы мүмкін: жауапкер зиян көлемін мойындаса, мүлікке келтірілген зиян орнын толтыру туралы; жауапкер мүліктің пайда болуы кезінде талапкердің болғанын және оның қатысының үлесін мойындаса, мүлікке деген меншік құқығының үлесін мойындау туралы және тағы басқа. Бұл өте тиімді болып көрінеді және істің жылдамдығы мен үнемділігіне жағымды әсер етуі мүмкін, себебі бұл тараптарға сотқа тек даулы жағдайлардағы істі шешуге негізделуіне және өзін дау пәні болмайтын, бірақ іске қатысты болса да жағдайларды зерттеу бойынша қажеттсіз күш жұмсаудан босатуға мүмкіндік берді. Бұл сот қызметінің мазмұнына, тек даулы жағдайды ған шешуіне сәйкес келеді.

     в)  тараптардың өз құқықтарын өз еркімен қолдану мүмкіндігін кеңейту және соттың талаптан бас тарту, талапты не жағдайды мойындауы, бейбіт келісім жасау сияқты процессуалдық әрекеттерді бақылау рөлін азайту сот тек бақылаушыға және бұл әрекеттерді үнсіз тіркеушіге айналуы тиіс дегенді мүлдем білдірмейді.  

Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы