Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89
Сот Азаматтық іс жүргізу кодексінің баптарының жағдайларын ескере, талаптан бас тартқан, талапты мойындаған, бейбіт келісімге келген тараптан бұл әрекетті ал өз еркімен жасайтындығын, оның мәні, мазмұны мен салдарын (талапкер іс бойынша талапты өндіруден бас тартқанда іс тоқтатылады және сол талаппен сотқа қайта шағымдануына болмайтынын; тараптар бейбіт келісім жасағанда және сот оны бекіткенде де осындай салдар туады, ал сот бекітілімі сот шешімі күшіне тең болады және мәжбүрлеу арқылы мойындауы мүмкін; жауапкер талапты мойындағанда оны қанағаттандыру туралы шешім шығарылуы мүмкін). Барлық бұл сұрақтарды сот тараптарға қоюы, жасалып жатқан әрекет мәні мен салдарын түсіндіруі тиіс. Бұл сот отырысы хаттамасында көрініс табады. Азаматтық іс жүргізу кодексінде сотқа талапкердің талаптан бас тартуымен, не бейбіт келісім бекітуімен байланысты істі сотта қарауға дауындау кезінде процессуалдық әрекеттерді өз еркімен жасай алады. Бұл жағдайда осының барлығы сот отырысы хаттамасында көрініс табады.
г) Жауапкер талапты мойындаған және сот оны қабылдаған жағдайда іс бойынша сот шешімінің негізделуші бөлімінің оған қойылатын талаптарға, яғни сотпен орнатылған іс жағдайларының, сот шешімі сүйенген дәлелдемелердің жоққа шығару пікірлерінің көрсетілуі тиіс талаптарға сәйкес келмеуі. Заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес жауапкер талапты мойындағанда оның негізделуші бөлімінде талапты тану мен оны соттың қабылдағаны ғана көрсетіледі. Осыған байланысты шешімді түсіндіру бөліміне қойылатын талаптарды қатаң түрде ұстану керек. Онда талапкердің талабы толықтай мазмұндалуы және оны жауапкердің мойындағаны туралы сілтемесі оның заңның талаптарына сәйкес екендігін тексеруі үшін керек /13,183Б/..
Жауапкерге қойылған талапқа
қарсы келіспеушілік білдіруге
құқық беріледі. Осылай негізінен
тараптардың теңдігі сотта
Сот үшін талаптан бас тарту тікелей сипатқа не және істі мәні бойынша шешпей және болашақта оны қайта жаңғырту мүмкіндігінсіз аяқтауға әкеледі. Жауапкердің талапты мойындауы оған қойылатын талаптың құқыққа сәйкестігін дәлелдегенді білдіреді. Бұл толық (яғни, талаптың барлығын мойындау) не жеке
(яғни барлық қойылған талаптардан жауапкер талаптардың жеке бөлігін мойындап, онымен келіседі) болуы мүмкін. Бұндай мойындау талаптан бас тарту сияқты өндірісті орындау кезеңінен басқа, істің кез-келген сатысында жүзеге аса алады. Бірақ бұл сот үшін тікелей сипатқа ие емес және істі мәні бойынша шешу жолымен аяқтауға әкеледі. Бейбіт келісім дауды аяқтау шарттары туралы екі жақты келісімді білдіреді. Бұл шартты Азаматтық іс жүргізу кодексінде реттеген еркше тәртіпте жауапкер мен талапкер арасында жасалады. Бір-біріне қатысты өзара тиімді шарттарды олар іс бойынша одан әрі қарауды тоқтату мақсатында қабылдайды. Заң талапкердің талаптан бас тарту құқығын жүзеге асыруды қандай да бір шарттармен байланыстырмайды. Сондықтан, талаптан бас тартуға әкелген себептерді анықтауға жол берілмейді. Жауапкердің талапты мойындауы өзге іс.
Осыған сәйкес тараптардан және іске қатысушы өзге тұлғалардан жауап алу, істегі мәліметтер мен құжаттар мазмұнымен танысу жолымен талапты мойындаумен, тараптардың жасалған шарттарында бейбіт келісім жасау еркімен байланысты жағдайлар анықталады, сондай-ақ аталған процессуалдық әрекеттерді жасаудың мүмкін салдары талданады. Талаптан бас тартуды не бейбіт келісімге келу туралы сот кеңес жүргізу бөлмесінде іс жүргізуді бір уақытта тоқтататынын негізделген анықтама дайындайды. Іс бойынша өндіріс аяқталған жағдайда сотқа сол тараптар арасындағы даумен, сол мазмұнмен және сол негіздермен қайта шағымдануға жол берілмейді. Талаптан бас тартуды қабылдаумен және бейбіт келісім жасаумен байланысты істі тоқтату анықтамаға жеке шағым не жеке келіспеушілік жасалуы мүмкін. Талаптан бас тарту, жауапкердің оны мойындауы, тараптардың бейбіт келісімге келуі сот қарауының кез-келген сатысында кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін /1,131Б/.
Жауапкердің қарсы талап қоюға құқығы. Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес: «Жауапкер сот шешім шығарғанға дейін талапкерге алғашқы талаппен біртұтас қаралуы үшін қарсы талап қоюға құқылы». Жауапкердің талапкер оған талабынан қорғануының негізгі құралдары қарсылық білдірулер болып табылады. Қарсы талап қою талапкер қойған материалды – құқықтық талаптарына қарсы жауапкердің қорғануының материалды – құқықтық қарсылықтарының қатарына жатады. Жауапкердің талапкерге қарсы материалды – құқықтары, талаптары болған жағдайда жауапкер талапкерден оған қарсы талап қою жолымен қорғана алады. Қарсы талап қоя отырып, жауапкер талапкерден талаптан бас тартуына әкеледі. Бір істе бастапқы және қарсы талапты бір қарау талапкердің де, жауапкердің де құқықтарының қорғауының кепілі болады. Олардың дауын дұрыс шешу іс бойынша қарама-қайшы шешімдерді шығару мүмкіндігін болдырмайды. Жауапкер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші деңгейлі сотта қарсы талап қоюға құқылы. Сот кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін ол қарсы талап қою құқығынан айырылады және жауапкердің талапкерге қарсы талабы жеке істе қарастырылуы мүмкін. Бірақ заңда жауапкерге қарсы талап қою құқығын түсіндіруді сот міндетті деп көрсетілмесе де заң тек қорғауы тиіс. Сотта істі қарауға дайындағанда жауапкерге оның қарсы талап қою құқығын түсіндіруі тиіс. Қажет болса ол оған қойылатын талаптар бойынша жауап алу кезінде түсіндіріледі. Қарсы талап қою жалпы тәртіппен Азаматтық іс жүргізу кодексінің 126-бабын сәйкес жүзеге асады. Бұл талаптарды бұзғанда судья қарсы талапты қабылдаудан бас тартуы не арызды әрекетсіз қалдыруы тиіс дегенді білдіреді. Қарсы талаптың сотта қаралуы бастапқы талаппен, оның байланысымен анықталады. Қарсы талап сотта қаралуына қарамастан бастапқы талапты қарайтын орны бойынша сотта беріледі.
КСРО жоғары сотының пленумы келесіні түсіндірген «талап қоюдың жалпы ережелерін сақтай отырып, сот қарсы талап қабылдайтындықтан, тек осы істі қарау барысында қойылған жағдайды ескермегенде сотта істі қарауды кейінге қалдыру туралы мәселені талқылаған жөн».
Бұл
анықтама істі одан әрі қарастыру
мүмкіндігін
Жалпы прцессуалдық
- тиесілі құқықтарды адал түрде қолдануға міндетті;
- сот отырысында бекітілген тәртіпті сақтау;
- төрағалық етушінің бұйрықтарына сөзсіз бағыну;
- сотты сыйлау;
- өз тұрғылықты орнын өзгерту туралы сотқа хабарлау.
Арнайы процессуалдық міндеттер азаматтық іс жүргізу сатысына және нақты процессуалдық әрекеттер сипатына байланысты болады. Тараптардың арнайы процессуалдық міндеттеріне жатады:
- талап қою арызын жасағанда талапкер оған міндетті мәліметтер қатарын енгізу міндетті;
- жауапкер мен талапкер өз талаптары мен қарсылықтары ретінде негізделген жағдайларды дәлелдеуі тиіс.
- Тараптар сот отырысына келмеген жағдайда сотқа себептері туралы хабарлауы және бұл себептердің сыйлы екеніне дәлелдемелер ұсынуы тиіс;
- Істі қараумен байланысты шығындарды төлеуге міндетті.
Осы құқықтарға толығырақ тоқталсақ:
Тиесілі құқықтарды тараптардың адал қолдану міндеті – іске қатысушы тұлғалар өз құқықтарын адал түрде қолдануға міндетті. Соттың мақсатына тек іске қатысушы тұлғаның құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауда көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар тараптар мен іске қатысушы өзге тұлғалардың өз құқықтарын адал қолдануын қадағалауды жүзеге асыруда жатады. Іске қатысушы тұлғалар өз процессуалдық құқықтарын адал қолдануға міндеттенеді. Бұл маңызды міндетті олар өз еркімен жүзеге асырады. Бірақ істің қатысушыларының кейбіреулері өз құқықтарын қолданған, ен істі ұзаққа созған жағдайда сот өз процессуалдық құқықтарын адал қолдануды бұзғаны үшін анықталған санкциялар қолданып, олардың әрекеттерін шектеуі тиіс. Бұл көбіне сот отырысы барысында сақталуы тиіс тәртіпке олардың бағынбағанына байланысты. Заңға сәйкес істі қарау кезінде тәртіпті бұзатын тұлғаға төрағалық етуші сот атынан ескерту жасайды. Тәртіпті қайта бұзған жағдайда іс қатысушылары сот шешімімен сот отырысы залынан шығарылуы мүмкін. Заң негізделмеген талапты не талапқа қарсы дауды өтірік туындатқан немесе жүйелі түрде істі дұрыс және жылдам қарауы мен шешілуіне қарсы әрекет еткен тұлғаға сот өзге тарап пайдасына уақытын жоғалтқаны үшін айыппұл өндіре алады деп көрсеткен. Сыйақы көлемін сот нақты шектерде және нақты жағдайларды ескерте отырып анықтайды /14,183Б/.
Сот отырысында бекітілген
Мекен-жайдың
өзгертуі туралы мәлімет болмағанда
хабарлама жеткізілген деп
Бұл жағдайда куәні жаңа мекен-жайы туралы мәлімет болмағандықтан шақырта алмауымен байланысты жағымсыз салдар қызығушы тараптарға тиесілі болады. Талапкердің талап қою арызын жасау кезінде оған міндетті деректер қатарын енгізу міндеті. Жауапкер мүдделерін қорғау және тараптардың процессуалдық тең құқықтылық қағидасының кепілін ұстану мақсатында заң талапкерге талап қою арызын берген кезде жауапкерлер саны бойынша талап қою арызының көшірмелерін беруі тиіс деп міндет қояды. Үшінші тұлғаларға да талап қою арызының көшірмелерін беруі крек. Жауапкерлерге талап қою арызының көшірмелері хабарлама қағазымен бірге жіберіледі. Заңның талапкердің талап қою арызына қосып берген құжататрының көшірмелерін беруі туралы сілтемесі де маңызға ие. Бұл құжаттардың тізімі мен сипаты, сондай-ақ мазмұны істің белгілі жағдайлары мен дау сипатына байланысты. Осылай некені бұзу туралы талап қою арызына неке қию туралы куәліктің, балалардың туу туралы куәліктерінің, жұбайлардың жалақысы және табыстың өзге қайнар көздері туралы құжаттардың және өзге құжаттардың көшірмелері қоса ұсынылуы тиіс.
Жауапкер мен талапкердің негізделген жағдайларын дәлелдеу міндеті. Дәлелдеудегі тараптар рөлдерін қарастырсақ:
а) Заң тараптарға біржақты дәлелдеу міндетін салады, әр тарап өз талаптары мен қарсылықтары негіздеген жағдайларын дәлелдеуі тиіс. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы өзге тұлғалармен ұсынылады.
ә) Тараптар мен іске қатысушы өзге тұлғалар дәлелдемелерді ұсыну қиын болса (бұл заттай айғақтарда жазбаша дәлелдемелер ұсынуға қатысты, мысалы олар мемлекеттік органдарда, мекемелерде, тарап ұсынуымен оларды беруден бас тартқан азаматтарда болғанда, сондай-ақ заң бойынша сот не судья шешімі бойынша ғана берілуі тиіс сарапшы қорытындысын алуға да қатысты), онда олар сотқа оларды талап ету туралы шағымдануға құқылы. Бұл жағдайларда сот іске қатысушы тұлғаларға дәлелдемелер жинауда көмектеседі. Азаматтардан немесе мекемелерден жазбаша және заттай дәлелдемелерді беруді талап етеді, сараптама белгілейді. Тараптың сот көмегімен жазбаша немесе заттай айғақтар жинау құқығын жүзеге асыру тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексінің баптарында анықталған. Оның мәні сотқа іске қатысатын тұлғалардан жазбаша не заттай айғақтарды талап ету туралы шағымданған тұлға.
Біріншіден, жазбаша айғақты көрсетуі немесе затты сипаттауы тиіс (нақты қандай құжатты және кіммен талап ететінін және тағы басқа көрсетуі тиіс).
Екіншіден, оларды өзі алуына бөгет болатын себептерді көрсетуі тиіс. Үшіншіден, айғақ аталған тұлғада не ұйымда деп есептейтін негіздер келтіруі тиіс.
б) Өздігінен Азаматтық іс жүргізу кодексінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздеу жағдайларын дәлелдеуді міндеттейтін жоғарыда аталған нормаларды бекітудің, олардың бұл міндеттерді орындамау салдарын қарастырмаса, әсері аз болар еді. Жаңа заң бұл салдар бәсекелестік қағидасының нақты әрекетін қамтамасыз етеді деп белгілейді. Ол сотты оған тән емес қызметтерден босатады және іске қатысушы тұлғалар тарапынан құқықтарын аса қолдануға жол берілмейді. Дәлелдеу бойынша тараптар міндеттерін орындамауы мен құқықтарын аса қолдануын талапкердің не жауапкердің сотқа келуден жалтаруы, сондай-ақ олар келгенде сот белгілеген мерзімдерде айғақтарды олардың ұсынбауы, ойдан шығарған түрлі себептер бойынша істі қарауды әдейі созу (өкіл ретінде іске қатысу үшін қорғаушы шақыруы не іске қатысатын қорғаушыны бірақ уақыт берілген болса да басқасына ауыстыруды сұрау және тағы басқа) деп есептеуге болады. Заңда қарастырылған шаралар әсерлі сияқты:
Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы