Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89
- сот шығындарын азайту.
Сонымен қатар, бұл жолмен бір-біріне қарсы болатын шешімдердің шығарылуы ескертіледі. Оған қоса жауапкер тарапындағы көпшілік тұлғалардың әр шоғырлануы іс жүргізудегі біріккен қатысушылық болып есептелмейді. Істе негізгі және қосымша жауапкер қатысуы мүмкін. Қосымша жауапкердің қатысу жағдайлары заңмен қарастырылған. Мысалы, жастары 14 пен 18 аралығындағы кәмелетке жетпегендердің келтірілген зияны үшін жеке жалақы бар заңды өкілдерінің қосымша жауапкершілігі. Қосымша жауапкердің жауапкершілігі негізгі жауапкер жауапкершілігін жоймайды. Азаматтық сот өндірісінде сыбайластықты тараптармен шектеуге болмайды, бұл үшінші тұлғалар қатарында да орын алуы мүмкін.
Бірігіп қатысушылықтың туындау негізідері туралы мәселе ғылыми әдебиетте даулы болып табылады. Азаматтық іс жүргізу заңдылығында бұл мәселе орын алмаған. Ревалюцияға дейінгі теория мен заңдылықтағы біріккент қатысушылықтың негіздерін қарастыру қызығушылық танытады. Е.В Васьковский біріккен қатысушылыққа келесі жағдайларда заңмен жол беріледі деген:
Біріншіден, талаптың нақты негізі басым болғанда (егер дау пәнін құрайтын құқық пен міндет бір негізден шығатын болса);
Екіншіден, талаптың заңды негізібасым болғанда (егер бірнеше тұлға дау пәніне жалпы құқыққа ие болса);
Үшіншіден, шағым талаптарының пәндері мен негіздері бір тектес болғанда (егер шағым талаптар өз мазмұны бойынша бірдей болса);
Алғашқы екі жағдайда біріккен қатысушылықты «материалдық», ал үшінші жағдайда бірігіп қатысушылықты нақты деуге болады, себебі біріккен талаптар арасында кейбір қатынастарда ұқсастық бар, бірақ нақты материалдық байланыс жоқ. Бірігіп қатысушылық негіздері болып көрсетілген концепция неміс құқығы теориясында жасалған; біріккен қатысушылыққа құқық бірлігі мен бір тектестігі болғанда жол беріледі. Қарама-қарсы мағынаны сол кездегі француз құқығында бекіткен; біріккен қатысушылық таза прцессуалдық институт ретінде қарастырылған, бұған іс қарастыруға тиімді болған жағдайда жол берілген. Әр нақты жағдайда біріккен қатысушылыққа жол беруді немесе бермеуді сот шешеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында ғалымдардың пікірлері бөлініп кеткен. Оған сәйкес біріккен қатысушылықтың келесі үш жағдайда туындайды:
- дау пәні жалпы құқық немесе міндет: жалпы меншік құқығы, авторлық құқық, мұрагерлік құқық, міндеттеуші қатынастар қатарынан жауапкершілік болып табылады.
- Шағым талаптары бір негізден туындайды;
- Талаптар бір тектес, негізбен мазмұн бойынша басым болмаса да (мысалы, есептелген ,бірақ төленбеген жалақыны өндіру туралы бір мекемеге бірнеше қызметкерлердің талабы);
Бірігіп қатысушылықтың үшінші негізін бөліп көрсетуге қарсы әдебиетте бірқатар авторлар қарсылық білдірген (мысалы, Н.А. Громошина, А.Б. Монахов). Олардың ойынша, бұл жағдайда талаптар бірігеді және біріккен қатысушылықтың туындау мүмкіндігін біріккен қатысушылар арасындағы материалды – құқықтық байланыс ғана шектейді. Іс жүргізушілер арасында Азаматтық іс жүргізу кодексі келесі нормасын талқылауға қатысты пікірталас жүреді: «Сот осы сот қарауында бір тараптар қатысатын бір тектес істер немесе түрлі жауапкерлерге бір талапкер талаптары, не бір жауапкерге түрлі талапкерлердің талаптары бойынша бірнеше істер болғанын анықтаса, бұл істерді бір өндіріске біріктіруге құқылы». Талаптарды субъективті түрде біріктіруді біріккен қатысушылықты туындаудың бір негіздерінің бірі болып табылады. Тараптарда тұлғалардың көптігі іс жүргізудегі біріккен қатысушылыққа тән барлық ьбелгіліермен сипатталады /19,168Б/.
1909
жылы Е.А. Нефедьев «
Бірігіп қатысушылықты келесі екі белгі бойынша түрлерге бөлуге болады:
- қай тарапта тұлғалар көпшілігі орын алуына байланысты белсенді, белсенді емес және аралас біріккен қатысушылыр ажыратылады. Істе бірнеше талапкерлер мен бір жауапкер қатысқанда белсенді біріккен қатысушылық болса, бір талапкер мен бірнеше жауапкер қатысса белсенді емес біріккен қатысушылық болып табылады. Екі тарапта да бірнеше тұлғалар қатысса аралас біріккен қатысушылық орын алады.
- барлық бірігіп қатысушылар қатысуынсыз істі қарау не қарамау мүмкіндігіне байланысты қажетті және факультативті бірккен қатысушылық ажыратылады.
Қажетті бірігіп қатысушылық сот бір өндірісте барлық талапкерлер талаптарын, не барлық жауапкерлерге қойған талаптарын қарастырып дұрыс шешім шығара алғанда туындайды. Егер даулы материалды – құқықтық қатынаста көпшілік субъектілер қатысса қажетті бірігіп қатысушылық туындайды. Барлық бірігіп қатысушылар қатыспай жалпы құқық немесе міндеттер туралы дауды дұрыс шешу мүмкін емес. Егер қажетті бірігіп қатысушылық жауап беруші тарапта көпшілік тұлғалардың қатысуымен байланысты болса, онда сот іске жауапкерді қатыстырады. Қажетті бірігіп қатысушылық кезінде іске қатысқысы келмейтін талапкердің іске қатысуы туралы мәселені шешу едәуір қиынға соғады. Іске талапкерді өз еркінен тыс қатыстыруға жол берілмейді, себебі бұл азаматтық іс жүргізу құқығының диспозитивтілік қағидасына қайшы келеді. Бұл жағдайдан шығу жолын Т.Е. Абова ұсынады. Оның ойынша, тұлға талапкер ретінде іске қатысқысы келмеген және бір уақытта бұл тұлға қатысуынсыз істі дұрыс шешу мүмкін болмағанда сот оны дау пәніне жеке талап қоймайтын үшінші тұлға ретінде тартуға құқылы.
Факультативті бірігіп қатысушылық бірнеше талапкерден немесе бірнеше жауапкерлерге қойылған талаптарын бір біріне байланыссыз қарастыра немесе шеше алатын жағдайда туындайды. Факультативті бірігіп қатысушылық бірігіп қарастыру немесе шешу үшін бірнеше талапкерлер талаптарын немесе бірнеше жауапкерлерге қойылған талаптарды бір өндірісте біріктіру мүмкін болуымен шартталады. Көбінесе факультативті бірігіп қатысушылық бірнеше талапкерлер бір жауапкерге, не бір талапкердің бірнеше жауапкерге қойылған біртектес талаптарды біріктіргенде туындайды. Бірігіп қатысушылар істегі тараптар сияқты сондай процессуалды құқықтарға иеленіп, сондай процессуалды міндеттер атқарады. Әр бірлескен қатысушы істе өзі әрекет етеді және оның тәртібі басқа бірігіп қатысушылар тәртібіне байланысты емес, өз әрекеттерін ол қалған бірігіп қатысушылармен келісімі болу немесе болмауына қарамастан атқарады. Жауапкерлердің бірінің талапты мойындауды сәйкес прцессуалды салдарға әкеліп соқтырады. Сонымен қатар бірігіп қатысушылар ерекше процессуалды құқықтарға да иеленеді. Бірігіп қатысушылар іс жүргізуді олардың біріне тапсыра алады. Бұл жағдайда өкіл ретіндегі бірігіп қатысушы құзыреті сенімхатта немесе сеніп тапсырушысының жасалған сот отырысы хаттамасына жазылған сотта айтқан арызында көрініс табады /20,121Б/.
Бірігіп
қатысушылардың бірі сот шешіміне қарсы
болғанда басқа бірігіп қатысушылар берген
аппеляциялық, кассациялық шағымға қосыла
алады. Бұл шағымға мемлекеттік баж салынбайды
және ол істі аппеляциялық, кассациялық
деңгейдегі сотта қарағанға дейін кез-келген
уақытта берілуі мүмкін. Азаматтық іс
жүргізу кодексінің 260-бабының 2-тармақшасында
іске бірнеше жауапкерлер қатысқан кезде
сот отырысына барлық жауапкерлер келмей
қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу
тәртібімен қаралуы мүмкін.
Нақты іс бойынша азаматтық сот өндірісінің нағызғы қатысушыларын тиісті тараптар деп атайды. Тараптардың тиісті сипатын орнату мен дәлелдеу легитимация деп аталады. Траптардың легитимация міндеті істе талапкерге тиесілі. Дәл талапкер ғана дауласатын құқықтың өзіне тиесілі екенін және оның талапта көрсеткен жауапкер оған заңмен немесе шартпен қойған міндетін орындайтынын дәлелдеу керек. Тараптардың тиісті сипаты даулы материалды-құқықтық қатынас құрылымын талдау негізінде анықталады. Егер сот өндірісі барысында талапкер не жауапкер материалды-құқықтық қатынас қатысушысы болып табылмайтыны анықталса, яғни сотқа қорғау үшін шағымданған құқық талапкерге тиісті еместігі, не талапкерге қатысты қарызгер ретінде жауапкер қатыспайтыны анықталса, яғни сот олардың тиісті емес сипатына сай азаматтық іс жүргізуде тараптарды ауыстыру үшін шаралар қолданылуы тиіс.
Тиісті емес тараптар – бұл алғашында даулы материалды-құқықтық қатынас қатысушылары деп есептеген, бірақ негізінен материалды-құқық қатынас субъектісі болып табылмайтын тұлғалар. Тиісті емес тарап ретінде тұлғалардың танылатын себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ең алдымен олар істің нақты жағдайларын орнату қиындығымен, даулы материалды-құқықтық қатынастың қиын құралымен, әрекет етуші заңдылық нормаларын бірнеше рет талқылау мүмкіндігімен байланысты болады. Сондықтан тараптардың тиісті сипатын орнату үшін даулы материалды-құқықтық қатынас құрылымын, сәйкес мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары құзыретін талдау керек. Тиісті тараптар көбіне заңдылықпен анықталып көрсетіледі. Тиісті тарап ең алдымен материалды-құқықтық нормалары бойынша анықталады. Тіпті талап қою арызын қабылдау уақытында да судья тараптардың бірінің тиісті емес сипатын анықтауы мүмкін. Бірақ бұл негіз бойынша арыз қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Тараптардың тиісті сипаты белсенді және белсенді емес легитимация жағдайлары көмегімен анықталады. Белсенді легитимация жағдайлары дауласатын құқық талапкерге тиісті екенін дәлелдейді. Белсенді емес легитимация жағдайы талапкер құқығын бұзған үшін жауапкершілікті көтеретін тұлға дәл сол жауапкер екенін көрсетеді. Егер белсенді және белсенді емес легитимация аталғандарды дәлелдемесе, онда тарапты тиісті деп тануға болмайды. Тиісті емес тарапты ауыстыру тәртібі Азаматтық іс жүргізі кодексінің баптарымен қарастырылған, яғни азаматтық іс жүргізуде тұлға құқық өзіне тиесілі екенін қате есептеп, сотқа талап қойған жағдайлары да кездеседі.
Легитимация көмегімен нақты істе тараптардың тиісті емес сипатын анықтауға болады. Мысалы, Әйел кәмелетке жетпеген екі баласын асырау үшін өз жолдасына алимент өндіру туралы талап қояды. Бірақ жауапкер құжаттар көрсеткендей тек бір баланың әкесі болып табылады, яғни жауапкердің бұл бала арасында жанұя құқықтық қатынастары жоқ және жауапкерге оны асырау бойынша жауапкершілік жүктелмейді /21,183Б/.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот пленумы сондай-ақ түрлі істер санаттары бойынша тиісті емес тараптарды анықтайды. Тиісті емес тарапты анықтағанда сот ауыстыру жүргізеді.
Тиісті емес талапкерді ауыстыру шарттары:
- тиісті емес талапкердің істен шығуға келісімі;
- тиісті талапкердің іске қатысуға келісімі;
Бұл жерде азаматтық іс жүргізудің диспозитивтілігі байқалады. Сотта шағымданған талапкерді тиісті емес деп анықтағанда жағдайдың дамуының төрт нұсқасы болуы мүмкін.
Біріншісі, тиісті емес талапкер істен шығуға келіспейді, ал тиісті талапкер іске қатысуға келіседі. Бұл жағдайда сот тиісті емес талапкерді мәжбүрлеп істен шығарып жіберуге құқығы жоқ. Тиісті талапкер талап қояды, сот оны іске дау пәніне жеке талап қоятын үшінші тұлға ретінде қатыстырып, ол туралы анықтама шығарады.
Екіншісі, тиісті емес талапкер істен шығуға келіспейді, ол тиісті талапкер іске қатысқысы келмейді. Оны іске сот мәжбүрлеп тартуға құқығы жоқ, сол себептен сот істі тиісті емес талапкер қатысуымен қарастырады және оның талабын қанағаттандырудан бас тартады. Ол туралы сәйкес шешім шығарылады.
Үшіншісі, тиісті емес талапкер ауыстыруға келіседі, ал тиісті талапкер іске қатысуға келіседі. Тиісті емес талапкердің істен шығуға келісімі оның талаптан бас тартуы мен теңестіріледі. Тиісті талапкер іске талап қою жолымен қатысады.
Төртіншіден, тиісті емес талапкер істен шығуға келіседі, ал тиісті талапкер оған қатысқысы келмейді. Бұл жағдайда сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес іс бойынша өндірісті тоқтатады, ол туралы сәйкес анықтама шығарады.
Жоғарыда көрсетілгендей, даулы материалды – құқықтық қатынастың нақты немесе ықтимал субъектілері азаматтық істе тараптар болып табылады. Сот талап қою шағымын қабылдай отырып мүддесін қорғау үшін талап қойған тұлғаның құқығының бұзылуын не дауласуының болжамын ескереді. Азаматтық істі қозғағанда сот жауапкер ретінде қатысатын тарапқа қарсы бағытталған талаптарға талапкердің құқығын басшылыққа алады. Бірақ бұл барлық жағдайларда орынды болмайды. Іс жүргізу барысында іс бойынша жауап беру міндеті жауапкерге емес істе жауапкер ретінде қатыспаған тұлғаға жүктелетіні анықталуы мүмкін. Бұндай жағдайдың анықталуына байланысты заңмен қарастырылған процессуалды салдар басталады. Іске жауапкер ретінде қатысуға тартылмаған тұлғаны теория мен заң жүзінде тиісті емес жауапкер деп аталады.
Ревалюцияға дейінгі әдебиетте жоғарыда келтірілген жағдайға құқықта «легитимация» термині келтірілген делінген. Мысалы, жалпыгермандық құқықта бұл термин талапкер болатын тұлға нақты талапкер, ал жауапкер тұлға нақты жауапкер екенін көрсеті үшін қолданылған. Аталған тұлғалардың жағдайына дәлел ретінде деректер келтіру белсенді және белсенді емес легитимацияға дәлел болған, бұған процессуалды мән берілген және осыған орай легитимацияны ерекше өндірісте жүзеге асырған. Легитимацияны процесуалды салдары талапкер өзін легитимациялай алмағанда, яғни белсенді емес легитимация орнатылмағанда істі қозғалмайтындықтан тұрады. Бірақ кейіннен легитимацияны орнату талап негізін дәлелдеумен сәйкес келетіні туралы шешімге келгенде, бұл процессуалды салдардан бас тартқан. Легитимацияға ревалюцияға дейінгі ресейлік заңдылықта қарсы қатынастар бекітілген. /22,198Б/.
Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы