Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа

Описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89

Работа состоит из  1 файл

Гражданское право- КР заңнамасы бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайы.doc

— 404.50 Кб (Скачать документ)

     Азаматтық сот өндірісі Қаулысының 69 және 571 баптарында келесілер бекітілген.

    Жауаупкер іс мәні бойынша түсініктемелер берместен келесі жағдайларда қарсылық білдіре алады:

        - талапкердің талабы негізінен басқа жауапкерге қатысты болғанда;

        - талапты сотта талап етуге және жауап беруге құқығы жоқ тұлға қойғанда;

    Сол уақытта бұл жағдайлар қандай да бір процессуалды салдар тудырмаған. Себебі жауапкер бұларды алдын-ала және іс мәні бойынша түсініктемелерден бөлек қарастыруды талап етуге құқығы болмаған. Іс ол бойынша шешім шығарумен аяқталатын болған. Бұл жерде сол кезде легитимацияны талап негізін дәлелдеуден бөлуге болмайды деген ойдың басымдығы әсер етеді. Ал дәлелдеу істі мәні бойынша қарастыру кезінде жүзеге асқан. Талапкер дау талаптарының негіздерін дәлелдей отырып оның аталмыш жауапкерге қарсы талабы дұрыс қойылғанын дәлелдейді. Басқа сөзбен айтқанда өзінің талабының негізін дәлелдей отырып істе өзін легитимациялайды. Оқулықтарда көрсетілгендей бұл жағдайлар кеңестік азаматтық іс жүргізу заңдылығында да қандай да өзгерістерге ұшырамаған. Мысалы, ҚазССР Азаматтық іс жүргізу кодексінде тиісті емес тарапты ауыстыру мәселесін реттей отырып, келесілерді қарастырған:

    - тарап тиісті емес болып табылу жағдайы талап арызын қабылдаудан бас тартуға негіз болмайды;

    - тараптар тиісті еместігін бекіту сот өндірісін жүзеге асырғанда, яғни істі мәні бойынша қарағанда мүмкін болады;

    - іс бойынша өндірісті тоқтатуға істегі тарап тиісті болуын орнатуға жол бермеген;

    Ревалюцияға дейінгі және кеңестік дәуірдегі  заң арасындағы айырмашылық ҚазССР Азаматтық іс жүргізу кодексінде тиісті емес тарапты ауыстыруға жол берілген (талапкерді де, жауапкерді де). Қазсср Азаматтық іс жүргізу кодексінмен салыстырғанда тараптың тиісті болмауын орнату жағдайларының салдары туралы мәселені реттейді:

    - егер сот құқығын қорғау туралы талап қойған талапкер құқық субъектісі болмайтынын анықтаса, онда талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады. Әрекет ететін іс жүргізу заңы «тиісті емес талапкер» түсінігін алып тастаған, сол себептен тиісті емес талапкерді ауыстыруға жол берілмейді;

    - егер сот талап жауап беру тиіс тұлғаға қатысты емес қойылған болса, талапкер шағымы бойынша істі тоқтатпастан тиісті емес жауапкерді тиістіге ауыстырыады;

    - қойылған талап жауапкерге емес басқа тұлғаға бағытталуы тиіс екені анықталса істі дайындағанда да, оны қарастыру кезінде ауыстыруға жол беріледі;

    Осылай  азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында берілген іске легитимация істе қандайда бір тұлғаның тарап болуын мойындауды білдіреді. Өзін және жауапкерді легитимациялау – жауапкер мен талапкер даулы материалды – құқықтық қатынас субъектілері болып табылатынына сотта алдын-ала көндіретін барлық жағдайларды талап арызында көрсетуді білдіреді. Талап арызын қабылдау уақытында тараптар құқық бойынша даудағы тиісті субъектілер болып табылады. Іс туындағаннан кейін тараптар тиістігі туралы жалғыз болжам жеткіліксіз болады. Бұдан кейін тек сот емес, сонымен қатар тараптардың өздері қателік туды деген шешімге келуі мүмкін және тараптардың бірі немесе екі тарап бір уақытта тиісті емес екеніне келісе алады. Егер іс барысында талапкерге талап құқығы тиісті еместігі анықталса, онда ол талаптан бас тартады. Бас тартуды сот қабылдайды және іс бойынша өндіріс тоқтатылады. Егер де талапкер істі қарастыруды талап етсе, істі қарау одан әрі жалғастыруы мүмкін және сот бекіткен жағдайлар  немесе өзге жағдайлар негізінде шешім шығарылады. Тиісті емес тарап түсінігі Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңдылығында тек жауапкерге ғана қолданылады. Айтылғандардың негізінде тиісті және тиісті емес жауапкерге келесі анықтама беруге болады:

    Тиісті  жауапкер – бұл ол даулы материалды – құқықтық қатынас субъектісі болып табылатындығы туралы іс жағдайлары бойынша пайда болған болжамға қатысты тұлға және сондықтан да ол өзіне қарсы қойылған талап бойынша жауап беруге міндетті.

    Тиісті  емес жауапкер – бұл іс деректері  бойынша даулы материалды – құқықтық қатынас субъектісі болмайтын және сондықтан өзіне қарсы қойған талап бойынша жауап беруге міндетті емес тұлға. Тиісті емес жауапкерге қарсы іс дұрыс қозғалмаған және оған дұрыс емес талаптар қойылмаған. Бірақ тиісті емес жауапкер бұл істің нақты тарабы. Істе тиісті емес жауапкердің қатысуы істі жою үшін іс бойынша өндірісті тоқтатуға немесе арызды қараусыз қалдыруға негіз болмайды. Жауапкерді тиісті емес деп тану істегі оның тарап беру құқығын жоққа шығаруға әкелмейді.

     Тиісті  емес жауапкер істе тарап болып қала бергенше ол оның нақты қатысушысы болып қала береді. Тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талапкер келісімімен ғана жол беріледі. Талапкердің келісімінсіз бұндай ауыстыру мүмкін емес, себебі бұл азаматтық іс жүргізу құқығындағы диспозитивтілік қағидасына қайшы келер еді. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 51-бабында тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермени ауыстыра алады делінген. Сонымен қатар тиісті емес жауапкерді талапкер арызымен ауыстырады. Заңда талапкер бұндай арызды қандай нысанда беретіні көрсетілмеген. Істі сотта қарауға дайындау кезінде бұл арызды талапкер жазбаша түрде беруі тиіс. Ал сот өндірісі кезінде ол жазбаша да, ауызша да түрде беріле алады. Ауызша шағым сот отырысы хаттамасына енгізілуі тиіс.

    Тиісті  емес жауапкерді тиістісіне ауыстыру сот анықтамасымен рәсімделеді және іске шығып қалған тиісті емес жауапкер орнына тиісті жауапкер қатысады. Тиісті емес жауапкер жасаған әрекеттердің тиісті жауапкер үшін заңды мәні болмайды. Егер аталмыш ауыстыру сот өндірісі кезінде болса, онда ол сот қарауын кейінге қалдыру үшін негіз болады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі сот қарауына дайындау және істі қарау басынан басталады. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы сот анықтамасы өзінің процессуалды салдары бойынша сот шешіміне теңестіріледі. Егер талапкердің тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы шағымы бойынша жауапкерді сот тиісті емес жауапкерге алмастырған болса, онда шығып қалған жауапкерге талапкер қайта талап қоюға құқығы жоқ.

     Талапкердің бұл жағдайда шағымы тиісті емес жауапкерге қойған талаптан бас тартумен теңестіріледі. Егер талапкер тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкерге ауыстыруға келіспесе, сот қойылған талап бойынша қарастырады. Тиісті емес жауапкер қатысуымен басталған іс одан әрі жалғасады және зерттелген немесе бекітілген іс жағдайлары негізінде сот шешім шығарады. Бұл жағдайда заңда қолданылатын «тиісті емес жауапкер» терминінің шарттылығын айта кету керек, себебі жауапкер тиісті емес деп ауыстырылғаннан кейін танылады. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру шарты біреу талапкер келісімі, тиісті емес жауапкерден пікір алынбайды және мұның заңды мәні болмайды. Бұл жерде екі жағдай орын алуы мүмкін.

     Біріншісі, талапкер тиісті емес жауапкерді ауыстыруға келіседі, тиісті емес жауапкер іске қатысудан  босатылады. Сот іске тиісті жауапкерді тартады, және ол туралы анықтама шығарады.

     Екіншісі, талапкер тиісті емес жауапкерді ауыстыруға келіспейді, сот тиісті тұлғаны екінші жауапкер ретінде тартады.

    Тиісті  емес тарапты ауыстыру анықтамасымен  рәсімделеді. Сонымен қатар іс жүргізу қайтадан басталады. Яғни осыған дейін жасалған барлық әрекеттер тиісті тарап үшін заңды мәні болмайды. Тиісті емес тарапты ауыстыру азаматтық сот өндірісінің барлық түрлерінде орын алуы мүмкін, яғни талап қою өндірісінде, әкімшілік құқықтық қатынастардан туындаған өндірісте, және ерекше өндірісте. Тиісті емес тарапты ауыстыруды сот, прокурор, тараптар талап ете алады. /23,161Б/. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    III.АЗАМАТТЫҚ  ПРОЦЕССКЕ ӨЗГЕ  ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

    3.1 Азаматтық іс жүргізудегі  үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері 

    Іске  қатысатын тұлғалар құрамына үшінші тұлғаларда кіреді, сондықтан үшінші тұлғаларға іске қатысатын тұлғаларды сипаттайтын белгілер тиесілі. Оларға келесілер жатады:

    - іс шешіміне заңи қызығушылық танытады;

    - іске өз атынан қатысады;

    - істің туындауына, өзгеруіне және тоқтауына әсер ететін әрекеттер        жасайды;

    - заңды еүшіне енген сот шешімінің немесе іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарымның заңды күші оларға тікелей тарайды;

    Үшінші  тұлғалар іске қатысатын барлық тұлғалар не нақты процессуалды құқықтар мен міндеттер кешеніне иеленеді. Егер іске тек талапкер мен жауапкер қатысса, онда бұл іс шешімінде материалды – құқықтық қызығушылығы бар қарапайым қатысушылар құрамының іске қатысуын көрсетеді. Құқық туралы дауды шешкенде тек тараптардың ғана емес, сонымен қатар басқа тұлғалардың да материалды – құқықтық мүдделері қарастырылатын жағдайларда орын алуы мүмкін. Басқа тұлғалар мүдделері жауапкер мен талапкердің материалды – құқықтық мүдделерімен қатар сот қорғанысына жатады. Тараптарға қатысты аталған тұлғалар үшінші тұлғалар ретінде қатысады. Осылай, іске азаматтық іс шешіміне материалды – құқықтық мүддесі бар үшінші тұлғалар қатысады

    Азаматтық іс жүргізуге үшінші тұлғаның қатысу институтының заңды бекітілуіне  М.А Викут, А.А Добровольский, И.М Ильинский, Р.Ф Калистратова еңбектері теориалық база болды.

      Азаматтық іс жүргізудегі үшінші  тұлғалар деп сотта қозғалған  іске өз құқықтары, бостандықтары  және заңды мүдделерін қорғау  үшін қатысатын тұлғаларды түсінеді. Іске үшінші тұлғалардың қатысуын келесі екі мысалда қарастырайық:

    Азамат  А азамат Б қолданысындағы тоңазытқышты қайтару туралы азамат Б-ға қатысты сотқа талап қояды. (бөтен адамның заңсыз қолдануындағы тоңазытқышты қайтару туралы). Азамат А аталған істе талапкер, ал азамат Б жауапкер болады. Бұдан кейін іске басқа тұрғын орынға көшуімен байланысты азамат А-ға өз тоңазытқышын уақытша қалдырғанын негізге ала отырып, тоңазытқышқа меншік құқығын тану туралы талаппен азамат В іске үшінші тұлға ретінде қатысады. Оның талабы екі тарапқа да (талапкер мен жауапкер) бағытталады. Азамат В іске үшінші тұлға ретінде қатысады. Себебі ол негізінен іс шешіміне материалды – құқықтық мүддесі бар үшінші тұлға болып табылады.

    Азаматша  А заңды өкіл ретінде екінші некеден  болған кәмелетке толмаған ұлын асырау үшін алимент өндіру туралы азамат Б-ға талап қояды. Азамат Б бұл уақытта бірінші некеден болған үш жастағы қызына алимент төлеп жүр. Аталған тұлғалардың іс жүргізудегі жағдайы келесі болады: ұл-талапкер, анасы сотта оның мүдделерін көрсететін заңды өкіл, азамат Б-жауапкер, қызы мүдделерін заңды өкіл сотта қорғайтын үшінші тұлға.

    Келтірілген мысалдардан іс шешілуінде үшінші тұлғалардың  қызығушылық деңгейі мен сипаты әртүрлі болатыны көрінеді. Бірінші  жағдайда үшінші тұлға азамат В іске қатыса отырып дау пәніне жеке талаптар қояды. Екінші жағдайда үшінші тұлға бірінші некеден туған қыз-жеке талаптары жоқ, бірақ қызының заңи мүддесі іс бойынша сот шешімі оның құқықтары мен міндеттеріне әсер етуіне негізделеді /1,153Б/.

    Қызығушылықтың  түрлі сипаты азаматтық іс жүргізу заңдылығында азаматтық іске үшінші тұлға қатысуының екі нысанын немесе екі түрін бекіту үшін негіз болады:

        - дау пәніне жеке талаптар қоятын .шінші тұлғалар;

        - дау пәніне жеке талаптар қоймайтын үшінші тұлғалар;

    Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар институтын заңды орнату мақсаттарына жатады:

    - істе тарап болмайтын , бірақ оның шешімінде материалды - құқықтық мүддесі бар субъектінің сотта қорғауын уақытылы қамтамасыз ету;

    - іс жүргізуде икемділікке қол жеткізу ( сот бір уақытта екі талап шешеді; талапкер қойған талапты және үшінші тұлға қойған талапты);

    - бір бірімен байланысты талаптар бойынша бір – біріне қарам – қайшы шешімдерді соттың шығаруына жол бермеу;

    Жеке  талаптары бар үшінші тұлғаларға және бұндай талаптары жоқ үшінші тұлғаларға ортақ белгілер қатары тән. Оларға келесілер жатады:

    - олар басқа тұлғалар арасындағы құқық туралы дау бойынша басталып кеткен іске қатысады.

    - оларға өздерінің жеке құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғайды;

    - Іс бойынша сот шешімі олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не міндеттеріне әсер етуі мүмкін;

      Ғылыми әдебиетте іске қатысатын  үшінші тұлғалардың екі түрі  үшін ортақ болып табылатын  анықтаманы беру ұмтылыстары  орын алған. Осылай, В.Н Аргунов  үшінші тұлғаның негізгі ішкі  сипаты олардың материалды – құқықтық қатынасқа ықтимл субъектілері олар өздерінің субъективтік құқықтарын не заңи мүдделерін қорғау мақсатымен алғашқы тараптар арасында басталған іске қатысады не тартылады.Бірақ дау пәніне жеке талап қоятын үшінші тұлғалар ғана ықтимал материалды – құқықтық қатынастың субъектісі болып табылады. Ал жеке талап қоймайтын үшінші тұлғалар даусыз материалды – құқықтық қатынасы субъектісі болып табылады. Оның және істегі бір тараптың арасында материалды – құқықтық байланыстың болуы күмән тудырмайды. Үшінші тұлғаның екі түрі арасында бір-бірінен ерекшелейтін белгілер ұқсас белгілерден гөрі көбірек. Сондықтан олар өз процессуалды жағдайы бойынша өзара ажыратылады. Іске үшінші тұлғаның қатысуының бұл және басқа нысанында олардың процессуалды құқықтары мен міндеттерінің көлемін, сондай-ақ азаматтық істегі орнын анықтайтын ерекшеліктері болады.

Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы